Жердің аты-тарихтың хаты
Оценка 5

Жердің аты-тарихтың хаты

Оценка 5
Педсоветы
doc
администрации
Взрослым
18.02.2018
Жердің аты-тарихтың хаты
«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан. «Жердің аты - тарихтың хаты» деген терең, мағыналы ата сөзі байыбына барған жанға тым бағалы екені анық. Өйткені, оның түп-төркінінде өңір, жер атауларында ата-бабадан бүгінгі күнге аман жеткен аса салмақты аманат екені рас. Тәуелсіздігіміздің басты рәміздері Елтаңбамыз бен Әнұранымыз, Көк туымыз болса, елдігіміз бен жеріміздің ата-бабамыздан сақталып келе жатқан басты нышандарының бірі ол, сөзсіз, ол жер-су атаулары. Жер-су атау¬ларын тану, оны зерттеу ісі, яғни сол елдің тарихын, төл мәдениетін, ұлттық тек-тамырын, салт-санасы мен әдет-ғұрпын зерттеумен тығыз байланысты. Өйткені мұны осы аталған құндылықтардан бөле-жара қарауға болмайды. Сол үшін де біз ономастикалық зерттеулерге, осы тұрғыдағы туындаған мәселелерге еш уақытта бей-жай қарай алмасақ керек. Даламыздағы әр тау мен тас, ой мен шұңқыр – тұнған сыр іспетті. Қоныс еткен бұрынғылардың кешкен тіршілігі, айналысқан кәсібі, тіпті ой-өресі хақында құнды ақпараты мол берер. Тек соны зерделеуге, білуге деген ынта мен құрмет болуы керек. Туған жеріне, еліне, ата-баба рухына көрсетілер риясыз жақсы сезімнің нақты бір дәлелі – осы! [1, 64 б]«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласынан. «Жердің аты - тарихтың хаты» деген терең, мағыналы ата сөзі байыбына барған жанға тым бағалы екені анық. Өйткені, оның түп-төркінінде өңір, жер атауларында ата-бабадан бүгінгі күнге аман жеткен аса салмақты аманат екені рас. Тәуелсіздігіміздің басты рәміздері Елтаңбамыз бен Әнұранымыз, Көк туымыз болса, елдігіміз бен жеріміздің ата-бабамыздан сақталып келе жатқан басты нышандарының бірі ол, сөзсіз, ол жер-су атаулары. Жер-су атау¬ларын тану, оны зерттеу ісі, яғни сол елдің тарихын, төл мәдениетін, ұлттық тек-тамырын, салт-санасы мен әдет-ғұрпын зерттеумен тығыз байланысты. Өйткені мұны осы аталған құндылықтардан бөле-жара қарауға болмайды. Сол үшін де біз ономастикалық зерттеулерге, осы тұрғыдағы туындаған мәселелерге еш уақытта бей-жай қарай алмасақ керек. Даламыздағы әр тау мен тас, ой мен шұңқыр – тұнған сыр іспетті. Қоныс еткен бұрынғылардың кешкен тіршілігі, айналысқан кәсібі, тіпті ой-өресі хақында құнды ақпараты мол берер. Тек соны зерделеуге, білуге деген ынта мен құрмет болуы керек. Туған жеріне, еліне, ата-баба рухына көрсетілер риясыз жақсы сезімнің нақты бір дәлелі – осы! [1, 64 б]
макала.doc
ЖЕРДІҢ АТЫ – ТАРИХТЫҢ ХАТЫ Тлекешева Сафура Аскарбековна,  «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қостанай облысы, Жітіқара қаласы, Қазақстан  Республикасы «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай­талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Мемлекет   басшысы   Нұрсұлтан   Назарбаевтың  «Болашаққа   бағдар:   Рухани   жаңғыру» мақаласынан. «Жердің аты ­ тарихтың хаты» деген терең, мағыналы ата сөзі байыбына барған жанға тым бағалы екені анық. Өйткені, оның түп­төркінінде өңір, жер атауларында ата­бабадан бүгінгі   күнге   аман   жеткен   аса   салмақты   аманат  екені   рас.  Тәуелсіздігіміздің   басты рәміздері Елтаңбамыз бен Әнұранымыз, Көк туымыз болса, елдігіміз бен жеріміздің ата­ бабамыздан   сақталып   келе   жатқан   басты   нышандарының   бірі   ол,   сөзсіз,   ол   жер­су атаулары.   Жер­су   атауларын  тану,   оны  зерттеу   ісі,   яғни  сол   елдің   тарихын,   төл мәдениетін,   ұлттық   тек­тамырын,   салт­санасы   мен   әдет­ғұрпын   зерттеумен   тығыз байланысты. Өйткені мұны осы аталған құндылықтардан бөле­жара қарауға болмайды. Сол үшін де біз ономастикалық зерттеулерге, осы тұрғыдағы туындаған мәселелерге еш уақытта бей­жай қарай алмасақ керек.  Даламыздағы әр тау мен тас, ой мен шұңқыр – тұнған сыр  іспетті. Қоныс еткен бұрынғылардың кешкен тіршілігі, айналысқан кәсібі, тіпті ой­өресі хақында құнды ақпараты мол берер. Тек соны зерделеуге, білуге деген ынта мен құрмет болуы керек. Туған жеріне, еліне, ата­баба рухына көрсетілер риясыз жақсы сезімнің нақты бір дәлелі –  осы! [1, 64 б] Тарихқа үңілсек, ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бір кездегі орыс отаршылдығы салдарынан  адам  түсініп болмас  дәрежеде  өзгеріске  ұшырағын  жер  атауларын  қайта түзеп, бір кездердегі тарихи атауларын қайтару бағытында үлкен шаралар атқарылып еді, өкінішке қарай, қазір ондай бастамаларға үрке қарайтын болдық. Тарихи атауды өзгерту,   оны   қайтару   туралы   сөз   қозғалса,   айналаға   жалтақтайтын   жағдайға жетпейтіндей мәселені бірлесе отырып қана шеше аламыз. Ғасырлар бойы қалыптасқан, өмір сүрген күллі адамзаттың өмірін, тарихын, тауқыметін, қасіреті мен қуанышын, сезімін жүк етіп арқалап келе жатқан еліміздің тарихы неткен киелі!  Неткен   құдіретті   дүние   десеңізші!   Кейде  тарих    бізге   беймәлім   ғасырлар қатпарынан шығып, тәкаппар маңып келе жатқан қазына артқан қара нар секілді. Әр заман, әр ұрпақ оған өз жүгін артып, бұйдасынан жетелеп, келер ұрпаққа аманат ететін секілді. Қандай сұрапыл сүргінді көрсе де, бұл көш тоқтаған жоқ, тоқтамайды да. Қайта сол   қиракезік,   қысталаң   шақтар  еліміздің   тарихын  ширатып,   шымырландырып, уақиғасын   байыта   түсті.  Еліміздің   тарихы   жайлы   қанша   ақын   ойшылдарымыз тарихымызды   өздерінің   туандыларында   сөз   етіп,   қанша   ғалымдар   қыры   мен   сырын зерттеп, сол кезде қасіретті жылдардың туындылары өтімді келетіні өтірік пе? Қазақта қашан қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туралы жазылған туынды соған дәлел. Тарих   шері  Тәуелсіздік   алғаннан   кейін   де   тоқтап   қалған   жоқ.   Тек   сипаты,   бағыты жағынан өзгеріп келе жатқаны рас.. Бірақ,   бүгінгі   таңда   Қазақстандағы   ономастиканың   жай­күйі   онша   мәз   емес  сынды. Мәселен, көршілес мемлекеттерде ономастикалық мәселелер қарқынды түрде зерттеліп, зерделеніп   келеді.   Біздің   елімізде   де   бұл   мәселеге   көп   назар   аударылып,   осы   сала тұрғысынан   көптеген   ғылыми­зерттеу   орталықтары   жұмыс   жасаса   игі   еді.   Өйткені ұлттық танымды қалыптастыратын, Отаншылдық рухты сіңіретін бірден­бір құндылық ол   жер­су   атаулары.  Алайда  біздің   елімізде   бұл   мәселе   қалай   шешімін   тауып   отыр дегенге   келсек,   бір   ономастика   ғылымы   туралы   сөз   қозағасақ   та   осы   саланың түйткілдері, шешімін табуы тиіс мәселелері баршылық секілді. Елімізді қандай жағдай болмасын,   бірақ  Қазақстандағы   зерттеуге   аса   зәру   болып   отырған   ономастикалық, топонимикалық мәселелер қоғам тарапынан, мемлекет тарапынан  назардан тыс қалмауы тиіс, қалмайды да! Жер­су атауларының сыр­сипатын айқындау, тарихи сабақтастығын, мәнін ашу, сөздіктер мен энциклопедиялар шығару, ғылыми айналымға ендіру, әр түрлі нұсқаулықтар   мен   жинақтар   әзірлеу  деген   сияқты   көптеген  маңызды   шаруалар   өте көптеп саналады. Елбасының «Өмір өткелдері» кітабында жер­су атаулары жайында: «Қазақстандағы барлық жер атауларының сөздігін шығарып, қай атау қандай жағдайда, қандай   мағынамен   қойылған,   ол   сөздің   түпкі   түрі   қандай   болған   дегенді   ғылыми тұрғыдан анықтап, көрсету керек» деген маңызды сөздер бар.  Сондықтан да  мұндай мәселелерді   тиянақты   зерттеу   ісі   кезек   күттірмейтін   келелі   міндет  деген   ойдамын. Өйткені   ономастика   –   халықтың   жады,   тарихы,   білімі   мен   танымы  және   болашағы. Жұртшылыққа мәлім, отаршылдық кезде ұлттық ономастика жүйесінде көптеген жер­су атаулары өзгеріп кетті. Оның себебі де белгілі. Әдетте отарлаушылар халықтың жадын, тарихын ұмыттыру үшін дәстүрлі атауларды өзгертеді. Олар, әсіресе, жер­су аттарын өзгертуге тырысатыны бесенеден белгілі. Сондай­ақ кейбір тарихи тұлғалардың есімін халықтың   жадынан   шеттетеді.  Еліміздің   егемендігі   мен   тәуелсіздігіне   байланысты отаршылдық топонимдер өзгертіліп, халықтық атаулар қалпына келтірілу қажет.  Қазіргі кезде ономастика ғылымы тәжірибенің алдында жүруі керек. Әсіресе, жаһаният заманында тәжірибе ғылымнан қол үзсе, кейде  қателесіп,  бұра тартып кетуі мүмкін. Ендігі   жерде   ономастика   ғылымы   атаулардың   тек   тілдік   мағынасын   ашумен   ғана шектеліп   қалуына   мүлде   болмайды.   Себебі   жаңа   заманда   ономастикалық   атаудың мазмұны   тілдік,     мәдени,   тарихы   жағынан   сан   алуан   зертеулер   жүргізілуде.   Бұлар халықтың өмір тәжірибесінен жинақтаған дәстүрлі білімдері болып саналады.   Дәстүрлі білім   деп   отырғанымыз   жоғары   мектептегі,   үйрететін   білімдер   емес.   Қазақ ономастикасын   зерттеуде   атаудың   тілдік   кілті   едәуір   жақсы   ашылды.   Бұл   –   үлкен жетістік. Алайда атаудағы мәдени, тарихи, тағы да алуан түрлі ақпараттар жүйесін ашу өз кезегін күтіп тұр. Халық   тіліндегі   ономастикалық   атаулардың   бір   саласы   нәбаттар   дүниесімен   де (өсімдіктер   әлемімен   де)   байланысты.   Мысалы,   бір   атауды   алайық.   Көкпекті   – өсімдіктің атауы. Көкпек көп өсетін болған соң, ол жер «Көкпекті» деп аталып кеткен. Біздің танымымыз тек тілдік біліммен, осымен ғана шектеліп қалса, халықтың оны не себепті «Көкпекті» деп атағанын әлі де терең танымағанымызды көрсетеді. Сонымен, «неге Көкпекті аталған?» «Көкпектінің «ар жағында» не тұр?» Бұл өсімдіктің атауы екен, «жарайды» делік. Мектеп бағдарламасындағы Асан қайғының: «Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа жері жоқ» деген өрнекті сөзі соған дәлел. Көкпектінің ар жағында мәдени ақпараттар жатыр емес пе? Міне, қараңыз. Көкпек деген – өсімдік. Аласалау   ғана   өседі,   аса   биік   болмайды.   Ал   тамыры   жұп­жуан,   таралып   өседі. Жергілікті қазақтар кезінде көкпекті қазып, тамырын отынға пайдаланған. Бұл – мәдени ақпарат.  Көкпек өсетін  жақта  тал­ағашқа  тимеген.  Ауылдың  қадірлі  қариялары  тал­ теректі берекесіз пайдалануға рұқсат етпеген. Бұл, бір жағынан, экологиялық танымды білдіреді.   Көкпек   өсімтал,   ал   ағаштың   өсіп­жетілуі   үшін   ондаған   жылдар   керек. Сондықтан ағашты отын ретінде оңды­солды бұтауға, ысырапқа жол бермеген. Сонымен қатар, көкпекке байланысты тарихи да ақпараттар бар. Отарлаушылық кезеңде қазақ жеріне келген казактар әскери бекіністерін сала бастады. Олар жергілікті тұрғындарды жалдап, көкпекті қаздыртып, отынға пайдаланған. Тағы   бір   айта   кететін   жайт,   қазақ   сахарасында   ойлы­қырлы,   саз­балшықты,   сорлы­ сортаңды   жерлер   де   кездесіп   отырады.   Жер   танымаған   жолаушының   көлігі   сорлы­ сортаңға   ұрынып,   жол   азабын   шегеді.   Қазақ   жерін   аралауға   келген   саяхатшыларға жергілікті   тұрғындар   жол   ыңғайын   көрсетіп,   сор­сортаңға   ұрынбас   үшін   көкпекті жерлермен   алып   жүрген.   Өйткені   көкпекті   жер   қатқыл,   көліктің   жүруіне   қолайлы болған. Алайда,   бұдан   да   басқа   жер­су   атауларында   ақ,   қара,   сары,   қызыл,   көк   сөздерімен келетін   жер­су   атаулары   қазақ   жерінде   аз   кездеспейді.   Мысалы,   Сарыағаш,   Ақсу, Сарысу, Қызылкөл, Қарасу, Көксу т.б. атаулар толып жатыр. Бұлар түр­түс атауларын білдірмейді, мысалы, Ақсу – ағыны қатты су, мұндай суды тентек деп те атайды. Көксу – «суы ең тұщы өзен суы, тау суы». Қарасу – «жер астынан шығып жатқан су, ағысы білінбейтін, баяу ағатын су» деген мәнді білдіреді. Ал Қызылағаш деген елдімекеннің атауын   идеологиямен   байланыстырып   «қызылдардан»   қалған,   «қызыл   қырғынды» білдіреді деу жаңсақтық. Сол сияқты Қызылкөл атауын жердің табиғи ерекшеліктеріне байланысты деуге болады. Тілімізде ағаштың Қараағаш, Сарыағаш, Қаратал, Қызылағаш тәрізді небір атаулардағы қара, сары, қызыл тәрізді ахроматизмдер жер­су аттарының жасалуына негіз болған. Осы атаулардың мазмұнында қандай халықтық білім жатқанын айқындау қажет.  Мысалы,  Шұбарағаш деп тал, терек, жиде, қараағаш аралас, сай­саланы қуалап өсетін түрлі   ағаш,   бұтасындардың   мекенін   айтады.   Әртүрлі   ағаш­бұтасындардың   «ордасы». Шұбар дейтініміз сондықтан. Мұндай жер малға өте жайлы, қыста ықтасын. Онда өсетін түрлі өсімдіктер малға  азық. Болмаса, Шұбарқұдық дейді. Көпшілік оны түсінбейді. «Құдық шұбар бола ма?» деп ойлауы мүмкін. Шұбарқұдық – маңайының бәрі жаңағыдай түрлі ағаштар мен бұтасындар жиі, қалың өсетін жер. Қарағандыны білмейтін қазақ жоқ. Қараған қалың өсетін жер болғандықтан осылай аталған.  Кейбір тарихи атаулардың тұрпаты сырт қарағанда оның мағына, мазмұны өзінен­өзі түсінікті тәрізді көрінеді.  Мысалы,  Жетісу – қазақ халқының дәстүрлі ежелден  келе жатқан атауы. Тарихи, мәдени маңызы аса жоғары өңірдің атауы. Мұндағы су «өзен» деген мағына білдіретіні белгілі. Осындағы тілдік­тарихи  жағынан ашуда зерттеушілер жеті өзенді өздерінше жорамалдайды. Бұл өңірдің Жетісу аталуына негіз болған «жеті өзен» туралы әртүрлі пайымдаулар бар. Құрбанғали Халидтің айтуынша,  «жеті өзенге Іле, Көксу, Қаратал, Ақсу, Басқан, Сарқан, Лепсі сулары жатады, ал Аягөзді Арқаның өзені деп Жетісуға қоспайды». А.Валангали Жетісудың жеті өзеніне Аягөз, Лепсі, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу, Іле суларын, ал Жетісу өңірінің тарихи очеркін жазған академик В.В.Бартольд   жеті   өзенге   Лепсі,   Басқан,   Ақсу,   Бүйен,   Қызылағаш,   Қаратал,   Көксу суларын жатқызады.  Мұндай пайымдаулар, негізінен, осы жеті өзеннің Балқаш теңізіне (ғылыми   географиялық   көліне)   құюына   сүйенеді.   Бірақ   шынында,   Балқаш   теңізіне құятын   өзен  Лепсі,   Ақсу,   Қаратал,   Іле,   ал   қалғандары   тікелей   Балқашқа   құймайды, мысалы, Көксу – Қараталға, Басқан – Лепсіге, Бүйен – Ақсуға құятын өзендер. Енді кезекте өзім  мекен етіп жатқан Қостанай облысындағы Жітіқара қаласы жайлы сөз еткім келеді. Алғашқы кезде Жітіқара қаласының атауы біраз уақыт Жетіқара деп жазылып келгені рас. Жітіқара орыс тілінен қазақшаға көшкен атау емес, керісіңше, алдына «Д» әрпін қойып, бұрмаланып жазылған атау болды. Содан орысша Джетыгара болып айтылған сөз қайтадан «шала қазақшаланып», Жетіқара болып бұрмаланған болатын. Қазіргі уақытта тарихи әділет қалпына келтірілді. Орыс патшасының өкілі Тевкелевтің 1748 жылы жазылған құжаттарында: «Абулгаир­хан кочует  ныне от  Орска  на  вершине  Камышлак­реки  на двуденную  езду, а  Джанебек­ тархан   –   по   реке   Тоболу   у   называемой   горы   Джитыкара   езды   на   три   дня»   –   деген деректер бар. [2, 152 б.]  Аталмыш атау ресми түрде осылайша орныққанмен, анда­санда бұған күмән келтіріліп, «Жітіқара емес, Жетіқара» деп айтып жүргендер де бар. Қара сөзінің алдына «жітіні» қосып   «Жітіқара»   деп   жүргендердің   уәжі   халқымыздың   жер­су   аттарын   қоюдағы халықтық қисынға керағар еді. Ал «қара» сөзінің алдына «жеті» сөзін қойғанда, оның кең   байтақ   Қазақстанның   кез­келген   жерінен   оған   ұқсас   «ағайындарын»   табу   оңай болатын.   Қысқасы,   алдыңғысының   «ағайындары»   аз,   соңғысының   «тума­туысы»   көп. Мысалы,   жер­су   аттарынан   Жетісай,   Жетібай,   Жетісу,   Жетікөл,   Жетіасар,   аспан денелері атауларынан Жетіқарақшы, ру­тайпа атауларынан Жетіру т.б. Қазіргі уақытта Жітіқара деп аталып, тарихи әділет қалпына келтірілді.  Алайда,  сол әділет қанатын кеңге  жая  алмай  жатқаны  да  бар. Мысалы,   Қостанай  облысындағы  Ұзынкөл  ауданы «Ұзынкөл»   дегеннен   басқа   елді   мекендердің   атауы   түп­түгел   орыс   тілінде.   Өзге  аудандардағы   жағдай   да   жетісіп   тұрған   жоқ.   Облыстағы   4   қаланың   екеуінің   атауы орысша.   Рудныйдың   байырғы   атауы   ­   Сарыбай.   Лисаков   қаласының   орнында   бұрын Наурызбай   деген   елді   мекен   болған.   Аудан   орталығы   Орджоникидзе   ­   Түйемойнақ, Таран ­ Тобыл (немесе Әйет),  Федоров ­ Жаркөл екеніне қазақ түгілі басқа ұлт өкілдері де дауласпас деп ойлаймын. Қостанай облысының картасына көз салсаңыз, зорлықпен таңылған атаулар аяқ аттаған сайын жолығады. Қазіргі Қостанай ауданының  орталығы болып есептелетін Затоболовка ертеде Құтты алап деп аталған. Бұл туралы өзіміздің классик жазушымыз Бейімбет Майлин «Жалбыр» повесінде жазған: «Тобыл өзенін төмен қуалай жүріп отырсаң, бір ауылдан кейін екінші ауыл кездесіп, Қостанай   қаласына   жеткенше   екі   болыс   елдің   басынан   кіріп,   аяғынан   шыққандай боласың.  Әсіресе,   жерің   айтсайшы.   Ат   шаптырым   жерді   алып   жатқан   кең   алаптар   ­ Тобыл өзені тасыған кезде   теңіздей боп кетеді.   Май ішінде тасыған су қайтып, июнь ішінде   сол   алаптар   мың   түрлі­түсті   жоңышқамен   безенеді,   июль   ішінде   қыбырлаған адаммен   толып,   жарқылдаған   орақты   көресің.   «Үй   орнындай   жерден   бір   кебен   шөп беретін   «Тобылдың   құтты   алабы»   атанған   жер   осы.   Алаптың   шөбі   байдың   малына  сұлыдан   да   жұғымды.   Кедейдің   малына   мұның   шөбі   бұйырған   емес:   кедейдің   байға қарызданбай жүрген күні бар ма, алаптан алған шөбі сол қарызын өтеуге кетеді...»  [3, 3 б.]  «Жалбыр» повесі осындай жолдардан басталады. Одан әрі жазушы Тобылдың екінші жағы ­ қанаттасып жатқан қалың поселке тұрғындарына «Құтты алаптан» орын тигенін айта келіп  «бірақ, қазақ құсап шөбіне қызықпай,  алқапқа  олар огород егеді.  «Орыс, шіркін, жердің қадірін біле ме?» ­ деп миығынан күлетін ақсақалдар да жоқ емес. Күз күні   сондай   ақсақалдардың:   «Знаком,   картоп   бересің   бе?»   ­   деп   орыс   поселкесін қыдырып   жүргенің   көресің»   ­   дейді.   Боямасыз   айтылған   шындық   осы.   Құтты   алап орысқа   қашан?! Жазушы Жайсаңбек Молдағалиев   «Атамекенімізді бірлігіміздің айғағы, ана тілімізді тірлігіміздің   қайнары»   деп   есептейтін   болсақ,   жеріміздің   төбе   құйқасы   сыпырылып, жайылымға жаманы ғана қалғанын, суымыздың балығы мен бақасы таусылып, табаны ғана қалғанын, жағалаудың жекені мен борығы таусылып, келімсектердің бос қалбыры мен  арағы   ғана  қалғанын,  ал   қазақ  тілінің   бұлтылдаған  бұлшық   еті  бар  білегі   емес, сүйегінде жілік майы  бар, тепсе темір үзетін аяғы да емес, жәудіреген  жанары ғана қалғанын мойындауымыз керек. [4, 47 б]   болғалы   қазаққа   қоңыс   оның   қадірі   кеткелі Қазіргі кезде ұлттық ономастика жай тарихи­мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар қоғамдық­саяси маңызды мәселе болып отыр. Ономастика жұмысының маңыздылығын ескеріп, ауыл, аудан әкімдерінен тәуелсіз елдің топонимикасы да тәуелсіз болуы үшін, әсіресе, Қазақстан шекарасы төңірегіндегі әрбір елді мекеннің атынан ұлттық болмыс пен ұлттық тарихтың иісі сезіліп тұратындай, ол атауды оқыған отандасымыздың бойын мақтаныш сезімі билейтіндей, атына заты сай, мән­мағыналы қазақы атаулар ұсынылса нұр   үстінен   нұр   жауар   еді.   Осы   негізде  Қазақстан   Президенті   Нұрсұлтан   Назарбаев «Ономастика мәселелері жөніндегі Қазақстан республикасының кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» былтырғы жылы заңға қол қойған болатын. Бұл заң ономастика саласындағы келелі мәселелерді жақсартуға бағытталған. Енді сол заңға сәйкес елді мекендер атауын өзгерту жұмыстарына салынған мораторий де алынып тасталады. Осы заңға байланысты өзгертулер мен толықтыруларды газетіміздің келесі сандарында тағы да беретін боламыз. Бұған қоса, елді мекенге адам аты берілуі үшін оның қайтыс болғанына кем дегенде 5 жыл толуы тиіс. Халқымыз: «Үш байлығыңды – елің   мен   жеріңді   және   тіліңді   құрметте»   деп   бекерге   айтпаған.   Міне,   сондықтан   да аталарымыз өзінің өсіп­өнген жеріне, тауы мен тасына, өзені мен көліне, сай­саласына дейін ат қойып, айдар тағып отырған, тарихын тасқа қашаған. Сөйтіп, өзінің болмыс­ бітімін, ежелден келе жатқан далалық дүниетанымын, тілі мен ділін, мәдени ерекшелігін, рухани құндылықтарын шашасын шығармай, шашып­төкпей болашақ ұрпаққа аманаттай білген еді.   Елбасымыздың Қазақстанның бүгіні мен болашағы жайында ой толғағанда, үнемі оның көне тарихына шолу жасап, одан тағылым алу қажеттігін ескертіп отыруы да кездейсоқ емес. Тәуелсіздік алған жылдары елімізде жер­су және елді мекен атауларын қалпына келтіру бағытында көп шаруалар атқарылып жатқанын бәрімізде білеміз. [5, ст.] Сонымен, қазіргі таңдағы өзекті де маңызды мәселелердің бірі,  ономастикалық атаулар – ешкімді де бей­жай қалдырмайтын ғажайып әлем, өйткені айшықты атауларымыз төл тарихымыздың ажырамас бөлшегі. Дүниеде атаусыз нәрсе жоқ, не нәрсенің де өз атауы бар, тіпті тау мен тастың, кішкентай ғана бұлақтың немесе жотаның, белдің де өзіндік атауы бар. Өйткені, небір зат, болмаса тіршіліктегі құбылыс болсын, алдымен оның аты ауызға оралары хақ, содан соң ғана сол аттың заты жөнінде ойланатынымыз анық.  Қазақ «Жеріңнің аты – бабаңның хаты» деп тегін айтпаса керек. Ел мен жер атаулары ұлттық ерекшелігімізді танытып тұруы керек. Атырау мен Алтай арасын мекендеген ата­бабамыз әр жердің қиырына, тауы мен тасына, сай­саласына, өзені мен көліне, ой мен шұңқырына   лайықты   атаулар   бере   білген.   Біз   өзіміздің   атау   берудегі   ұлттық танымымыздан айырылмауымыз керек.  Сайып келгенде, мұның бәрі біздің бүгінгі таңда тек тарихи­мәдени мұра ретінде ғана емес,   сонымен   қатар   қоғамдық­саяси   маңызға   ие   болып   отырған   ономастика мәселелеріне   көзқарасымызды,   одан   туындайтын   іс­қимылымыздың   бағыт­бағдарын айқындауға тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ә. Нұрмағамбетов Жер­судың аты – тарихтың хаты. – Алматы: Балауса, 1994.. 94.  2. А. Тевкелев История Казахстана в русских источниках ХҮІ­ХХ веков. – Журналы и служебные записки дипломата, 1731 ж. 3. Б. Майлин. Ел сыры –  Алматы: Жазушы,1994 ж. 3б. 4. Ж. Молдағалиев Жомарт жүрек. – Алматы: Өнер, 1990 ж. 5.  Ш.Құрманбайұлы О мифах и реальности – мақаласы

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты

Жердің аты-тарихтың хаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2018