Журек
Оценка 4.6

Журек

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
биология
8 кл
13.05.2017
Журек
Сабақтың тақырыбы: Жүрек құрылысы, қызметі, аурулары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу. Түрі: дәстүрлі емес, ойын-тренинг сабағыСабақтың тақырыбы: Жүрек құрылысы, қызметі, аурулары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу. Түрі: дәстүрлі емес, ойын-тренинг сабағы Көрнекіліктер: презентация, видеоролик, суреттер, компьютер, шар, жүрекше стикерлер, т.б. Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Негізгі бөлім 1. «Танысу» аялдамасы «Сен мені білесің бе?» 2. «Сандар» аялдамасы «Математика – ғылымдар патшасы» 3. «Терминдер» аялдамасы «Тіл-халық қазынасы» 4. «Денсаулық және спорт» аялдамасы «Дені саудың-жаны сау» 5. «Математикалық есептер» аялдамасы «Математика-ғылымдар патшасы» 6. «Ғажайып дүние» аялдамасы «Білмейтінім тоқсан тоғыз» ІІІ. Қорытынды бөлім «Жүректен-жүрекке» тренингі І. Ұйымдастыру бөлімі. «Жан жылуы» жаттығуы. Оқушылар қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады. Мен сенен жылу аламын, (сол жаққа қарайды) Жүрегіме саламын (тура қарайды) Досыма сыйлаймын (оң жаққа қарайды) Сәттілік тілеймін. (тура қарайды) Оқушылар жүрек пішіндес шарды алып бір-біріне «шын жүректен» тілектерін білдіреді. - Оқушылар, тақтаға назар аударайықшы, нені көріп тұрсыздар? - Жүрек! - Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «жүрек» туралы болмақ. - Бұл жүрек тірі емес, дүрсілдемейді, жылулық та жоқ. Біз бүгінгі сабағымызда оған жан бітіреміз. Сіздердің бүгінгі сабақта айтқан әр дұрыс жауаптарыңыз жүрегімізге жылу беріп, оның мәңгілік соғуына көмектеседі. Ал, ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық! Сіздерге сәттілік тілеймін! ІІ. Негізгі бөлімі 1. «Танысу» аялдамасы. Сабаққа кіріспе ретінде «Жүректің құрылысы» тақырыбында бейнекөрініс көрсетіледі. 2. «Сандар» аялдамасы Тақтада берілген сандар нені білдіретіндігі туралы айтады. Әр дұрыс жауап айтылғанда тақтадағы жүрекке стикер жапсырады. 250 – 300 г – жүрек салмағы 2 – жүрекше, 2 – қарынша 4 – камералы 3 – қабат 4,5 – 5 литр - адамдағы қан көлемі 60-70 рет- тыныштық күйінде жүрек минутына жиырылады. 3. «Терминдер» аялдамасы Берілген термин сөздерге анықтама береді, түсіндіреді. Әр дұрыс жауап айтылғанда тақтадағы жүрекке стикер жапсырады. 1. Донор- қан беруші адам 2. Жүрек- пішіні конус тәрізді, адам кеудесінің сол жағында орналасқан. 3. Миокард- жүректің бүлшықетті қабаты 4. Эндокард-жүректің ішкі қабаты 5. Эпикард-жүректің сыртқы абаты 6. Кардиолог-жүректі емдейтін маман 7. Кардиология-жүректің жұмысын зерттейтін ғылым 8. Рецепиент- қан қабылдаушы адам 9. Гемоглобин- күрделі органикалық қосылыс 10. Темір- қан құрамында кездесетін химиялық элемент 4. «Денсаулық және спорт» аялдамасы Берілген тақырыптар бойынша шағын эссе құрады немесе өз ойларымен бөліседі. 1. «Никотин» 2. «Алкоголь» 3. «Экологиялық жағдайлар» 4. «Нашақорлық» 5. «Математикалық есептер» аялдамасы 1. Қалыпты жағдайда жүрек 1 минут ішінде орта есеппен 6л. қанды тамырларға айдаса, 1 сағатта және 1 тәулікте қанша мөлшерде қан айдайды? Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет 360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте 8640литр қан айдайды. 2. Қалыпты жағдайда жүрек орта есеппен 1 минутта 70рет жиырылып кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады? Жауабы: 60*70=4200рет, яғни 1сағ.4200рет. 4200*24сағ=100800рет немесе 1тәулікте 100800рет. 3. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді? Жауабы: 60мин*2=120рет, яғни 1сағ. 120рет. 120*24=2880рет, яғни 1тәулікте 2880рет. 4. Адамның жүрегі минутына 60-70 рет жиырылады. Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар. Жауабы: 1 минутта – 60 рет жиырылады, 1 тәулікте 24 сағат. 24 сағ * 60= 1440мин 1440м*4= 5760л 6. «Ғажайып дүние» аялдамасы 1. 2001жылдан бастап 25 қыркүйек күні – Дүниежүзілік жүрек федерациясы бастамасымен жүрек күні болып атап өтіледі. 2. Жүректің соғуына жауап беретін гендер табылды. 3. Ғалымдар жүрекке ұзақ жұмыс күнінің қауіпті екенін дәлелдеді. Мысалы, 11 сағатқа созылған жұмыс күні инфаркттың пайда болуын 67%-ға арттырады. 4. Адамның кеудесінде жүректің орналасуы, ол көбінесе біздің дене бітімімізге байланысты. Ұзын және арық адамдарда ол көбінесе тік орналасқан. Аласа бойлы үлкен кеуделі толық адамдарда көлденең орналасады. Қалыпты дене бітімді адамдарда ол 40 градус пішінмен орналасады. 5. Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент – магний. 6. 22 хромосомадағы гендердің өзгеруіне байланысты жүрек аурулары пайда болады. 7. Биіктігі 2541 метр болатын, палеозойлық тақтатас, әктас пен базальт құрамды тау жыныстарынан түзілген “Жүрек” деп аталатын тау ШҚО, Зайсан ауданы Шағаноба қыстауының оңтүстік шығысында 7,5км. жерде орналасқан. 8. Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауының батысындағы тауларда өсетін биіктігі 80см, сабағы тік, тостағаншасы түкті, күлтесі қызғылт түсті орамжапырақ тұқымдасына, ергеш туысына жататын көпжылдық шөптекті өсімдік жүрек жапырақты ергеш деп аталады. 9. Орташа минутына жүрек 72 рет соғады, бұл дегеніміз жылына 100 мың рет және 2,5 млрд өмір бойы соғады екен, сонымен бірге 5,7 млн л қанды айдай алады. 10. Ана жатырындағы ұрықтың жүрегі минутына 140 рет соғады. ІІІ. Қорытынды бөлім «Жүректен-жүрекке» тренингі «Аппақ адал жүректен» Сыйлаймын мұны тілеп мен», - деп оқушылар қолдарындағы жүрекшелерге ұстаздарының есімдерін жазып естелік сыйлық жасайды. Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдеріне ризашылықтарын білдіреді. Қорыта айтқанда: Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады: - Менің қайырымды жүрегіме рахмет! - Менің мейірімді жүрегіме рахмет! - Менің жылы жүрегіме рахмет! - Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніңе рахмет! - Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет! т.б
Журек.docx
Сабақтың тақырыбы: Жүрек құрылысы, қызметі, аурулары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын  қалыптастыру Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін  дамытып жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін  қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту.  Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге  тәрбиелеу. Түрі: дәстүрлі емес, ойын­тренинг сабағы Көрнекіліктер: презентация, видеоролик, суреттер, компьютер, шар, жүрекше  стикерлер, т.б. Сабақтың жүру барысы:  І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Негізгі бөлім 1. «Танысу» аялдамасы       «Сен мені білесің бе?» 2. «Сандар» аялдамасы       «Математика – ғылымдар патшасы» 3. «Терминдер» аялдамасы  «Тіл­халық қазынасы» 4. «Денсаулық және спорт»  аялдамасы  «Дені саудың­жаны сау» 5. «Математикалық есептер» аялдамасы  «Математика­ғылымдар патшасы» 6. «Ғажайып дүние» аялдамасы  «Білмейтінім тоқсан тоғыз» ІІІ. Қорытынды бөлім «Жүректен­жүрекке» тренингі І. Ұйымдастыру бөлімі.  «Жан жылуы» жаттығуы.  Оқушылар қолдарынан ұстап бір­біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.  Мен сенен жылу аламын, (сол жаққа қарайды) Жүрегіме саламын (тура қарайды) Досыма сыйлаймын (оң жаққа қарайды) Сәттілік тілеймін. (тура қарайды) Оқушылар   жүрек   пішіндес   шарды   алып   бір­біріне   «шын   жүректен»  тілектерін білдіреді.  ­ Оқушылар, тақтаға назар аударайықшы, нені көріп тұрсыздар?  ­ Жүрек! ­ Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «жүрек» туралы болмақ. ­ Бұл   жүрек   тірі   емес,   дүрсілдемейді,   жылулық   та   жоқ.     Біз     бүгінгі сабағымызда оған жан бітіреміз. Сіздердің бүгінгі сабақта айтқан әр дұрыс жауаптарыңыз жүрегімізге жылу беріп, оның мәңгілік соғуына көмектеседі. Ал, ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық! Сіздерге сәттілік тілеймін!  ІІ. Негізгі бөлімі 1. «Танысу» аялдамасы.     Сабаққа   кіріспе   ретінде   «Жүректің   құрылысы»   тақырыбында   бейнекөрініс көрсетіледі. 2. «Сандар» аялдамасы Тақтада   берілген   сандар   нені   білдіретіндігі   туралы   айтады.   Әр   дұрыс   жауап айтылғанда тақтадағы жүрекке стикер жапсырады. 250 – 300 г – жүрек   салмағы 2 – жүрекше,  2 – қарынша   4 – камералы  3 – қабат  4,5 – 5  литр ­ адамдағы қан көлемі 60­70 рет­ тыныштық күйінде жүрек минутына жиырылады. 3. «Терминдер» аялдамасы Берілген   термин   сөздерге   анықтама   береді,   түсіндіреді.   Әр   дұрыс   жауап айтылғанда тақтадағы жүрекке стикер жапсырады. 1. Донор­ қан беруші адам 2. Жүрек­ пішіні конус тәрізді, адам кеудесінің сол жағында орналасқан. 3. Миокард­ жүректің бүлшықетті қабаты 4. Эндокард­жүректің ішкі қабаты 5. Эпикард­жүректің сыртқы абаты 6. Кардиолог­жүректі емдейтін маман 7. Кардиология­жүректің жұмысын зерттейтін ғылым 8. Рецепиент­ қан қабылдаушы адам 9. Гемоглобин­ күрделі органикалық қосылыс 10. Темір­ қан құрамында кездесетін химиялық элемент 4. «Денсаулық және спорт» аялдамасы  Берілген   тақырыптар бойынша шағын эссе құрады немесе өз ойларымен бөліседі. 1. «Никотин» 2. «Алкоголь» 3. «Экологиялық жағдайлар» 4. «Нашақорлық» 5. «Математикалық есептер» аялдамасы 1. Қалыпты   жағдайда   жүрек   1   минут   ішінде   орта   есеппен   6л.     қанды тамырларға   айдаса,   1   сағатта   және   1   тәулікте   қанша   мөлшерде   қан айдайды? Жауабы: 60*6=360рет, яғни 1сағатта 360рет                  360*24сағ.=8640литр, яғни 1тәулікте                  8640литр қан айдайды. 2. Қалыпты   жағдайда   жүрек   орта   есеппен   1   минутта   70рет   жиырылып кеңейетін болса, 1тәулікте қанша рет соғады? Жауабы: 60*70=4200рет, яғни 1сағ.4200рет.                    4200*24сағ=100800рет немесе                    1тәулікте 100800рет. 3. 1 минут ішінде денедегі қан жүрек арқылы екі рет өтеді. Сонда тәулігіне қанша рет өтеді? Жауабы: 60мин*2=120рет, яғни 1сағ. 120рет.                   120*24=2880рет, яғни 1тәулікте 2880рет.  4. Адамның   жүрегі   минутына     60­70   рет   жиырылады.   Бұл   уақытта   жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар. Жауабы: 1 минутта – 60 рет жиырылады, 1 тәулікте 24 сағат.   24 сағ * 60= 1440мин      1440м*4= 5760л 6. «Ғажайып дүние» аялдамасы        1. 2001жылдан бастап 25 қыркүйек күні – Дүниежүзілік  жүрек федерациясы бастамасымен жүрек күні болып атап өтіледі. 2. Жүректің соғуына жауап беретін гендер табылды. 3. Ғалымдар жүрекке ұзақ жұмыс күнінің қауіпті екенін дәлелдеді. Мысалы, 11   сағатқа   созылған   жұмыс   күні   инфаркттың   пайда   болуын   67%­ға арттырады. 4. Адамның   кеудесінде   жүректің   орналасуы,   ол   көбінесе   біздің   дене бітімімізге   байланысты.   Ұзын   және   арық   адамдарда   ол   көбінесе   тік орналасқан.   Аласа   бойлы   үлкен   кеуделі   толық   адамдарда   көлденең орналасады.   Қалыпты   дене   бітімді   адамдарда   ол   40   градус   пішінмен орналасады. 5. Жүректі қалыпты ұстауға көмектесетін элемент – магний.  6. 22 хромосомадағы гендердің өзгеруіне байланысты жүрек аурулары пайда болады. 7. Биіктігі   2541   метр   болатын,   палеозойлық   тақтатас,   әктас   пен   базальт құрамды   тау   жыныстарынан   түзілген   “Жүрек”   деп   аталатын   тау   ШҚО, Зайсан ауданы Шағаноба қыстауының оңтүстік шығысында 7,5км. жерде орналасқан. 8. Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауының батысындағы тауларда өсетін биіктігі   80см,   сабағы   тік,   тостағаншасы   түкті,   күлтесі   қызғылт   түсті орамжапырақ тұқымдасына, ергеш туысына жататын көпжылдық шөптекті өсімдік жүрек жапырақты ергеш деп аталады. 9. Орташа минутына жүрек 72 рет соғады, бұл дегеніміз жылына 100 мың рет және 2,5 млрд өмір бойы соғады екен, сонымен бірге 5,7 млн л қанды айдай алады. 10.Ана жатырындағы ұрықтың жүрегі минутына 140 рет соғады. ІІІ. Қорытынды бөлім «Жүректен­жүрекке» тренингі  «Аппақ адал жүректен»  Сыйлаймын мұны тілеп мен», ­ деп оқушылар қолдарындағы жүрекшелерге  ұстаздарының есімдерін жазып естелік сыйлық жасайды.  Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдеріне  ризашылықтарын білдіреді. Қорыта айтқанда: Оқушылар оң қолдарымен  жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер  айтады: ­ Менің қайырымды жүрегіме рахмет! ­ Менің мейірімді жүрегіме рахмет! ­ Менің жылы жүрегіме рахмет! ­ Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніңе рахмет! ­ Менің жүрегімдегі жақсы көру сезіміне рахмет!   т.б

Журек

Журек

Журек

Журек

Журек

Журек

Журек

Журек

Журек

Журек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.05.2017