"Жыл басы наурыз"
Оценка 4.8

"Жыл басы наурыз"

Оценка 4.8
Документация
docx
воспитание
Детсад
25.05.2020
"Жыл басы наурыз"
утренник для детей дошкольного возраста
Жыл басы наурыз.docx

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді, қонақтар! «Балауса» бөбекжай                        балабақшасының ұжымы, ата-аналар, сүйікті бүлдіршіндер! Ақ көңілмен, адал жүрекпен дос құшақтарды айқастырып, табысатын қасиетті күн-Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз баршамызға жаңа бақыт, жаңа табыс, денсаулық әкелсін!

          Жарқырап тұр күніміз,

          Жайқалсын жас гүліміз.

          Бақта бұлбұл сайрасын,

          Мерейін төксін көкте күн,

          Мерекесін көктемнің,

          Бүкіл әлем тойласын.

2-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

                        Әсем ән мен тәтті күн

                        Көңілге түрлі ой салар

                Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай кезекті кішкентай бүлдіршіндеріміздің әндеріне берейік.

Хор. «Көктем»

1-жүргізуші:

Армысың, Наурыз!

Қуаныш болып кір төрлет.

Ел болып саған

Көрсетіп жатыр сый құрмет-дей отырып балаларымыздыңтақпақтарын қабыл алыңыздар.

Е.Бақдәулет, Дамир, Ұлбике, Айым, Нұрасыл.

Е.Бақдәулет: Наурыз келді еліме,

                         Наурыз келді жеріме

                         Байлық бақыт тілеймін

                         Бүкіл қазақ еліме.

Нұрасыл: Елім менен жеріме

                   Ырысын шашқан наурыз

                   Күлімдеген көктемге

                   Шуағын шашқан наурыз

Ұлбике: Құрт, бауырсақ шашылып

                Наурыз тойы ашылсын

                Бір-бірімен мың жұрт

                Көрімдігін асырсын.

Айым: Жеті түрлі дәм салып,

             Дәм тойғызған наурыз

             Жақсылып тілем халыққа

             Молшылық әкелсін Наурыз!

Дамир: Кел, балалар ойнайық

              Наурыз тойын тойлайық

              Баянды боп мереке

              Қыр гүліндей жайнайық.

 

2-Жүргізуші: Наурыз, наурыз жыл басы,

                         Наурыз, наурыз бақыт жалғасы

                         Наурыз келді тамаша

                         Би билейміз таласа-деп отырып кезекті «Құлпынай» тобының ұлдарына берейік.

Би: «Шабондаздар»

1-жүргізуші: Жыл басы-Наурыз мереке,

                        Ақ нұрға әлем боялды.

                        Наурыз  тойы береке,

                        Тіршілік жаңа оянды-демекші ендігі кезекті «Құлпынай» тобының балаларына берейік.

Тақпақ.

1.Зере: Жыл басы-Наурыз береке

Ақ нұрға әлем боялды.

Наурыз  тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды

2.Қуаныш: Елім менен жеріме

Ырысын шашқан наурыз

Күлімдеген көктемге

Шуағын шашқан наурыз

3.Нұржігіт: Жылдың басы-Наурыз

Жердің басы наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

4.Асылан: Жеті түрлі дәм салып,

Дәм тойғызған наурыз

Жақсылып тілем халыққа

Молшылық әкелсін Наурыз!

5. С.Нұрасыл:Уа, ағайын, халайық

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

6.Ғ.Нұрасыл: Наурыз айы келгенде

Күн шуағы шашылып,

Жылғалардын су ағып,

Ақ әжелер құлпырып,

Наурыз көже пісіріп,

Қонақтарға тартамыз.

2-жүргізуші: Ал, халайық тұрмайық

                        Әндетейік жырлайық

                        Ортамызды ашайық

                        Ырыс тілеп бұл жылға

                  Жырдан шашу шашайық.-демекші енді кезекті «Айгөлек» тобының әсем қыздарының орындауында ән.

 

Ән: «Әжемнің шәйі»

Тосын сәт:  Немересін ертіп әже келеді.

Әже: Балалар мен сендермен наурыз мерекесінде өөзімнің немеремнің тұсауын кесейін деп едім. Қәне, ортамызды ашайық. Тұсау кесер рәсімін тамашалайық.

«Тұсау кесер» рәсімі.

1-жүргізуші: Қыздарым сұлу өнері асқан,

                        Билейді мың бұралып, сәби жастан,

                        Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз

                        Ортаға шығыңдаршы тартынбастан.

Би: «Наурыз» биі

Тосын сәт: Музыка ырғағымен әндетіп, алдар көсе кіреді. Балалармен амандасып, балаларға өзінің басынан өткен оқиғасын айтып береді.

Ойын: «Кім тапқыр?»

2-жүргізуші: Көлде аққу, көкте қаз

                        Орманда бұл бұл сайраған

                        Көптен күткен, көктем кеп,

                Құлпырады дала жайнаған.-демекші «Айгөлек» тобының ұлдарының биін  тамашалайық.

Би: «Шабандоздар»

1-жүргізуші: Ендігі кезекті «Құлпынай»  тобының бүлдіршіндерінің «Балапан» әніне берейік.

Ән: «Балапан»

2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні қазақ халқымызда қыз қуу, теңге алу, көкпар тарту, арқан тартыс дегендей ойындар ойналған. Соның ішінде қыз қуу ойынын тамашалаңыздар.

Ойын: «Қыз қуу»

1-Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы

                         Бізбен бірге жырлашы,

                         Дастарханына елімнің

                       Береке ырыс сыйлашы.-демекші ендігі кезекті балаларымыздың тақпақтарына береміз.

Тақпақ:

Ө.Бақдәулет: Жылдың басы-Наурыз

Жердің басы наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Сания: Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

Кәусар: Арпа, бидай, тары бар.

Қатық, малта, тағы бар

Ішілетін жейтіннің

Бұл көжеде бәрі  бар.

Ж.Нурислам: Көктем келді, балақай

Жасарды жер алақай!

Наурыз тойын тойлайық

Әсем әнге салайық.

Е.Нұрдәулет: Наурыз тойы тамаша

Наурыз тойы жаңаша

Байлық, бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне
Бақжан: Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.

А.Айару:Бата беріп атамыз

Бата беріп әжеміз

Тәтті болып жасаған

Көжеден дәм татамыз.

Нұрболат: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы,

Дастарханына елімнің

Береке ырыс сыйлашы.

Мейірім:Ой, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Нурислам: Бәйшешек гүл ашады,

Мұздар сайға қашады.

Суға толып өзен көл

Кемерінен асады.

Ән: «Айгөлек» тобының қыздарының орындауында «Қарлығаш»

Ойын: «Арқан тартыс»

Тақпақ: «Құлпынай» тобының балалары

Бақдәулет: Наурызбен құттықтап

                     Алыс жақын қауышты

                     Көктемдегі жарқын сәт

                     Көңілдерге ауысты.

Қ.Айару: Наурыз тойы тамаша

                  Наурыз  тойы жаңаша

                  Табиғатта тамаша

                   Тымылжып тұр жараса

Жансұлу: Наурыз тойы салтанат

                   Наурыз тойы-мархабат.

                   Әр жүректен, ән тарап

                   Шаттанады шарашарап

Мөлдір: Наурыз көктем, наурыз жыр

                Ана мейірім шуақ нұр.

                Жан иесін жаңартқан

                Аққан бұлақ нәзік сыр.

Аңсар: Наурыз келді, жыл келді.

             Тірілтуге гүлдерді

              Сәнденеді аналар

              Сәбилермен бірге енді.

Кәусар: Наурыз келді, нұр келді

               Түгел аймақ түрленді

               Бақшадағы апайлар

               Тойға әзір боп үлгерді.

Хор. «Наурыз тойы»

Әже бата береді.

Бата: Ұлыстың ұлы күні ақ болсын!

           Ақ мол болсын!

           Қайда барсаң жолың болсын!

           Дастарханың кең болсын!

           Уайым, қайғың жоқ болсын!

Әже мен Алдар көсе балалармен қоштасып шығып кетеді.

Жалпы би: «Қара жорға»

Жүргізуші: Наурыз баршамызға береке, бірлік әкелсін. Келесі наурызда аман-есен кездескенше!

2-жүргізуші: Наурыз баршамызға молшылық, тоқшылық әкелсін! Әрбір жанұяда сәбилердің  сыңғырлаған күлкісі көбейсін, сіздер шаттыққа бөлене беріңіздер!

Келесі наурызда аман-есен кездескенше, сау саламат болыңыздар!


 

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді, қонақтар! «Балауса» бөбекжай балабақшасының ұжымы, ата-аналар, сүйікті бүлдіршіндер!

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді, қонақтар! «Балауса» бөбекжай балабақшасының ұжымы, ата-аналар, сүйікті бүлдіршіндер!

Жүргізуші: Наурыз, наурыз жыл басы,

Жүргізуші: Наурыз, наурыз жыл басы,

Тосын сәт: Немересін ертіп әже келеді

Тосын сәт: Немересін ертіп әже келеді

Ж.Нурислам: Көктем келді, балақай

Ж.Нурислам: Көктем келді, балақай

Жан иесін жаңартқан

Жан иесін жаңартқан
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.05.2020