Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп
Оценка 4.8

Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп

Оценка 4.8
Документация
doc
родителям +1
Взрослым
03.09.2017
Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп
Біліктілік арттыру курс бағдарламасының үшінші деңгейін игеру барысында жеті маңызды модульден құрылған теориялық базаны меңгердім. Мен Бағдарламада көрсетілген әдіс тәсілдерді тәжірибемде осыған дейін де қолданып жүрдім. Бірақ оларды пайдалануымның мақсаты қазақ тілін меңгеріп, дағдылы сөйлеуге бағытталған болатын. Ал енді, осы әдіс тәсілдерді қазақ тілін меңгерте отырып, өз білімдерін әрі қарай жетілдіруде оқушыларды қалай оқу керектігін үйретіп, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге бағыттадым.Біліктілік арттыру курс бағдарламасының үшінші деңгейін игеру барысында жеті маңызды модульден құрылған теориялық базаны меңгердім. Мен Бағдарламада көрсетілген әдіс тәсілдерді тәжірибемде осыған дейін де қолданып жүрдім. Бірақ оларды пайдалануымның мақсаты қазақ тілін меңгеріп, дағдылы сөйлеуге бағытталған болатын. Ал енді, осы әдіс тәсілдерді қазақ тілін меңгерте отырып, өз білімдерін әрі қарай жетілдіруде оқушыларды қалай оқу керектігін үйретіп, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуге бағыттадым.
Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп.doc
Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп   Біліктілік арттыру курс бағдарламасының үшінші деңгейін игеру  барысында жеті маңызды модульден құрылған теориялық базаны  меңгердім.   Мен Бағдарламада көрсетілген әдіс тәсілдерді тәжірибемде осыған  дейін де қолданып жүрдім. Бірақ оларды пайдалануымның мақсаты  қазақ тілін меңгеріп, дағдылы сөйлеуге бағытталған болатын. Ал  енді, осы әдіс тәсілдерді қазақ тілін меңгерте отырып, өз білімдерін  әрі қарай жетілдіруде оқушыларды қалай оқу керектігін үйретіп,  алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді  пайдалана білуін қамтамасыз етуге бағыттадым. Осының  нәтижесінде менің сабақтарымның құрылымдық барысы  өзгерді.     Қалай оқу керектігін  үйрету ­ «өзін өзі реттеу» үдерісіне жатады.  Осы үдеріс барысында оқушылар бойында түсіну, бақылау және оқу  тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттері  дамиды. Мен өз  тәжірибемде осы үдерісті барынша тиімді етіп жүзеге асыруды  мақсат еттім.    Диалогтік оқыту тәсілін мен тәжірибемде бұрынан да қолданып  келе жатқанмын. Бірақ оның  мазмұны басқаша болатын. Мен оны  тек сабақты талдау, қорытындылау кезеңдерінде оқушыларды  сөйлету тәсілі ретінде қолданып келдім және қысқа жауап беретін  сұрақтар түрінде пайдаланып жүрдім. Енді сабаққа дайындаларда  қойылатын сұрақтардың мазмұны мен деңгейіне назар аударатын  болдым және олар баланы ой жүгіртуге итермелейтін етіп қоятын  болдым.    Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету аспектілері сабақтың барлық  кезеңдерінде  орын алды. Мысалы,  «Менің ауылым» тақырыбын  бастауда мен оқушыларға ауыл мен қаланың, ауылдың табиғаты,  ауылдың адамдардың өмірі мен қаланың тұрғындарының    суреттерін көрсеттім.   Бұл кезеңде «топтау», «ойлану»,  «салыстыру», «болжау» т.б әдістерін қолдандым. Тақырыпты игеру  кезеңінде Джиксо– ұжымдық оқыту әдісі арқылы ұйымдастырамын.  Балалар сабақта Венн диаграмма жасап, ауыл мен қаланың  айырмашылығы мен ұқсастығы тапты.    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі әр сабағымда  орындалып отырды. Ол оқушылардың бағалау парағы арқылы  өздерін бағалаулары, сабақ үстінде мақтап­мадақтау, менің бағалауларым және рефлексия. Осының нәтижесінде балалар өз  мүмкіндіктерін бағалай алды, болашақта жақсы баға алуға  тырысатын болды және рефлексия алу барысында мен өз сабағымды бағалап, оны жөндеуге бағыт алдым. Оқытуда ақпараттық­ коммуникациялық технологияларды  пайдалану модулін барлық сабақтарымда енгіздім. Сабақтарыма  дайындалуда Интернет желісінен ақпараттар алдым. Сабақты  ұйымдастыру кезеңінде де, тақырыпты ашуда да, қолданысқа  енгізуде де интерактивті тақтаны жетік пайдаландым. Мысалы,  «Менің ауылым», «Жазғы демалыс» сабақтарында тақырыпты ашуда слайдтар дайындадым. Оған Интернеттен алған материалдарды  енгіздім. «Күшік пен мысық», «Көктемгі жұмыс» сабақтарында  алған білімді қолданысқа енгізу кезеңінде тапсырмаларды беруде  интерактивті тақта көмегіне жүгіндім.     Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер:  1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде.  2. Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу  және сәйкес тұжырымдар жасау  3. Жақсы есте сақтау.  4. Сөздік қоры үлкен.  5. Дайын шешімді қабылдамау.    Талантты да, қабілетті оқушыларды тауып, оларды дамыту өте  маңызды. Сондықтан сабағыма дайындаларда сыныптағы осындай  балаларды ескере отырып тапсырмалар әзірлеймін.  Оларға эссе  жазу, суреттеу,бес  жолды өлең шығару, коллаж жасау, оны  шығармашылықпен қорғау, күрделендірілген тапсырмалар  орындату.  «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу»  модулі әр сабағымда орын алды. Өйткені сабақтың теориялық  базасы мен жұмыс дәрежесі сыныптағы балалардың жастық  ерекшеліктеріне сай болу керек. Дәлірек айтқанда, баланың білімін  жетілдіру, зияткерлік қабілеттері,  оқуға деген қабілеттілік, сондай  – ақ зейін, сөйлеу дағдылары, ойлау сияқ ты қабілеттерді дамытуға  және тұрақтандыруға қатысты. Сондықтан өзін­өзі реттеу,  бағалауда, тақырыпты игеруде үлестірген тапсырламар оқушының  жас шамасына  сәйкес зейіні, жадысы, жұмысқа қабілетті уақыт  нормасы мен лексикалық нормаларды ұстану арқылы дайындадым. Мектепте тәжірибеден өту барысында  мен біраз қиыншылықтарға  кез болдым: лексикалық қорының таяздығынан  қысқа жауап беруі; Уақыт тығыздығы; Өз ойын айтуда қорқыныш сезінуі; Бұл бағыттағы тәжірибиемнің аз болуы; Әріптестер тарапынан қолдаушылық болмауы  Осы қиыншылықтарды жеңудің келесі  жолдарын қарастырдым: Бастапқы кезде орыс тілінде өз ойын дәлелдеп, түйінді ойды  қазақ тілінде айту; Сабақты жоспарлауда уақытты үнемдеу; Мақтап­мадақтау; Әдістемелік әдебиеттер оқу; Әріптестер арасында бағдарлама бойынша кеңес өткіздім. Осындай мәселелерді ескере  орындасам жұмысым нәтижелі  болатынына сенім артамын. (cid:216) (cid:216) (cid:216) (cid:216) (cid:216) (cid:252) (cid:252) (cid:252) (cid:252) (cid:252)

Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп

Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп

Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп

Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп

Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп

Жеті модульдің тәжірибеме енгізілуі туралы есеп
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.09.2017