Зимняя Универсиада- 2017 год
Оценка 4.9

Зимняя Универсиада- 2017 год

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
9 кл
10.02.2017
Зимняя Универсиада- 2017 год
Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету. Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті. Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды. XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда. Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы салынады. Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді. Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы Универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 43 награда салды.сынып сағаты
универсиада.docx
Сынып сағаты:                    Сынып жетекші: Теміржанова Меруерт Әсетқызы                          Сынып: 9а                                           Күні: 25.01.2017ж. Сабақтың тақырыбы: Сілтеме: Жалпы мақсаты: Электронды  оқулық, ғаламтордан алынған  мәліметтер. Бүгінгі қазақ спортының дамуы мен жетістіктерін насихаттау. Оқушыларды спортты сүюге баулу. Қысқы Универсиада­ 2017 жыл Оқу нәтижелері: Дереккөздер: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу қабілеті дамиды. Өз ойларын еркін айтуға үйренеді. Мұғалімге арналған нұсқаулық.   Интерактивті тақта, суреттер. кітаптар Сабақтың кезеңдері Білу Мұғалімнің іс­әрекеті Оқушылардың іс­әрекеті Уақыты 1. Амандасу. Сынып ішін ұйымдастыру.  Оқушыларды  түгендеу.  Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.  1. Амандасу. Оқушылар шаттық шеңберге тұрып, жақсы көңіл күй  арқылы  ынтымақтастық ортаны құрады.  1 минут Шаттық шеңбері Көңілге қуаныш сыйлайтын, жанымызды  ізгілендіретін, өнер атауының ішіндегі  құдіреттілерінің бірі ­ күй тыңдауға шақырамын. 2. Ойланайық, пікірлесейік «Спорт» сөзіне ассоциация құрғызу • «Универсиада», «ойыну», «награда» деген ұғымдарды қалай түсінесіз? Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті  отбасымыз туралы әңгімелесеміз.  • Спорт деген сөзді қалай  түсінесіңдер? • Спортты  неліктен жақсы көресіңдер?                                   Жаңа ақпарат Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы  жылы АҚШ­та студент жастардың алғашқы халықаралық 2 минут Сұрақ:  ­Не сездіңіз? ­Бүгінгі тәрбие сағатымызбен  байланыстырып, қандай ой  айтар едің? Оқушы: ­ спорт адам денсаулығын жақсартады. жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар  1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда,  Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы  1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан  бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты  халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты  білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі  ретінде ілгерілету. Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім  2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық  университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен  дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші  болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу  және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы  спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада  туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015  жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті. Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы  универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды.  Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар  жылдамдықты, жеңілдікті, күш­қуат пен жеңіске деген  құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін  динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың  ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды. XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28  қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес  мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш мыңға  жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда. Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы  инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7­ қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар  1 минут атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық  шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт  сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы­биатлон  стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт  жарыстары сондай­ақ «Медеу» мұз айдынында және  «Шымбұлақ» тау­шаңғылы курортында өтеді.  Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз  аренасы және Атлеттер қалашығы салынады. Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен  (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған.  Мәнерлеп сырғанау, шорт­трек, тау шаңғысы спорты,  сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей,  керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт  түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы,  фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді. Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы  Универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт  аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 43 награда  салды. 2.Топқа бөлу. Топтарға бөлінуді ұйымдастыру.     "Смайлик" арқылы бөліну. 3. Мұғалім: – Қазіргі қазақ спортының дамуына  халқымыздың асыл мұрасына айналған көкпар, қыз қуу,  белбеу тартыс, арқан тартыс, күрес сынды ұлттық  ойындар ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Еліміздің  көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт  өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін  біліп, олардың аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр  азаматтың борышы деп санаймыз. Сонымен, еліміздің  елеулі спорттық жетістіктерінің шежіресін есімізге  түсіріп көрейік. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз  қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста  жеңіс тұғырынан көрінетін. Бұған дәлел ретінде  тарихтан білетін қазақ халқының мақтанышы Қажымұқан 2. Сыныптың оқушылары үш топқа бөлінеді.  Оқушыларға түсіндіру 1 минут 5 минут Түсіну Миға шабуыл  арқылы сұрақ  қою Қолдану Мұңайтпасұлының, Балуан Шолақтың, Серік  Қонақбаевтың жетістіктерін айтуға болады. 1. Мақсаты:  ­ Бейне фильмді көріп,  ондағы  айтылатын пікірінен  түйген ойларын ортаға салғызу  2. Сұрақ ­ жауап кезеңі: ­ не ұқтыңдар? ­қандай тәлім­ тәрбие алдыңдар? Топтарға баптар беріледі, сол бойынша талдайды «Модельді»құрастырып, қорғайды. Қол шапалақтау әдісі бойынша бағалау. 2 мин. 30  сек. 1 минут 5 минут 9 минут 1. https://www.youtube.com/watch?v=YuQqQIZvk4Y Тапсырма: ­бейнефильмді көріп,  одан түйген ойларыңды  ортаға саласыңдар  І топ:  Қажымұқан Мұңайтпасұлының спорттық өмірбаяны Топтың жауабы: Бала кезден Мұқан күреспен айналысып,  түрлі жиындарда, той – томалақтарда қарсыластарымен  белдесіп, жеңіске жететін. Уақыт өте келе, Мұқан кәсіпқой  балуан болып, халықаралық жарыстарда қазақтың намысын  қорғаған. Спорттық мансабында Мұқан 28 мемлекетті аралап, қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын бүкіл әлемге  танытқан. Қажымұқан секілді Балуан Шолақ та күрес өнерінің хас  шебері еді. Жауырыны жерге тимеген Балуан Шолақтың  композиторлық дарыны да болған. Балуан 14 жасында күресті  ермек етіп, жеңіс тұғырынан талай рет көрінетін. Орыстың  палуаны Иван Кореньмен бақ сынасып, оның қабырғасын  сындырған еді. Сол кезде қазақ батыры 35 еді. ІІ топ: Бокста жеткен жетістіктеріміз қандай? Топтың жауабы: Еліміздің былғары қолғап шеберлері жеңіс  шыңдарынан талай рет көрінген, әлі де көрінетініне сенеміз.  1996 жылы АҚШ ­ тың Атланта қаласында ұйымдастырылған  Олимпиада ойындарында Василий Жиров қарсыласын тізе  бүктіріп, ақтық сында алтын медаль еншілеген. Ал Болат  Жұмаділов болса, кеудесіне күміс алқа тағып, Сиднейдегі  Олимпиадада дәл осы көрсеткішті қайталаған. Сол  Олимпиадада Мұхтархан Ділдәбеков күміс алқа тағып,  бірнеше рет Азия мен әлем чемпионы атанған. Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Еркебұлан Шыналиев, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев сынды  батырларымыз Олимпиада ойындарында бақ сынасып,  маңдайлары жарқырап, алға шықты.   Олимпиада жүлдегерлері жайлы баяндаңдар ІІІ топ:    Сиднейдегі Олимпиада жарысында Ольга Шишигина аруымыз  алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Әлия  Юсуповадай көркем гимнастика өнерінің хас шебері жайлы  айтпай кетпеу мүмкін емес. Әлия 2004 жылы Афины  қаласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында  жеңіске жетпегенімен, еліміздің ұлттық біріншіліктерінде  қатарынан бес рет топ жарған. Қазіргі кезде Әлия өз жеке  мектебін ашып, кішкентай шәкірттеріне гимнастиканың қыр ­  сырын үйретіп жатыр. 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында Аслан  Житкеев күміс медаль еншілесе, Теңізбаев Нұрбақыт грек ­  рим күресінен қола медаль таққан. 2012 жылы Лондондағы  Олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшылардың  есімдері анықталды. Илья Ильин, Зульфия Чиншало мен Майя Манеза, Серік Сапиев, Ақжүрек Таңатаров, С. Подабедова  сияқты арландарымыз еліміздің абыройын асқақтатты. "Қара жорға" әнімен қимыл жасайды. Оқушылар бір сергіп  қалады. Шығармашылық жұмыс жасайды.  Оқушылардың көркем  сөйлей білу дағдылары мен тіл байлығы, дүниетанымы  дамиды. 1 минут 12  минут 1. Бес жолды өлең құрастырады «Спорт» 2 минут 2 минут Сергіту сәті "Қара жорға" әнімен қимыл жасау. Талдау  Пікірталас: «Менің сүйікті спортым»  Жинақтау Бағалау    Қорыта келгенді, бүгінде Қазақстан – спорт державасына  айналды. Әр Олимпиада ойындарында екі ­ үш алтыннан олжа  салып жүрген Қазақстан бокс, ауыр атлетика, күрес  түрлерінен әлемдік державалардың санатына ілікті. Қазақстан тұңғыш рет қысқы Азиада ойындарын қабылдап, Азия елдері  арасында 32 алтын, 21 күміс, 17 қола, барлығы 70 медальмен  жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Алла қаласа,  2017 жылы әлемдік универсиада қабылдаймыз. Біз бұл  жетістіктердің бәрі – зор мәртебе

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год

Зимняя Универсиада- 2017 год
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017