“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Оценка 4.7

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

Оценка 4.7
Лекции
ppt
биология
Взрослым
15.12.2018
“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Қазақтың ат әбзелдеріне ер, тоқым, өмілдірік, құйысқан, үзеңгі, айыл, пыстан, жүген, ноқта, көпшік, шылбыр, қамшы және т.б. жатады. Сондай-ақ, аттың айылы ердің қаңқасына тағылатын, көбіне қайыстан жасалған ат арқасына ерді берік бекітетін жабдықтар айыл-тұрман тобын құрайды. Айыл-тұрман жасалу ерекшелігіне қарай қайыстан жасалған өрмелі, берік матадан жасалған ызбалы сияқты түрлерге бөлінеді. Ат әбзелдерінің түрлерінің сан алуандығы ертедегі қазақтардың әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық жағдайымен тікелей байланысты болды. Ауқатты байлар, ел басқарған хандар, сұлтандар мен билер ат әбзелдерінің түрлі асыл тастар мен бағалы металдармен әшекейлеп жасаған қымбат түрлерін қолданды. Ат әбзелдерінің қатарына сан алуан қамшы түрлері де жатқызылады
6 практика.ppt

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Биенің биологиялық жағынан өзгешелігін және оның күйлеу уақыты мен циклын, овуляция мерзімін білу және биенің ұрықтану мен эмбриондардың тіршілік ету қабілетін арттыру әдістерін қарастыру – ғылым мен практиканың ең актуальді мәселесі, өйткені, мұның барлығы малдың төлінен өсу қарқынына тежеу болады. Биенің күйлеу мерзімі басқа малдарға қарағанда ұзақтау болады. Дж. Хэммондтың деректері бойынша, биеде – 144 сағатқа созылады, шошқада – 48 сағат, сиырда – 17 – 20 сағат, қойда – 2 сағат. • Аналық ұрық безінде толық бір фолликула ғана пісіп – жетіледі. Бір емес бірнеше фолликулалар қысыр және құлынды биеде болуы мүмкін, бірақ олар овуляцияға жетпейді.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Бие құлындағаннан кейін 8 – 18 күннен кейін күйлейді, кейде оның өзі 8 – 16 күнге созылады, бұған биенің күтімі және азықтандырылу жағдайы себеп болады. Күннің суық кезінде және толық азықтандырылмаса биенің бірінші күйлеуі ұзаққа созылады. Еміп жүрген құлын бие күйлеген кезде тышқақтауы мүмкін. Құлындаған биенің алғашқы күйлеуі қысқа болады, алайда дәл осы уақытта шағылыстырудың сапалы болатындығы байқалады. Биенің күйлеу меірзімі орташа есеппен 5 – 7 күн болса, кейбір биелердің күйлеу мерзімі 1 – 2 күн, ал кейбіреулерінде 12 күнге созылады. • Биенің күйлеуі екі жұмадан асса, ол биенің ауру белгісі екендігін аңғартады. Овуляция көбіне түнгі уақытта өтеді, сондықтан биені күндізгіден гөрі таңға жақын шағылыстырған жөн.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Жыныс жетілуі және шағылыстыру жасы. Жылқы малының жынысының жетілуі бір жастан екі жасқа дейінгі аралықта болады (өсімтал зауыт жылқысы ертөлеу, жерг ілікті жылқы тұқымы кештеу жетіледі). Айғырлардың жыныс жетілуі биелерден гөрі кеш жүреді. Мысалы, монғол жылқысының айғырында 3 жаста ғана сперматогенез процесі басталғаны байқалған. • Алайда жыныс жетілуі қалай болғанда да жылқыны 3 жасқа толмай шағылыстыруға болмайды, өйткені толық жетілмеген ата – аналықтан нәзік кішкентай құлын туады. • Жылқының шағылыстыру жасы оның жетілуіне байланысты: биелерді бірінші рет 3 – 4 жасында, ал желгіш және салт мінілетін тұқым айғырларды 4 – 5 жасында ғана шағылыстыруға қосады.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Тұқым жақсартқыш айғырларды іріктеп алу. Шағылыстыру пунктерін құру үшін ауданда тұқымдық айғырлар жетіспесе сол аудандағы айғырлардың ең тәуірлері таңдап алынады да, кейін олардың орны тұқымдық айғырлармен толықтырылады. • Айғырларды тұқымға іріктеп аларда дене бітімі мықты сүйегі ірі, кең омыраулы, жалпақ жонды, аяқтарын түзу басатын (аяғына жем түсу, сүйегі ісініп, ентігіп, түншығу) сияқты кемшіліктің жоқтығына аса көңіл бөлінеді. • Айғырлардың тұқым жақсарту ісіне жарамды не жарамсыз екендігі шағылыстыру маусымынан бұрын анықталады, бұл үшін айғырларды клиникалық байқаудан өткізіп, олардың жыныстық шабыты мен ұрығының сапасы тексеріледі. • Ұрықтың сапасы қатарынан үш күн бойы тексеріледі, ол үшін биені айғырға күн сайын бір рет қосып отырады, жалпы баға үшінші рет қосқан кезде алынған ұрықтың сапасына қарай берілуге тиіс. • Ұрықтың сапасы төмен болса айғыр әдеттегіден ұзақ сыналады, осыған орай оның азығы мен күтімі де өзгертіледі. • Әдетте айғырдың ұрығы сүт тәрізді ақшыл келеді, бірақ оның ешқандай дөрекі иісі болмайды. Исі сасық, түсі қызғылт не жасыл көк (ірің мен қан аралас) ұрық беретін айғырлар пайдалануға жіберлімейді.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Ұрықтың биеге дару қабілетін анықтау үшін төмендегі ережелерді басшылыққа алған жөн. Ұрықтың бастапқы жылжу шапшаңдығы 0,5 не одан да жоғары болады. Шәуеттердің концентрациясын тексеру кезінде ұзақ уақыт шағылысқа түспеген айғырлардың ұрығында олардың саны 1 миллиардта 200-400 млн, ал қалыпты шағылыстыру маусымы кезінде 150-250 млн болады. Айғырдың бір жылғы ұрығының мөлшері 30 мл. • Шағылыстыру науқаны кезінде айғыр ұрығының сапасын әлсін – әлсін тексеріп отырған жөн. • Ауданның негізгі өндірістік мақсаты – қымыз бен ет өндіру болса, сұрыпталатын тұқымдық айғырлардың тірілей салмағы, еттің сапасы, көктемгі және күзгі өрісте семіру қабілеті ескеріледі. • Жылқыны үйірлеп бағатын аудандарда шөп қаулап шығысымен – ақ көктемнің жылы уақытында биелерден құлындайтын бөлек үйір құрып, өріске шығарады. • Жылқыны қорада бағатын аудандарда бие шағылыстыру жұмысы бірінші наурызда басталады да, шамамен 15 шілдеде аяқталады. Бұдан кеш шағылыстыру көңілдегідей болмайды, өйткені биелер көп кеш құлындайды да, құлындары сүтке тойынбайды, сондай – ақ олар қыс түскенше буыны катып, ширап кете алмайды. • Шағылыстыру науқаны басталардан бір, бір жарым ай бұрын осы мақсатпен таңдап алынған айғырларға құнарлы азық бере бастау керек.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Биелерді іріктеу және оны шағылыстыруға дайындау. Шаруашылықтарда құлындауға жарамды барлық бие жыл сайын айғырға қосылуы керек. болса, оларды бөліп алып, күшті азықпен жемдейді. • Шағылыстыру науқаны алдында зоотехниктер мен мал дәрігерлік қызметкерлер өз шаруашылығындағы байтал биелерді түгелдей қарап шығып, құлындауға жарайтын биелерді бөліп алады да, оларды арнаулы тізімге тіркейді, тізімде биенің аты, сондай – ақ онымен шағылысатын айғырдың аты көрсетіледі. • Айғырға қосу үшін іріктеп алынған биелердің қоңы нашар

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Айғырмен жанасатын биелерді іріктеп аларда төмендегі ережелерді басшылыққа алған жөн: • келешек құлынның сапасын жақсарту үшін жақсы биелерді тұқымы жақсы айғырмен шағылыстыру керек; • ата – тегі жақын биелер мен айғырларды бір – бірімен шағылыстыруға болмайды; • сыртқы мүсінінде биеге де, айғырға да тән бір кемшілік болса, оларды бір – бірімен шағылыстырудан аулақ болған дұрыс; • шағылыстыру үшін бөлініп алынған айғырлар шаруашылықтағы бие шағылыстыратын пунктке жақын жерге орналастырылуға тиіс; • егер шаруашылықта асыл тұқымды айғыр болмаса, тұқымдық биелерді көрші шаруашылықтағы тұқымдық айғырларға бекітіп қою керек. • Мемлекеттік ат зауыттары, малды қолдан ұрықтандыратын станциялар және мемлекеттік тұқым мал станциялары өздері қамтитын шаруашылықтарда биені қолдан ұрықтандыратын пункт ұйымдастырады немесе сол шаруашылықтарға уақытша асыл тұқымды айғырлар беріп отырады.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Асыл тұқымды айғырларды биеге қосу. Айғырларды кең және жарық қорада бос ұстаған жөн. Қораның еденіне саз балшық төселіп, әбден тапталады. Оның іші құрғақ, ауасы таза болуға тиіс. Жем мен пішен үлестіру үшін қораны науамен жабдықтау керек. • Айғырлар белгілі бір мөлшермен күніне кем дегенде үш рет жеке – жеке азықтандырылады. Шағылыстыру кезінде азық мөлшері төмендегідей болуы керек. Айғырдың тірідей салмағының әрбір 100 килограмына 2 кг азық өлшемі келетіндей, ал әрбір азық өлшемінде 110 – 130 г сіңімді протеин, 6 г кальций, 4 – 5 г фосфор, 35 г каротин болуға тиіс. • Бұл азықтың шамамен алынған орта мөлшерін айғырдың күйіне, қоңдылығына, тірілей салмағына, биеге қосылу санына қарап көбейтіп немесе азайтып отыруға болады. • • Салмағы 500 кг тартатын айғырдың күндік рационы шамамен 5 кг сұлыдан, 1 кг кебектен, 6 – 8 кг пішеннен құрастырылады. • Азық рационын құнарлы ету үшін айғырларға көк пішен (даладан, шалғыннан орылған, екпе шөптерден тұратын, астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас шөптер), бұршақ, сәбіз, сапалы сүрлем және маусымға байланысты жем немесе көк шөп беріледі.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Қара топырақты емес аймақтағы шаруашылықтарда қаңтар – шілде айларында әрбір айғырдың рационына премикс "Успех" немесе микроэлементтер қосу керек. Мәселен, салмағы 500 – 700 кг айғырға күніне 50 – 70 мг күкірт қышқылды мыс, 15 – 20 мг хлорлы кобальт, 10 – 12 мг йодты калий беріледі. • Әрбір шағылыстыру пунктінде күнделікті атқарылатын жұмыстардың нақты тізімі ілулі тұруға тиіс: мұнда айғырдың суарылатын, азықтандырылатын, тазартылатын мерзімі, сондай – ақ қора тазаланатын, айғыр серуендетілетін уақыт, күйті келу және шағылыстыру мерзімдері көрсетіледі. • Жылы күнде ұдайы, ал қыста күніне кемінде 2 – 3 сағат айғырды сыртта бағу қажет. Тек жаңбырлы салқын күндері не қайнаған ыстықта айғырды серуенге шығаруға болмайды. Бой сергіту үшін асыл тұқымды айғырларды күн сайын 2 – 3 сағат арбаға жегіп жеңіл жұмысқа пайдалануға болады. • Жаздың жылы күнінде айғырды шомылдырған жөн. Бірақ тынығып суымаған айғырларды шомылдыруға болмайды. • Кемінде айына бір рет айғырдың тұяғын тазартып тұру керек. Шағылыстыру кезінде асыл тұқымды айғырлар мен күйттеуші айғырлардың тағасын алып тастау керек.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Үйірге айғыр қосу. Шағылыстырудың қолдан, бөлме ішінде (қорада) және үйірде шағылыстыру деп аталатын үш тұрі бар. Шаруашылық жағдайына байланысты бұлардың кез – келгенін қолдануға болады. • Қолдан шағылыстырғанда жасы 4 – 12 аралығындағы айғырға 35 – 40 бие тағайындалады. Шәуетінің сапасы мен жалпы күйіне қарай оған қосылатын бие санын көбейтіп немесе азайтып отыруға болады. • Шағылыстыруға алғаш қосылып отырған үш жасар айғырға 15 – 20 бие жүктеледі. Сақа айғырға денсаулығына байланысты бие бұдан гөрі аз тағайындалады. • Қолдан және қамап шағылыстыратын жағдайда 4 жасар және одан ересек әрбір айғырды күн сайын 1 – 2 рет биеге қосуға болады. Бірақ ол үшін оның азығы жеткілікті және құнарлы болуға тиіс. Бір қосылу мен екінші қосылу аралығы 8 сағаттан кем болмауға тиіс. Жалпы күйіне, ұрық сапасына, жыныстық шабытына қарай жас және сақа айғырларды биеге күніне не күн ара бір – ақ рет қосу керек. Барлық айғырға аптасына бір рет демалыс беріледі.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Шағылыстырудың түріне қарай айғырды қосу тәртібі Шағылысты Биеге айғырды қосу Айғырдың Бие саны саны Маусымда ру тұрі жасы Қолдан қосу Ересек (4­12)  35­40 Белмеде қосу Үйірде қосу Жасанды ұрықтандыру жас және кәрі Ересек жас және кәрі Ересек жас және кәрі ересек 15­20 25­35 15­20 20­25 12­15 150­ден кем емес Күніне 1­2 1 1­2 1 ­ ­ 1 175 75 175 75 ­ ­ ­

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Қолдан ұрықтандыру әдісі алғашқы рет жылқы шаруашылығында қолданылған. Соңғы жылдарда ірі қара және қой шаруашылығында да кеңінен пайдаланылып жүргені белгілі. Малдың санын арттырып, сапасын жақсартуға әсіресе тұқымдық айғырдың ұрығын қатыру және 196 0 С сұйық азотпен ұзақ уақыт бойы сақтау әдісінің өндіріске енгізілуіне байланысты оның ролі арта түсті. Мұның өзі мемлекеттік станцияларда ұрықты көптеп сақтауға қолдан ұрықтандыру ауқымын едәуір кеңейтуге және оны тасымалдауға кеткен транспорт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. • Айғырдың бір жолғы алынған ұрығымен 15 – 20 биені, ал маусым кезінде 300 – 500 биені ұрықтандыруға болады. Мысалы, орлов желгіш жылқысының Квадрат деген айғырының ұрығымен қашырылған биелерден 600 құлын алынған. • Жылқыны қолдан ұрықтандыратын пунктің үнемі таза болуы және мал – дәрігерлік санитарлық ережелердің мүлтіксіз орындалуы тиіс.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Ұрықты алуға, сақтауға және биені ұрықтандыруға қолданылатын құрал – саймандар мен аспаптар үнемі жуылып, кептіріліп, әрі зарарсыздандырылып отырады. Жаңа жабдықтар мен аспаптарды майлы заттардан шаң – тозаңнан тазартып, соңынан зарарсыздандырады. Таза аспаптар, сондай – ақ қолдан ұрықтандыруға қажетті материалдар мен химикаттарды жабық шкафта сақтайды, ал мұнда басқа да дәрі – дәрмектер мен дезинфекциялағыш заттарды сақтауға болмайды. • Аспаптар мен ыдыстарды қос көмір қышқылды ерітіндімен немесе 1 - 1,5 проценттік кальцийленген сода ерітіндісімен (1,0 л суға 20 – 30г) жуады. Мұндайда үлпекті мақтаны, дәкені пайдаланады, бұларды пинцетпен қысып немесе шыны таяқшаға орап алады. Жасанды қынапты тазалағанда резеңке түтіктің ішінде вазелин мен кір қалмауы тиіс. Жуылған құрал – саймандарды таза ыстық сумен шайып, кептіреді, таза сүлгімен немесе дәкемен сүртеді. • Аспаптар мен ыдыстарды қолданар алдында таза стерилизаторда қайнатып алып, спиртке малынған тампонмен зарарсыздандырады. Ол үшін 70 градустық спиртті пайдаланады, оған 96 градустық спиртректификаттан 73 мл және қайнатып сүзілген немесе зарарсыздандырылған 27 мл су қосады.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Жеке жабдықтар мен материалдарды былай зарарсыздандырады. • 1. Жұмыс аяқталғаннан кейін 3 проценттік ыстық сода ерітіндісімен қынап айнасын жуады, 20 минуттай суға салып қайнатады да, кептіру үшін шкаф –термостатқа іліп қояды, ал қолдану алдында 96 градустық спиртке салынған мақта тампонмен сүртеді. • 2. Ұрық қабылдағышты кептіретін шкафқа салып, 160 - 180° температурада 30 минут бойы қыздыру арқылы немесе жалынға ұстау және спиртпен сүрту арқылы зарарсыздандыруға болады. • 5. Шыны ыдыстарды қайнату, спиртпен ысқылау немесе 160-180° кептіргіш шкафта 30 минут бойы қыздыру арқылы зарарсыздандырады. • 6. Вазелинді күнде стерильдеп тұру керек. Ол үшін стерилизаторға немесе су құйылған кастрюльге банканың астына мақта төсеп, тосын суды 30 минуттай қайнатады, ал сықпа вазелинді стерильдемей – ақ пайдалануға болады. • 3. Таза жуылып кептірілген шприцтерді 70 градустық спиртпен зарарсыздандырып, сосын 1 проценттік хлорды натрий ерітіндісімен кемінде 5 рет шаяды. • 4. Металл қынап айнасы мен шприцтерді зарарсыздандыру үшін қайнатады немесе екі қабат қалпақшасы бар примус жалынына ұстайды.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Бір проценттік хлорлы натрий ерітіндісін күнбе – күн даярлап отырады: ол үшін 1 л дистилденген суға 10 г хлорлы натрийді ерітеді. Ерітіндіні жұқа қабырғалы колбаға құяды да, мақтамен тығындап қайнатады. • Сода ерітіндісін әзірлеу үшін 30 г көмір қышқыл соданы температурасы 50 - 60° болатын 1 л суға ерітеді де, кальцийленген соданың 15 грамын 1 л суға ерітеді. • Диаметрі 2 – 3 см келетін мақта тампонын дымқыл тартқыш мақтадан жасап, сосын 96° спиртке малып алып сығады да, қақпағы сүртілген шыны банкаға салып қояды. • Ұрықты жасанды қынаппен алады. Жұмысқа кірісерде жасанды қынаптың дұрыстығын тексереді. Қынаптың қабырға аралығында ешқандай су мен ауа болмауға тиіс. Ішкі түтіктің бұралып тұруын және тым созылып кетуін болдырмау керек, цилиндр түбінде ол воронка тәрізді емес, тік бұрыштанып қайырылуы тиіс. Жасанды қынапты кұрастырғанда резеңке түтіктің сырт жағының тегіс болуын қадағалау қажет.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Жасанды қынапты ұрық алуға дайындау жұмыстарына зарарсыздандыру, су құю, ұрық қабылдағышты жалғастыру, майлау, температурасын өлшеу және т.б. жатады. Температурасы 50 - 55° суды воронка арқылы құяды. Қынапты сумен толтырғаннан кейін келте түтікке шүмекті тығындайды. Қынаптың түп жағына ұрық қабылдауышты енгізіп қояды. Қынаптың іш жағын ұрық қабылдағышқа жеткізбей зарарсыздандырылған таза вазелин жағылған таяқшамен жұқалап сылайды. • Айғырдан ұрық алар алдында спиртті тампон және зарарсыздандырылған термометрмен міндетті тұрде жасанды қынап температурасын өлшейді. Жасанды қынаптың температурасы 40 – 42° болуға тиіс. • Айғырдан ұрық аларда жасанды қынапты биенің жамбасына тақап (35 – 40° қиғаштатып) ұстап тұрады. Айғыр биеге артылған мезетте оның жыныс мүшесін үрпінен ұстап, жайлап жасанды қынапқа сұғады. Айғырдан ұрық бөлінісімен сол мезетте жасанды қынаптың ұрық қабылдаушы тұрған жағын төмен қаратып, ауасын шығарады да, ұрық қабылдаушты жайлап шығарып, бетін дереу шыны қақпақпен жабады. Осыдан кейін жасанды қынаптағы суды төгіп, оны жылы сода ерітіндісімен жуып, вазелинін кетіреді, соңынан таза ыстық сумен шаяды. • Айғырдан ұрық бөлінгенін оның қимылы тоқтап құйыршығы қозғалғанынан білуге болады. Айғырдың ұрық бөлінуі 10 – 20 секундқа созылып, 50 – 120 мл ұрық береді.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Ұрық сапасын 38 – 40° температурада микроскоппен 120 – 180 есе үлкейтіп қарайды. Ол үшін ұрықтың бір тамшысын төсеніш шыныға тамызып, оған 3 проценттік лимон қышқылды натрий ерітіндісімен 1 – 2 тамшы қосып, араластырады. Төсеніш шыны арасында ауа көпіршігі қалмайтындай етіп, жапқыш шынымен мықтап жабады. • Төсеніш және жапқыш шынылар таза жуылып (сабынсыз) кептірілуі тиіс. Микроскопты туралағанда жапқыш шыныға тимейтіндей етіп микроскоптың трубасын бүйірінен қарап тұрып, шыныға мейлінше жақындатады да, сосын ғана окулярдан қарап тұрып, шәует анық көрінгенше жайлап көтереді. • Микроскоп арқылы шәуеттің қоюлығын сондай – ақ үдемелі қозғалысы бойынша ұрық сапасын көз мөлшерімен тексереді. Егер микроскоп аясында шәует быжынап жатса, онда ұрықты Қ (кою) әрпімен, егер шәует аралығы тым сирек болса С (сирек) әрпімен, ал шәует болмаған жағдайда А (азооспермия) әрпімен белгілейді. Қоюлығы сирек, 5 балдан төмен ұрықтар пайдалануға жарамайды.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Шәуеттің активтілігін (қозғалғыштығын) он балдық шкаламен белгілейді. Барлық шәует түзу сызықты үдемелі қозғалыста болса (100 процент), онда олар жоғары баға (10 балл) алады. 9 балл алған жағдайда әр он шәуеттің 9 – ы (яғни 95 проценті) түзу сызықты үдемелі қозғалыста, 8 балл алғанда - он шәуеттің 8 (80 проценті), 7 балл алғанда - он шәуеттің 7 – і (70 проценті) түзу сызықты үдемелі қозғалыста болады. • Ұрықтағы барлық шәует тербемелі қозғалыста болса Т (тербемелі) әрпімен, егер барлық шәует қозғалыссыз болса Н (некроспермия - өлі ұрық деген сөз) әрпімен белгілейді. • Ұрықтың қоюлығы мен активтілігін (қозғалғыштығын) екі таңбамен белгілейді. Мәселен, Қ – 9 – қою ұрық, түзу сызықты үдемелі қозғалыспен жылжиды, активтілігі 90 процент дегенді білдіреді. • Шәуеттің концентрациясын күнбе – күн, ал төзімділігін он күнде бір рет Горяевтің есептегіш камерасымен анықтайды.

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Жылқыларды шағылыстыру (случка)

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Айғырдан ұрық алу Айғырдан ұрық алу

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Жасанды қынап Жасанды қынап

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
Айғырдың назарын аудартатын Айғырдың назарын аудартатын биебие

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”

“Жылқыларды шағылыстыру тәртібі, қолдан ұрықтандыру барысында қолданылатын құрал-жабдықтар”
• Мал дәрігерлік – санитарлық бақылау. Шағылыстыру пункті үнемі мал дәрігерлік қызметкерлерінің (мал дәрігері, мал фельдшері) бақылауында болуы шарт. Ауру белгісі бар биелер мен айғырлар шағылыстыруға және күйттеуге жіберілмейді. Ауру биелер сондай – ақ жыныс мүшелері зақымданған биелер шағылыстыруға жіберілмейді, олар мал дәрігерлік зерттеуге және емдеуге жөнелтіледі де, кейін сауыққан соң шағылыстырылады. Тұқымдық айғыр ауырып қалса, бақташы адам бұл туралы шаруашылық басшысына не маманға дереу хабарлауы керек. • Егер шағылыстыру пунктінде басқа шаруашылықтардың биелері шағылыстырылатын болса, бұл науқан аяқталғаннан кейін биелердің шағылысқаны туралы сол шаруашылыққа куәлік беріледі, куәлік те айғырдың аты, тұқымы, тегі және биеге соңғы рет жіберілгендегі күні көрсетіледі. • Шағылыстыру науқаны аяқталысымен шаруашылықта қабылданған тәртіпке сәйкес шағылыстыру пуністіндегі биелер үшін бақташыға қосымша еңбекақы төленеді. • Егер шағылыстыру пунктіне таяу жерде, жылқылардың арасында індет байқалса, бұл пункттің жұмысы дереу тоқтатылады, бұдан былай тек мал дәрігерінің рұқсаты бойынша ғана жұмысын қайта бастайды. • Шағылыстыру пунктіндегі бақташы биелердің қашан күйлеп, қашан қашқанын есепке алып, журналға жазып отырады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.12.2018