"Жол және мен" (3 сынып)
Оценка 5

"Жол және мен" (3 сынып)

Оценка 5
Мероприятия
docx
ОБЗР
3 кл
19.02.2018
"Жол және мен" (3 сынып)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін сақтауға, көшеде дұрыс жүруге және жол ережесін сақтауға үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзін ұстауын, көшеде дұрыс жүріуге баулу. Оқушыларды әдептілікке, байқағыштыққа, жолда, көшеде өздерін дұрыс ұстай білуге тәрбиелеу. Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету."Жол және мен"
жол және мен.docx
Тәрбие сағатының  тақырыбы:    «Жол және мен» Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың  жолда жүру ережесімен таныстыру,жол қауіпсіздігін  сақтауға,   көшеде дұрыс жүруге  үйрету      2) Оқушылардың ой­өрісі,сана­сезімін,өзін­өзі  ұстауын,көшеде дұрыс жүріп        3) Оқушыларды әдептілікке, байқағыштыққа, жолда, көшеде өздерін дұрыс ұстай                       білуге тәрбиелеу  Көрнекілігі: жол ережесіне байланысты суреттер, нақыл сөздер, шартты белгілер І. Ұйымдастыру бөлімі. ІІ. Негізгі бөлім. Мұғалімнің кіріспе сөзі ­Оқушыларға тәрбие сағатының тақырыбын оқыту.(Жол және мен) ­Балалар, бүгінгі тәрбие  сағатымызға  көптеген қонақтар келіп отыр. Біз бүгін          сабағымызда қонақтарға  көшеде жүру ережесінен не білетінімізді көрсетеміз    (Есік қағылады) Жол полициясы басқармасының инспекторы: ­Сәлематсыздар ма, балалар? ­Бұл қай сынып екен? ­Балалар, бүгін 1 «Б» сыныбында тәрбие сағаты өтеді дегенді естіп келдім. Мен сіздерге  көше  тәртібін  қалай  білетіндеріңізді білуге келдім. Көше тәртібін білеміз бе?  Мұғалім: Қош келдіңіз, жол инспекторы,жайғасыңыз. Біздің оқушыларымыздың  көше тәртібі туралы білімін көріңіз.     1­оқушы: Шуақты өміріңіз күндей күліп, Жүректе  бүршік  атып  гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жолда жүру ережесін білмей тұрып        2­оқушы: Біздің еліміздің қалаларына, ауылдарына­ бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген.  Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізушілері де бұлжытпай  орындауы керек.    3­оқушы: Жол жүру ережесі – Заңды  тәртіп, Ол ортақ  үлкен ­ кіші баршамызға. Мұғалім:  Жұмбақ Арқаным бар тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) ­ Жол сөзіне дыбыстық талдау жасату. ­ Жол дегеніміз не ? (Ойларын сұрау) Жол – қозғалыс үшін қолданылатын аумақ , көше , бұрылыс.Оның жол элементтері деп  аталатын бөліктері бар. ­Жолдың  қандай  түрлері  бар? (Көлік  пен  жүргіншілерге арналған) ­Адамдар (жүргінші) қандай  жолмен жүреді? ­Жолдан өткенде  қайда  қараймыз? (Бағдаршамға) ­Бағдаршам  туралы не білетінімізді айтайық. 4­оқушы: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап, Қашпаймын мүдіріп ешқандай сұрақтан. Белгісі жолдардың 3 топтан тұрады, Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.    5­ оқушы : Қызыл жарық жанғанда, Қалт тоқтай қал табанда.    6­ оқушы: Сары шамы жағылса, Сақ, бол барынша!    7­оқушы: Жасыл жарық – жол ашық, Зымырай бер бел асып. Ал ,балалар, жолдан өткенде үнемі бағдаршам болмайды,сонда не істейміз?   8­оқушы: Көшеде бағдаршам болмаса, Кіс жоқ жол сілтер өзіңе. Кідірме абыржып онда аса Сенгейсің өзіңнің көзіңе.    9­оқушы: Көшеде ортаға жеткенше, Әуелі көзің сал сол жаққа. Көшеде ортадан өткен соң, Мойныңды бұр сол жақтан оң жаққа.    10­оқушы: Жолдың кез­келген жерін кесіп өтуге болмайды,ол қауіпті. Жолды кесіп өту үшін жаяулар  өткелінің шартты белгілері бар жерден өту керек.    11­оқушы: Жолдың бір шетінен екінші шетіне өткенде асықпай.саспай өту қажет.Бағдаршам болса,  жасыл жарықтың жануын күтеміз.   12­оқушы: Көшеде ,жолда жүргенде жол белгілеріне қарап жүреміз.   13­оқушы: Жол белгілері 4 топтан тұрады.Осы топтар туралы білетінімізді еске түсірейік.   14­оқушы: Қып – қызыл үшбұрыш, Ескерту белгісі мен болам, «Қауіптен сақ бол» деп сәт – сапар жолдаған.    15­оқушы: Қызылмен боялған шеңберім аумақты, Тыйымшыл белгімін,қаталмын салмақты, Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге, Қауіп бар,бағдарла көз салып жан – жақты .    16­оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты, Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті. Барлығын анықтап тұрамын жолыңда, Абай бол, шартымды, міндетті орында.   17­оқушы: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын. Үн – түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.     Мұғалім: Ал, енді балалар жол полиция басқармасынынң инспекторы сендердің жол ережесі туралы  білімдеріңнің қандай екенін білгісі келеді.   Жол  инспекторы: Қала көшесімен жүргенде қандай жолмен жүреміз?( тротуар,жол жиегі) Мектепке келерде қандай жолмен келесіңдер?(ең қауіпсіз жолды таңдаймын) Жаяу адам өтетін жерде асфальтты жолда қандай белгі болады?(ақ жолақтар) Қай жерде ойнауға болады?(аулада,спорт алаңдарында,парктерде ойнауға болады) Автобус,троллейбус,газель тоқтайтын жер.(аялдама)   Инспектор: Балалар,сендердің жауаптарыңа риза болдым.Енді ата – аналарыңызды да сынап көрейікші, жолда жүру ережесін білу әр адамның міндеті ғой. Ата – аналарға сұрақ Инспектор: 3 «Б» сыныбының оқушылары да , ата – аналары да көшеде жүру ережесін жақсы біледі  екен.Сіздерге ризамын. ­ Ал, балалар,ата – аналар ,қонақтар!Көшеде жүру ережесін сақтау әрбір адамның  міндеті екенін ұмытпай,көше ережесін сақтайық.Сау болыңыздар! ­ Ал балалар,бүгінгі тәрбие сағатын аяқтай келе сіздерді, ата – аналарыңды көшеде,  жолда жүру ережелерді сақтауға шақырамын.Үлгілі,тәртіпті оқушы жолда жүру  ережесін бұзбайды.Сондықтан үлгілі,тәртіпті болайық.   19­оқушы: Көшеде тек жүрелік, Өзінше бұл да ерлік. Ата – ана қынжылмасын, Түсіріп ұнжырғасын.    20­оқушы: Тіршілікті бағалайық, Тәртіпті құп алайық! Өмірдің бар қызығын Күлкімен аралайық.    21­оқушы: Бүгінгі мерекеміз Айналсын шежіреге Әр сәби құлағың сал, Жол бойы ережеге.    22­оқушы: Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін! Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман! Б.Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебі

"Жол және мен" (3 сынып)

"Жол және мен" (3 сынып)

"Жол және мен" (3 сынып)

"Жол және мен" (3 сынып)

"Жол және мен" (3 сынып)

"Жол және мен" (3 сынып)

"Жол және мен" (3 сынып)

"Жол және мен" (3 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.02.2018