Өзін-өзі жетілдіру
Оценка 4.9

Өзін-өзі жетілдіру

Оценка 4.9
doc
05.02.2020
Өзін-өзі жетілдіру
26. 10 сынып курал.doc

 

Өзіндік даму психологиясы

 

 

 

 

 

 

 

                                                          ЖОБА

 

Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал

 

10 сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі

Астана қаласының Білім басқармасы

 

 

 

 

Өзіндік даму психологиясы

 

Жалпы білім беретін мектептің  10- сыныптарына сабақ беретін педагог-психологтарына арналған

оқу-әдістемелік құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2015.

 

ӘОЖ

КБЖ

 

Пікір жазған: А.Р.Ерментаева – психология ғылымдарының докторы,Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының профессоры, Астана қаласы., Ж.Қ.Аубакирова – психология ғылымдарының кандидаты, «Тұран-Астана» университетінің қауымдастырылған профессоры.

Сараптамашы: М.Г. Субханкулов – психология ғылымдарының кандидаты, «Кокше» академиясының профессоры., М.К. Курсабаев – педагогика ғылымдарының кандидаты «Тұран-Астана» университетінің профессоры., Т.С. Букашов – медицина ғылымдарының кандидаты, ПДМ МО жоғары санатты психиатр-дәрігері

 

 

 

 

 

Шығармашылық топтың жетекшісі:  А.Ш.Амерханова

Құрастырушы - автор:  А.Ш.Амерханова., А.Б.Ахметова, Асқарова С.В.

 «Өзіндік даму психологиясы»: жалпы білім беретін мектептің 10-сынып педагог-психологтарына арналған оқі-әдістемелік құрал. / Астана, Ш67, 2015. – 130б. 12-жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы психологиялық қызмет кабинеті.

 

 

                                                                                                                                                     

ISBN

 

 

Әдістемелік құрал 10-сыныпта «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсын оқытушы педагог-психологтарға арналған. Құралда бірыңғай сабақ құрылымы сақталған және тапсырмалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық сабақтар түрінде жинақталған.

 

 

                                                               ӘОЖ

                      КБЖ

 

 

 

© ФАО Астана қаласы бойынша ПҚ БКИ

 «Өрлеу» Ұлттық біліктілік көтеру орталығы,2015

 

Алғы сөз

 

Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда. Анығын айтсақ, мұндай талапқа сай болу үшін балалардың әртүрлі ғылым салаларынан алған білімдерінің қосындысымен шектеліп қана қоймай, тұлғаның бейімделу мүмкіндігін дамытуға бағытталған нақты белгіленген жұмыстарды қарастырған жөн сияқты.   

Өкінішке орай, біздің балаларымыздың мектептегі және мектептен тыс өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерінің болуы ата-аналарға және бүкіл қоғамға балаларды моральдық кері кетуден сақтауға, олардың әлеуметтік және интеллектуалды қорғалуына  қалай көмектесуге болатыны жайында шұғыл түрде маңызды мәселе көтеруді міндеттейді. Бұл мәселелерді шешуге қолданыстағы мектеп пәндерінің аясы тым тар болып отыр. Ол үшін мазмұны жағынан өзі туралы сұрақтарға жауап бере алатын, өзіндік дамуы үшін адам феномені, тұлғалық ерекшеліктері туралы біліммен қаруландыратын арнайы оқу курсы әзірленуі қажет. Сондықтан да жалпы білім беру мектептерінде жекелеген «Психология» эксперименталды курсының әзірлемесін құру қажеттілігі өте өзекті болып отыр. Аталған курстың басты мақсаты баланың өзбетіндік өмірге толыққанды кіруін қамтамасыз ететін барлық білім жүйесінің негізгі мақсаты -  баланың мәдени және әлеуметтік дамуы мақсатымен ұштасуы тиіс.

Осыған байланысты ұсынылып отырған тұжырымдаманың мақсаты құрылды:

Оқушыларда өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара түсіністік әрекетте болуы үшін адамтану саласында негізгі құзыреттіліктерін дамытуды көздейтін психологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аталған факультативтік курсты эксперимент түрінде енгізу үдерісінде келесі міндеттерді шешу қажет:

1. Оқушылардың психологиялық білімді меңгеруі олардың  дамуына қалай әсер ететінін анықтау.

2. Оқытудан өткен оқушылардың психологиялық білімінің нақты көлемін, мазмұнын және сапасын бағалау.

3. Мектепте психологияны пән ретінде оқу аясында балалардың өз-өзімен және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жүйесінің дамуы ерекшеліктерін анықтау.

Қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Өзіндік даму психология» факультативтік курсы бағдарламасын құруда үрдісті әлемдік тәжірибені қолдану ғана жеткіліксіз, сонымен бірге біздің көпұлтты мемлекетіміздің менталитет ерекшеліктерін де ескердік. 

Қазіргі заманауи қоғам талаптарына бағыттала отырып және Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Бағдарламасы контексінде көрсетілген білім беру ортасын гуманизациялау міндеттеріне сәйкес «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсының негізі оқушының өмірлік тәжірибесін, оның жеке қызығушылықтарын, түрткілерін және өзекті құлшыныстарын  міндетті кірістіре отырып психологиялық мәдениетін қалыптастыратын гуманистік парадигма болу керек.

Кіріспе

 

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 10-сыныптарындағы «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсына арналған.

Осы жас кезеңінің басты ерекшелігі – бұл тұлғаның өмірлік іс-әрекетінің сапалы өзгеруіне ықпал ететін қалыптасып келе жатқан есейген «Мен» тұжырымдамасының өзіндік белгіленуі. Аталған кезең дағдарысының сәтті шешілуі тұлға денсаулығының әрі қарай дамуының кепілі және  келесі даму кезеңінің тиімді жүруіне қажетті фактор болып табылады.

10-сыныптарда меңгеруге ұсынылатын бағдарламаның ерекшелігі психологиялық денсаулықтың басты факторлары туралы ақпараттандырылу және маңыздылығын тану, тұлға кикілжіңдерін басу немесе жұмсартуға бағытталған табысты өмір моделін құру болып табылады. Осы жастың маңызды ерекшелігі тұлғаның сәйкестік немесе қабылдамау (Э.Эриксон бойынша) сияқты полярлық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.  Үдемелі даму нәтижесі  берілгендік пен адалдыққа өзін-өзі анықтауға тәуелді.  

Ерекше ескертетін жағдай: бөлімдер арасында әрі қарай өзіндік жетілуге бағыттайтын өзін-өзі тануға және өзін-өзі іске жұмылдыруға психологиялық бағдарды қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық өзара байланыстар бар.

Бағдарламаның мақсаты: жоғары сынып оқушыларының әдеттегі және қалыпсыз жағдайлардағы өздерінің кәсіптік және өмірлік мәселелерін шешуге табысты қатысу қабілеттерін қалыптастыру.  

Міндеттері:

-         Оқушылардың әдеттегі және қалыпсыз жағдайлардағы өздерінің кәсіптік және өмірлік мәселелерін шеше білуін қамтамасыз ететін белгілі бір кәсіби ойлау стилін қалыптастыру;

-         Оқушыларда меңгерген білім жүйесін болжамды негізде қолдану және жетілдіру ықыластарын төселдіру;

-         Жарқын ойлау формаларын дамыту;

-         Жаңа тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;

-         Оқушылардың мінез-құлқының ассертивті тұстарын дамыту;

-         Конструктивті және бейімделушілік бағдарларын маңыздандыру.

Психология бойынша факультативтік курстың мазмұны негізгі төрт бөлімнен құралған:

Бірінші «Психологиялық денсаулық факторы және әдеп нормалары» бөлімі  психологиялық денсаулықтың негізгі факторларын меңгеру, тұлғаішілік кикілжіңді шешуде және девиантты мінез-құлық белгілерін пайдаға асыруда жас ерекшелік кедергілерін жеңу және көмек беру үшін табыс аймағын анықтау мақсатында әзірленді.

Екінші бөлімнің «Тұлғаның қарама-қарсы қасиеттері және психоәлеуметтік тепе-теңдік» тақырыбы өзінің қоршаған ортамен қарым-қатынасындағы бар байлығымен және құндылықтар, мұраттар, өмірлік жоспарлар, қажеттіліктер, әлеуметтік рөлдері жүйесінде өзін қабылдауға бағытталған.

Үшінші «Өзін-өзі реттеу – жоғары сынып оқушысының табысты әлеуметтену формасы ретінде» бөлімінің негізгі сүйенер тақырыбы өмірдің конструктивті жағымды сценариін құру, ес қорына қол жеткізудің маңыздылығы. 

Төртінші «Жастық шақ – өз орнын өзі белгілеу кезеңі» бөлім  жасты кезеңдерге бөлу,  кезеңдердің айырмашылықтары, жастық шақ кезеңінің ерекшеліктері, уақытша болжау және осы шақта өмір сүре білу тақырыптарын қамтиды. 

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

 

Тақырып атауы

Мазмұны

Сағат саны

Психологиялық денсаулық факторы және әдеп нормалары

1-2

Мамандық және денсаулық. Кәсіби жарамдылық

Психологиялық денсаулық феномені, түсінігі, құрылымы.  Жас кедергілері.

 

2

3-4

Менің ресурстарым

Ішкі ресурстарға (сензитивті) жол табу, жаңаша қарау (сәйкестендіру). Ресурс сатыларын анықтау. Портфолио: оған қойылатын талаптар, құрылымы, түрлері.

2

5-6

Менің мінез-құлқым

Себептері және олардан арылу.

Мәселелі аймақтарды анықтау және түсіну. Табысты аймақтарды пайдаға асыру.

2

7-8

Қазақ халқының әдеп ерекшеліктері

Ұлттық психология туралы түсінік. Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Қазақ халқының  ұлттық мінез өзгешелігі. Қазақ отбасындағы тәрбие.  

2

Тұлғаның қарама-қарсы қасиеттері және психоәлеуметтік тепе-теңдік

9-10

Тұлғаның жаңаша қалыптасуы

Сәйкестену – қабылдамау. Өз орнын өзі белгілеу. Берілгендік. Адалдық.

2

11-12

Қоғамдағы мен

 

Құндылықтар, мұраттар, өмірлік жоспарлар, қажеттіліктер, әлеуметтік рөлдер жүйесі.

2

13-14

Мен және менің әлемім

«Мен–тұжырымдама» (оқушымын, ұлмын немесе қызбын, мен доспын, мен құрбымын т.с.с.)

2

15-16

Өмір сызықтары

 

Ішкі ресурстарға жол табу

(ассертивті дағдылар, коммуникативті дағдылар, мінез-құлықтың синергетикалық басшылық жасауының басымдылығы), әлеуметтік  өзара ынтымақтастық, жаңаша қалыптасу (өзіндік сәйкестену, жауапты таңдау дағдылары).  

2

17-18

Мен тұтаспын

Әлемге сену, дербестік, жауапкершілік, өмір жолын таңдау.

2

Өзін-өзі реттеу – жоғары сынып оқушысының табысты әлеуметтену формасы ретінде

19

Ересек өмір табалдырығында

 

Жас кезеңдеріне бөлу,  кезеңдердің айырмашылықтары, жастық шақ кезеңінің ерекшеліктері, уақытша болжау және осы шақта өмір сүре білу. Кәсіби мансапты қалыптастыру негіздері. 

1

20

Өз құрдастарымның замандасымын

Ұрпақтарды қалыптастыру факторлары. Жобалау әрекеті.

 

1

21-22

Адам өміріндегі уақыт өлшемі.

 

Психологиялық уақыт түсінігі.

«Жылдам» және «баяу» уақыт. Адамның өткенге, нақты қазіргі уақытқа, болашаққа көзқарасы.

2

23-24

Мамандық таңдаудың уәждемелік факторлары

Уақытша болжау және нақты қазіргі уақытта өмір сүре білу. 

 

2

25-26

Дүниеге көзқарас және өмірдің мәні

Дүниеге көзқарас деген не? Оның қалыптасу шарттары. Өмірдің мәні деген не? Өмірді «ұғыну» жолдары.

2

Жастық шақ – өз орнын өзі белгілеу кезеңі

27-28

Өзін-өзі реттеу   түрлері

 

Түсінік. Өз мінез-құлқын өзіндік реттеу. тәртібін бағындыру. Үлгілеу  және жанама тәжірибе. Өзіндік бағалауға жауап. Есту және тыңдай білу. Өзін-өзі мониторингтау.

2

29-30

Менің қолжетімді «Менім»

Өзін-өзі іске асыру.  Өзіндік қуаттану.  ортаға қажетті ету жолдары. Ішкі локус бақылау.

2

31-32

 

Менің мүмкіндіктерім

Өзіндік тиімділік,  қажетсіну.

Тұлғаның өзін эмоционалды-құндылықты бағалауы.

2

33-34

 

Ашық әлем

 

Табыс көздерін анықтау. Өзін маңыздандыру, өзіндік іске асыру және өзін-өзі  жұмылдыру. Тәжірибе жинауға әзір болу. Кері байланыс. 

2

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық  деңгейлеріне қойылатын талаптар:

 

 

10 сыныпты аяқтаған оқушы мыналарды білуі тиіс:

-         Типтік үлгінің жеке сипаттарын білу;

-         «Мен-жасөспірім» құндылық жүйесінің әлеуметтік құндылықтарымен сайма-сай келуін түсіну;

-         Коммуникативті және ассертивті қарым-қатынас;

-         Қоршаған ортада жүйелі қарым-қатынас және когнитивті тәртіп үлгісін құру;

-         Жеке өзіндік жолы болмаушылығын бағалауда аналитикалық ойлауын, дербес шешім қабылдай білуін,  өз қылықтарына, өз таңдауына жауап бере білуін және болашақ өмірін болжап көре білуін дамыту.

 

Оқушылардың білімдерін бағалау

 

 «Өзіндік даму психологиясы» факультативі бойынша оқушылардың білім сапасы бағаланбайды, оқу жылының соңында шығармашылық тапсырма беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ФАКТОРЫ ЖӘНЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ

1-сабақ

МАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ. КӘСІБИ ЖАРАМДЫЛЫҚ.

 

Мақсаты: Оқушыларды түрлі мамандықтардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерімен таныстыру.

Міндеттері:

-         Психологиялық саулықтың негізгі факторлары туралы түсінік беру;

-         Кәсіби жарамдылық туралы түсініктерін кеңейту;

-         Кәсіби маңызды қасиеттерді ескере отырып, мамандық таңдауға жауапты қатынасты  тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Психолог сөзі.

- Балалар, әлемде қанша мамандық түрі бар екені туралы ойланып көрейікші. Әрине, олардың саны өте көп. Өзіңізге таныс мамандықтарды  атап көріңізші, ол үшін мен сізге мысалы «А» әрпін айтамын, сіздер сол әріпке мамандықтарды айтыңыз. Мысалы: археолог, анестезиолог, архитектор, агроном т.с.с. Жақсы! Ал енді «Х» әрпіне мамандықтарды атаңыздар. Хирург, химик, хореограф т.с.с. Тамаша! Біз тек екі әріпке мамандықтарды атадық, ал неше әріп әлі аталған да жоқ, қаншама мамандықтар туралы әлі айту керек!

Теориялық бөлімі

Психикалық саулық  (рухани, кейде –ментальды денсаулық) – Бүкіләлемдік денсаулық ұйымының анықтамасы бойынша, бұл адамның әл-ауқатты жағдайы, адам өз потенциалын жүзеге асыра алады, күнделікті өмірдегі стрестермен күресе алады, өнімді жұмыс жасай алады, өз қауымдастық өміріне үлесін қосады.

Психикалық саулықтың келесі критерийлерін анықтайды

- өзінің психикалық және физикалық «Менінің» тұрақтылығы мен идентификациясын, үздіксіздігін сезіну мен түсіну.

-бірқалыпты жағдайлардағы уайымдардың тұрақтылығы мен бірдейлігі.

- өзіне және психикалық өнімі  (әрекетіне) мен оның нәтижесіне сын көзбен қарау.

- психикалық реакциялардың (адекваттылық) әлеуметтік жағдайлар мен жағдаяттарға, қоршаған ортаның әсер ету күшіне сәйкес келуі.

- әлеуметтік нормалар, ереже мен заңдарға  сәйкес мінез-құлқын өздігінен басқара алу қабілеті.

- өз өмірін жоспарлай білу мен оны жүзеге асыра алу қабілеті

- түрлі өмірлік жағдайлардың өзгеруіне байланысты мінез-құлық әдісін өзгерте алу қабілеті.

Кәсіби жарамдылық — адамның туа біткен қасиеті емес. Ол түрлі әлеуметтік-экономикалық жағдай негізінде ұзақ еңбек жолында қалыптасады. Уақыт өте жекелей функционалдық қызмет пен психикалық процестердің (кәсіби қабылдау, ойлау, есте сақтау) қалыптасуымен бірге, оның жеке тұлғасы да қалыптасады. Мамандық кейде адамның сыртқы келбетіне де әсер етеді. Белгілі бір мамандыққа сай мінез-құлыққа, бейімділікке, қарым-қатынас ерекшелігі қалыптасқан тұлғаның әлеуметтік-кәсіби түрі қалыптасады.

Кәсіби жарамдылық қалыптасу үрдісі тұлғаның жеке ерекшеілігіне байланысты. Кәсіби жарамдылықтың қалыптасуы индивидуалды үрдіс. Тұлғаның кейбір мамандықтарды игеруі оның кәсіби жарамдылық деңгейінің сәйкес келмеуінен, игеру  мүмкін емес немесе қиын болады. 

Мамандыққа кәсіби жарамдылық келесі деңгейлерге бөлінеді:

- Жаратылыс. Кәсіби әрекет талаптарына толығымен сәйкес болу. Бұндай адам басқаларынан осы мамандыққа сай даму мен оқыту деңгейі бойынша  ерекешеленіп тұрады.

-Сәйкес болу. Белгілі бір мамандыққа сай қасиеттерге ие болу. 

- Жарамдылық. Белгілі бір мамандықты игеруге ешқандай айқын қарсы нұсқаулықтар жоқ деген сөз.

- Жарамсыз болу. Белгілі бір мамандыққа жарамсыздық тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін.

Кәсіптік бағдарды анықтау тесті

Сіздерге ұнайтын немесе ұнамайтынға негізделе отырып, таңдау жасау керек. Міндетті түрде таңдау керек!

1. Сіздің таңдауыңыз:

Инженер

Әлеуметтанушы

2. Сіздің таңдауыңыз:

Кондитер

Діни қызметкер

3. Сіздің таңдауыңыз:

Аспаз

Статистик

4. Сіздің таңдауыңыз:

Фотограф

Сауда залының әкімші

5. Сіздің таңдауыңыз:

Механик

Дизайнер

6. Сіздің таңдауыңыз:

Философ

Дәрігер

7. Сіздің таңдауыңыз:

Эколог

Бухгалтер

8. Сіздің таңдауыңыз:

Программист

Заңгер

9. Сіздің таңдауыңыз:

Кинолог

Көркем әдебиет аудармашысы

10. Сіздің таңдауыңыз:

Сақтандыру агенті

Архивариус

11. Сіздің таңдауыңыз:

Жаттықтырушы

Телерепортер

12. Сіздің таңдауыңыз:

Тергеуші

Мәдениеттанушы

13. Сіздің таңдауыңыз:

Нотариус

Брокер

14. Сіздің таңдауыңыз:

Компьютер операторы

Сәнбике

15. Сіздің таңдауыңыз:

Фотокорреспондент

Қалпына келтіруші

16. Сіздің таңдауыңыз:

Көгалдандырушы

Зерттеуші- биолог

17. Сіздің таңдауыңыз:

Автожүргізуші

Бортсерік

18. Сіздің таңдауыңыз:

Метеоролог

Картограф

19. Сіздің таңдауыңыз:

Радиомонтажшы

Ағашқа кескіндеме бойынша суретші.

20. Сіздің таңдауыңыз:

Геолог

Гид-аудармашы

21. Сіздің таңдауыңыз:

Журналист

Режиссер

22. Сіздің таңдауыңыз:

Библиограф

Аудитор

23. Сіздің таңдауыңыз:

Фармацевт

Заңгер-кеңесберуші

24. Сіздің таңдауыңыз:

Генетик

Архитектор

25. Сіздің таңдауыңыз:

Сатушы

Пошта операторы

26. Сіздің таңдауыңыз:

Әлеуметтік қызметкер

Кәсіпкер

27. Сіздің таңдауыңыз:

ЖОО оқытушысы

Орындаушы музыкант

28. Сіздің таңдауыңыз:

Экономист

Менеджер

29. Сіздің таңдауыңыз:

Корректор

Дирижер

30. Сіздің таңдауыңыз:

Кеден инспекторы

Модельер

31. Сіздің таңдауыңыз::

Телефонист

Орнитолог

32. Сіздің таңдауыңыз::

Агроном

Топограф

33. Сіздің таңдауыңыз:

Орманшы

Директор

34. Сіздің таңдауыңыз::

Киім жөндеу бойынша шебер

Хореограф

35. Сіздің таңдауыңыз:

Тарихшы

Жол инспекторы

36. Сіздің таңдауыңыз:

Антрополог

Экскурсшы

37. Сіздің таңдауыңыз:

Вирусолог

Әртіс

38. Сіздің таңдауыңыз:

Даяшы

Товаровед

39. Сіздің таңдауыңыз:

Бас бухгалтер

Қылмыстық іздеу инспекторы

40. Сіздің таңдауыңыз:

Шаштаразшы-модельер

Психолог

41. Сіздің таңдауыңыз:

Пчеловод

Коммерсант

42. Сіздің таңдауыңыз:

Сот

Стенографист

Жаратылыс – бұл адамның бір нәрсеге іштей ұмтылуы, индивидуалды, жеке  өмірлік мәні, нақты мақсат емес, қозғалыс бағыты, даму векторы. Бұл біздің дүниеге келу себебіміз.

Жаныңыз қалайтын істі, дұрыс мамандықты таңдау үшін бірнеше жайттарды ескеру қажет

1. «Кім болғыңыз келеді?» мен «Қандай болғыңыз келеді?» деген сұрақтардың жауабын анық түсіну. Өзіңіздің қызығушылықтарыңызды негізге алыңыз, ақша мен беделді негізге алуға тырыспаңыз. 

2. Жеке құндылық, мотив, қызығушылықтардың өзіндік жүйесі. Әдетте, адам өзіне бағытталмайды, өміріндегі маңызды адамдардың көңілінен шығуғы тырысады.

3. Өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін сезіну. Есіңізде болсын! Біз әлсіз жақтарымызды жеңудің орнына, өзіміздің күшті жақтарымызды дамытуымыз керек.

Практикалық бөлім

Кез келген мамандықты таңдап, төмендегі кестені толтырыңыз.

Мамандықтар сипаттамасы

 

Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар

 

Маманның жеке ерекшеліктеріне қойылатын талаптар

 

Жұмыс орны

 

Ұқсас мамандықтар

 

 

Рефлексия. «Маманның бір күні» ойыны    

Жүргізуші: «Ойын шарты: Барлығымыз біріге отырып, сөздердің (зат есім, сан есім, т.с.с) көмегімен «Маманнның  бір күні» тақырыбында әңгіме құрастыру керек. Мамандықты мен айтамын, содан кейін тізбекті жалғастыратын қатысушыны көрсетемін. Әр қатысушы өз сөздерін айтады, қорытындысына толықтай бір әңгіме құрастырылып шығу керек. Мысалы: автобус жүргізушісінің күні: оятқыш – кофе – автопарк – жол – аялдама –жолаушы-  жол – аялдама – дөңгелектің тесілуі – телефон – жөндеушілер – дөңгелек– алғыс айту т.с.с. »

 

 

 

2 - сабақ

МАМАНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ. КӘСІБИ ЖАРАМДЫЛЫҚ

 

Мақсаты: Оқушыларды түрлі мамандықтардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерімен таныстыру.

Міндеттері:

-         Психологиялық саулықтың негізгі факторлары туралы түсінік беру;

-         Кәсіби жарамдылық туралы түсініктерін кеңейту;

-         Кәсіби маңызды қасиеттерді ескере отырып, мамандық таңдауға жауапты қатынасты  тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі. Психологтың кіріспе сөзі. 

       Құрметті оқушылар! Біздің барлығымыз өміріміздің бақытты және сәтті болуын қалаймыз. Осы өмірге жетудің бір шарты - тұлғаның қабілеті  пен қызығушылықтарын ескеретін  мамандықты дұрыс таңдау.  Сонымен қатар, нақты өмірлік жоспар қажет, яғни алға қойған мақсатқа жету үшін қандай амалдар мен шараларды қолдану керектігін сезіну. Болашақ мамандықты таңдау үшін сіз ең алдымен өзіңізді тануыңыз керек, тиісті қорытынды шығарып, жоспарланған мақсатқа жету үшін нақты әрекеттер орындау керек. 

Теориялық бөлімі

           Психологиялық саулықбұл жан дүниенің саулығы ғана емес, тұлға саулығы.

Бұнда жан саулығы мен тұлға саулығымен ұштасады, адам өмірінде бәрі керемет, сонымен қатар ол тұлғалық даму үстінде және бұндай өсуге дайын. Психологиялық сау адам салиқалы, ынтымақтастық үшін ашық, өмір соққыларынан қорғалған, өмірлік қиындықтарды жеңу үшін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.  

           Психологиялық саулықтың негізгі критерийлері: қоршаған ортаны адекватты қабылдау, өз әрекетіне саналы түрде жауап бере алу, белсенділік, жұмысқа қабілеттілік, мақсатқа бағытталу, жақын қатынас орната алу қабілеті, толыққанды отбасы өмірі, жақын адамдарына жауапкершілік сезімінің болуы, өмірлік жоспарларды құру мен жүзеге асыра алу, өзін дамытуға бейімділік, тұлғаның тұтастығы.  

Диагностика.  «Өзіңді тап» тесті

1-бөлім

А. Сіз жаңа адамдармен жеңіл танысасыз. Таныстарыңыз көп болғанын қалайсыз. Сіз ашық, әңгімешіл адамсыз. Жиі ұстамсыз боласыз.

Б. Сіз асықпайсыз, қарым-қатынаста ұстамдысыз. Жаңа адамдарға күдіктене қарайсыз. Өзіңіздің жетістіктеріңізді көпшілік назарына ұсынғанды ұнатпайсыз. Дау- дамайда артық сөз айтып қоймас үшін өзіңізді ұстай білесіз. 

2-бөлім

А. Сіз қиялдауды ұнатпайтын реалистсіз. Жұмыста тиянақтысыз. Көп заттарды өз қолыңызбен жасағанды ұнатасыз, жасаған заттардың нәтижесін тексеріп отырасыз. 

Б. Сіз болашақты жақсы болжай аласыз, өткенді жиі есіңізге  аласыз. Жаңалық пен өзгерістерге ұмтыласыз. Сіздің теориялық (шығармашылық) қабілеттеріңіз қолданбалы қасиеттеріңізден жоғары.

3-бөлім

А. Сіз дау-дамай мен келеңсіз жағдайлардың себептерін анықтауды ұнатпайсыз. Ақыл- ойды сезімнен жоғары көресіз. Ұнатуларыңызға қарамастан сіз адамдар туралы объективті ойлайсыз. Өзіңіздің де, өзгенің де жеке өмірі туралы әңгіме қылғанды ұнатпайсыз.

Б. Түрлі істерде басқалардың мүддесі үшін үйлесімді қатынас орнатуға бейімсіз. Сізге адамдар арасындағы сезімдер мен қарым-қатынас қызықтырады. 

4-бөлім

А. Әдетте, сіздің жұмыс қабілетіңіз қалыпты. Сіз жұмысты тізбекті атқарасыз. Тиянақты шешім қабылдап, сол шешімді сирек ауыстырасыз.  Сізге қатаң дисциплинаны ұстану оңай, барлығында тәртіп болғанын ұнатасыз.

Б. Сіздің жұмыс қабілетіңіз бірде жоғары, бірде төмен. Сіз жаңа өзгерістерге тез бейімделесіз. Нәтиже жету үшін сізге қатал тәртіп пен нұсқаулық қажет емес.

Нәтижені өңдеу

Жауаптарыңызды негізге ала отырып, төрт әріптен тұратын өзіңіздің психотипіңіздің формуласын есептеп шығара аласыз. Мысалы: психотип формуласы:  ENTP — Жаңашыл  

Сұрақтар блогы 1 2 3 4

Жауап а : б а : б а : б а : б

Кілт     E : I S : N T : F J : P

Шартты белгілері:

1. E – экстраверт (өзгелерге бағытталған);

I – интроверт (өзіне бағытталған).

2. S – нақты (практика);

N – интуитивты (шығармашыл, абстрактылы).

3. T – логик (формалды, компромисссіз);

F – этик (сезімтал, ақкөңіл).

4. J – анықталған (қырсық, батыл);

P – икемді (күмәнданушы).

Сегіз типологиялық қасиеттердің сипаттамасы:

 EI; SN; TF; JP

Экстраверт (E) не интроверт (I)?

Нақты (S) не интуитивты (N)?

Логик (T) не этик (F)?

Анықталған  (J) не  икемді (P)?

 Психотиптің сөздік портреті немесе өзіңе айнаға қара

1. Маршал (ESTP)

2. Саясаткер  (ESFP)

3. Шебер (ISTP)

4. Делдал (IFSP) (Сақтаушы болған)

5. Администратор (ESTJ) (Басқарушы болған)

6. Энтузиаст (ESFJ)

7. Инспектор (ISTJ)

8. Сақтаушы (IFSJ)

9. Жаңашыл (ENTP) (Ізденуші болған)

10. Кәсіпкер (ETNJ)

11. Аналитик (INTJ)

12. Критик (INTP)

13. Бастамашыл (ENFP) (Кеңесші болған)

14. Тәлімгер (ENFJ)

15. Гуманист (INFJ)

16. Романтик (INFP)  (Лирик болған)

 

Практикалық  бөлім. «Мамандықтар кемпірқосағы» жаттығуы

Қатысушылардың көбіне медиативті сурет салу өмірлік маңызды мақсаттарды анықтаудың мінсіз әдісі. 

Нұсқаулық

Қазір бізге өз болашағымыз туралы ойланып, өмірлік мақсатты анықтау мен түсіну үшін керемет мүмкіндік туындап отыр. Кемпірқосақтың соңында алтын толған ыдыс бар екен дейді, сол ыдысты тапқан адамдардың барлығына бақыт пен байлық сыйлайды екен. 

Көзіңізге сізді қуантуға жаралғанғ күн мен жаңбырдан жаратылған өзіңіздің жеке кемпірқосағыңызды елестетіңіз...

Кемпірқосақтың көкжиекпен түйіскен жері сіздің нақты және болашақ өміріңізді білдірсін. Болашақ нүктесінде сізді өзіңізге қатты лайық, құнды және өте қалаулы зат бар екен деп елестетіңіз. 

Кемпірқосақты салыңыз, көкжиекке кететін жеріне қазіргі сәтте ойыңызға келген өз мақсатыңызды салыңыз. Ең алдымен кемпірқосаққа назар аударыңыз, түстентеріне көңіл бөліңіз. Сурет салып отырған кезде сізге түрлі ойлар келеді, неше түрлі мақсаттар есіңізге түсе бастайды. Болашақ мақсатыңызды бірінші салыңыз және оның жалғыз мақсат емес екендігін сезініңіз. Мақсатты шартты түрде не нақты салуыңызға болады, болмаса осы екі түрді бірге орындаңыз. (20 минут.)

Ал енді өз суретіңізге қарап, ойша келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

Мен өз мақсатыма қалай жете аламын?

Маған не байланысты, басқаларына не байланысты?

Жолымда қандай кедергілер кездесуі мүмкін?

Неден бас тартуыңыз мүмкін?

Мен не ұтамын?

Менен басқа мақсатқа жету кімге пайда әкеледі?

Менің бұл мақсатқа қатынасым қандай?

   Рефлексия.

- Психоллогиялық саулық туралы қандай жаңа нәрсе білдіңіз?

- Сіз қай социотипке жатасыз?

- Сізге өз мақсаттарыңызға жетуге не көмектеседі?

 

 

 

3-4 сабақ.

МЕНІҢ РЕСУРСТАРЫМ

 

Мақсаты: өз ресурстарын анықтау, портфолио туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-         Оқушыларға тұлғаның жаңаша қалыптасуы, өзін идентификациялау және ішкі ресурстары жайлы жалпы түсінік беру.

-         Портфолио құрастыру дағдысын дамыту.

-         Рухани даму мен өмірге деген позитивті қатынасқа қызығушылығын тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі. 

 Теориялық бөлімі.

Ресурстық жағдай түрлері

Ресурстың негізгі түрлері  - бұл физикалық, психологиялық, тұлғалық және рухани ресурстар. 

Физикалық ресурстық күй – бұл ұйқысы қанған, демалған, сергек адам. Психологиялық ресурстық жағдай – сенімділік пен сергек көңіл-күй жағдайы, адам өмірлік күш пен энергияны сезінеді, кез келген мәселені шешуге дайын. Адамның көңіл-күйі жоғары не төмен, өзіне сенімді не толық сенімсіз, депрессия құшағында не шабыт үстінде – бұл психологиялық ресурстық жағдайдың болуы не болмауының түрліше сипаты. Қай ресурс адам өмірі үшін маңызды? Бұны талқылаудың өзі дұрыс емес, екеуі де маңызды.  Егер адам бірнеше түн тісі ауырғаннан ұйықтай алмай жүрсе, онда ол адамның жаны сергек деп айту қиын шығар. Басқа жағынан қарағанда адамның өзіне сенімділігі, жетістікке жету сезімі – ерекше маңыздылыққа ие. Бір ауыз сөзбен адамды тірілтіп, керісінше адамның сағын сындыруға болады: бұлшық еттері сол болғанымен оны қолдаунышы өзге адам. Өз ресурстарын қалпына келтіруді физикалық жағдайдан бастау керек – бұл барлығының негізі. Бұдан кейін міндетті түрде психолоиялық жағдаймен айналысу керек: өзін дұрыс сарынға түсе білген адам күшін көбейтеді, керісінше жағдайда өз күшінен айырылады.

Позитивті роликтер мен аффирмацияларды көрсету. Көріністен кейін оқушылар жұмыс дәптерлеріне өздерінің ішкі сезімдерін  сурет немесе жазба түрде көрсетеді.

 

           Өзін-өзі идентификациялау – өзін нақты бір адамға немес адам бейнесіне сәйкестендіру.

Тұлғаның өзіндік сәйкестенуі – тұлға әлеуметтенуінің маңызды шарты; индивидтің мақсатына, құндылық пен мұратына негізделген өмірлік перспективаларға жол.

Негативті немесе позитивті өзін идентификациялау адам мінез-құлқына қатты әсер етуі мүмкін. Мысалы, жалқау адамға ұқсасығы келген адам, өзінің жалқау адам екендігіне сенімді, ол өзін ештеңе өзгерте ала алмайды деп ойлайды, нәтижесінде «жалқау болу – өзім болу» деген теңдік шығады.

НЛБ әдістемелері  (нейро-лингвистикалық бағдарламау):

«Бекіту»(якорение) техникасы. Ресурстық жағдайды бекітуге арналған.

Нұсқаулық: Өзіңізді сенімді, жайлы сезінген сәттеріңізді еске түсіріңіз.

Мысалы, қуанышты, сыйлық алған сәттер, жақсы көретін адамыңызбен кездесу, табиғат аясында демалу т.с.с.. Сол жағымды сәттерге толығымен еніңіз, сол жағымды, керемет сезімге қайтадан бөленіңіз. Жағымды сезімнің шыңдауына жеткен сәтті бекітіңіз. Ол үшін бас бармағыңызды сипаңыз, содан кейін ақырындап  қазіргі сәтке қайтып келіңіз. Сіз осы сәтті ұйықтар алдында да сезініп, бекітуіңізге болады

Практикалық бөлім.

«Ішкі тепе-теңдік» жаттығуы. (сензитивтілікті дамыту)

Нұсқаулық: Қатысушылар екіге бөлініп, бір-біріне алақанның өлшеміндей қашықтықта қарама - қарсы тұрады. Аяқтарын бірге ұстап, бір-біріне алақандарын тигізеді. Жаттығу үнсіз орындалады, бірінші серіктесінің алақанын қысады, содан кейін әлсін-әлсін қолдарын алады.  Егер қатысушының біреуі теңселіп, қарсы оқушыға қарай құлап кете жаздап, аяғын орнынан жылжытса, онда ол координациясын жоғалтады. Бұл дегеніміз ол оқушының ішкі тепе-теңдігінің болмауынан теңселді деп түсінеміз. Керісінше, орнында нық тұра алған оқушы, ішкі дүниесі үйлесімде деп саналады.  

Оқушының кәсіби жетістіктер портфолиосын жинау қажет. Бұнда барлық тест нәтижелері мен диагностикалық құралдар, тренингтерге қатысу нәтижелері, кәсіби іріктеу нәтижелері, шығармашылық жоба, мектеп компаниясына қатысу есептері мен компьютерлік презентациялар салынады. 

Рефлексия.

Топтық талқылау. Қорытындылау. Қандай ішкі жағдай сіз үшін ресурсты жағдай болып есептеледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сабақ

МЕНІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫМ

 

Мақсаты: мінез-құлықтағы тұлғалық компетенциясын қалыптастыруға ықпал ету. 

Міндеті:

-          Мінез-құлық пен оны реттеу туралы білімдерін белсендендіру.

-         Ассертивті мінез-құлықты дамыту.

-         Мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі факторы ретіндегі мақсатқа ұмтылу мен жетістікке жету қасиеттерін тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе бөлімі.

Балалар, біз бүгін психологиялық аспектідегі мінез-құлық туралы әңгімелесеміз. Психологиялық  сөздіктерде мінез-құлықты тірі жәндіктердің қозғалыс белсенділігі, оның ішінде қозғалмау сәттері де кіреді, тұтас организмнің қоршаған ортамен әсер етудің орындаушы буынның жоғары деңгейі. Мінез-құлық организмнің қоршаған ортамен байланысын жүзеге асыратын тізбекті орындалатын мақсатқа бағытталған жүйе.  

Теориялық бөлім.

Адамның мінез-құлқы - адамның өзі негіз болатын және өзі жауапты болатын тұлғалық немесе әлеуметтік маңыздылыққа ие бағытталған маңызды әрекеттер.  Адамның мінез-құлқына түрлі сыртқы факторлар (тәулік мезгілі, қоршаған орта, жағдаяттар) мен ішкі факторлар (генетика, денсаулық жағдайы, көңіл-күйі, әдеттер, ойлау әдістері) әсер етеді.

Егер мінез-құлық адамның автор ретінде жауапты болатын саналы әрекет болса, іс-әрекет дегеніміз әлеуметтік маңыздылыққа ие, басқаларға пайда әкелетін  мінез-құлық. Мінез-құлықта, іс-әрекетте түрлі деңгейде сараланған, мақсатқа бағытталған әрекет. Мінез-құлықта автор маңызды.

Кінәлісің бе – өз мінез-құлқыңа жауап бер. Мақтауға лайықсың ба – өз марапатыңа ие бол. Өзің тапсаң – өзің ие бол.

Іс-әрекетте нәтижесінде не пайда болғаны маңызды.

Диагностика.

«Жетістік мотивациясы мен сәтсіздік қорқынышы» әдістемесі. (А.А. Реан)

Нұсқаулық. Төменде келтірілген тұжырымдамалармен келісіп немесе келіспесеңіз «иә» не «жоқ» жауабын таңдауыңыз керек. Жылдам жауап бергеніңіз дұрыс, көп ойланудың қажеті жоқ. Ойға бірден келген жауап әдетте дұрыс болады.  

Сауалнама мәтіні

1. Жұмысқа кірісе отырып, сәттілікке үміттенемін.

2. Іс-әрекетте белсендімін.

3. Бастама (инициатива) танытуға қабілеттімін.

4. Жауапты  тапсырмалар орындау барысында барынша олардан бас тартуға себеп іздеп отыруға тырысамын.

5. Көбінде шеткі таңдау жасаймын: тым жеңіл тапсырма орындаймын немесе тым ауыр тапсырмаға кірісіп кетемін.

6. Жолымда кедергілер кездескен жағдайда әдетте  олардан қашпай, керісінше оларды жеңуге тырысамын.

7. Жетістік пен сәтсіздік алма кезек ауысқан кезде, өз жетістіктерімді асыра бағалауға бейіммін.

8. Іс-әрекет нәтижелілігі негізінде сыртқы бақылауға емес, менің мақсатқа бағытталуыма байланысты. 

9. Орындау уақыты шектеулі аса қиын тапсырмалар орындау  нәтижелілігі әлде қайда төмен болады.

10. Мақсатқа жетуде мен табандылық танытуға бейіммін.

11. Мен өз болашағымды алшақ перспективаларға жоспарлауға бейіммін.

12. Мен тәуекел әрекетке кенеттен емес,  ойланып барамын.

13. Мен мақсатқа жету табандылығым төмен, әсіресе сыртқы бақылау болмаған жағдайда.

14. Өзіме қиындығы жағынан орташа, қолым жететін мақсат қойғанды дұрыс көремін. 

15. Тапсырма орындауда сәтсіздікке ұшырасам, мен үшін оның тартымдылығы азаяды.

16. Жетістік пен сәтсіздік алма кезек ауысқан кезде, өз сәтсіздіктерімді  асыра бағалауға бейіммін.

17.Болашағымды жақын уақытта жоспарлауға тырысамын. 

18. Орындау уақыты шектеулі аса қиын тапсырмалар орындау  нәтижелілігі жоғары болады, тапсырма аса қиын болса да.

19. Сәтсіздікке ұшырасам да, мен алға қойған мақсаттан бас тартпаймын.

20. Егер мен тапсырманы өзім таңдасам, сәтсіздікке ұшыраған кезде де оның маңыздылығы мен үшін еш азаймайды.

Нәтижені өңдеу.

Кілт:

«иә» жауабына 1 балл: 1-3, 6, 8, 10-12, 14, 16, 18-20

«жоқ» жауабына 1 балл: 4, 5, 7, 9, 13, 15, 17.

Барлық баллдар қосындысы есептеледі.

Қорытынды:

 1-7 балл – сәтсіздікке ұшырау мотивациясы (сәтсіздіктен қорқу);

8-13 балл – мотивациялық полюс айқындалмаған; (8-9 балл сәтсіздікке ұшырау мотивациясына жақынырақ, 12-13 балл жетістікке жету мотивациясына жақын).

14-20 балл – жетістікке жету мотивациясы (жетістікке жету үміті).

Практикалық бөлім

«Өз айдаһарыңды жең» әлеуметтік-психологиялық тренингі.

Негізгі мақсаты: 

- өз әрекетін сезіну мен талдай ала білу дағдыларын дамыту; 

- ойын түрінде өз мінез-құлқын түзету практикалық икемдерін қалыптастыру;

- оқушыларда ассертивті мінез-құлықты қалыптастыру.

Негізгі міндеттері

-         Өз қалауларын позитивті құрастыра білу

-         Өз қылықтары мен әрекеттерін сезіне білу

-         Өз еркімен мінез-құлқын жағымды жағына өзгертуді қалау.

-         Көпшілік өзін қолдайтынына сене білу.

Танысу. Кіріспе.

-         Жұмыс реті туралы ақпараттандыру

-         Сенімді, қауіпсіз атмосфера қалыптастыру

-         Топтың не күтетінін білу

-         Күйзелісті жеңу.

Танысудың бірнеше нұсқалары:

-         1. Әр қатысушы өзін презентациялайды.

-         2. Жұптасып танысу

-         3. Делдал арқылы танысу (сурет, видео, өлең жолдары т.б.)

-         4. Интервью арқылы жұптасып таныстыру.

-         5. Сауалнама арқылы танысу.

Негізгі бөлім.

Айна

-         Қатысушылар екі шеңбер жасайды: сыртқы және ішкі. Жүргізушінің белгісімен ішкі шеңберде тұрған қатысушы мимика мен қозғалыс, поза  арқылы сенімді, сенімсіз, дөрекі адамның бейнесін көрсетуі керек. Сыртқы шеңбердегілер сол адамды тауып беру керек. Егер ол тауып алса, екеуі де қолдарын көтереді. Содан кейін шеңберлер ролімен ауысады. Жүргізуші дұрыс жауаптарды белгілеп отыру қажет.

Жаттығудан кейін талдау өтеді.

-         Қандай позаларды жиі тауып алынды? Неліктен?

-         Қайсысы оңай табылды? Неліктен?

-         Берілген жаттығу қорытындысында жүргізуші мінез-құлықтың кейбір диструктивті формасына назар аударуы тиіс. Олардың көріністері: ренжу, әлсіздік, ригидтілік, басыну, қатаңдық.

Өз айдаһарыңды жең!

-         Біздің бәрімізде үй жағдайында өсірілген өз «айдаһарымыз» бар дейді. Бұл өмір сүруге кедергі болатын біздің кемшіліктеріміз. Қатысушылар екі топқа бөлініп, айдаһармен күрес туралы ертегі құрастырып беру тапсырылады. Содан кейін ол ертегіні ойнап беру керек. Барлық ертегіні тыңдау үшін бір сағат уақыт берілген. Түрлі қолда бар декорциялар қолдануға болады. Төменде сценарий үлгісі көрсетілген:

-         Ескертпе немесе тыйым салу. Бұзу.

-         Айдаһармен күресуге шешім қабылдау. Қару-жарақ дайындау.

-         Айдаһарға дейін жол. Сиқыршылармен кездесу

-         Айдаһарды шайқасқа шақыру.Шайқас. Жеңіске жету.

-         Батырдың оралуы. Жеңіс салдары.

 

Рефлексия.

-         Өтілген жұмыс жайлы ақпарат беру;

-         Топтық жұмыс нәтижесімен таныстыру;

-         Өзгерістерді зерттеу;

-         Барлығымен кері байланыс;

-         Жүргізуші негізгі қорытындыларды назарға ұсынады. Әсіресе болған өзгерістерге ерекше назар аударып, қолпаштап отырады.

 

 

 

 

6-сабақ

МЕНІҢ МІНЕЗ - ҚҰЛҚЫМ

 

Мақсаты: мінез-құлықтағы тұлғалық компетенциясын қалыптастыруға ықпал ету. 

Міндеті:

-        Мінез-құлық пен оны реттеу туралы білімдерін белсендендіру.

-       Ассертивті мінез-құлықты дамыту.

-       Мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі факторы ретіндегі мақсатқа ұмтылу мен жетістікке жету қасиеттерін тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Психолог: Мен сіздерге дау-дамайсыз мінез-құлық туралы аңыз әңгімелеп беремін. 

Шие:

 - Біз бір-бірімізді жақсы көреміз, бірақ жиі ұрысамыз... Бұл екеуміздің бірге бола алмайтынымызды білдіреді ме?

 - Айтыңызшы, сіз шие жақсы көресіз бе?

 - Иә, жақсы көремін.

 - Ал сіз жеген кезде сүйегін түкіріп тастайсыз ба?

 - Әрине.

 - Өмірде де солай... Шиені жақсы көре отырып, сүйегін түкіріп тастауға үйреніңіз.

Бүгін біз ассертивті мінез-құлық пен дау-дамайды реттеу жолдары туралы әңгімелесеміз.

Теориялық бөлім.

Адамдардың дау-дамайлы жағдайларды реттеудің келесідей әдістерін ұсынады:

1. Бәсекелестік (жарысу, бәсекелесу) – өзге біреудің мүддесін ескермей өз мүдделерін жүзеге асыру.

2. Ыңғайлану – өз мүддесін өзге біреудің мүддесі үшін ескермеу, жоғарыда айтылған әдіске толықтай қарама-қарсы.

3. Компромисс.

4. Қашу – кооперцияға ұмтылудың болмауымен қатар, өз мақсаттарына жету тенденциясының да болмауы. 

5. Ынтымақтастық – екі жақтың да мүддесін толығымен ескеретін альтернативаға келу.

Дау-дамайды  шешу типтерінің қысқаша сипаттамасы.

Бәсекелестік стилін қолданатын адам белсенді және дау-дамайды шешуде өз жолын таңдайды. Ол басқалармен ынтымақтастықты қаламайды, алға қойған мақсаттарына өзінің ерік-жігерлік қасиеті арқылы жетеді. Ол ең алдымен өзінің мақсатына жетеді.

Қашу стилінде индивид өз мүддесін қорғамайды, ортақ шешімге келу үшін ешкіммен бірігіп ақылдаспайды, дау-дамайды шешуден мүлдем бас тартады. Ол мәселеден қашу әдістерін қолданады (бөлмеден шығып кету, тақырыпты ауыстыру т.с.с), мәселені жоққа шығарады, жауапкершілікті өзге біреуге жүктей салады, шешім қабылдауды созу т.с.с

Ыңғайлану – өз мүддесін қорғауға тырыспай-ақ, басқа адаммен ортақ шешімге келуге тырысу. Бұнда адам өз мүддесін құрбан етеді. 

Ынтымақтастық стилін қолданатын адам дау-дамайды шешуге белсенді кіріседі. Өз мүддесін қорғай отырып, басқаның да мүддесін ескеруді ұмытпайды, ол адаммен ынтымақты әрекет жасауға тырысады. Алайда, дау-дамайды осылайша шешу көп уақытты қажет етеді. Яғни, екі жақ дау-дамайдың шығу себебін анықтап, талқылап, альтернативті шешу жолдарын қарастырады. Басқа стильдерге қарағанда дау-дамайладрды шешуде ынтымақтастық ең қиын, бірақ нәтижелілігі жоғары екені анық. 

Компромисс стилінде екі жақта жоғары нәтижеге жету үшін  өз мүддесін аз деңгейде құрбандық етуі мүмкін. Мысалға, саудаласу мен айырбастау. Компромисс кезінде дау-дамай үстіртін шешіледі, әр жақ ортақ шешімге келу үшін кейбір пайдасынан бас тартуы мүмкін. Бұнда ешкімде дау-дамайдың шығу себептерін  немесе жасырын себептерді  анықтауға ұмтылмайды, тек қана екі жақтың мүддесін жүзеге асыратын шешімге келу жолдары қарастырылады.

 Практикалық бөлім.

Ассертивті мінез-құлық тренингі.

Негізгі мақсаты

- өзгенің мүддесіне нұқсан келтірмей отырып, өз мақсаттарына жету;

- басқалардың құқығын жоққа шығармай, өз мүддесін қорғай білу.

Негізгі міндеттері

·        Өз сезімдерін анық білдіру.

·        Өз ойын анық білдіру;

·        Өз қалауларын позитивті қалыптастыру;

·         Өзгелердің жаман ниеті жоқ екенін түсіну;

·        Сабырлық сақтап, не ұнамайтыны туралы бетке айту.

·        Басқаларға өзінің қателіктерін түсінуге көмектесу;

·        Екі жаққа да жеңіс тілеу; желать победы обеим сторонам

·        Көпшілік қолдап отырғанына сену;

·        Өз айтқанынан таймау; стоять на своем

·        Өз әрекетіне ойын ретінде қарау.

Негізгі мақсатқа жету әдістері:

- топтық психотерапия элементтері

- позитивті-негативті қолдауы бар жағдаяттық тренинг.

Негізгі түсініктер:

1. Бір нәрсені орындау арқылы ғана бір нәрсеге үйренуге болады. Лучше всего научиться чему-либо можно только выполняя это.

2. Белсенді топтық жұмыс негізі - топтан әрбір қатысушыға кері байланыс.

Негізгі бөлім

Ережелер:

1. Іс-шаралардың басталуы мен аяқталуының нақтылығы

2. Конфиденциалдылық

3. Белсенділік

4. «Жоқ» деп айту құқығы

6. Қолдауға ие болу құқығы

7.Сөзді бөлмей тыңдау

8. Барлығына қатысу

9.Өз пікірдің болу құқығы

10. «Сен» деп сөйлеу

11. Барынша жұмыс жасау

12.Қазір болып жатқан жайттар жайлы өз атынан сөйлеу.

«Жазуы бар футболка» жаттығуы.

Жүргізуші қатысушыларға «өзі сөйлейтін» футболкалар туралы айтады. Олар арқылы адамдар өзін таныстырады. Қатысушыларға 5 минут ішінде футболкасына жазу ойлап тауып, ақ қағаз бетіне түсіру ұсынылады. Жазудың өлшемі, орналасыу мен мазмұны жайлы жүргізуші міндетті түрде айтып өтуі тиіс.

Айна

Қатысушылар екі шеңбер жасайды: сыртқы және ішкі. Жүргізушінің белгісімен ішкі шеңберде тұрған қатысушы мимика мен қозғалыс, поза  арқылы сенімді, сенімсіз, дөрекі адамның бейнесін көрсетуі керек. Сыртқы шеңбердегілер сол адамды тауып беру керек. Егер ол тауып алса, екеуі де қолдарын көтереді. Содан кейін шеңберлер ролімен ауысады. Жүргізуші дұрыс жауаптарды белгілеп отыру қажет. Жаттығудан кейін талдау өтеді.

Қандай позаларды жиі тауып алынды? Неліктен?

Қайсысы оңай табылды? Неліктен?

Берілген жаттығу қорытындысында жүргізуші мінез-құлықтың кейбір диструктивті формасына назар аударуы тиіс. Олардың көріністері: ренжу, әлсіздік, ригидтілік, басыну, қатаңдық.

 «Қуаныш»

Қатысушылар сурет салу құралдары арқылы қуанышты бейнелеуі қажет. Бұның өзі топта жағымды атмосфера тудырып, тапсырманы орындау барысында жағымды эмоцияларды тудырады. Оқушыларға толығымен еркіндік беріледі, ешқандай нұсқаулықтар айтылмайды. Сурет салынып болғасын, ешкім атын жазбай, ортақ жиналап, араластырылып, қатысушыларға кезекпен көруге беріледі.  Қатысушылар өз сезімдері мен ойларымен бөлісе алады. Талқылау жүргізіліп, әр адам қуанышты түрліше түсінетіні туралы аталып өтеді.  Суреттер қайтадан жиналады, әр қатысушы өзінің суретін қайтадан тауып алады. Өз суретін тау оңай болды ма? Жүргізуші әр адамның қайталанбас тұлға екені,  әр адамның алатын орны маңызды екені туралы  қорытындыға келіп, жаттығу аяқталады.  Бұл әр адамның өзінің құнды екенін өзгелермен өзара әрекеттесу барысында есінде сақтаудың маңызыдылыққа ие екенін білдіреді.

«Мүсін»

Топ екіге бөлінеді. Бір топ өзінің ар-намысы жоғары, ал екіншісі ар-намысы төмен  мүсін жасап шығаруы тиіс. Мүсін бір ғана қатысушыдан жасалады, басқалары мимика мен қимыл арқылы өз мақсатын жүзеге асырады. Әр топ өздерінің ішінен экскуршы таңдап, келесі топтың алдында өз мүсіндерімен таныстырып, мүсіннің нені білдіреиіні туралы әңгімелеп береді.  Ал келесі топ келісуі немес келіспеуі мүмкін, өз түзетулерін енгізуі мүмкін.  Талқылау барысында қатысушылар мінез-құлықтың сыртқы атрибуттары арқылы  адамның ішкі жағдайы мен ішкі қозғалыстарына өтіп, олдардың арасында байланыс бар екенін дәлелдеп береді. 

«Реніш қоржыны»

«Қоржын» жасау ұсынылады. Қатысушылар  оның ішіне осы сабаққа дейін болған  барлық реніштерін салады. Тапсырманы орындауға 8-10 минут беріледі. Жатығу соңында талқаылау өтеді. Ренішке жауап берудің маңызы неде? Бұл копилкамен не істеу керек? Жүргізуші әңгіме барысын реніш пен өкпелеудің еш қажеті жоқ деген пікірге жетелейді. Содан кейін қатысушылар осы копилкамен не істеуге болатынын туралы ойланады. Бардық қатысушылар копикаларды жою керек деген шешімге келуі қажет. Оны жүзеге асыру үшін «ренішті жағу», «оттың таңғажайып күші» деген рәсімдер і қолданылуы әбден мүмкін.

Рефлексия.

·        Өтілген жұмыс жайлы ақпарат беру

·        Топтық жұмыс нәтижесімен таныстыру

·        Өзгерістерді зерттеу

·        Барлығымен кері байланыс

Жүргізуші негізгі қорытындыларды назарға ұсынады. Әсіресе болған өзгерістерге ерекше назар аударып, қолпаштап отырады.

 

 

 

7- сабақ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық менталдылық пен рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Міндеті:

-         Оқушыларға қазақ халқының этика және эстетикасы жайлы ұғындыру.

-          Толерантты қатынасты дамыту.

-         Өз халқының рухани мұратына қызығушылығын тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

«Ағаш» психогимнастикасы

Психологтың кіріспе сөзі: Балалар, бүгінгі сабақты мен адамды ағашқа салыстырумен бастағым келіп отыр. Өзіңізді сізге ұнайтын ағаш ретінде елестетіп көріңіз. Барлық ағаштағыдай оның жапырағы, тамыры, бұтақтары бар, сол сияқты әрбір адамның ұлттық рухы, ата-бабадан қалған мұрасы, қазіргі кезге дейін ұстанатын әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлеріміз бар. Ал егер бір ғана емес, бірнеше ағашты елестетсек, онда ол орман болып шығады, ал адамдардың орманы ол өзіне тән ерекшеліктері бар ұлттар мен халықтар. Біз көпұлтты Қазақстан елінде өмір сүреміз және бүгінгі сабақта біз қазақ халқының мәдениетіне тарихи және психологиялық саяхат жасаймыз.

 Теориялық бөлімі

Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.

Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады.

Тәрбие тағылымының ең негізгі қағидасы «адамнан, адамның өмірінен» артық, одан қымбат, одан қасиетті ешқандай құндылық жоқ деген көзқарасты ұстану және адамды айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсіну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу лазым», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», т.с.с. халық даналығындағы мақал-мәтелдер адамның құндылық екенін дәлелдейді.

Практикалық бөлім.

«Қазақ отбасында қонақта», «Ұл мен қыздың тәрбиесі», «Ақсақалдарға сәлем беру»  атты сюжетті-рольдік ойындары 

«Ақсақалдарға сәлем беру»

Қатысушылар 3 топқа бөлінеді.  Әр топқа дайындық пен ролдерді ойнауға 7 минут беріледі

Диагностика.

Мәдени-құндылық бағдар тестісі  (Дж.Таусенд,  Л.Г.Почебуттің нұсқасы)

Мақсаты: зерттелетін мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі тенденцияларын анықтау.

Нұсқаулық:

«Өз ұлтыңыздың мәдени бағдарын білдіретін тұжырымдамаларды белгілеңіз. Мұнда мектепте, отбасында, дінде не үйреткенін есіңізге түсіріп отырыңыз. Ескерту: өзіңіздің заманауи көзқарасыңыз қалыптасқан салтқа, сізді үйреткенге кереғар болған жағдайда, оны негізге алмағаныңыз дұрыс болар».

Тест материалы

1.Менің мәдениетімде шешім қабылдар алдында, маңызды фактор ретінде ... негізге  алады.

a) өткен;

b) бүгінді;

c) болашақты.

2.Әдетте менің мәдениетімде адамдар ... деп есептейді.

a) табиғи күштердің құрбаны;

b) табиғатпен үйлесімде өмір сүреді;

c) табиғи күштердің біразын басқарады.

3.Менің мәдениетімде егер адамдарды басқармаса, онда ... жасайды деп есептейді.

a) жаман әрекеттер;

b) жаман да, жақсы да әрекеттер;

c) жақсы әрекеттер.

4.Менің мәдениетімде адамдар өз қарым-қатынасында негізгі болып... деп санайды. ,

a) тұқым қуалаушылық пен шығу тегі;

b) үлкен отбасы;

c) даралық пен тұлғаның ерекшелігі.

5.Менің мәдениетімде адамдар ... деп санайды:

a) өмір сүру үшін тіршілік етудің өзі жеткілікті;

b) тұлғаның өсуі мен дамуы ең маңызды өмірлік мақсат;

c) нақты іс-әрекет пен мінсіздікке жету – ең жақсы мақсат.

Тест кілті.

Бөлім нөмірі

ДМ

ЗМ

ДДМ

1

а

b

c

2

а

b

c

3

а

b

c

4

а

b

c

5

а

b

c

Тест нәтижесін өңдеу

Тестінің математикалық өңдеуі респонденттердің бөлімдер бойынша орта пайыздық есеп көрсеткіші мен мәдениет типі бойынша орта балл есептеледі. Осының негізінде зерттелетін мәдениеттің үш типтің біреуіне жататыны туралы қортындыға келуге болады.

Тест нәтижесін интерпретациялау

Бірінші тип – дәстүрлі мәдениет (ДМ). Адамдардың өткенге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға негізделе отырып өмір сүретінін білдіреді. Олар тарихқа қызығады. Бұл адамдар мәдениетті табиғатты болмыстың құписы, шешілмейтін жұмбақ ретінде қабылдайды, олар бұл жұмбақты шешуге ұмтылмайды. Адам жақын ортасына тәуелді. Отбасылық байланыстар, дәстүрлі туыстық қатынастар мен діни көзқарастарға ерекше мән беріледі. Бұндай мәдениетте адамның ішкі еркіндігіне жол берілмейді. Оның әрекеті мен қылықтарын үнемі қоршаған қауымдастық бақылап отырады. Шешім қабылдау үрдісі көпшіліктің атап айтсақ, жасы үлкендердің көмегімен жүзеге асады. Адамның іс-әрекеті қатаң шектеулі. Жұмыстың нәтижесі мен жетістіктеріне бірден емес, кейін мадақтама айтылып, марапаттама жасалады.   

Екінші тип- заманауи мәдениет (ЗМ) – адамдардың қазіргі сәтке, қазіргі жайттарға  бағдар алуымен сипатталады. Адамдар табиғатпен үйлесімде өмір сүруге тырысады, оны қорғап, экологиялық мәселелерге көңіл бөлуге тырысады. Адам қарама-қайшы құбылыс ретінде қабылданады.  Бұл мәдениеттің құндылығы адам, оның құқығы, жаратылысына, қабілеттерінің дамуына, өзін жүзеге асыруы мен өзін-өзі дамытуына   негізделген. Адамдар арасындағы қатынас ресми, статус пен әлеуметтік жүйедегі рольдерімен анықталған. Достық қатынас баяу қалыптасады және олардың мағынасы тереңірек болып, бір-біріне деген адалдықпен сипатталады. Қоғам адам әмінез-құлқын адамгершілік, этикалық ережелер мен нормалар арқылы реттеуге  ұмтылады. Жеке шешім қабылдау ортақ қажеттіліктер, қызығушылықтар мен жоспарларды ескере отырып, отбасымен, еңбек ұжымымен бірлесе отырып қабылданады. Өз жұмысының нәтижесін адам материалды емес, морльды тұрғыдан бағаланғанын жөн көреді. (танымалдылық, мойындау, сәттілікке жету). 

Үшінші тип – динамикалық дамудағы мәдениет (ДДМ) адамдар болашаққа бағдарланған, олар жылдам маңызды нәтижелерге жетуге ұмтылады. Адамдар қысқа мерзімді жоспарлар құрады және оны жалдам, нәтижелі жүзеге асыруға тырысады. Бұл типтегі адамдарға «Уақыт- ақша». Табиғатта ешбір тылсым құпия жоқ, себебі өмір - бұл жылдам және сәтті шешілетін мәселе. Табиғат адамға бағынуы тиіс, оның барлық жұмбақтары шешілген, оның даму заңдылықтары анықталған және сипатталған. Адамның болмысы – табиғатты басқару. Адам еркіндікті сүйеді, ол қоршаған әлеуметке тәуелсіз.  Жеке шешім қабылдау жеке адамның өзімен жүзеге асырылады. Жеке қызығушылықтар мен құндылықтардың маңыздылығы мойындалған. Мұндай адамдар жұмысқа, тапсрымаға, жұмысқа бағытталған. Адам өзін жұмыс, жетістік, табыс үшін құрбан етеді. Нәтижелі істің жетістігі – материалдық сыйақы.

Рефлексия.

- Өз мәдениет типін анықтағаннан кейін, өз отбасыларыңда қай типтің болғанын қалар едіңдер

- Өз балаларыңызды қалай тәрбиелер едіңіздер?

- Өз жауаптарыңызды дәлелдеңіздер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-сабақ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық менталдылық пен рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Міндеті:

-        Оқушыларға қазақ халқының этика және эстетикасы жайлы ұғындыру.

-         Толерантное қатынасты дамыту.

-        Өз халқының рухани мұратына қызығушылығын тәрбиелеу.  

Ұйымдастыру кезеңі.

Төзімділік туралы нақыл

- Ұстаз, сенің үйіңде тұрғаныма бір жыл болды, осы күнге дейін тек шаруашылық бойынша жұмыстарды атқарып жүрмін. Қашан сен мені үйретесің? Мен осы үшін саған шәкірт болуға келдім бе?

- Шыдамды бол, - деді ұстаз. Әлі уақыты келген жоқ.

- Төменгі алқапқа барып, ағаш отырғыз. Оны өсір, ал мен ойланамын. Алқапқа түсу үшін оқушы қиын да ұзақ жол жүріп өтті. Жол бойында ол кішкентай ағаш отырғызды

Содан бері ол күніне екі рет сол қауіпті жолды жүріп отырды, кез-келген ауа-райында ол таңсәріде шығып, қара кеште әбден шаршаған күйде үйіне қайтып жүрді. 

Бір күні ол қайтып келмеді.

Ағашқа күтім жасау үшін ол жолға босқа күш жұмсамайын деп, ағаштың қасында үйшік салып, күн көрді. Күннен-күнге ол ағашын күтіп өмір сүрді. Жапырақтарын  жазда ыстық күннен, қыста қатты аяздан қорғады. 

Осылайша бір жыл өтеді. 

 Оның еңбегі зая кетпеді, ағаш биік, нығыз болып өсті. Бір күні таңертең үйшігінен шығып, бұлақ бойында ағаштың көлеңкесінде отырған ұстазын көреді. 

- Ұстаз! – деп қуанды бозбала. – Сені қайта көргеніме қуаныштымын!

 Мен сенен сенің шәкіртің бола алмағаныма кешірім сұрауым керек. Мен сенің сеніміңнен шыға алмадым. Мен алқапта қалғаным үшін сен мені әлсіз деп ойладың. Бірақ мен өз ағашымды күтіп, баптауым керек еді. Сондықтан мен осындай шешім қабылдадым

Енді сен мені қайтадан шәкірт қылып алмайтын шығарсың... 

Бозбаланың қызу әңгімесін тыңдаған қарт былай деді: - Дәл осы жылы сен ағашпен бірге білім алуға қажетті қасиеттеріңді де өсірдің. 

Сенің ағашың сенің дайындығыңды білдіреді. Қарашы! Сен ағаш сияқты жас, әрі әлсіз болатынсың. 

Сен қажет кезде ғана жауптв болатын едің. Сен тым әсершіл, шыдамсыз едің. Ал білім алу үшін ең алдымен тәртіп қажет. 

Ағаш тамыры – сенің жауапкершілігің,

Ағаш діңгегі – сенің шыдамдылығың,

Ағаш бұтақтары – сабырлық,

Ал жапырақтары – білім!


Теориялық бөлімі

«Толеранттылық» сөзіне балама ретінде көбінесе «шыдамдылық», «төзімділік» сөздері қолданылады. Бұл – адамдардың шығу тегі, мәдениеті, көзқарастары және басқа да жеке даралықтарының көрініс беруіне түсіністікпен қарап, құрметтей білу қабілеттері. Толеранттылық – бұл қауымдастықтың іргетасы тектік сана болып табылатын қиын да сирек кездесетін жетістік. Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз, мемлекеттің негізін құрайтын бетке ұстар қазақ халқының, саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық.

         Толеранттылыққа, психологиялық тұрғыдан, бірнеше анықтама айта кетуге болады: «қарама-қайшылықты жағдайда өзара әрекеттестік құндылығы»; «сенің жеке қызығушылығың мен мақсатыңнан ерекшеленетін басқаларды қабылдау»; «жылы шырайлы достық қалып, сабырлылық, бейбіт кейіп, агрессиялыққа, өшпенділікке және ашуланшақтыққа қарсылық»; «тыңдай білу қабілеті, алынған ақпараттардан ақыл-парасат дәнін алуға тырысу және өз көзқарасыңа қанша қарама-қайшы болса да түрлі көзқарастармен үйлесім таба білу»; «келісімге, жарастыққа, тартыссыздыққа ұмтылу». Барлық осы анықтамалар толеранттылықтың психологиялық ерекше құбылысының тең дәрежеде қарапайым да ғылыми қысқаша тұжырымды анықтамасы бола алады.     

Диагностика

Шыдамдылық тесті

1. Сізде бір тамаша ой пайда боды, бірақ бұл ойды ешкім қолдамады. Көңіл-күйіңіз түседі ме?

а) иә;   б) жоқ.

2.Сіз достарыңызбен кездесесіз. Достарыңыздың біреуі ойын ойнауды ұсынады. Сіз нені қалайсыз? 

 а) жақсы ойнайтын қатысады

б) ойын шартын білмейтіндер де қатысады

3. Жағымсыз жаңалықты байсалды қабылдайсыз ба?

а) иә;   б) жоқ.

4. Қоғамдық орындарда мас күйінде жүретін адамдар сіздің ашуыңызға тие ді ме?

а) егер  шектен шықпаса, олар мені қызықтырмайды.

 б) өзін басқара ала алмайтын адамдар маған ұнамайды. 

5. Сіздің мамандығыңыздан, жағдайыңыздан, дәстүріңізден өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу жеңіл ме? 

 а) маған былай жасау қиын мне трудно было бы это сделать;

б) мен ондайға мән бермеймін

6. Сізді мазақ етіп отырған қалжыңға қалай қарайсыз?

а) маған қалжың да, қалжыңдап отырған адам да ұнамайды;

б) маған қалжың ұнамаса да, өздеріне дәл солай жауап беруге тырысамын

7. Адамдардың көбі өзінің ісімен айналыспайды, өз орындарында емес деген пікірмен келісесіз бе?

а) иә;   б) жоқ.

8. Өз достарыңыздың компаниясына досыңызды әкелдіңіз. Бұл досыңыз барлығының көзіне түсіп, назарында болады. Сіз бұған қалай қарайсыз?

 а) достарымның назары менде болмағаны маған ұнамайды

б) мен досым үшін тек қуанамын.  

 9. Қонақта қарт адаммен сөйлесіп отырасыз. Ол адам қазіргі жастарды сынап, бұрынға заманды мақтап отырады. Сіз бұған қалай қарайсыз?

а) сылтау айтып бұл қонақтан ерте кетіп қаласыз

 б) ол кісімен дауласыз

Ал енді ұпай санын есептейміз. 1б, 2б, 3б, 4а, 5б, 6б, 7б, 8б, 9а сұрақтарына – 2 ұпай санаңыз.

 0 - 4 ұпай.  Сіз бірбеткейсіз, қырсықсыз. Сіз өзгелерге өз пікіріңізді мойындауға күштегендей боласыз. Дауысыңызды жиі көтересіз. Сіздің мінезіңізбен айтқаныңызға көнбейтін адамдарға қиындау болады.  

6 - 12 ұпай. Сіз өз ойыңыздан қайтпайсыз. Алайда, сіз өзгелермен диалогта құра білесіз, өз ойыңызды өзгерте аласыз. Сізден әлсіз адамдармен дауласып, оларды жеңе аласыз.   

Практикалық бөлім

Толеранттылық тренингі

«Қимыл есімі» жаттығуы. Әр қатысушы өз есімімен қатар, ерекше қимыл жасап, өзінің даралығын қимыл арқылы көрсетуге тырысады.

«Мені жібіт» жаттығуы. Жүргізуші таңдалады, оның белгісінен кейін қатысушылар белгілі бір позада қатып қалады. Жүргізушінің мақсаты: мимика мн қимыл арқылы қатысушыны жібітіп, оның орнына тұру.

«Толеранттылық ұғымы» миға шабуыл

Психолог толеранттылыққа байланысты барлық ассоциацияларды жазуды ұсынады. Соңында, толеранттылық – шыдамдылқ, төзімділік, эмоционалды сабрлылық деген қорытындыға келеді.

Бірнеше елдердің анықтамаларына тоқталып өтсек:

-          Англиядатөзімділікке дайын болу.

-          Франциядаөзгелердің сізден басқаша ойлап, әрекет ете алатынына сену.

-         Қытайда  – өзгелерді қазіргі қалпында қабылдау, өзгелерге мейірімді болу.  

-         Ресейде төзімді болу (шыдау, бір нәрсеге көну), өзге біреудің болғанын мойындау

Рефлексия

-Сабақта не ұнады?

-Толеранттылық туралы не білдіңіз?

 

 

 

 

 

9-сабақ

ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢАДАН ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ

Мақсаты : Өзіндік сананы және  жыныстық сәйкестікті қалыптастыру

Міндеттері :

-         Жеткіншек жастағы жаңаша қалыптасулар туралы түсініктерін кеңейту;

-         Құндылық бағдарларын және  өмірлік  перспективаларын дамыту;

-         Өз бетімен күнелтуге мен  дербестікке тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаттығу  «Мен кіммін?»

Нұсқаулық: Балаларға қойылған сұрақтарға 20 жауап жазу  туралы ұсыныс жасалады. Мысалы: мен -ұлмын. Жоғары сынып оқушысымын. Доспын, көпшілмін, келбеттімін т.б.  Соңында жауаптарды үш МЕНге  сатылау керек:

Мен -сәбимін; мен -ересекпін; мен –ата-анамын

 

Теориялық бөлім.

Жеткіншек жас  - бұл өзіндік сана мен өз дүниетанымының қалыптасу кезеңі, жауапты шешімдер қабылдау кезеңі, адамдық жақындық кезеңі, достық, махаббат, жыныстық қатынастар аса  маңызды  болуы мүмкін  болатын кезең.  "Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен не нәрсеге талпынудамын ?" деген сұрақтарға жауап бере отырып жас жігіт өз  бойында келесі қасиеттерді қалыптастырады:

1) өзіндік сана–сезім- өзі туралы  біртұтас түсінік, өз-өзіне деген эмоционалдық қатынасы, сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдік, ерік-жігер сапасын  өзіндік бағалау, мақсатты бағытты түрде өзіндік жетілу, өзіндік тәрбиелену  мүмкіндігі туындайтын  өзінің артықшылығы мен кемшіліктерін түйсіну;

 2) бұрынғы игерілген білім көлеміне сүйенетін, абстрактілі-теориялық ойлау қабілетін қалыптастырған жеке алған білім   онсыз бірыңғай жүйеге түспейтін  білімдердің, нанымдарының,  өзінің өмірлік философиясының   біртұтас жүйесі ретіндегі дүниетанымы;

 3) айнала қоршаған ортаны қайтадан  және сыни тұрғыдан түйсінуге , өз бетімен күнелте алатынын  және  өзінің бірегейлігін,  өз ісінің дұрыстығын дәлелдеп беруге құлшыныс, өмір мәні, махаббат, бақыт, саясат т.б.  жайында  өзіндік теория құру;

Жеткіншектерге  пайымдау  максимализмі, өздеріне тән ойлау  эгоцентризмі лайықты. Бірақ бұндай сәтте жеткіншек құрдастарының моралдік қолдауына сүйенуге мәжбүр, бұл болса  «жоғары деңгейдегі тәуелділік  (аңғарылмаған иланушылық, саналы конформизм) реакцииясына әкеп соқтырады. (талғам, мінез-құлық стилін, моральдік нормаларды жастар сәні, жаргон, субмәдениет) бірыңғай шартты ететін құрдастарының ықпалына түседі, тіпті жастар арасындағы қылмыстардың өзі де әдетте топтық сипат алып, топтың ықпалымен жасалып жатады.  Жеткіншек жаста биологиялық,  физиологиялық және жыныстық жетілу аяқталған  (енді сәби емес), бірақ, әлеуметтік  жағынан әлі де өз бетімен күнелте алмайтын ересек тұлға болатындықтан бұл кезең  балалық пен үлкен өмір арасындағы  "үшінші әлем " іспетті.

Жеткіншек жастағы  маңызды  психологиялық үдеріс –өзіндік сана мен өз тұлғасының, өзіндік   МЕН-нің тұрақты образы  қалыптасуы. Өзіндік сананың қалыптасуы бірнеше бағытта өтеді: 

1) өз ішкі дүниесін ашу;

 2) уақыттың оралмайтынын, өз өмірінің аяқталатынын саналы түрде түсіну пайда болады. Атап айтқанда, «өзектіге бір өлім» бар екенін түсіну, адамды  өмірдің мәні, келешек, өз болашағы, өз мақсаттары жайында   терең ойлауға мәжбүрлейді.

3) Өзі туралы, өзіне деген қарым-қатынасы  жайында біртұтас түсінік  қалыптасады, бұл арада адам саналы ең алдымен өз тәнін, сырт келбетін, тартымдылығын, сосын ғана моральдік-психологиялық қасиеттерін  түрде  бағалайды.

 4) бойында туындай бастаған жыныстық сезімталдықты түйсінеді және оған деген қарым-қатынас қалыптасады. Жеткіншектік жастағы   сексуалдық ересек адамдар сексуалдығынан ерекшеленеді. Рухани түсіністік пен жыныстық тілегі жиі сәйкеспейді және әдетте әр түрлі нысандарға бағытталады. Бір оқымысты – сексологтың образды ойы бойынша  "жеткіншек өзін  жыныстық  физиологиялық жағынан еліктіретін әйелді сүймейді, оны өзі сүйетін сексуалдық қыз еліктіреді, қызға деген қатынасы пәк болып, оның бойында нәзік сезім тудырады".

Жоғары сынып оқушыларының өзіндік саналығының түпкі ерекшелігі -өз даралығын, қайталанбастығын, өзгелерге ұқсамаушылығын  түйсіну. Осының салдарынан  жалғыздық тудыратын іштей қобалжу  пайда болуы мүмкін. Бұл сезім қарым-қатынас қажеттілігін күшейтіп, бір сәтте  оның тапқырлығын арттырады.

Жеткіншектер қарым-қатынасында екі қарама-қайшы тенденция атап өтіледі:

1)    «қарым –қатынас күту» деп аталатын және оны іздестіру үстіндегі, байланыстарға үнемі дайын болатын ерекше феноменде  көрінетін қарым-қатынас саласын кеңейту;

2)    өсіп келе жатқан даралану, бұл  достық құштарлықтағы   жоғары тапқырлық,  сол сәттегі жұптық қатынасқа деген барынша талапшылдықтан байқалады.

Балалық шақтан  ересек өмірге өтудегі өтпелі кезеңде  өзін  белгілі жыныстағы адам ретінде (жыныстық сәйкестендіру) қабылдау, ұлдар мен қыздарға тән өзгеше  қажеттілік, мотив,  басқа жыныстың өкіліне қатысты құндылық бағдар, сәйкесінше осы пайда болуларға қарай тәртіп нормалары енетін үдемелі дамитынын атап айту керек.

Жыныстық рөлді табысты немесе табыссыз қабылдауға ықпал етуші келесі факторларды  бөліп атайды:

1) ата-аналарының жыныстық рөлдері, отбасылық ұстанымдар  және ата-анасының баламен қарым-қатынас сапасы. Бұл арада: бақытсыз жастық шақ, сексуалдықты жек көру, ата-анасымен  баланың арасындағы тым жақын қатынас, құрдастарымен және өзге жынысты замандастарымен   өзара қарым-қатынасқа кедергі келтіру  кері әсерін беруі мүмкін;

2) Жеке  тұлғалық ерекшеліктер. Шектен тыс интроверттілік, аскетикалық мінез-құлық, мөлшерден артық интеллектуализация және ата-анасының біреуімен ғана идентификациялау кері әсер етеді;

3) физикалық кемшіліктер, әлеуметтік қабілетінің жетіспеушілігіне немесе тұл қалған азшылыққа қатысты болуына байланысты  топтан оқшаулану да жағдайсыз факторлар болып табылады.

Жігіттер мен қыздардың коммуникативтік қабілеттері  мен  қарым-қатынас   стилі  мүлдем бірдей еместігін атап өту керек. Бұл көпшілдігіне, эмпатиясы мен мінездің аффиляциясына қатысты. Құрдастарының тобына жатқызылу сезімі және олармен қарым-қатынас ұлдар үшін әлдеқайда маңыздырақ. Бірлескен қызмет мазмұны мен ондағы өз жетістігі қыздардан гөрі ұлдар үшін маңыздырақ болып келеді. Қыздардың қарым-қатынасы бейтарап десек те,  барынша достық жағдайда болып, тапқырлыққа  толы  болып келеді. Жалпы алғанда,  қыздар эмоционалды сезімтал әрі  ұлдарға қарағанда алғырлау келеді және өзіндік ашылу, өзгелерге өзі туралы, өзінің ішкі дүниесі туралы  интимдік  және жеке тұлға-маңызды ақпараттар  беруде, соңғысынан басым түседі. Жігіттер досының сенімділігін, зияткерлік  бірлікті барынша бағаласа, қыздар  – бірге мазасыздану, эмпатия, мінез жұмсақтығын бағалайды. Жігіттер  экстенсивтілікті қаласа,  қыздар,  интенсивті қарым-қатынасты қалайды. Жеткіншек жастан бастап-ақ қарама-қарсы жыныс өкілімен  дос болғанын қалайтынын ұлдардан гөрі қыздар жиі айтады және өздеріне біршама үлкен достарына  бет бұрады. Олар  ұлдармен қарым-қатынаста өздерін сенімді ұстаса, соңғысы жиі толқып іштей алаңдаушылықта болады. 

Кәсіби тұрғыдан өзіндік анықталуға келетін болсақ, бұл арада да белгілі жыныстық айырмашылықтар бар. Түрлі мамандықтар туралы жоғары хабардар болуы,  кейін кәсіптік қызығушылық пен дифференциацияның өзі қыздардан гөрі жігіттердің бойында нақтырақ  көрінеді. Жігіттер өз мүмкіндіктерін сыни тұрғыдан бағалайды және өзінің болашақ мамандығына талапшылдықпен қарайды; қыздар бұл орайда бойкүйездеу болады және сәтсіздіктерге тез бой ұрып,  өзінің жеке өмірі мен отбасылық өміріне көбірек мән береді.

Диагностика.

Милтон Рокичтің құндылық бағдар тесті

Милтон  Рокичтің құндылық бағдар тесті

(Милтон  Рокичтің құндылық бағдар тесті. Рокич бойынша құндылықтар сауалнамасы ) тұлғаның бағыттылығын анықтауға  арналған  және оның қоршаған ортаға, басқа адамдарға, өз-өзіне деген қарым –қатынасын, дүниені қабылдауы, мінез-құлық  амал-әрекеттерінің негізгі мотивтерін, «өмір философиясы» негіздерін зерттеуге мүмкіндік береді.

М. Рокич құндылықтарды екі сыныпқа — терминалдық және  и инструменталдық деп бөлген. Терминалдық құндылықтар деп  М. Рокич  қандай да бір соңғы мақсатқа жетудегі  ( мысалы, бақытты отбасылық өмір, әлемдегі бейбітшілік) дара өмір сүрудегі сенімділік ретінде көрсетеді, жеке және қоғамдық көзқарасқа сай,  бұл талпынуға тұрарлық.  Инструменталдық құндылықтар  — қандай да бір іс –әрекет образы (мысалы, адалдық, рационализм) жеке және қоғамдық көзқарастан алғанда кез келген жағдайда басқалардан гөрі артығырақ деген сенім. Шын мәнінде, терминалдық және  инструменталдық құндылықтарды ажырату құндылық-мақсаттар мен құндылық -  заттарды дәстүрлі түрдегі   жеткілікті ажыратуды тудырады.

Нұсқаулық :

Сізге құндылықтар белгіленген   18 карточка беріледі. Сіздің міндетіңіз -оларды өзіңізге маңыздылығына, өз өміріңізде басшылыққа алатын  өмірлік ұстанымдарыңызға  қарай рет-ретімен қою.  Кестені мұқият қараңыз, өзіңізге аса маңызды болып табылатын құндылықты таңдап бірінші орынға  орналастырыңыз. Сосын келесі екінші сатыдағы құндылықты таңдап, біріншісінен кейін орналастырыңыз. Сөйтіп, барлық құндылықтармен осы әрекетті орындап шығыңыз. Барынша маңызды емес құндылық 18 орында болады. Асықпай, ойланып-толғанып жұмыс жасаңыз. Соңғы нәтиже сіздің шынайы өмірлік тұрғыңызды анықтауы тиіс.

 

 

Милтон Рокичтің құндылық бағдар бойынша зерттеуге  арналған 

тестік  материал тізім  А (терминалдық құндылықтар):

 1) белсенді өмірлік қызмет (өмірдің  толықтығы мен эмоционалдық тығыздығы);

 2) өмірлік даналық  (өмірлік тәжірибемен қол жеткізілетін пікір салиқалығы  мен парасатты мағына);

 3) денсаулық  (физикалық және  психикалық);

 4) қызықты жұмыс;

 5) табиғат пен  өнер сұлулығы (табиғат пен  өнер сұлулығындағы күйзелістер);

 6) сүйіспеншілік (сүйікті адаммен рухани және физикалық жақындық);

 7) материалдық қамтылған өмір ( материалдық қиыншылықтардың болмауы);

 8) жақсы  және сенімді достардың болуы;

 9)  қоғамдық  танымал болу  (қоршаған адамдардың, ұжымның, жұмыстағы серіктестердің құрметтеуі);

 10) таным  (өз білімін, дүниетанымын, жалпы мәдениетін кеңейту мүмкіндігі, интеллектуалдық  даму  мүмкіндігі);

 11) өнімді өмір (өз мүмкіндігін, күші мен қабілетін барынша толық пайдалану);

 12) даму  (өзімен жұмыс жасау, физикалық және рухани жағынан үнемі жетілу);

 13) сауықтар  (жағымды, ешкімге ауыртпалық түсірмей уақыт өткізу , міндеттеменің болмауы);

 14) еркіндік  (дербестік, пікір білдіру және   іс- қимылдағы тәуелсіздік);

 15) бақытты отбасылық өмір;

 16) өзгелердің бақыты  (басқа адамдардың, барлық халықтың, жалпы адамзаттың  әл –ауқаты, дамуы және жетілуі);

 17) шығармашылық  (шығармашылық қызмет мүмкіндігі);

 18) өз-өзіне сенімділік  (ішкі үйлесімділік, ішкі қарама-қайшылықтардан, күмәнданудан адал болу) .

Тізім  Б (инструменталдық құндылықтар ):

 1) ұқыптылық (тазалық),  заттарды дұрыс ұстау, істеген істегі реттілік;

 2) тәрбиелілік  (жақсы мәнерлер);

 3) жоғары сұраныстар  (өмірге деген жоғары талап пен жоғары талапшылдық);

 4) жайнақылық  (әзіл сезімі);

 5) атқарушылық  (тәртіптілік);

 6) тәуелсіздік  (өз бетінше сенімді әрекет жасау  қабілеті);

 7) өзінің және өзгенің кемшіліктерімен  ымырасыздық;

 8) білімділік  (білімнің кеңдігі, жалпы мәдениетінің жоғарылығы);

 9) жауапкершілік  (борыш сезімі, сөзінде тұра білу);

 10) рационализм (салиқалы және логикалық ойлай білу, ойластырылған тиімді шешімдер қабылдау білігі);

 11) өзіндік бақылау  (ұстамдылық және өзіндік тәртіптілік);

 12) өз ойы мен көзқарастарын айтудағы батылдық;

 13) мықты жігер  (өз дегенінде тұру, қиындықтардан қашпау);

 14) шыдамдылық  (өзгелердің көзқарасы мен пікірлеріне шыдамдылық, басқалардың қателіктері мен адасуларын кешіре білу);

 15) көзқарас кеңдігі  (бөтен  көзқарасты түсіне білу, басқаның талғамын, дәстүрін, әдеттерін құрметтеу);

 16) адалдық  (шыншылдық, шынайылық);

 17) істердегі тиімділік (еңбексүйгіштік, жұмыс өнімділігі);

 18) елгезектік (қамқорлық).

Нәтижесін өңдеу кілттері,  интерпретация.

Құндылықтар иерархиясына сараптама жасай келіп, олардың түрлі негіздемелер бойынша мазмұнды блоктарға топталғанына назар аударған жөн. Сөйтіп, мысалы, кәсіби тұрғыдан өзіндік іске асырылу мен жеке өмір т.б. тәрізді нақты және  абстрактілі құндылықтар анықталды. Инструменталдық құндылықтар этикалық құндылықтар, қарым-қатынас құндылықтары, іс құндылықтары; дербес және  конформистік құндылықтар, альтруистік құндылықтар, өзіндік бекіну және өзгелерді қабылдау құндылықтары  т.б. болып  топтала алады. Бұл – құндылықтарға   бағыттауды  субьектіивті құрудың барлық бірдей мүмкіндігі емес. Бұл жерде жеке заңдылықтарды анықтау керек. Егер де заңдылықтардың бір де бірі анықталмаса, тұлғаның бойында құндылықтар жүйесі қалыптаспаған деуге болады немесе  шынайы жауап берілмеген. Зерттеуді жекелеп өткізген жақсы, бірақ, топтық тестілеу  өткізу де мүмкін. 

 

Рефлексия

1. Сіздің өміріңіздің құндылықтары қандай ретпен және қандай деңгейде (пайызбен) іске асырылды?

2. Егер де өзіңіз армандағандай болса, бұл құндылықтарды сіз қайтып орналастырған болар едіңіз?

3 Осыны   5 немесе  10 жылдан кейін қалай істер едіңіз?

 

 

 

 

10-сабақ

ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢАША ҚАЛЫПТАСУЫ

 

Мақсаты: Өзіндік сананы және  жыныстық сәйкестікті қалыптастыру

Міндеттері:

-         Жеткіншек жастағы жаңаша қалыптасулар туралы түсініктерін кеңейту;

-         Құндылық бағдарын және  өмірлік  перспективаларын дамыту;

-         Өз бетімен күнелтуге мен  дербестікке тәрбиелеу.

 

Психогимнастика

Жаттығу  «.... сапқа тұр».

Балалар арасынан жүргізуші тағайындалады, ол сол жағында  бойы ең ұзын, оң жағында бойы ең қысқа болатындай етіп  сыныпты бір қатарға сапқа қою ұсынылады (басқа нұсқалары: шашы ұзын, қысқа, қолдарының  температурасы т.б.)  Әр тапсырманы 3-4 жеткіншек  кезекпен   орындайды. Қызықты жүріс: осы критерий бойынша ешқандай жүргізушісіз, өздігінен бір қатарға тұру ұсынылады. Жаттығу әр балы  жүргізуші рөлінде болып шыққанша  жалғасады.  Талқылау барысында адамдар бір адамды алуан түрлі қабылдайтыны анықталады. Біздер байқамайтын және ол туралы бізге басқа адамдар айтатын жайттар болады («Біреудің  көзіндегі шөгірді де көреміз»).

 

Практикалық  бөлім.

Ертегі терапиясы элементтері бар  тренинг      «Жанға сая  таңдау»

 

Жүргізушіге нұсқаулық:

   – Бүгін біз сіздермен шамалы  қиялдап көреміз. Келесі қиял-ғажайып, өзімізді келесі әрі қиял - ғажайып, ертегіге толы оқиғаның кейіпкерлері  ретінде елестетіп көрейік.

Жер бетінде адам  пайда болғанға дейінгі көптеген – көп жылдар бұрын  алыстағы ғарыштан біздің ғаламшарға таңғажайып заттардан құралған минералдар түсіпті. Бұндай заттар Жер бетінде ешқашан болмаған. Оның күтпеген және қорқынышты қасиеті болған екен:  бұл минералдар ондаған мың жылда бір рет үш жылға созылатын ерекше сәуле шашады. Бұл шұғыла материяның бір ғана типіне –адам денесіне аса зиянды болады.   Ол адам денесін жекелеген атомдарға ажыратады. Сәулелену тоқтаған кезде адам денесінің атомдары өзінің ұйымдасқан күші әсерінен  өзінің тиісті  қайтадан структурасына бірігіп,  денесі  қалпына келген екен. Осы кезде құстардың немесе аңдардың денесі,  гүлдер мен ағаштар және  басқа да  жансыз  заттар ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Оқымыстылар осы минералдардың біреуін кездейсоқ тауып алған соң оның қасиеттерін зерттеген, адамзатқа төніп тұрған қатерді біліп, қауіптің  қалайша алдын алуға болатынын ойластырған.  Өзге ғаламшардан  жер бетіне шашылған барлық   минералдарды табу немесе олардың бәрін жою мүмкін емес еді. Сол кезде: енді егер адамның денесін сақтап қалу мүмкін болмаса, адамзаттың жанын сақтап қалуға тырысу керек  деген шешім табылады. Сонда қалай? Ғалымдар адамның денесінен өзге заттардың бәрі сақталып қалатындықтан, сәуле шашылатын  үш жылға адамдардың жанын  басқа заттарға «көшіру»  тәсілін табуды ұйғарады.  Ал сәуле шашу тоқтап,    адамдардың денесі қалпына келген  кезде, жанды өз денесіне қайтаруға болады деп шешті.

Ғалымдар осы «жанды көшіру» мәселесі бойынша ұзақ уақыт жұмыс жасады және нәтижесінде  бұл міндетті іске асырды. Жер бетінің барлық тұрғындарына сәулеленудің  жойқын күшінің әсері   тарқағанша  өздерінің жандарына  уақытша «тұрақ»  болу үшін құсты  немесе аңды,  гүлдер мен ағаштар және  басқа да  жансыз  заттарды таңдау жөнінде ұсыныс жасалды.  Сіздер де осы адамдар тәрізді осындай таңдау алдында тұрмыз деп елестетіп көріңіздер. Сіздің денеңіз атомдарға ажырап кететін, табиғи жойқын күш әсері болатын үш жылда  өзіңізге қолайлы  болып, жаныңызды жайлы сезіну үшін қандай денеге немесе затқа (мүмкін табиғи құбылысқа?)  жаныңызды  «көшіретініңізді» ойластырып көріңіз. Осындай сәтке душар болған жағдайда  не істер едіңіз? 

 

Топ қатысушылары ойланып қалады. Жүргізуші сәл  үзілістен соң, жалғастырады:

Бұл жерде тағы да бір маңызды проблеманы ұмытпаған жөн. Үш жыл өткен соң оқымыстылар  сіздердің жандарыңызды  уақытша «тұрағынан» алып әрқайсысын өз денесіне қайтаруы керек. Бірақ  қандай денеде немесе затқа жанның «қонғанын» қайлай анықтауға болады?  Ғалымдарға өзіңіздің орналасқан орныңыз  туралы ақпарат қалдыруыңыз керек.Сіздерге қандай құстардың немесе аңдардың денесіне,  гүлдер мен ағаштар және  басқа да  жансыз  заттарға айналғандарыңызды айтып шағын шығарма жазуға  он бес минут уақыт беріледі. Бұл шығармада неліктен сіз осындай таңдау жасағаныңызды түсіндіріңіз. Үш жыл бойы дәл  осындай қалыпта болу сізді несімен қызықтырады? Жүргізуші қатысушыларға бірдей парақтар таратып береді және аудиториядан жұмыс жасауға қолайлы орын табу жайында ұсыныс жасайды. Жеткіншектердің шығарманы бір-біріне қарамай, мәтінді бірінен бірі көшіріп алуға тырыспай өздігінен жазғаны маңызды. Бұл жаттығуда жүргізушімен ұсынылған драмалық жағдай әдетте, қатысушыларды қатты толғандырып, сезімдеріне терең бойлап, күшті эмоцияларды бастан кешуруге ықпал етеді. Орын алған оқиғаны бастан «тереңірек кешу»  тиімділігін арттыру үшін  жеткіншектер шығарма жаза бастаған кезде мазасыз ноталары бар музыканы ақырып ойнатып  қоюға болады. Жұмыс аяқталған уақытта топ қатысушылары жазған қағаздарын жүргізушіге тапсырады.         Жүргізуші жалғастырады:

   – Сонымен, хаттарыңызды тастап, сіздер  қалаған денеге немесе затқа айналып, үш жыл бойы жаңа кейіпте боласыздар. Ақыры сәулелену әсері тарқады. Ғалымдар өздері көшірген жанды тиісті денелеріне қайтара бастады. Хатта жазылған мәтіндер әрқайсыңызды ашып көрсетеді. Сөйтіп, кәне, оларға көмектесейік. Шығарма мазмұны бойынша оны кім жазғанын тауып көрейік. Мен  мәтінді оқимын, ал сіздер сіздердің ойларыңызша,  әр хаттың авторы кім екенін айтаңыздар. Егер сіз өз шығармаңызды естіген болсаңыз, үндемеңіз,  өзгелердің пікірін айтуға мүмкіндік беріңіз.  Парақтарды араластырып, жүргізуші қатысушылардың шығамаларын кезекпен, авторларын атамай  оқи бастайды. Көптеген топтарда авторды қиындықсыз,  әрі тез, қатесіз  тауып алатыны қызықты. Қатысушылардың бәрі табылған соң жүргізуші барлығын өз денелеріне қайтып оларуымен құттықтайды.

Соңында келесі сұрақтарды қою керек:

- Сізге шығарма  авторын табуға не көмектесті?

-Қандай шығармалар сізге көбірек ұнады? Олар несімен қызықтырды?

-Қандай өзгерулер сіз үшін күтпеген жайт болды?

Жаттығу қатысушыларға өз-өзіне, өзінің қасиеттеріне жаңаша қарау және  өмірлік тұрғылары мен құндылықтарын анықтау мүмкіндігін береді. Бұл ойынды талқылау өте салиқалы мәселелер туралы әңгімеге арқау болады.  иллюстрация ретінде оқушылардың шығармаларынан үзінді келтіріп отырмыз:

...«менің құсқа айналғым келер еді,  ең  асылы бүркітке.  Неге?  Өйткені оның  әлемнің түкпір-түкпіріне ұшып бару, жаңа жерлерді көру  мүмкіндігі бар. Құс қанатты биіктен көптеген қызықты әрі тартымды  нәрселерді көруге болады ғой. Өсімдік немесе тас болған қызықсыз. Бір орында тұрасың, қозғалу мүмкіндігің жоқ.  Ал бүркіт еркін әрі тәуелсіз, мен дем тым болмаса үш жылға  еркін және тәуелсіз болғанды қалар едім. Кейін  өз денеңе қайта оралуға болады».

     ...«Егер  өз жаныңды қандай да  бір денеге, затқа «көшіру» мүмкін боса, мен өзенге айналар едім. Мен  суды өте жақсы көремін, ал бұл жерде суға айналу мүмкіндігі бар. Өзен тыныш  әрі мазасыз, жылдам,  ағынды, екпінді, епсіз бола алады.  Оның мінезі сан қырлы болып келеді. Ал ең бастысы өзен бәріне пайдалы, ол өсімдіктердің тамырын суарады, балықтарға  қоныс береді, жануарлардың шөлін қандырады. Ал балықтар, өсімдіктер, жануарлар арасында да  адамдарға айналғандарының болуы мүмкін ғой.  Демек, адамдардың  денесі болмайтын  осы  үш жыл ішінде де мен адамдарға пайдалы бола аламын деген сөз».

 ...«Мен жұмсақ, кербез, сұлу мысыққа айналамын. Мен жанымды қайда «қондыратынымды» көп ойланған жоқпын. Өйткені мен мысықтарды өте жақсы көремін, әрі  жақсы түсінемін. Кейде өткен өмірімде мен мысық болған шығармын деп ойлаймын. Мінезіме қарай мен мысыққа өте ұқсаймын: аялауға мейірімділікпен жауап қайтарамын, менсінбеуді ұнатпаймын тістеп, тырнап алуым мүмкін. Мысықтың бойында бір мәртттік, аристократизм бар. Мысықтың денесінде болсам, менің  адам денесіне қайта оралғым  келмес еді».

...«Чемодан. Иә, мен  чемоданға айналар едім. Бұл мықты, сенімді зат.  Үш жылға шыдайтыны анық. Чемоданның басымдығы оның ішінде көптеген керекті заттарды сақтауға болады. Ал егер онда кітаптар болса,  осы үш жыл ішінде менің ішім пыспайды, мен кітап оқитын боламын. Чемоданда көптеген қызықты заттар болуы мүмкін. Мен оларды сақтай білемін, уақыт жеткен кезде адамдардың қажетті әрі бағалы заттарын өздеріне қайтарып беріп, оларды қуантатын боламын».

 

Рефлексия.

- Сіз өзіңізді қандай денеде жайлы сезінер едіңіз?

- Сіз кімді адамның өзі таңдаған  образда немесе зат түрінде емес, мүлдем басқаша  көрдіңіз? Неліктен?

- Сіздіңше, адамның өз жанына уақытша қоныс таңдауы  сол адам туралы көп нәрсені білдіреді деп айтуға бола ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-сабақ

ҚОҒАМДАҒЫ МЕН

Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік рөлдері туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

1.     Қазіргі заманғы қоғамның құндылықтары мен идеалдарын қалыптастыру ;

2.     Қоғамдағы әлеуметтік жарамды  рөлдерді дамыту;

3.     Жауапкершілік пен мақсаткерлікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

Кішкентай ханзаданың өмір ережесі

         «Кішкентай ханзада» –француз жазушысы  Антуан де Сент-Экзюпери атақты шығармасы. Бұл ересектерге арналған  балалар ертегісі тұңғыш рет  1943 жылы баспаға шығарылған, содан бері  әлемде осы ертегінің басты кейіпкері - алтын шашты баланы білмейтін адам жоқ.  «Кішкентай ханзада» әлемнің 180-нен  астам тіліне аударлған, шығарма сюжеті  бойынша фильмдер түсіріліп, музыка жазылған. Кітап заманауи мәдениеттің бір бөлігіне айналып ондағы дәйексөздер жан-жаққа тарап кеткен.

Балаларға арналған осынау  толқынысты,  бірақ даналыққа  толы  бұл кітапты көптен  қайталап оқымаған адамдар үшін «Кішкентай ханзада» кітабынан біраз дәйексөздер әзірледік.

         Таңертең тұр, жуынып –шайынып, өзіңді қалыпқа келтір- содан кейін дереу түрде өз планетаңды ретке келтір деген қатаң ереже бар.   

         Менің құпиям, ол өте қарапайым: дүниедегі ең бастыны көзіңмен көре алмайсың, жалғыз жүрек қана қырағы.

         Үнемі  тура және тіке жүре берсең алысқа кете алмайсың.

         Гүлдердің   айтқанын ешқашан тыңдауға болмайды. Оларға тек қарап, жұпар иісін жұту ғана керек.

         Достарды ұмыту  жақсы емес. Бірақ әркімнің бірдей достары бола бермейді. 

         Сен тәніңмен емес, қылығыңмен өмір сүресің. Сен дегеніміз - ол сенің іс-қимылың, басқаша сен жоқ.

         Барлық жолдар адамдарға жетелейді.

         Балалар ата-аналарына аса кешірімді болуы тиіс.

         Мен үлкендер тәрізді болуға қорқамын, оларды сандардан басқа әлемдегі ешнәрсе қызықтырмайды. Оларға жаңа дос тапқаның жайлы айтсаң, олар: «Оның дауысы қандай? Қандай ойындарды ұнатады? Көбелектерді аулайды ма?» деп ең бастысы туралы сұрамайды. Олар: «Ол неше жаста? Неше бауыры бар? Салмағы қанша? Әкесінің табысы қанша?» деп сұрайды, тек содан кейін  ғана адамды таныдық деп ойлайды.

         Әр адамнан оның не  бере алатыны  жайлы сұрау керек. Билік ең алдымен ақылды болуы тиіс.

         Өзіңді өзің сына. Ең қиыны осы. Өзіңді сынау, өзгелерды сынаудан әлқайда қиынырақ. Егер сен өзіңді өзің дұрыс сынай білсең, демек сен шын мәнінде данасың. Адамдар бір –біріне «үкім шығаруды» ұнатады. Бұл деген оп- оңай ғой. Адамға қай жерде қалт кеткенін, нені дұрыс істемегенін айта саласың, бар болғаны сол ғана. Ал өзіңді сынау деген оңай зат емес, бұл деген ең кем дегенде баобабтарды суарумен бірдей шығар.

         Бір уақытта ойыңды іске асыру өте қажет болған кезде  кейде еріксіз  жалған сөйлейсің.

         Бір рет сұраған сауалыңа жауап алмайынша бетіңнен қайтпа.      Шөл даланың немен жақсы екенін білесің бе ? Оның кей жерлерінде бұлақтар жасырынып жатыр.

Көбелектермен жақсырақ танысқың келсе  екі –үш құртқа  шыдамды  болу керек. Кей адамдар құрттар тәрізді «жылбыр» әрі жылпылдақ болып  бізге жағымсыз болып көрінеді. Бірақ бұл олардың ішкі дүниесінде де ешқандай тамаша қасеттер жоқ дегенді білдірмейді.   Мүмкін олар  келешекте көз тартарлық көбелектерге айналу үшін өздерінің  жолдарын іздестіріп жүрген болар. Айналаңдағылардың кемшіліктеріне  шыдамдылықпен қарап,  ең  сұрықсыз деген дүниенің өзінен әсемдікті көре білу керек. 

         Көңілің жабырқау тартқан кезде батып бара жатқан қызыл арай  күнге қараған жақсы.

         Сөз бірі-біріңді түсінуге тек бөгет жасайды. Олардың қандай күшке ие екенін ұмытпаған жөн, бір ауыз сөзбен ғана адамды бақытты немесе бақытсыз етуге, шаттандырып күлдіруге немесе жылатуға  болады. Абай болыңыздар. Қасында  үндемей отыру жайлы болатын адамдарды сақтаңыздар, бұл  баға жетпес жағдай. 

         Адамдар үнемі тынымсыз,  олар өздерінің не іздеп жүргенін түсіне бермейді, сол себептен де тынымсыз, бір жақтан екінші жаққа, бір сәттен келесіге  көшіп жүреді... Бәрі бос  әурешілік... Көз соқыр... Жүрекпен іздеу керек. 

 

Диагностика.

«Аяқталмаған әңгімелер»  жаттығу-тест

Нұсқаулық

Ұсынылған  сұрақтарға жауап бере отырып әр әңгімені толықтыру керек. Жылдамырақ жұмыс жасауға тырысыңыздар.

 

1. Балалар бір-бірімен әңгімелесіп отырды. Гүлнар айтылған сөз нені білдіреді деп сұрады, ал қалған балалар оған күле бастады. Гүлнар оларға не деді? Неліктен ол осындай  жауап берді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Айгүл құрбысымен  телефон арқылы ұзақ сөйлесті, әкесі одан әңгімесін дереу тоқтатуды өтінді. Айгүл не деп жауап берді? Неліктен ол осындай  жауап берді

_________________________________________________________________________________________________________________________________________3. Нұрлан  сынып ішінде жүгіріп жүріп  Ақботаның дәптерін еденге түсіріп алды. Ақбота оған  не деді? Ол неліктен осылай деді? __________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Думан Айнұрдың Қуаттың портфелін жасырып қойып, осылай Қуатпен әзілдеу жайында ұсыныс жасады: Айнұр оған не деп жауап берді? Неліктен ол осындай  жауап берді? __________________________________________________________________________________________________________________________________________

5.  Қасында отырған бала бір нәрсені сұрап, біресе  әңгімелесіп  сабақта Серікке жасай берді. Мұғалім оларға  оларға қатаң ескерту жасады. Петя не деді? Ол неліктен осылай деді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Аружан кеше кешкісін ерте жатып қалғандықтан, Камиладан үзіліс кезінде  үй тапсырмасын орындауға көмектесуді өтінді.Аружан не деп жауап берді? Неліктен ол осындай  жауап берді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Сынып ішіндегі  еденде әлдеқандай  лас қағаздар шашылып жатты. Сабақтан кейін мұғалім Нұргүлден оларды жинап тастауды өтінді. Нұргүл не деп жауап берді? Неліктен ол осындай  жауап берді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Интерпретация

Егер әңгіменің жалғасында негативті және  агрессивті жауаптар болса, бұл: ересектермен, құрбыларымен  қарым-қатынастағы адамгершілік егестердің немесе әлеуметтік дағдыларды дұрыс игермеу  көрінісі.  

Практикалық бөлім.

Жаттығу: «Үй».

Балаларға нұсқаулық беріледі:  «Сіздер қала сыртындағы үйлеріңізде өз достарыңызбен демалысты өткізбекші болдық деп ойлап көріңіздер. Әр қайсыңыз  достарыңызды қарсы алуға дайындалу үшін өз үйлеріңізге аттандыңыздар. Кенет қар жауып, қатты жел көтерілді. Достарыңыздың бүгін келе алмайтыны түсінікті болды. Үйде  барлық жағдай жасалған, бәрі бар: су, тамақ, отын қоры, тренажер залы, бассейн, магнитофон, теледидар, бейне магнитофон, кітапхана, алкоголь,  ойын компьютері

Балалар сыртқы әлеммен байланыс болмай қалған жағдайда өздерінің  шамамен қандай –іс қимыл жасайтындарын  сипаттайды.

  Күні бойы теледидар  қараймын. Ештеңе істемеймін

  Компьютермен ойнаймын, сыра ішемін

Сосын тапсырма келесідей күрделендіріледі: 

  бұл жағдай келесі күні де  жалғасады

  тағы бір күн  теледидар алдында! Тамаша!

  Бұл жағдай тағы бір апта жалғасады.

  теледидар жалықтыратын шығар. Сірә... білмеймін.

  мені компьютер алдынан ешкім қуа алмайды.

  Бұл жағдай бір ай бойы жалғасады.

  Еріккеннен есім шығып кетеді. Маған достарым мен ата-анам қажет.

-Заттар ғана бағалы емес, адамдар да бағалы болады екен.  Бірақ оны әсте,  байқай бермейміз.

 

Рефлексия.

- Сіздер өздеріңіздің қажеттіліктеріңіз бен құндылықтарыңыз жайлы не білдіңіздер?

- Сіздер қоғамнан нені күтесіздер?

- Қазіргі замандағы қоғамның гүлденіуіне сіздер қандай жеке үлес қоса аласыздар?

 

 

 

12-сабақ

ҚОҒАМДАҒЫ МЕН

Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік рөлдері туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

-         Қазіргі заманғы қоғамның құндылықтары мен идеалдарын қалыптастыру;

-         Қоғамдағы әлеуметтік  жарамды рөлдерді дамыту;

-         Жауапкершілік пен мақсаткерлікке тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт .

Жаттығу 1. «Арқа тіреп отырып әңгімелесу».

Бұл жаттығу барысында балалар өздері үнемі араласып жүретін сыныптастарымен жұптасып жұмыс жасайды. Оларға бір-бірімен  әңгімелесуге (жай атқанда, мылжыңдауға) сабақтың 5минуты бөлінеді. Бірақ бір шарты бар: әңгіме  арқа тіреп отырып өткізіледі. Бір-біріне қарауға болмайды. Оны жүргізуші бақылап отырады.

Қатысушылардың бәрінің  ойын шартымен келіспей, наразылық тудыруы  үшін әдетте,  бес   минут жеткілікті болып жатады.

 

Кері байланыс:

  Жолдасыммен арқа тіресіп  отырып сөйлескен кезде мен нені сезіндім?

  Телефонмен сөйлескендей.  Ештеңе көрінбейді, тек естіледі.

  Ештеңесі жоқ. Бетпе-бет сөйлескендей. Бәрі естіліп тұр ғой.

Балалар, қоғамда да ыммен, қимылмен берілетін стереотипті қарым-қатынас емес, тірі байланыс маңызды.  

 

Теориялық бөлім.

Талқылау:

Неліктен бір «ер бала» өзінің нашар киінетінін, ал «бір қыз бала» ағылшын тілін білмейтінін өз кемшілгі  деп есептейді. Құндылықтар деген не? Материалдық құндылықтар  материалдық емес құндылықтардан несімен ерекшеленеді? Өмірде не құнды болуы мүмкін? Тақтада «Құндылықтар жиынтығы» жасалады.

 

Жаттығу  «Менің құндылықтарым».

Балалар әр адам үшін аса бағалы болып табылатын  алтын және  қымбат бағалы тастар сақталатын банктеміз деп ойлаңыздар деп айтылып,  кейін жеке парақтарға қайсысы ерекше бағалы екенін бөліп, сейфтерге салу жайлы  тапсырма беріледі. Ең үлкен сейф – ең қымбатына арналған деп ескертіледі.  Сөйтіп, бір күні «ең үлкен сейфке» анасы, әжесі, ағасы, әпкесі, достары. Мен өзім, ақша,   мотоцикл,  компьютер түскен жағдай болды.  «Орташа сейфте» ата-аналары, достары, сынып жетекшісі, бейнемагнитафон, компьютер, мобильник, келешек отбасы мен балалары. Бұл жерде  ең кем дегенде екі рет қайталанған құндылықтар ғана берілген. «Кіші сейфте» әр түрлі заттар мен адамдар орналастырылды.

 

Талқыланатын мәселе: әрқайсымыз қанша жас, неше ай және күн өмір сүрдік?

Әлде біреу өзінің қанша сағат өмір сүргенін білетін болар? Ең ұзақ күн өмір сүру анықталған  (әдетте, 4800 күн), ал сағат пен минут одан да көп  – мысалы, 114000 сағат, демек, жеті  миллиондай  минут)! Бұл уақытты одан әрі «ұзартуға»  болады: мысалы:  академик  Шмидт не бары 64 жыл өмір сүргеніне қарамай,     14  жасында өзіне «ұзақтығы» 900 жыл болатын өмір бағдарламасын құрған, оны 150 жылға әрең дегенде қысқартқан және орындап шыққан! Бұл жылдар, айлар, сағаттар қандай  істерге толы болды?  Тақтада «әдттегі оқу күні»  оқиғаларының (ояндым, жуындым, таңертеңгі ас іштім, мектепке келдім...) тізімі жасалады.

Практикалық бөлім.

«Менің қазіргі өмірім».

Балалар дәптермен жұмыс істейді,  дөңгелекте (тәулік аналогы) әдеттегі «орташа күнде» қандай да бір іске (ұйқы, оқу, достармен қарым-қатынас, тұрмыстық міндеттер, ата-аналарымен қарым-қатынас,  жалғыздық т.б.) кеткен уақытты белгілейтін  мөлшерлері әр түрлі секторда белгілеп көрсетеді. «Уақыт дөңгелегінде»  пайда болған жағдайға өзінің қарым-қатынасын білдіретін жолдар бар:

-         ұйықтап жатырмын;

-         мектептемін;

-         сабақ істеп отырмын;

-         үй шаруасын істеудемін;

-         теледидар қарап отырмын.

Ең қызығы – тәулікте байқалмай қалатын, оған қанша уақыт кеткенін тіпті белгілемеу.

Жаттығудың екінші бөлігінде бәріне «троглодиттер» деп атау ұнайтын  «уақытты жұтып алғандар» сарапталады. Оларға уақыт алатын және оны «қысқартатындардың» бәрі жатқызылады. Тақтада осындай «троглодиттер» жинағы құрылады, оған жасөспірімдердің маңызды немесе қажетті келесі істері енгізілді:

-         телефонмен ұзақ сөйлесу

-         сансыз   сериалдар қарау

-         бір компьютерлік ойынды қайта-қайта ойнау

-         нашар жасалған жұмысты қайта істеу т.б.

Көп нәрсені үлгеріп және аз шаршау үшін өз күніңді қалайша «қайта жоспарлауға болады»? Бұл сұраққа  жауап беру үшін «уақыт дөңгелегі»  мен комментарийлерге арналған  жолдар ұсынылады. Нұсқасы төмендегідей:

Әдеттегі мектеп өмірінде нені «қайта жоспарлауға болады»?

Егер 11 сағат бойы ұйықтамасаң, теледидарды шамалап қарасаң, әжептәуір нәрсені үлгеруге болады.

 

Рефлексия.

-Ең маңызды деген 3 құндылықтың қайсысын 1-ші орынға қоясыз?

- Өз уақытыңды қалайша тиімді пайдалануға болады?

-Сіз өз күніңізді қалай жоспарлайсыз?

 

 

 

13-сабақ

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ

 

Мақсаты: жеткіншектің  позитивті –Мен тұжырымдамасын қалыптастыру.

Міндеттері :

-         Мен тұжырымдамасының құрылымдық ерекшелектерін зерделеу;

-         Позитивті –Мен тұжырымдамасын дамыту ;

-         Өзіндік құрметке тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт

«Ағаш туралы аңыз»

Жол бойында қисық аңғаш өсіп тұрды. Бір күні түнде оның қасынан ұры  жүгіріп өтіп бара жатады. Ол алыстан бір кескінді көріп,  қорыққанынан  «бұл жол бойында тұрған  полицейский екен» деп ойлайды, сондықтан қорқып  қашып кетеді.

Бір күні кеште ғашық болған бір жігіт өтіп бара жатады. Ол алыстан сымбатты кескінді көреді де, сүйіктім күтіп қалған  екен деп ойлайды.Ол қуанып жылдамырақ жүре жөнеледі.

Бір күні ағаштың қасынан балалы ана өтіп бара жатады. Түрлі қорқынышты ертегілерден қорқып қалған бала жол бойында елестер жүр деп ойлап қатты жылап жібереді.

Бірақ... ағаш тек ағаш қалпында қала берді. Айналамыздағы әлем – біздің  әр қайсымыздың бейнеміз.

Теориялық бөлім.

«МЕН-тұжырымдамасы» (ағылшын тіліндегі  «self-conception», сөзбе –сөз «өзімнің тұжырымдамам») психологиялық әдебиетте жақын арада пайда болған термин. Бұрын осындай мәнде  «өз образым», «өзіндік сана» терминдері пайдаланылған. Мен –тұжырымдамасына  жеке тұлғаның өз-өзі немесе өзінікі деп санайтындары, өзі туралы не ойлайтыны, өзіндік тәрбиеленудегі  тиесілі тәсілдердің бәрі  жатқызылады.

Мен –тұжырымдамасын дамытуға ықпал етуші факторлар– бұл отбасылық қарым-қатынастар мен өзге де маңызды жайттардың рөлі.

Мен –тұжырымдамасы келесі жиынтықтардан құралады:

Когнитивті–өзінің қасиеттері, қабілеттері, сырт пішіні, әлеуметтік маңыздылық образы т.б.

Эмоционалды–өзіндік құрмет, өзіндік сүйіспеншіліек, өзін-өзі құрту т.б.

Бағалау-жігерлі–өзіндік бағасын арттыру, құрметке қол жеткізуге құлшыныс

Мен –тұжырымдамасы–әлеуметтік өз ара қатынастардың алғы шарты әрі салдары, әлеуметтік тәжірибемен анықталады. Оның құрамына енетіндер:

1) физикалық МЕН–өз тәнінің сызбасы;

2) шынайы МЕН- өзі туралы осы шақтағы түсінігі;

3) динамикалық МЕН - субъектінің қандай болғысы келетіні;

4) әлеуметтік МЕН–бұл:  жыныстық, этностық, азаматтық, рөлдік және т.б. әлеуметтік интеграция салаларымен қатыстылардың бәрі;

5) экзистенциалдық   МЕН –өзін өмір мен өлім аспектісінде бағалау ретінде;

6) мінсіз МЕН-  субъектінің өз ойынша,  моральдік нормаларға бағыт ұстай отырып қандай болатыны;

7) нақты МЕН - мүмкін болған жағдайда, субъектінің осындай болсам екен жеп ниет білдірген түрі

Диагностика

М.Розенберг шкаласы әдістемесі бойынша өзін-өзі құрметтеу деңгейін зерттейтін   тест.

Розенбергтің өзін-өзі құрметтеу шкаласы (Rosenberg'sSelf-EsteemScale) - Өзін-өзі құрметтеу деңгейін өлшеуге арналған жеке сауалнама.

Өзін-өзі құрметтеу дегеніміз – адамның өзін өзі  қаншалықты жаман немесе қаншалықты жақсы деңгейге дейін  іштей бағалауы.  Бұған өзінің бағалылығына сенімділік; өмір сүру және  бақытты болу құқығына қатысты пайымдалған ұстаным; өз ойын, тілегі мен тұтынушылығын  орынды тұжырымдау кезіндегі жайлылық; қуаныштың  ажырамас құқығы екені туралы сезім де енеді.

Сауалнама бір реттік болып құрылған және пайдаланылған, десек те, кейінірек өткізілген факторлық сараптама екі тәуелсіз факторды анықтады: өзін –өзі қорлау мен  өзін-өзі құрметтеу: бірі қаншалықты жоғары болса, екіншісі соншалықты төмен.

Өзін –өзі қорлау  депрессиялық, алаңдаушылық жағдайлардың және  психосоматикалық  симптомдардың салдары болуы мүмкін; өзін-өзі құрметтеу қарым-қатынас белсенділігі,  көшбасшылық, тұлғаралалық қауіпсіздік сезімдердің  себебі мен салдары  болып табылады. Екі фактор да тестіленушіге ата-анасының балалық шағындағы қарым-қатынасына тікелей байланысты.

Розенцвейг сауалнамасы  әр қайсысына ұсынылған  сызба бойынша ұпаймен кодталған   төрт түрлі жауаптан тұратын    10 пайымдаудан құралған.

 

М.Розенберг шкаласы әдістемесі бойынша өзін-өзі құрметтеу деңгейін зерттеу   тесті.

Нұсқаулық .

Төменде келтірілген тұжырымдамамен қаншалықты келісетініңізді немесе келіспейтініңізді анықтаңыз.  Қасына тиісті  цифрды қойыңыз.

4 – толғымен келісемін

 3 - келісемін

 2 - келіспеймін

 1 – мүлдем келіспеймін

Тестік  материал

1. Мен өзімді, ең болмағанда, өзгелерден  кем емес лайықты адам ретінде сезінемін.

2. Мен өзімді әрқашан жолы болмайтын,  сәтсіз адам деп есептеуге бейіммін.

3. Менің көптеген жақсы қасиеттерім бар тәрізді көрінеді.

4. Мен бір нәрсені көпшіліктен  кем қылмай жасауға қабілеттімін.

5. Менің айтарлықтай мақтан тұтарлық ешнәрсем жоқ тәрізді көрінеді.

6. Мен өзіме жақсы қараймын.

7. Жалпы алғанда,  мен өз-өзімме қанағаттымын.

8. Менің өзімді көбірек  сыйлағым келер еді.

9. Кейде мен өз пайдасыздығымды анық сезінемін.

10. Кейде мен  өзім тіпті нашар адаммын ғой  деп ойлаймын.

Тест нәтижесін өңдеуге арналған кілттер.

Әр жауап үшін өзіңізге кілтке сәйкес ұпай қосыңыз.

Тікелей жауаптар: 1,3,4,6 

Кері жауаптар – 2,5,7,8,9,10 – бұндағы ұпай саны кері есептеледі: 4=1, 3=2, 2=3, 1=4.

Өзін –өзі құрметтеу деңгейі ұпай сандарының қосындысына тең.

Интерпретация.

10 – 18 ұпай –сіздің өз-өзіңізді құрметтеу деңгейіңіз жеткіліксіз, ол өте аз, сіз бар жамандыққа өзіңізді кінәлауға бейімсіз, тек өз кемшіліктеріңізді ғана көресіз және  назарыңызды өзіңіздің тек осал тұстарыңызға ғана аударасыз,   сіз  өз алдыңызға мақсат қоюға және табысқа қол жеткізуге бөгет болатын өзін-өзі құрметтеудің тұйықталған ортасындасыз. Сіз кез келген оқиғадан өзіңіздің қуыс кеуде екендігіңіздің дәлелін іздейсз.

 18 – 22 ұпай  – сіз өзін-өзі құрметтеу мен өзін-өзі жою арасындағы  тербелісте тұрсыз,  табыстарыңыз сізді болмаған биіктерге көтереді, өз-өзіңізді құрметтеуіңіз  басым, сәтсіздіктер өзіндік  бағаңызды төмендете түседі және сізді құрдымға лақтырады, сіздің өзіңіз туралы пікіріңіз біресе ол жаққа, бірде бұл жаққа кетіп  теңселуде.

23 – 34 ұпай  – сіздің өз-өзіңізді құрметтеуіңіз басым, сіз өз артықшылықтарыңыз бен кемшіліктеріңізді саналы бағалай білесіз,  бұрыс кеткеніңізді мойындап, келісе аласыз, өз-өзіңізге құрметті сақтайсыз, бірақ, кейде байқамай қалдым, жол бермес едім, «құлайтынын білгенде, астына шөп төсер едім» деп өз-өзіңізді ұзақ уақыт  жазалауға бейімсіз, бұл болса,  мүмкін болмаған жағдайларда   бір нәрсені өзгертуге, іс қимыл жасауға, түзетуге болмайтынын мойындауға  мүмкіндік бермейді.

35 - 40 ұпай  –сіз өзіңізді адам, тұлға, кәсіби шебер   ретінде сыйлайсыз және өзіңізді бұдан әрі де сыйлауды жалғастыру үшін барлық жағдайды жасайсыз: дамисыз, рухани және зияткерлік тұрғыда және кәсіби бағытыңызда жетілесіз, қарым –қатынас саласында қателіктер мен қиын жағдайлардан сабақ ала  білесіз. Бұл  талпынуға тұрарлық  норма.

Практикалық  бөлім

Позитивті мен – тұжырымдаманы дамытуға арналған  жаттығулар

«Саусағыңмен көрсет».

Бұл жаттығуды  тренинг кезінде де, сабақтың соңында да,  кейбір қорытынды  нәтижелерді шығару кезінде де өткізуге болады.  Қатысушылар дөңгеленіп отырады.  Тренер олардың әрқайсысын  саусағын созып, кез келген қолын жоғары көтеруді өтінеді.  Сосын ол әркімнің өз ойынша  аталған  қасиеттер бар деген адамды саусағымен көрсетуді өтінеді.   Жаттығу күн соңында өткізілген жағдайда тренер  әдетте мына жайларды айтады:

«Біздің ішіміздегі ең көңілдіні көрсет. Ең белсендіні. Ең ұйқышылды. Ең киініп алғанды. Ең жарқынды. Бүгін қандай да бір жаттығу кезінде  сіздерді таңдандырғанды. Бүгін сіздердің ойларыңызша, бәрінен аз жұмыс жасағанды. Бүгін сізге бір рет те болса көмектескенді. Бүгін бәрінен көп әзілдеп, жұртты көңілдендіргенді. Ал бүгін кім топ жұлдызы болды, өзі  де ерекше көзге түсті  және өзгелерге де көмектесті?».

Жаттығу кезінде әр тренер  жауап беруге ниет білдіргендердің  қолы созылған  топты  көруіне мүмкіндік беру үшін  тыныс алады. Сосын ол: «Қолдарыңды жоғары көтер» - дейді, сосын келесі қасиеттерді атайды.

Егер жаттығу  тренинг күні   барысында өткізілетін болса, оның көмегімен топтарды жаңа кездейсоқ топтарға ұтымды бөлуге болады. Белгілі бір сәтте тренер: «Жаңа жаттығу барысында  жұптасып жұмыс жасағың келетін адамды көрсет» дейді  және қолдарын алмай  кідіріп қалуды өтінеді.  Тренер топты жедел аралап, өзара сәйкес таңдау жасаған жұптарды анықтайды.  Бұл жаңа жұптар болады. Өзара сәйкес таңдау жасағандар   топтан шығады. Нұсқаулық  қайталанады.  Өзара сәйкес таңдау жасағандар тағы да   топтан шығады т.с.с. Нәтижесінде топ өзара сәйкес таңдау жасаған топтарға бөлінеді. 

«Ыстық орындық» ойыны

Бір жеткіншек тренингтік ортаның  дәл  ортасындағы орындыққа отырады, тренингке қатысушылардың әр қайсысы кезекпен қандай ассоциация келтіретінін, немесе оған не тиісті  есептейтінін  және  не мүмкін екенін  айтады.

 

Рефлексия

- Мен- тұжырымдамасының қалыптасуына не әсер етеді?

- Сіз тест бойынша өзін –өзі құрметтеудің қандай деңгейін анықтадыңыз?

-Позитивті мен –тұжырымдаманы қалайша дамытуға болады?

 

 

 

14-сабақ

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ӘЛЕМІМ

 

Мақсаты: жеткіншектің  позитивті –Мен тұжырымдамасын қалыптастыру.

Міндеттері :

-         Мен тұжырымдамасының құрылымдық ерекшеліктерін зерделеу;

-         Позитивті –Мен тұжырымдамасын дамыту;

-         Өзіндік құрметке тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық күйге келтіру.

          «Мен  саған....  сыйлағым келеді »

Балалар аяқ астынан бір –біріне сөзбен сыйлықтар сыйлайды. Жүргізуші сыйлықтардың   материалдық  түрде ғана емес, сонымен қатар рухани  түрде болатыны жайында түсіндіреді,  мысалы жайма –шуақ күн, аспандағы кемпірқосақ, сүйіспеншілік, игі тілек т.б. 

Теориялық бөлім.

 «Мен тұжырымдамасыбұл адамның өз  қасиеттерін ( физикалық, эмоционалдық және зияткерлік)  саналы түрде сезіну, өзін –өзі бағалау, сонымен қатар аталған тұлғаға ықпал етуші сыртқы факторларды субъективті  ұғынуы  енетін  өз-өзі туралы түсініктерінің динамикалық жүйесі. 

 

У. Джеймстің «Мен –тұжырымдамасы» туралы түсінік

Құрамы,  сипаттамасы

«Рухани Мен» адамның ішкі және субъективті болмысы.

Оның діни, саяси,  философиялық және адамгершілік ұстанымдарының жиынтығы.  

«Материалдық  Мен »  адамның өзімен тең көретіні  (оның үйі, жеке меншігі, отбасы, достары және т.б.)  

«Әлеуметтік Мен»        адамның қоғамда танылуы мен құрметтелуі, оның әлеуметтік рөлі

«Физикалық Мен»        адамның тәні, оның бастапқы биологиялық қажеттілігі

 

Диагностика.

«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі

Өз-өзіне қарым-қатынас шкаласы 

Нұсқаулық : «Тест бланкісіндегі сөйлемді бір немесе бірнеше сөзбен аяқтау қажет» .

1.          Егер бәрі маған қарсы болса, онда______________________________________

2.          Мен ..... жасау үшін  өзімді жеткілікті қабілеттімін  деп есептеймін __________

3.          Менің шамалы  әлсіздігім, ол ___________________________________________

4.          Жолым болмай жатқан кезде мен ______________________________________

Егер сөйлем кері сипатта болса, бұл өзін-өзі қабылдамағандықты білдіреді, мығым да, оң жауап болса онда  керісінше өзін-өзі қабылдайтындығын білдіреді. 

 

Практикалық бөлім

Позитивті Мен –тұжырымдамасын дамытуға жаттығулар 

«Күн сәулелері»

Бұл тренингтің нақты қатысушысымен   вербалды емес кері байланыс техникасының бір түрі. Қатысушы көзі жұмулы қалпында шеңбердің ортасында тұрады, барлық топ (18 адамға дейін) –оның айналасында үлкен шеңбер бойында орналасады.  Топ нұсқаулық алады: «Қазір әрқайсыңыз жайлап және дыбысы  шығармай ортада тұрған адамның қасына барасыздар. Шеңбердің ортасында тұрған жеткіншеккке қатысты өзіңіздің қарым- қатынасыңызға сәйкеседі-ау  деген жерге тоқтаңыз. Әрине, жан-жан жағыңызға қарауға және өзгелердің оған деген қарым-қатынасын есепке алуға болады». Жаттығуға бір-бір жарым   минут беріледі. Топ кеңістіктегі   өзара  сәйкес орынды есте сақтау үшін тып-тыныш болып қалады. Сосын  тренердің командасы  бойынша  бәрі жайлап және дыбысын шығармай бастапқы позицияға қайтады.

Ортада тұрған жеткіншек көзін ашады. Тренер оған кімнің өзіне қандай қарым-қатынаста екенін тап деген ұсыныс жасайды, ол өлшем -  адамның орналасқан жерінен өзі тұрған жерге дейінгі қашықтық болады. Ортада тұрған адам әр қайсысын жайлап  жақындауды және өз қалауынша тиісті деген жерде тоқтауды өтінеді.  Топ  ортада тұрған адам қойған позицияда тұру үшін тағы да  біраз уақытқа тып-тыныш болып қалады. Сосын тренер ортада тұрған адамды өзі  қарап тұрған адамдардың көзіне  біртіндеп қарауын, ал оған қарап тұрғандарды дереу өзінің оған (ортада тұрған жеткіншекке) деген қарым-қатынасына сәйкесетін орынға тұруын өтінеді Бұл арада «тылсым күш»  әсері болады: ортада тұрған адамның көз алмай қарауы әсерінен топ басқаша  өзгеріп салады.  Ортада тұрған жеткіншекке оны не таң қалдырғаны және не нәрсені мүлде күтпегені  жайында айту мүмкіндігін беру керек.

Бұл жаттығуда жеткіншектердің көбі бір уақытта ортаға жақын тұру қиын екенін естен шағармау керекСондықтан, немесе үлкен шеңбер жасау керек, немесе «күн сәулелерінің» яғни, ортада тұрған жеткіншекке өзінің вербалдық емес қарым-қатынасын көрсетуге қатысушылар санын шектеген дұрыс.

«Кім екенін көрсет?»

Топ ішінен екі ерікті орындыққа иық тіресіп отырады. Бұл екі қыз немесе екі ұл болғаны абзал. Тренер топтан салыстыру жасаушы,  үшінші адамды таңдайды.Бұл салыстыруға түсетін  екі жеткіншекке де жақын қарым-қатынасы  жоқ, бірақ олармен тренинг сабақтар арқылы жеткілікті таныстығы бар адам болады. Үшінші жеткіншек салыстыруға түсетін екі жеткіншектің артында тұрады. 

Тренер салыстыруға түсетін адамдардың алдындағы   позицияда тұрады және жаттығуға қатысушылармен келесі жағдайлар бойынша келіседі:

Салыстыруға түсушілерге салыстыратын адамға бұрылып  қарауға болмайды;

Салыстыратын адам уақытша   дауыс құқығынан айырылады: ол ештеңе айтпайды, тренердің сұрағына салыстыруға түсетін екі адамның бірін саусағымен нұсқап көрсету арқылы жауап береді;

Егер салыстырушы тренердің сұрағына  салыстыруға түсушілерді  таңдап жауап бере алмаса,  екеуін де нұсқайды, иығын көтереді. Біріншісі, екеуі де  кейбір көрсеткіштер бойынша тең түсті, соңғысы оның жауабы жоқ екенін білдіреді;

Тренер барлық сұрақтарға жаттығудан кейін жауап береді. 

Мінез –құлқына мен  жеке  қасиеттеріне қатысты 12 ден 20 ға дейін сұрақтар қояды:

1. Кімнің жасы үлкен?

2. Кім жақсы оқиды?

3. Кімді өзінің кескін-келбеті көбірек толғандырады?

4. Екеуінің қайсысы көбірек қыдырғанды ұнатады?

5. Екеуінің қайсысы тентек,  ұрып немесе итеріп жіберуі  мүмкін?

6. Кім мейлінше көпшіл?

7. Кім барынша қу?

8. Кім барынша темпераментті?

9. Кім саған, салыстырушыға көбірек ұнайды?

10. Кіммен барлауға барар едің ?

11. Екеуінің қайсысының отбасы үлкен?

12. Кім бірінші болып үйленеді (тұрмысқа шығады) ?

Жауаптарды  алған соң тренер салыстыруға түсушілерге сұрақ қояды: 

«Сендер өздерің туралы қойылған сұрақтарды тыңдадыңдар.   Салыстырушы не көрсетті екен деп ойланған боларсыңдар. Өздеріңе жүз пайыз қатысты деген қасиеттер болған шығар және «бұл тура мен, мені көрсетіп жатыр»  деп ойлаған шығарсыңдар.   Немесе бұл жанымдағы әріптесіме қатысты деп ойлап, «соны көрсетіп жатыр»  деп сенімді болған  сұрақтар  да ойлаған шығарсыңдар.  Болды ғой деп ойлаймын. 

Тренер салыстыруға түсуші екі жеткіншекті өздеріне немесе өзгеге қатысты деп есептейтін екі –үш қастетті біртіндеп атауды өтінеді. 

Содан кейін тренер салыстыруға түсушілерді салыстырушы адамға бетпе -бет  қойып: «Сіздің әріптесіңіз сізді қалай көретінін білгіңіз келе ме?  мен әрқайсыңызға салыстырушыға   екі –үш сұрақ  қойып, сіздердің әріптестеріңіздің менің кейбір  нақты сұрақтарыма  қандай жауап бергенін білуге  рұсқат беріледі.

Тренер салыстырушыдан салыстыруға түсушілердің өтініштеріне жауап беруді өтінеді. Жауаптардан кейін бәрі салыстыру кезіндегі  өздерінің  толқыныстарымен бөлісе алады.

Бұл жаттығудың проэкциялығы  тренер қоятын сұрақтардағы мінез - құлық пен жеке тұлғалық қасиеттерге қатысты жауапты    салыстыруға түсушінің екеуі де өз бойына балауында. Олар сұрақ жауаптарын, оның жауабы болмаса да, немесе тіпті қарама-қайшы келіп жатса да  өздеріне  проекциялайды.  Әрі кеткенде,  салыстырушы мүлдем ештеңе істемей, үндемей отырып, ең соңында салыстыруға түсушілер бұл сұраққа жауап ретінде кімді нұсқағанын  сұрағанда, сұрақ қоюшының өзі үшін  «растамақшы» ойынан дөп түсіп немесе  оның пайдасына,  не болмаса кері жауап бере сала алады. Бәрібір салыстырылатын  екі адамның тұлға ретінде сырт көзге қалай көрінетіні мүмкін  екеніне қатысты жұмыс жүреді.

«Нені меңзедік және кім туралы»

Бұл жаттығуды  топты  шебер бойына отырғызып та,  партада ( стол басында) отырған қалыпта да өткізуге болады. Тренер топ ішінен өзіне көмекші таңдап алады да онымен өз ара мимика және ымдасу- ишара  тілінде сөйлесетіні жайында келісіп алады. Сосын тренер топ ішінен жеткіншектердің  тағы бір шағын тобын  құрып, өз ара мимика және ымдасу- ишара  тілінде сөйлесе бастайды, соның ішінде өз көмекшісіне айтқысы келетін бір нәрсені  нұсқай бастайды. Көмекшіден тренердің ойымен келісетінін немесе қарсы екендігіне қол жеткізу керек. Егер ол бір нәрсені түсінбей жатса, тренер оның түсініспеушіліне вербалды емес түрде қызу реакция жасайды.  Бастысы, нұсқау ишарасы арқылы вербалды емес пікірлер арқылы  таңдалған  топ ішіндегі бірнеше жеткіншектің мінез-құлқы көрініс беруі тиіс. Әңгіменің 2-4 минуты өткен соң тренер топтан: «Біз не туралы сөйлестік, сендер қандай күйге түстіңдер?»  деп сұрайды.

Талқылау кезінде  ең алдымен ниет білдіргендерге сөз беріп, кейін тренермен таңдалып алынған шағын топтағыларға міндетті түрде сұрақтар қою керек, сосын  тренердің  көмекшімен  қарым-қатынасын: көмекші оның ойын қаншалықты түсінгенін, нені қоштап, немен келіспегенін анықтау керек.  Шын мәнінде тренердің вербалды емес ойлар,  мазмұны да өзінің нақты жеткіншекке қатыстылығы тәрізді белгісіз  болғаны дұрыс. Айтылатын ойлар тренердің тренингке қатысушылардың проециялық мазмұнын толықтыруға  әсер етеді деп  үміттенетін  материалдар. Егер жеткіншектің біреуі оның ойынша,  сөз өзі жайында болғанына сенімді болса, ол туралы не айтқанын, тренер мен  көмекшінің  қай жерде дұрыс, қай жерде бұрыс болғанын анықтап, олардың ойларында айырмашылық бар –жоғын т.б.  сұрау керек.  Егер де біреу сөз өзі  туралы еместігіне сенімді болса, тренердің   пікірі  кімге қатысты болғанын және оны қалай білгенін анықтау керек.

Рефлексия

- Сіз тренинг барысында өзіңіз туралы не  білдіңіз?

- Сіздің ойыңыз топтың ойымен сәйкес  келді ме?

- Келешекте өзіндік сананы қалайша дамытпақшысыз

 

 

 

 

15-сабақ

ӨМІР ЖОЛДАРЫ

 

Мақсаты: таңдау жасауға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру

Міндеттері:

-         Әлеуметтік ықпалдастық пен ішкі ресурстарға қолжетімділікке ықпалдастық ету;

-         Мінез –құлықтың синергеттік  стратегиясын дамыту;

-         Тұрақты әрі белсенді өмірлік тұрғы таңдауға баулу .

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Позитивтік күйге келтіруге арналған 27 кеңес:

1.   Жайлап сөйлеп, тез ойлаңыз.

2.   Адамдарды олардың туыстарына қарап сөкпеңіз.

3.   «Мен сені ұнатамын» дегенде , —шындықты айтыңыз!

4.   «Мен өкінемін» дегенде , — адамның көзіне тіке қараңыз.

5.   Өзгенің  көрген түсі мен армандарына ешқашан күлмеңіз.

6.   Адамдарға олардың күткенінен артық беріңіз, және оны қуанышпен   істеңіз.

7.   Өзіңіздің сүйікті өлеңіңізді үнемі есіңізде ұстаңыз.

8.   Естігеннің бәріне  сенбеңіз.

9.   Ұтылып қалған жағдайда, одан сабақ, тіпті пайда алуға тырысыңыз

10. Кішкентай ұрыстың үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз .

11. Қателік жасағаныңызды түсінген уақытта, оны жылы жауып қоймай, тез  түзетуге тырысыңыз..

12. Күн сайын  бір ауық уақытты  жалғыздықта  өткізіңіз.

13. Кейде үндемеу  –— ең жақсы жауап

14. Кітапты көбірек оқыңыз .

15. Құдайға сеніңіз, бірақ,  өз машинаңызды жауып кетіңіз.

16. Сүйіктілеріңізбен  егесте ағымдағы  жағдайға  жүгініңіз, өткенді есіне салмаңыз.

17. Көрместі көруге тырысыңыз.

18. Жерге мейірімді болыңыз. Ластамаңыз.

19. Сізді мадақтап жатқанда  ешқашан сөзді бөлмеңіз.

20. Бөтендердің ісіне араласпаңыз, құрғақ  ақыл бермеңіз.

21. Өзіңізбен көзін жұмбай сүйіскен адамға ешқашан  сенбеңіз.

22. Жылына бір рет өзіңіз болмаған жерге аттаныңыз.

23. Егер сіз көп ақша тапқан болсаңыз, оның бір бөлігін өзгелерге көмекке  жұмсаңыз.

24. Есіңізде болсын –кейде тілегіңіздің  іске аспауы да - жолыңыздың болғаны.

25. Өз жетістігіңізді оған қол жеткізу үшін қандай құрбандыққа барғаныңызға қарап бағалаңыз.

26. «Сіздің –МЕНіңіз»- сіздің саяхатыңыздың соңғы нүктесі.

27. Тамақ дайындауға албырт бейқамдықпен қараңыз, ұнатпайсыз ба – біреудің рецептісі бойынша дайындамай ақ қойыңыз.

Теориялық бөлім.

«Менің өмірімнің альбомы»

Жоғары сынып оқушысының мүмкін деген өзекті проблемаларын талдаймыз

Рубрика –беттерге арналған атаулар

Философиялық, экзистенциалдық  проблемалар

Мен қайдамын? Тұрмыс. Өмір туралы ойлар. Құдай жар болсын. Еркіндік деңгейі. Оңай әрі, қуанышты. Жай өмір. Енді бізбен емес. «Мен» және  «Біз». Мен қалай өмір сүруді білмеймін.

Кәсіби тұрғыдан   өзіндік анықталу    

Болашақ. Қызығушылық. Қайда барсам екен? Жаңа уақыт. Мамандықтар көп... Енді жолым болады...

Үлкендермен қарым-қатынас

Шынын айтқанда … Егестер. Туғандар. Ұрыс. «Мен» және  «Біз». Бөтен. Құрдастармен қарым-қатынас.

Бірге . дос іздеп жүрмін. «Терезем тең».  «Ескі дос» «Мен» және  «Біз». Бөтен.

Өз-өзіне қарым-қатынас   

Ішкі көзқарас. Менің  жан дүнием. Өзіме жол. Менің миым «қақпайды». МЕН.

Құқықтарға, нормаларға қарым қатынас (жол берілетіндерді іздестіру)

Ақша. Борыш. Шектен тыс. Тыйым. Егестер. Сатып алу, сату, айырбастау. Құқықтар. Еш құпиясы жоқ.

Жоғары сынып оқушысының өзекті проблемалары  

Рубрика –беттерге арналған атаулар

Мектепке қарым-қатынас

Сабақтар. Сүйікті оқушы. Мұғалім. Мектеп.

Үйге қарым-қатынас  

Үйге орал. Үй. Үйге жол. Менің қымбатты үйім. Баспана.

Махаббатқа қарым-қатынас

Бірге. Махаббат. Lovestory. Махаббат туралы. Махаббат даналықтары. Қақ айырылған көкірек. Еркіндік. Сүйіктелеріңізден  айырылмаңыздар.

Географиялық және тарихи кеңістікті аңғару   («сол жерде және сонда» сезімі)       

«Міне қандай жағдай-уақыт болса зымырап  өтіп жатыр». Бұрынғы. Уақыт. Жоғалтылған уақытты іздестіруде. Даталар. Басқа өмір. Бұрынғы мен болашақтың арасында. Сапарлар. Саяхаттар.

Қорқыныштар

Пәлелер. жындар. Жанымызды жаулаушылар. Қайғымен қан жұтқандар.  Албастылар. Елес. Ұят-ау. Жарақаттар. Тығырық. Сосын не? Бөтен.

Кері байланыс. Берілген  рубрикаларды шағын топтарда талқылаңыздар және өздеріңіздің рубрикаларыңызды қосыңыздар.

Диагностика

 

 

 

«Менің өмір сызығым» әдістемесі

(жоғары сынып оқушысының тарихи-жеке  портфолиосы: оқу-әдістемелік құрал / З.М. Молчанова, А.А.Тимченко – М.:Глобус, 2007.)

 

Қазір біз суреттегідей өз өмірімізді елестетіп, жеке  өмірлік жолымызды қайта құруға тырысамыз. Вектордың бастауы Т.

 

ТУУ

 

Дәл қазіргі сәтте, уақытта қайда отырмын деп ойлайтын, сезінетін орынды крестпен белгіле. Жасыңды көрсет

         Болғың келетін орынға дөңгелек қой. Бұл қалаулы ( алтын»)  жас.  Неге екенін жаз.  ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

         ТУУ-дан осы уақытқа дейінгі аралыққа өзің үшін аса маңызды оқиғаларды, қылықтарды, әрекеттерді (өмірдің қандай да бір кезеңі, мерзімі болуы мүмкін).

         Ал қазір өзіңнің болашақ өміріңді жоспарла. Өз тағдырыңда не болғанын қалайсың?  Ол оқиғаларды «Өмір сызығында»  белгіле.

         Сенің «Өмір сызығыңда»  кәсіби қызмет белгіленген бе, егер белгіленсе, қайда және неліктен? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды жаз.

 

Рефлексия.

- Өз өміріңнің сызыңғын құру барысында 27 даналық кеңестің  қайсысын негізге алған болар едің?

- Сздерге қандай  рубрикалар бойынша альбом толтыру жеңіл болды және қандай рубрикалар қиындық туғызды, неге?

- Сіз өмір сызығыңыздағы қандай маңызды оқиғаны ерекше  белгіледіңіз?

 

 

 

 

16-сабақ

ӨМІР ЖОЛДАРЫ

 

Мақсаты: таңдау жасауға жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру

Міндеттері :

-         Әлеуметтік ықпалдастық пен ішкі ресурстарға қолджетімділікке ықпалдастық ету;

-         Мінез –құлықтың синергеттік  стратегиясын дамыту;

-         Тұрақты әрі белсенді өмірлік тұрғы таңдауға баулу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологтың кіріспе сөзі

Музыка  ойнап  тұрады

Психолог: тақтаға назар аударыңыздар, ондағы суретте  жол бойындағы адам бейнеленген. Өздеріңізді өмір жолында келе жатқан  жолаушы  ретінде елестетіңіздер. Өмір  –дегеніміз адамға туғаннан бастап дүниеден өтер кезіне дейін берілетін уақыт.  Көздеріңізді жұмып, өз өмір жолдарыңыздың бойындамыз деп елестетіп көріңіздер. Туғаннан бастап осы уақытқа дейін өткен өмірлеріңізді ойша өтіп, сосын   болашақта  болып көріңіздер.

 

Жаттығу:  «Өмір  жебелері » (жебелерді көрсетіп қою)

Психолог:  назар аударыңыздар,  қағаз  бетіне түрлі нұсқадағы: тік, дөңгелек, зиг-заг тәрізді т.б. жебелер бейнеленген.  Сіздер әрқайсыңыздың өмір циклдеріңізге сәйкес келетін жебені таңдаңыздар. Егер ұсынылған жебелердің  бір де бірі сәйкеспесе, өздеріңнің нұсқаларыңды салыңдар.

Талқылау: неліктен жебенің бұл түрін таңдадыңыз? Осы жебемен сіз қазір қай жерде тұрсыз.

 

Практикалық бөлім.

Жаттығу:  «Өмір  сызығы» (сызықтарды  көрсету)

Психолог: қағаз бетіндегі ортасынан   пунктирмен бөлінген өмір сызығын жоғарғы және төменгі бөліктерге бөліңіздер.  Жоғары жарты бөлікке кіретін сызық өмірдегі позитивті оқиғаларға, жетістіктер мен  қуаныштарға сәйкеседі.  Пунктирдің төменгі жағына кіретін сызық  сәтсіздік, қайғы,  негативті тәжірибеге сәйкеседі.  Туғаннан бастап күні бүгінге дейінгі, өткен күнді қоса алғандағы және  болашақ  өміріңіздің сызығын сызыңыз, оны қалай елестетесіз, сонымен қатар,  бүгінгі күннің сызығын сызыңыз.  Талқылау: сіздің өмір сызығыңыз қай нүктеде тұр, ауыспалылық көп пе?

Психолог қорытындысы: «көкжиектен» ауытқу диапазоны  - бұл қиындықтар мен қуаныштар, бірақ бұл барынша тура  жүріп, «жоғары»  көтерілуге апаратын әрі  бай тәжірибе. ДЕГЕНМЕН ӨМІРДЕ БАСҚАША БОЛАДЫ!

Психолог: ал қазір бір оқиғаны тыңдап көрейік («Нашақордың түсі»)

 Талқылау.  Сұраққа жауап беріңіздер.  

 • әңгіменің басты кейіпкеріне не болды?

 • оның өмір сызығын түзетіп, бұл жайға  өзгертуге немесе мүлде жол бермеуге  болушы ма еді? (өмір сызықтарының түрлерін көрсету)

 • Айтыңыздаршы, оның есірткі пайдалануына не түрткі болды ?

 (оқушылар өз ойларын айтады)

 Сіздер бәріңіз дұрыс айттыңыздар,  жеткіншек жаста есірткі пайдалануға

 1. өмірде бәрін татып көру керек

 2. «бәрі сияқты болу»

 3. отбасылық проблемаларды шешу

 4. жалығу

 5. күйініш

 6. бас тарту дағдысының болмауы

Кейде адамға «ЖОҚ» деп айту қиынға түседі. Бас тартудың бірнеше тәсілі бар.

 • қалжыңмен  бас тарту – әзіл-оспақ  фразалары мен анекдоттардан құралады. 

 балама бас тарту  –орнына бірнәрсе ұсынылады

 • үзілді-кесілді бас тарту – тікелей бас тарту

 • ескерту-бас тарту  – ұсыныс жасаған адамға бұл мәселеге қатысты ешқашан қайтып келмеу жайында ескертіледі.

 Әрқайсыңыз берілген ойларды алып, оның бас тартудың қай түріне жатқызылатынын айтыңыздар. (қағазға жазу)

Мен бұл сұрыпты пайдаланбаймын  

Жүріңдер, одан да саунаға барайық  

Мүмкін дискотекаға барармыз.

Жоқ, мен бұлай ете  алмаймын

Жоқ, мен бұны істемеймін.  

Егер бұл ұсынысты енді бір рет естісем, мені бұл арадан көрмейсіңдер  

Жақсы, жарайсыңдар! Іздер қалайша бас тартуға болатынын  білесіздер

 

Рефлексия.

Жаттығу  «Менің жетістіктерім»

 Біз бәріміз өмір жолындағы жолаушылармыз, өміріміздің қандай  бір бөлігін өтіп, сіздер белгілі жетістіктерге  қол жеткіздіңіздер.  Менің қолымдағы допты қағып алған адам өмірде не нәрсеге қол жеткізгенін, оған не ұнайтынын, және қай жағдай барынша сәтті болатынын айтсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17-сабақ

МЕН БІРТҰТАС ТҰЛҒАМЫН

Мақсаты: оқушылардың өзіндік қабылдануына және дүниеге сеніммен қарауына жағдай жасау.

Міндеттері :

-         Өзін және дүниені біртұтас қабылдауды қалыптастыру;

-         Өмірлік жол таңдаудағы  дербестік пен жауапкершілікті дамыту.

-         Оқушылардың өз тәжірибелерін  сараптауға жағдай жасау.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаттығу: Өз-өзімен кездесу

Менің ... маған ұнайды

Менің сондай тамаша қасиетім бар

Мен сіздерге өзімнің жақсы қылығым жайлы айтамын 

 

Мен кеше жақсы іс жасадым

Мені мақтарлық заттар жайлар, мысалы

Мені мақтарлық заттар жайлар, мысалы

 

Сөйтіп, бүгін біз мына «біртұтас тұлға дегеніміз не?» деген түсінікті талқылаймыз. Біртұтас тұлға дегеніміз– жан дүниесін қарама-қайшылықтар  азаптамайтын, оның орнына оның ішкі жан-дүниесі үйлесімді, сенімді болатын тұлға.

Теориялық бөлім.

Біртұтас тұлға - бұл  дегеніміз не ? өзінің жаратылысын, тағдырын  білетін адам. Бұл -   интуиция каналы ашық,  қандай да бір жағдайда қалай  әрекет жасай білетін және  ол үшін үнемі  іштей басшылығы бар тұлға.  Бұл –дүниетанудың барлық  заңдарын жақсы  білетін және оларға сәйкес өмір сүруші, сондықтан риясыз жетістік пен бақытқа қол жеткізетін тұлға.  Сіздердің осындай адам болғыларыңыз келе ме? Иә, десеңіздер сізге өз-өзіңізбен жақсылап жұмыс жасау арқылы биіктерге қол жеткізуге болады.    Өз-өздеріңізге үндеу тастауға дайынсыздар ма?

Тұлғаның  біртұтастығы -  бұл оның мықты да,  үйлесімді біртұтастығын құрайтын бөлшектерінің қосылысы. Жеке дара психология негізін қалаушы  К.Г.Юнг бұны  «өзінділік» деп атаған. Тұлғаның біртұтастығы  К.Юнгтың пікірі бойынша,  архетип әрекеті есебінен – «ӨЗІНДІЛІК»ке қол жеткізіледі. Архетиптің басты мақсаты   - адамды «ДАРАЛАНДЫРУ» немесе санасыз  ұжымдық әрекеттен шығару. Тұлғаның  жаны мен тәнін, жан-дүниесі мен  рухани-адамгершілік  өмір үйлесімін есепке ала отырып оның сыртқы (экстравертивті), немесе жалпы  (экстра- және  интровертті біртұтастығы жайлы айтуға болады. Егер адам күндіз салауатты өмір салты мен адамгершілік құндылықтарды  үйретіп, түнде түнгі клубтарда жеңіл жүрісті қыздармен шатысып таң  атқанша «гүжілдеп» жүрген болса, бұндай тұлғаның біртұтастығы жайлы айту қиын.  Тұлғаның біртұтастығы адамның ішкі өмірі мен оның сыртқы  қызмет сәйкестігі. Сөйтіп,  діни адамға әскер қатарында қызмет ету, адамдарды өлтіруге тура келетін   соғысқа қатысу  қиынға соғып жатады: бұл оның біртұтастығын бұзады.

Адамның қиын жағдайларда өз өмірлік стратегиясын сақтай  білу қабілетін, өмірлік позициялары мен құндылық бағыттарына сенімді болып қалуды көздейтін тұлғаның ішкі біртұтастығы жайлы психологияда жиі айтылып жүр.  Бұл бір уақытта  автономды – әрі  адамдарға ашық адам.  Адамның бойында батылдық болса,  дүниеге шынайы қараса, өз қорытындысын  шығарса, егер қажет болғанда сыртқы қысымға қарсы тұрып  ол туралы айтып жатса тұлғаның біртұтастығы.   Бұл тұрақты дүниетанымы мен құндылықтар жүйесі бар тұлға. Бұл жан дүниесін қарама-қайшылықтар  азаптамайтын,  оның орнына оның ішкі жан-дүниесі үйлесімді, сенімді болатын тұлға.

«Фрагментарлық тұлға» яғни, бір-бірімен егеске түсетін және дүниенің байланысты  көрінісін құрамайтын тұлға  түсінігі «біртұтас тұлғаның» антиподы болып табылады.

Тұлғаның біртұтастығы қайдан келеді және қалай қалыптасады?

Тұлғаның біртұтастығы туа бітпейді, ең алдымен біздің әсерімізден және сыртқы қоршаған ортамен өзара  ықпалдастық  әсерінен  қалыптасады. Нақты  бір қоршаған орта мен  тұлғаның ішкі сезінуіне байланысты тұлғаның біртұтастығы екі модель: күш моделі мен ішкі үйлесім моделі   бойынша қалыптасады.

Тұлға біртұтастығының күш берік  сенімдермен және тікелей әрі ашық егестерде бұл сенімдерді  ұстап қалу қабілетімен қошталады. Бұндай тұлға тұтасымен күйремейді, мүмкін, бірақ,  өз  көзқарасы  мен нанымын ешкімге «қолдан бермейді». Тұлғаның құндылықтары  қаншалықты тұрақты болса, сенімдері, ұстанымдары, идеалдары  соншалықты берік болып, оның біртұтастығы да барынша жарқынырақ көріне бастайды. Даму деңгейі онша жоғары емес болып келетін «қырсық» тұлға өз пікірлерінде де біртұтас тұлға емес,   «қырсық» деп аталады.  Біртұтастық туралы сенімдерінде тұрмыстық стереотиптер ғана емес, жоғары мораль, тіпті руханилық туралы түсініктер көтерілетін, белгілі бір даму деңгейі бар адамдардың  қарым-қатынастарында  айтылады. Өз идеалы мен құндылықтары жұлдызының астында  өмір сүретін адам өз өмірін  сенімдері үшін еш күмәнсіз  құрбан етуге даяр. Бұл Қызмет ету жолындағы дамыған тұлға деуге болады.

Ішкі үйлесім моделінде біртұтастық екі жағдаймен: үйлесім және ішкі орамдылықпен   қошталады.   Ортамен қарым-қатынас оңға басып жатса, яғни, адам ортаны, ал орта оны   қабылдап жатса, парасатты, салиқалы, ішкі қайшылықтарсыз –тұтас тұлға қалыптасады. Кей кезде сана мен түйсіктің одағы деп сипаттап жататын ішкі үйлесім, әдетте тұлғаның ішкі  бөліктерінде егестің жоқтығы, әлеуметтік жарамды сенімдер  мен дүниетанымды игергені  ретінде, адамның өзін де, айналасындағыларды да түсінетінін және   ең алдымен оның жақсы әрі  мықты тұстарын айқындай түсіп, өзін-өзі ұмытуға бейім еместігін көрсетеді.  Жұмсақ жүріс, жылы  интонация мен  табиғи мейірімділік бұл адамның образын толықтыра түседі.  Ішкі  икемділікке келетін болсақ, бұл қабілет өзіндік қалыпқа келу, бастапқы жағдайға ену  үшін  кез келген мүмкіндікті пайдалана отырып  ішкі  ортаның қатаң талаптарына уақытша бейімделеді.  Метафорамен айтқанда, бұл  қысуға, созуға,  июге болатын резеңкеден жасалған  конструкция, бірақ қысым азайысымен-ақ бәрі қалпына келеді.  Ішкі үйлесім моделі көбіне әйелдерге тән және әйел мәдениеті шеңберінде тәрбиеленеді. Әйелге ер азаматтың талабымен келісу қиын емес,  бұл талаптарды әйел адам еркектер қадағалап және үнемі есіне салып  отырған кезде ғана орындайды. Уақыт өте сыртқы бақылау азайған кезде әйел де босаңсып,  бұрынғыша  жасайтын болады. Ол осындай адам.

Диагностика.

Арналып қойылу деген не?

Сөйтіп, міне тұлға және жалпы алғандағы тұлға, ең жалпы алғанның өзінде  біз шешетін екі мәселе бар, яғни,  екі деңгейдегідей  біздің арналып қойылуымыз біз үшін аса маңызды.   Сонымен, осыны біз білеміз  бе,  әлде білмейміз бе біздің арналып қойылуымыздың  бастапқы деңгейіндегі басты  міндет осы. Ол менің арналып қойылуымды, менің табиғатымды  түсінуден және оны іске асырудан құралады.  Бұл менің өзімнің және Жаратқанның алдындағы ең бірінші әрі қасиетті борышым. Тренингтердің бірінде болған әңгімені  осы оқиғаның басында мен  айттым ғой деймін, есімде жоқ, меніңше бұл осы оқиғаның алдында айтылды. Курс өткізіп жатқанда біз өз табиғатыңды,  өзіңнің арналып қойылуыңды түсіну маңыздылығы туралы сөз қозғадық. Егер адам жай берілген  өз табиғатынан тыс әрекет жасаса, ол ешқашан бақытты болмайды, өйткені ол шынайылық заңдарына қарсы тұрды.  Оған құдыреттің күшімен  бағыт берілген, оның өз жолы бар. Егер ол басқа жолмен кетпек болса тек егес жағдайында өмір сүретін болады.  Сөйтіп,  өз табиғатыңды түсіну және оны іске асыру маңызды, бұл деген мықты жігермен келісе  отырып берілетін  өмір, бақыт дәл осылай келеді.  Менің  осыған    тағы да оралғым келіп отыр, яғни, ішкі тапшылық дегеніміз не? Мен үйлесімді тапқым келген кезде,  өз ішкі дүниемнен емес,  табиғатты   түсінгім келген кезде, өзімнің  емес, сыртқы дүниеге көніккім келеді, түсінесіздер ме?!  яғни, қандай да бір тесіктерді бітеп, өзімше ыңғайланғым келеді. Ақша керек пе, жақсы, онда мына жаққа барамыз. Осы жерде табыс табатын боламыз. Іштен не тіленіп тұрғаны маңызды емес, дүниеге көнігеміз, тесіктерді бітейміз.  Тапшылық менталитеті. 00:59:27  астамшылық менталитеті өзіміздің ішімізде өз табиғатымыздың кеңдігі барын біз білеміз, бұл біздің жеке талантымыз, егер де біз оны ашатын болсақ, біздің ішкі дүниеміздегі кеңдік айқындалады, түсінесіз бе ішіміздегі кеңдік.

Сөйтіп, іске асырылуға тиісті  біздің ең алғашқы арналып қойлыуымыз  біздің тәнімізбен,басқаша айтқанда оның  физикалық және   психикалық табиғатымен, осымен осының бәрімен байланысты. Осы  біздің арналып қойылуымыз, ол нәзік те өрескел тәнмен байланысты.   Міне,  терең бақыт та осы деңгейде  ашылады. Біз  өмірге көнікпей, жоғары  басшылыққа сенім білдіре отырып, дәл осылай өмір сүруге тиіспіз.  Кей кезде осы жолмен  рахаттанып өмір сүре отырып,  ойымыз іске асқан шақта,  тас төбеге қадала қарап қаламыз. Біздің  бұдан да үлкен  бақытқа  қол жеткізгіміз келеді.

Практикалық  бөлім.

Техника №1  «Қысым - босаңсыту»

Бұл жаттығу өзінің тиімділігімен жақсы, оны дененің барлық  негізгі бөлігіндегі  шаршауды басу үшін  өткізіледі. Рет-ретімен берілген барлық кешенді  күніне бірнеше  рет қайталаңыз  (әр жаттығуды үш рет қайталау керек):

Көз: көздеріңізді әуелі бір жаққа сосын келесі жаққа жайлап айналдыру керек.

Көзқарас: назарды жекелеген бір затқа қадап, сосын жақын тұрған затқа жайлап аудару керек

Қабақ: көз аралығындағы бұлшық еттерге күш түсіре отырып қабағыңызды түйіңіз сосын бұлшық еттерді біртіндеп босатыңыз.

Жақтар: аузыңызды кере ашып, бар ниетіңізбен  есінеңіз.

Мойын: басыңызды алға-артқа, оңға-солға қарай шайқаңыз, сосын  айналмалы қозғалыстар жасаңыз ( алдымен - сағат тілі бойынша, сосын- сағат тіліне қарсы)

Иықтар: иықтарыңызды құлақтың деңгейіне дейін көтеріңіз және жайлап түсіріңіз .

Қолдар: білекті босату және айналмалы қозғалыстар жасау  ( алдымен - сағат тілі бойынша, сосын- сағат тіліне қарсы)

Жұдырықтар: жұдырықтарды барынша қатты  жұмыңыз, сосын жайлап   ашыңыз.

Дене: ақырындап  терең дем  алу,  демді ұстап тұру,  біртіндеп шығару. Жауырынды ию (алдымен –алға-артқа, сосын оңға-солға) 

Жамбастар мен  тілерсектер: жиыру және босату .

Табандар : айналмалы қозғалыстарды  ауыстыра отырып  жасау ( алдымен - сағат тілі бойынша, сосын- сағат тіліне қарсы)

Бақайлар: бақайларды бүгу, сосын жазу, созу және табанды бүгу.

Музыка №  5 (Арфа)

Рефлексия.

-Тұлғаның біртұтастығы дегенді қалай түсінесіздер?

- Тұлғаның біртұтастығының қалыптасуына не ықпал етеді?

- Өзіңнің арналып қойылуыңды қалайша анықтауға болады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-сабақ

МЕН БІРТҰТАС ТҰЛҒАМЫН

Мақсаты: оқушылардың өзіндік қабылдануына және дүниеге сеніммен қарауына жағдай жасау.

Міндеттері :

-         Өзін және дүниені біртұтас қабылдауды қалыптастыру;

-         Өмірлік жол таңдаудағы  дербестік пен жауапкершілікті дамыту;

-         Оқушылардың өз тәжірибелерін  сараптауға жағдай жасау.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

«Жанға жайлы киім»

 

 

Жаныңа  лайықты  киім тік... жайлансын,

Таныстары оның  жаңа киіммен жүр екен.

Біреулері  немқұрайлылық шәлісін киіп,

Біреуі екіжүзділік  пен  ызаның  тікенін тағып.

 

Біреулері  жағымпаздықтан  кешкі көйлек киіпті ,

Біреуіне өшпенділіктіктен жасалған киім түсіпті.

Үстіңде сенің   қарапайымдылық пен жанашырлық киімі,

Бұлар бүгін  сәнді емес және назардан тыс қалыпты...

 

Бала кезде сенімділіктен тігілген көйлекті ұнатушы ең,

Сенің жаның  жылдар бойы,  тозғанша оны киіп  келген

Қазір ол  тар боп  қалып, тігісінен тырсылдап тұрса да,

Зұлымдық пен көреалмаушылық сен үшін қызық емес ....

Өзіңдікі емес киімді киюге тырысқаннан не пайда

Күдіктен гөрі,  жаныңа үміт болсын жақындау...

Өсектен тігілген киімдер масқарадқа тігілген костюмдей

Жан –дүниеңе  жалған маска не керек...  менсінбе...

 

Бос уәдеден бойың аулақ, ұятың,  ар-намысың қасыңда,

Түсіністік пен махаббатттан тігілген көйлекке не жетсін,

Пайда көздеп  тігілген  шолтиған мини юбка қасында...

Жаныңды жарқын етіп, өзгелерге ашып қой, жарқылда...

 

Жан  дүние киімін  сәнге лайық  ауыстыруға асықпа,

Бөтен  ақыл  стильге   сәйкесеріне кім кепіл.

«Жанның көркі  сәнді  киім» дауымыз жоқ, әрине,

Жанның  көрік –сәні  келмесе,  сәнді киім не керек?!?

 

Теориялық бөлім.

«Табыс  экологиясы» үшінші мыңжылдықтың ең принципшіл түсініктерінің бірі болып табылады.  Экологиялық табыс дегеніміз – бір жағынан нәтижеге әкелетін, ал екінші жағынан осы  ішкі  сезімге алып келетін табыс. Иә, не нәрсеге де қол жеткізу мүмкін ғой, дегенмен, іште наразылық, сенімсіздік, ыза, өкпе жиналып жатса, сыртқы жағдайда дүниенің бәрінен  ләззаттана аламыз ба?

Біздің басты міндеттерміздің бірі – өзіміздің МЕНімізді құру.  Осыны жасай алатын  дүниелер-дұрыс қылықтар мен іс-әрекеттер. Табыс дегеніміз – өте кең ауқымды ұғым. Бұл жай ғана ақша емес. Бақыт дегеніміз – қарапайым  қанағаттанушылық сезімі. Бұл дүниеде қайдағы бір қалдықтарды теріп, жай ғана  өмір сүрмей,  өзіңді осы екі салада іске асыра отырып, жан-жақты толыққанды өмір сүру керек.  Жалғыз ғана принціпшіл жағдайда: егер  өмірде өзіңіздің арналып қойылуыңыз шеңберінде әрекет жасағанда ғана табыс – жасампаз әрі экологиялық бола алады. Мына «өмірге бейімделу» тұжырымдамасы күшіне қарай емес, шын мәнінде өмір сүруіңізде, білесіз бе.  Қолға түскенге ие болу деген сөз емес, білесіз бе. Міне, «маған осы бизнесті берді, сондықтан онымен айналысудамын. Менің жұмысқа қолым жетті, сондықтан жұмыс жасап жүрмін. Мен бұны өзгертуге тырыспаймын». Бұл шын мәнінде сәтсіз әрі  жолы бомайтын  адам тұжырымдамасы. Сырттан не беріп  жатса да, бұл сәтсіз адам тұжырымдамасы, өйткені ішкі қуат  тіпті сенім жоқ, міне не нәрсені өзгерту болады.

Екінші тұжырымдама  – қолда бар аздың қадірін білуді, оны сақтауды,  түрлі салаларда өзін тұлға ретінде  бұл дүниеде іске асыруды ойластыратын,  Тағдырдың барлық жағдайын өзгерте алатын, түсінесіз бе, нағыз көшбасшы адамның   тұжырымдамасы … философиясы...Бұл дүниеде мен өзімді қалайша  іске асырамын? Міне, осы философия сіздің жаныңызға қаншалықты тән екенін ойластырыңыз?

Біз бұл дүниеге жай ғана бейімделіп, оның ағымымен жүзу үшін келген жоқпыз,  өз әлеуетімізді толығымен жүзеге асыру үшін келдік. Егер де біз сіздермен өмірге  парасатты қарайтын болсақ,  үшінші мыңжылдыққа қадам басып отырғандықтан, біз табысқа тек құлшынып қана қоймай, оған  әлемтану заңдарын бұзбай,  сауатты түрде қол жеткізуге тиіспіз. Біз сіздермен үшінші мыңжылдықтың ұрпақтарымыз.  Сіздер мен біздерге үйрену  керек. Біздер осы отбасының жай ғана мүшесі, осы қаланың жай ғана тұрғыны, немесе   осы  елдің –Қазақстанның жай ғана  тұрғыны, тіпті  осы ғаламтордың жай ғана тұрғыны ғана  болмауға үйренуіміз керек. Жоқ. Біз барлық Дүниенің тұрғыны болуға үйренуіміз керек. Түсінесіз бе? Міне, біздің дәуіріміздің міндеті осы.

«Аса жетістік» Формуласы

Бұл дүниеге жай ғана бейімделіп қоймайтын, өзін-өзі  бұл өмірде шын мәнінде толығымен іске асырғысы келетін адам  Егер   түрлі танымал адамдардың өмірбаяндарын  оқысаңыздар, әдетте  бұндай адамдарға  тұлғаның төрт деңгейі арасындағы  бірлік барын аңдайсыз.

Бірінші деңгей:бұл адамдар нені қалайтындары айында өздеріне анық есеп берген. Басқаша айтқанда, бұл  тілек  деңгейі. Олар өздерінің  тілектерін саналы түрде сезінген  және  тілектерін орындау үшін, одан  бас тарту үшін емес,  шешім қабылдауда батылдық, табандылық танытқан.

Екінші, тілектері, оның бәрін ойластырған, яғни, «Бұл тілегім нені білдіреді?», «оны қалай іске асыра аламын?», «қандай тәсілдері бар?» және т.б. ойластыруға өздерінің ментальдық энергиясын жұмсаған. Сөйтіп,  бұл ойластыру саласы. Бұл екінші сала, осы күштің көрінуінің екінші  деңгейі.

Үшінші деңгей:. Бұл дегеніміз не? Бұл сөйлеу деңгейі. «мен бұны тек қана ойыма алып жүрген жоқпын, мен .... армандаймын» (Манилов, Гоголь кейіпкерлерінің бірі, шынынлда да осындай дүниемен  айналысты ғой деймін, иә?.. Ол өзі тұрған жерден Петеребургке дейін хрусталь көпір салып т.б. жасады. Демек, сөйлеу дегеніміз не? Сөйлеу –әлеуметке менің қалай енетінімді, әлеуметпен қалайша өзара әректтерге түсетінімді білдіреді.  Мен мүмкіндіктерді  әлеуметтің өзінен іздестіре бастаймын. Тек қана әлеуметте емес, өз миымда. Мен түрді адамдармен сөйлесемін, сұраймын, нақтылаймын. Өзіме түрлі әріптестер, әрііптестер ме.., жоқ қалай деуші еді... ойы бір пікірлестерді десем дұрыс болар, табамын. Демек, мен әлеумет ішінде өз белсенділігімді танытамын. Бұл шынайы мінез –құлық саласы. Мен мүмкіндіктерді іздестіремін. Назар аударыңыз. Міне біз осы күшпен шығамыз. 00:37:12

Төртінші, осы төртінші деңгей дегеніміз  не? Бұл Әрекет. Амал. Мен тек талқылап қана  қоймаймын, іздеймін-мен назарымды шоғырландырамын,  нақты күш салу туралы ұсыныстар жасай бастаймын. Сонымен  – «аса жетістік» формуласы міне осы. Бір қарағанда, қарапайым көрінуі мүмкін, бірақ, оны мүмкін өзіңіздің іс әрекетіңізді сараптасаңыз  не көресіз? Әрі кетсе, ең азы  95% жағдайларды. Біз тұлға ретінде НЕНІ  қалайтынымызды  мүлдем ойластырмаймыз. Біз тек әлеуметтік ортада  қызмет жасаудамыз. Осы рас қой?

Практикалық  бөлім.

Нақты тілекті анықтау техникасы

10 рет МЕН кіммін? деген сұраққа жауап беріңіз.

Ойыңызға келген тілектердің бәрін  өзіңізді сынамай жазып қойыңыз.

Оны қайта оқып шығыңыз және өзіңіздің тілектеріңізді таңдаңыз.

Бұл жаттығу өмірдегі өз таңдауыңыз үшін жауапкершілікті дамытады және сыртқы нұсқаулардан  (ата-аналардың, мұғалімдер мен жаны ашитындардың)  босатады.

Медитация

1.Ең алдымен, Дүниенің ешқандай жоғары бастамасы жоқ деп елестеуді өтінемін.  Ешқандай. Көздеріңізді жұмып отырасыз ба, басқаша ма өздеріңіз біліңіздер, өзіңізге қалай қолайлы болса солай елестетіп көріңіздер. Сонымен, Дүниенің ешқандай жоғары бастамасы жоқ деп ойлаңыздар.  Немесе онымен сіздің ара-қатынасыңыз жоқ деп ойлаңыздар. Қайсыны ойлауыңыз маңызды емес, тек ойлап, елестетіңіз. Демек, сіз бұл дүниеде жападан-жалғызсыз. Ойланып көріңізші, дүниедегі түрлі проблемалардың барлығын сіздің өзіңіз жалғыз шешуіңіз керексіз. Ешкім сізге қолдау, көмек көрсете алмайды. Міне,  осы дүниеде жалғыз қалу,  жалғыздық сезімі осы. Мен жалғыз, және мен жалғыз барлық дүниемен өзара әрекеттесімін. Бірнеше секунд осы елесте бола тұрыңыздар. Жақсы,  тоқтатыңыздар. Осы кезде алған сезімдеріңізді жоғалтпауларыңызды өтінемін.

2.Көздеріңізді  жұмыңыздар. Дүниенің жоғары бастамасы бар, ол сіздерге мына Махаббат қуатымен әсер етеді деп ойлаңыздар. Яғни, бұл махаббат күші, ол сіздің өміріңізге үнемі барып тұрады деп елестетіңіздер. Міне, бұл байланыс, бұл қолдау, қоштау;  олар әрқашан  қасыңызда. Ендеше осындай түсіністіпен, осындай саналықпен, осындай тәжірибемен өмір сүріп жатырмын деп елестетіңіздер.  Демек, біздің өмірімізге үнемі келіп жататын Махаббаттың тылсым күші бар. Ол сіздерге жол сілтеу, басшылық, қорғаныш, қолдау береді. Сөйтіп,  өмірлік тәжірибе туралы ойлаған кезде, өз бойларыңызда орын алған сезімді ұмытпаңыздар. Қайта ораламыз.

- Енді менің  сіздерден медитация кезінде  қандай күйге түскендеріңізді, нені сезінгендеріңізді, екінші медитация барысында  қандай сезімде болғандарыңызды сұрағым келіп отыр.

Салқындық, жабығу, қысылыс болды ғой деймін?

Ал екінші жағдайда біріншіден, Дүниеге болмастай кеңею, бірінші жағдайда бұл  жылылық,  бұл кеңдік, бұл таралып жатқан қуатты сезіну; екіншісінде бірлік пен ішкі үйлесімді сезіну

-         Рахмет.

Қорытынды: елестетудің бір жүйесі-жалғыз болу, алас қалу жүйесі. Мен жалғыз. Мені қолдайтын күш жоқ. Менің қандай екенім туралы терең түсініктер осы.

Екінші елестету – жеке тәжірибе жүйесі- мені қорғап, қолдап тұратын және маған  басшылық жасайтын бір күштің барына түйсіктегі сенімділіктің болуы, міне, осыған байланысты өз дүниетанымымда, осы аяқ асты өткізілген медитацияға  қарай, өміріңіздің сценарийі мүлдем әр түрлі болады. Дәл қазір қандай сезіммен өмір сүріп жүргеніңізді ойланыңыз? Осы сезіміңіз екінші медитациядан гөрі, бірінші медитацияға көбірек қатысты.

Рефлексия 

1. Экологиялық табыс дегенді қалай түсінесіздер?

2. Сіздер медитациядан кейін не сезіндіңіздер?

3. Тілектердің орындалуы кезінде нені ескерген жөн?

 

 

 

 

19-сабақ

ЕРЕСЕК ӨМІР ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА

 

Мақсаты: жеткіншек шақ пен жас кезеңдері  ерекшеліктерін түйсіну   арқылы кәсіби карьера қалыптастыру

Міндеттері :

-         Э.Эриксонның жеткіншек шақ пен жас кезеңдер  ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту;

-         Кәсіби мансапқа жетуді жоспарлау дағдыларын дамыту ;

-         Өмірлік жолды таңдаудағы  жауапкершілік пен дербестіккке тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Таңдау туралы өсиет әңгіме

 Бірде жас торпақ өзінің табынына қайтып келу үшін жабайы орман  арқылы өтпекші болады. Ол ебедейсіздігі мен тиімсіздігінен бірде төбеге шығатын, біресе ойпатқа түсетін, бағыты үнемі ауысып отыратын жолдармен айналшықтап ұзақ жүреді. Келесі күні сол маңайдан жүгіріп өтіп бара жатқан ит орманнан өту үшін осы іздерді пайдаланады. Кезек  отар бастап  келе жатқан қошқарға жетеді, ол да жолмен бүреудің жүріп өткенін көріп, қойларды сол жолмен  алып өтеді.

Кейін адамдар да сол соқпақты пайдаланады: олар   біресе оңға,  біресе солға жүреді, бірде төбеге шығып, бірде сайға түсіп, бір орынды бірнеше айналшықтап  жүреді, оған өздері оған  наразы болып жатады. Бірақ олар басқа жол табу үшін ештеңе істемейді. Көпшіліктің белсенді пайдалануы арқасында әлгі соқпақ кең жолға айналады. Байғұс жануарлар  жарты сағатта өтетін жол іздестірмей, жас торпақ  салған соқпақпен  үш сағат бойы жүретін ауыртпалықтан азап шегеді.

Көп жылдар өтеді, жол поселкенің басты көшесіне, сосын қаланың басты даңғылына айналады. Бұл бағыт барлық мүмкін бағыттардың ішіндегі ең ыңғайсызы болғандықтан жұрттың бәрі оның ыңғайсыздығын айтып, наразы болып, арызданып жатады. Ал  кәрі, данышпан  орман болса адамдардың салынған жолмен, бұл барлық жолдардың ыңғайлысы ма, жақсысы ма деп сұрамай,  ойланбастан  салынған  жолмен  көзсіз кете беретінен қарап күліп жатады.

Теориялық бөлім.

Жеке тұлғаның (индивид) психикасын  дамыту — шартты,  әрі өзіндік реттелуші белсенді үдеріс. Бұл  —  іштей қажетті қозғалыс,  сыртқы жағдайлар, оқу мен тәрбиелеу ішкі шарт арқылы әрекет ету бар өмірлік қызметтің төменгі деңгейінен жоғары деңгейіне «өзіндік қозғалыс»; жеке тұлғаның  психологиялық  дамуындағы, оның тұлға ретінде қалыптасуындағы   өзіндік жеке белсенділігінің рөлі жасы ұлғайған сайын біртіндеп артады.  Эриксонның ойынша:

Тұлға сатылап дамиды, бір сатыдан екіншісіне көшу  оның келешекте өсу  бағытындағы қозғалысқа дайындығына, сезіну,  әлеуметтік дүниетаным мен  әлеуметтік өзара қызметтестік аясының кеңеюіне қарай күні бұрын  белгіленген болады;

         Эриксон құрған тұлғаның даму теориясының түпкі мәні адам өмір бойы адамзатқа арналған бірнеше әмбебап кезеңнен өтуінде жатыр. "Детство и общество" (1963ж.) атты кітабында Эриксон адам өмірін психологиялық әлеуметтік дамудың  жекелеген сегіз кезеңіне бөлген. Бұл  кезеңдерді ол  тұлғаның жан-жақты генетикалық «жоспарының» нәтижесі деп есептейді.

 

 Эрик Эриксонның психологиялық әлеуметтік дамуды кезеңдендіруі

 

Кезеңдер

Жасы

Дағдарыс

Мықты жағы

1 кезең

1 жасқа дейін

Базалық сенім-сенімсіздік сезімдері

Үміт

2 кезең

1-3 жас

Автономдылықұят, күдіктену.

Ерік –жігер күші

3 кезең

3-6 жас

Бастамашылық кінә

Мақсат

4 кезең

6-12 жас

Еңбексүйгіштік  – олқылық .

Құзыреттілік

5 кезең

12-19 жас

Барабарлық  – рөлдік ретсіздік

Сенімділік

6 кезең

20-25 жас

Сыршылдық  – оқшаулану. Ерте есею.

Махаббат

7 кезең

26-64 жас

Өнімділік –тоқырау. Ересектік

Қамқорлық

8 кезең

65-өлім

Тұтастық  – күйзеліс, шарасыздық. Кеш есею, толысу.

Даналық

 

 

Диагностика

Қыздар мен жігіттердің бойындағы  субъективтік  бақыт образын эксперименттік зерттеу.

Зерттеу мақсаты - қыздар мен жігіттердің бойындағы  субъективтік  бақыт айырмашылығын зерделеу.

Зерттеу объектісі – жеке сана.

Зерттеу мәні  - жеткіншек  жастағы тұлғалардың жеке ерекшеліктері.

Зерттеуді өткізу кезеңдері.

 Бірінші кезең – «бақыт» суретті тестін орындау, оның барысында  психолог сыналушының шұғыл  айтылған ескертулері мен түсіндірмелеріне назар аударады.   

 Екінші кезең  – қандай да бір образдың қандай мотивтер бойынша таңдалуын анықтауға  бағытталғаны жайлы әңгімелесу.

 Үшінші кезең   - жазбаша сауал. Бұл кезеңде сыналушыға келесі нұсқаулық беріледі: «Енді қазір сіздер  суретті аяқтаған уақытта, бір парақ қағаз алып ондағы  сұрақтардың әр қайсысына бес нұсқамен жауап жазыңыздар». Қойылатын сұрақтар:

"Қандай жағдайларда сіз өзіңізді бақытты сезінесіз?"

"Өзіңізді толығымен  бақытты сезіну  үшін сізге не қажет?"

«Қорытындылар: жігіттер үшін бақыт  мейлінше заттық,  ал  қыздар үшін  - метафоралы, эмоционалды.

- жігіттер бақытты қажеттілікті қанағаттандыратын нақты образ, зат түрінде елестетеді, метафора қыздар үшін абстрактілі бақыт түсінігіне қатысты нашар ұғынылған алаңдаушылықтарын жалпылау және анықтау амалы.

- қыздарға абстрактілі бақыт түсінігін суретте көрсету күрделілірек және сондықтан олар  ұлдарға қарағанда, көбінесе сөзбен және әріптік белгілер арқылы көрсетуге тырысты.

Өздерін  толыққанды бақытты  сезіну үшін жігіттерге де, қыздарға да ақша, отбасы, достары және денсаулық қажет.

Жастар өздерін достарының ортасында, барлық тілектері орындалғанда және  мақсаттарына қол жеткізгенде бақытты сезінеді.

Жеткіншектер жасының психологиялық ерекшеліктері

Дүниетанымның қалыптасуы; өз пікірін  білдірудегі дербестік; адамның моральдік келбетіне талапты күшейту; өзіндік бағалауды қалыптастыру; өзіндік тәрбиеленуге құлшыныс - жеткіншек жастағы жаңаша  қалыптасулардың ең бастылары болады.

Жеткіншек жаста топтық қатынастар, әдетте, жарыс тәрізді және ортадағы салиқалы орын мен бедел үшін күрес түрінде болатындықтан, сайланбалы реттегі достық, жолдастық қарым-қатынастарды дамытумен қатар,  терең әрі мықты қатар, достықты қызу  іздестіруді қарастырады.

Практикалық бөлім

«Жаңа  өмір алдында»  тренингі 

Мақсаты : жеткіншектердің кәсіби мансапты анықтау даярлығын қалыптастыру үдерісін белсендіру.

1. Сәлемдесу.

2. Ақпараттық бөлім 1.

Жүргізуші: әлемде біздің  таңдауымыз мүмкін болмайтын заттар аз.  Оған біз, өмір сүріп жатқан тарихи дәуір, біздің ата-аналарымыз, ерте балалық шақтағы оқиғалар жатады.  Осылардан басқаның бәрі қандай да бір деңгейде болмасын біздің таңдауымызға байланысты.  Соның ішінде, мамандық таңдау -  біздің тағдырымызды анықтаудағы  барынша жауаптысының бірі болып табылады. Бұған барынша салиқалы үлкен жауапкершілікпен қараған абзал. Мамандықты дұрыс таңдау үшін үш нәрседе дұрыс  тапқан бағдар ұстаған жөн. 

Біріншіден, сіздің кәсіби бейімділігіміз бен қабілетіміздің қаншалықты екенін анықтау. Қысқаша «мен қалаймын»  деп айтсақ та болады.

Екіншіден, ақыр соңында кәсіби жарамдылығыңыз бен мүмкіндігіңізді анықтайтын  сіздің маңызды  кәсіби қасиеттеріңіз: денсаулық, біліктілік пен қабілетіңіздің  қаншалықты екенін бағалау. Жай сөзбен айтқанда, «менің қолымнан келдіңіз» қаншалықты деген сұраққа жауап беру. 

Үшіншіден, еңбек нарығында қандай мамандықтардың сұранысқа ие, қандай мамандықтардың келешегі зор және қандай мамандықтар бойынша  мамандар дайындайды, қай мамандықтар бүгінгі күні қоғамға «керек» екенін білу. 

4. Жаттығу   "Ассоциациялар".

Нұсқаулық: біреуіңізден кез келген мамандықты атауыңызды өтінемін. Оның сол жағында отырған адам аталған мамандыққа қатысты  ассоциация  атасын және мамандықтың өз нұсқасын айтсын.  Келесі қатысушы жаттығуды жалғастырады және жаңа мамандыққа байланысты    ассоциациясын атайды т.с.с.

5. Ақпараттық  бөлім 2.

Жүргізуші: мамандық таңдаудың белгілі бір ережелері бар. Өз  қалауларыңызды білу, әрі түсіну және оған қалайша қол жеткізуге болатындығын білу- табысқа апаратын жол. 

1. Барынша көп мамандықты зерделеңіз. Қандай мамандықтар мен кәсіптердің бүгінгі күні қажет екенін анықтаңыздар.

2. Өз-өзіңізді тереңірек  зерделеңіз, өзіңіздің бейімділігіңіз бен қабілетіңізді,  мінезіңіз бен физикалық мүмкіндігіңізді саралаңыз. 

 3. Барынша қызықты мамандықты таңдаңыз.

 4. Таңдалған мамандықты терең зерделеңіз.

 5. Мамандық туралы алған білімді өз мүмкіндігіңізбен салыстырыңыз, ата-аналармен, мұғалімдермен, дәрігермен кеңесіңіз.

6. Дәл осы  мамандықты іске асыруға  қандай да бір  шектеулер болса, басқа нұсқаларды қарастырыңыз.

 7. Шешім қабылдаған соң, қиындықтардан   қайтпаңыз. Алдыңызға қойған мақсаттарға қол жеткізуде табанды  болыңыз.

 6. Жаттығу  "Ауыстырғыштар".

Нұсқаулық: дүниеде көптеген мамандықтар бар, біреуі жаңадан пайда болса, енді біреуі ескіріп жатады. Мамандықтардың  5 түрін  ерекше бөліп  айтуға болады: адам-табиғат, адам-техника, адам-адам, адам, адам –белгі жүйесі, адам  – көркемдік  образ (сабаққа қатысушылар аталған мамандықтардың бір түрімен  табличкалар алады). Мен мамандықты атаймын, ал сіздер, яғни, бұл мамандық  қолыңыздағы парақтағы  мамандықтар түріне жатады деп есептейтіндеріңіз  орын ауыстырасыздар.

 

Рефлексия

"Ауа райы болжамы"

 Әр адам дәл осы эмоционалдық жағдай туралы  «ауа райы болжамы" тілімен айту, яғни, ауа райы сипаттарымен өзінің ішкі дүниесін  суреттеу:  жылдың қай мезгіліне сәйкеседі? Бұлтты  әлде ашық па? Желді әлде тымық па? Жауын-шашын? Тәуліктің қай уақыты? Температура қандай? (температураны анықтау кезінде 0 ден +10 ◦С интервалда анықтау  туралы қатаң шарт қойылады).

Сосын әр қатысушы кезекпен (сағат тілі бойынша) өзінің ішкі   эмоционалдық жағдайы туралы айтып береді, бұл жағдайдың ең соңғы сипатын  (температураны) педагог маркермен  (бормен) қағаз бетіне  (тақтаға) жазып қояды.

 Қатысушылардың бәрі пікірлерін білдіріп  болған соң,   педагог барлық температуралар белгісін кестеге түсіреді. Кесте құрылып болғасын  педагог өзара қарым-қатынасқа қатысушыларды өз эмоцияларын сараптауға және өткізілген сабақ туралы  өз ойларын айтуға шақырады.

 

 

 

 

20-сабақ

ӨЗ ҚҰРДАСТАРЫМНЫҢ ЗАМАНДАСЫМЫН

 

Мақсаты: қазіргі заманғы  ұрпақ туралы түісініктерін кеңейту

Міндеттері:

-         Ұрпақ  қалыптасуының  негізгі факторларымен танысу

-         Жобалық қызметпен айналысу  қабілеттерін дамыту

-         Оқушылардың бойында  патриотизм және ізгілік сезімдерді тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Теориялық бөлім.

Адам өмірінің кез келген сәтінде белгілі бір жас мөлшерінің  фазасында болады. Жас мөлшері дегеніміз  — адамның  өзіне берілген шамалы  уақыттың бір бөлігінде  үнемі болуы; ол үнемі не өмірлік жолдың басында болды, не оның орта беліне қарай  келеді, не жарты жолын өтіп, не болмаса аяғына таяп қалады. Қысқасы, ол-сәби, жеткіншек, ересек немесе қария.  Мысалы, 2015 жыл –бізге өзінше біреу ғана  сияқты, бірақ сонысына қарамай, осы жылы  жеткіншек те , салиқалы  ересек те,  ақсақал  қария да өмір сүруде, демек дата үш түрлі мән тудыра және оларды өзара біріктіріп яғни, үш жастың бірлігін бір тарихи уақытта атай   отырып белгіленеді.

Біз бәріміз замандаспыз, бәріміз бір уақытта, бір жағдайда және бір әлемде өмір сүрудеміз, бірақ олардың  қалыптасуына қатысуымыз түрліше.

Замандас  және  құрдас— бұл екеуі әр түрлі дүние: тарихта  бұларды жас бірлігі мен уақыт бірлігін ажырата отырып ертеден ақ ажырату  жөн.  Сыртқы, хронологиялық уақытқа енген,  бірлесіп өмір сүретін өмірлік әр түрлі үш жас бар. Сөйтіп, бір ортада бірлесе өмір сүретіндер қауымы  ұрпақтар деп аталады.  Басқаша айтқанда, ұрпақтар әу бастан өмірлік қатынастардың  екі сипаты: жас бірлігін және өмірлік  қатынастарды біріктіреді. Ал бұл болса, өз кезегінде ең алдымен, тарихи уақытта өзіндік орын алатын, әндегі  бірінен  кейін бірін қатаң да тәуелді түрде ауысып отыратын нота тәрізді, адам ұрпақтарының әуенінде  біреуінен кейін өзін жайлы жария етіп отырады; екіншіден, оның  кеңістікте өз орны бар.

Ұрпақ — бұл біртұтас өмірлік үлгі немесе керек десеңіз, жеке тұлғаларға өшпес таңба қалдыратын  небір сән.

Адам өзінің әр сәтінде нанымдар әлемінде өмір сүреді. Оның басым көпшілігі бір дәуірде өмір сүріп жатқан барлық адамдарға ортақ болып келеді; бұл уақыт рухы.

Практикалық бөлім.

«Эпитафия» жаттығуы

Жүргізуші: сіздің құрдасыңыздың өмірлік жолын көз алдымызға елестететйік. Оны, жынысы мен туған жерін анықтаңыз. Ал қазір балалар, оның өмірін, өмірінде болып жатқан  айтулы мерзімдер бойынша сипаттап көрейік. Әр қайсысыңыз айнала отырып,  құрдасыңыздың басынан өткен бір оқиғаны, оны ол қалайша өткергені туралы жазыңыздар да, эстафетаны өмірінің ақырына дейінгі хронологиялық таспаны сақтай отырып келесі адамға беріңіз.

Қорытынды: бұл жаттығу  проекциялық сипатта болады, балалар маңызды оқиғаларды, балалар  олардың көзқарастарын түсінбестіктен өздеріне  проекциялайды, сөйтіп, өз  нанымдары мен құндылықтарының  жүйесін байқайды. 

Жобазерттеушілік қызмет

Жоба кезеңдері

 
Пирамидальная диаграмма

Үлгі ретінде берілген тақырыптар: «Біздің  ұрпақтың құндылықтары», «NEXT ұрпақтары», « Өз елінің патриоты», «Болашақ менің құрдастарымның көзімен »

Рефлексия 

1.     Уақыт рухы  түсінігі   нені білдіреді ?

2.     Замандас пен құрдас арасында қандай айырмашылық бар?

3.     Өз ұрпақтарыңызды қалай сипаттағыңыз келеді?

 

 

 

21-сабақ

 АДАМ ӨМІРІНДЕГІ УАҚЫТ ӨЛШЕМІ

 

Мақсаты: Психологиялық уақыт жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Өткенге, қазіргі шаққа және болашаққа деген  қатынасын талдау;

-         Уақытты жоспарлай білу дағдысын қалыптастыру;

-         Уақытқа қатысты  құндылық пен маңыздылық қасиеттерін тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Уақыт құндылығы

Бір минуттың құндылығын түсінгіңіз келсе... ол жайлы пойызға кешіккен адамнан сұраңыз.

Бір секундтың құндылығын түсінгіңіз келсе... ол жайлы аварияға түскен адамнан сұраңыз.

Бір милисекундтың құндылығын түсінгіңіз келсе... ол жайлы Олимпиадалық ойындарда күміс медальға ие болған қатысушыдан сұраңыз.

Әрбір сәтті қадірлеңіздер, өйткені сізде осы сәтті қайтадан бастан кешіруге ешбір мүмкіндік жоқ.

Уақыт – алтыннан да қымбат!

Теориялық бөлім.

Өсімдіктен бастап, адамға дейінгібарлық тірі организмдердің ішінде биологиялық сағат болады. Адамның негізгі биоритімі жиырма төрт сағаттық болып табылады. Адам организімінің барлық функциялары күн сайын өзгеріп тұруға бейімделген. Психологиялық уақыт  адамның психикалық әлеміндегі өмірлік жолдағы жағдайлар  мен уақыттық  қатынастар жүйелерін  айқындайды.

Психологиялық уақытқа не жатады?

- өмірдегі түрлі жайттардың өту тізбегі мен өту жылдамдығын бағалауы;

- уақыттың шектеулі және шексіз екенін, созылмалы және сығымдалған екенін бастан кешіру;

- өмірлік оқиғалардың қазіргі шаққа байланысты болуы мен өткен шақпен болашаққа қашық болуы - жасын сезіну, өмірдің қаншаға созылуы мүмкін деген түсініктің болуы.

Жасын сезіну, тұлғаның психологиялық уақыты тереңінен талдап көрелік. «Жас» ұғымы жан-жақты. Оның 4 түрін ажыратады: хронологиялық (төлқұжаттық), биологиялық (функционалдық), әлеуметтік (азаматтық) және психологиялық. Психологиялық жас ұғымы психологиялық уақытпен тығыз байланыста айтылады, (соның ішінде адамның ішкі дүниесінде өз жасын қалай бағалайтыны жайлы).   Мариэтта Шагинян былай деп жазады:  «Мен өзімнің сексен бес жасымда жас едім. Мен өзімді  осы сәтте жиырма жасымнан да жас сезіндім».  Кейбір адамдарға бұл тұжырымдама қызық көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде әр түрлі жастағы адамдардың өз жасын бағалауда белгілі бір заңдылық бар. Осылайша, эксперимент барысында 20-40 жасындағы жас адамдар мен  40-60 жастағы ересек адамдардың өз жасын қалай бағалайтыны анықталды.  Адам неғұрлым жас болса, соғұрлым өзіне ересек көрінеді екен, дәл осылайша ол өзге адамдарды да жасынан үлкен етіп бағалайды екен. 23 жасында тұрмыс құрмаған қыз, өзін кәрі қыз деп санайды, ал 30 жастағылар ол қыз үшін тіпті кемпір-шалдар болып көрінеді.

40 жастан кейін кері тенденция анықталған – адамдар өздерінің биологиялық жастарынан жас қабылдайды. Олар есейген сайын, олардың жаны, ішкі дүниесі  жасарады, алайда биология олардың шынайы жастарын еске салып отырады.

Психологиялық жастың кейбір сипаттамалық ерекшеліктері:

Әр индивидуалдықты «есептеудің ішкі шкаласы» бойынша өлшенеді;

Кейбір кездері шектеулі кері үрдіс жүруі мүмкін, яғни адам психологиялық өткен шақтың азаюуы мен психологиялық болашақтың шектеулі салмағының көбеюі негізінде  жасаруы не қартаюуы мүмкін;

Адамның түрлі өмірлік сфераларында (жеке өмірінде, іскерлік әлемінде) сәйкес болмауы мүмкін; 

Белгілі жасерекшелік кезіндегі психологиялық дағдарыстармен қоса берілуі мүмкін.

Жасерекшелік дағдарыстар -  адамның өмірлік жолындағы психологиялық «сыну» не өзгеріс кезеңдері. Бұл өзгерістер қай хронологиялық жаста өтеді?

Балалық шақта  — 6-7 жас; жасөспірімдерде — 12-14 жас; жеткіншектерде — 18-19 жас, 25-26 жас. Одан кейін дағдарыс әр 10 жыл сайын өтеді - 30, 40, 50, 60, 70, одан кейін әр 5 жыл сайын.  Адам онжылдық бойынша өмірін қорытындылап, болашаққа жоспар құрады. 40 жастағы дағдарысты өмірдің ортасында келгенде туындайтын дағдарыс деп есептейді. Бұл дағдарыстың күші жас кезінде қойылған мақсат, жоспарлардың қазіргі кездегі орындалуымен тығыз байланысты. Бұл дағдарыс адамға өмір сүрген кезін саралап, болашақтағы перспективасын адамға қажетті және өзін белсенді көрсетуге бағыттап жасайды. 

Әр адамға әр жас ерекшелік кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктер жайлы білген жөн: жастардың тұрақсыздығы мен максимализмі; ересек адамның жоғары еңбекке қабілеттілігі мен кәсіби деңгейінің жоғары болуы;  кәрі адамдардың өкпелегіштігі, қарым-қатынасшылдығы, тез шаршауы.

Психологиялық уақыт адам өміріндегі оқиғалардың хронологиялық өтуін тікелей көрсетпейді, ол «себеп-салдар», «мақсат-құралдар» күрделі жүйелері мен психикалық кеңістіктегі өзгерістер арқылы анықталады.

 

 

Диагностика

Психологиялық жасты анықтау тесті.

Өміріңізде 20 жастағы кәрі адамды немесе сергек, өмірі үмітке толы 80 жастағы адамдарды кездестірген кездеріңіз болған шығар. Ал сіздің психологиялық жасыңыз нешеде?

Сонымен, сізге ақ қағаз бен қарындаш қажет. Көлденеңнен тік сызық сызыңыз, ол сіздің дүниеге келген сәттен өмір сүргіңіз келетінін жасқа дейінгі өмірлік жолыңызды  айқындайтын болады. Өзіңіз тұрған жерді нүктемен белгілеп қойыңыз. Ол сіздің өміріңіз өткен шақ пен болашаққа бөліп тұр.

Енді өміріңізде болған маңыздылыққа ие  жақсы немесе көңіліңізден шықпаған оқиғаларды еске түсіріңіз. Ол мектепке, университетке келуіңіз, үйлену тойы т.с.с оқиғалар. Әлде сіз үшін оқылған кітап маңызды болып,   данышпан адаммен кездесу есіңізде қалды ма? Өмір сызығында осы сәттерді нүктемен белгілеп қойыңыз.

Неғұрлым маңызды оқиға болған сайын, нүктені де қою қылып белгілеп қойыңыз.

Енді қалған сызық бөлігіне қараңыз, бұл жерде сіз не істегіңіз келетіні жайлы ойланыңыз. Мүмкін сіз өз ісіңізді бастауды жоспарлаған боларсыз, әлде сүйкімді немереңізге тамаша әже болуды армандайсыз ба? Жоспарланған оқиғаларды да нүктемен белгілеңіз.

Ал енді санаңыз. Өткенде болған оқиғалар көп пе? Әлде болашаққа жоспарланған оқиғаларыңыз көп пе? Егер сізде өткен шақта нүктелер көбірек болса, онда бұл ойланарлық жағдай. Ол сіздің психологиялық жасыңыздың жас емес екендігін білдіреді. Егер бар қызықтың бәрі өткенде қалды деп ойласыңыз, шұғыл арада болашаққа  қызықты оқиғалар жоспарлаңыз. Ол оқиғаларды қою нүктемен белгілеңіз.

 

Биологиялық жасты өлшеу

1. «Ләйлек»

Көзіңізді жұмып, бір аяққа тұрыңыз. (екінші аяғыңыз жерден шамамен 10 см жоғары болуы керек). Қолмен тепе-теңдік сақтауға болады, бірақ қабырғаға немесе басқа затқа тірелуге болмайды. Секундомерде уақытты санауды ұмытпаңыз. Сонымен, қанша уақытқа бір аяқпен тұра алдыңыз?

Егер сіз осы қалыпта:

30 және одан да көп секунд тұра алсаңыз - сіздің биологиялық жасыңыз 20-да.

20 секунд - 40 жас.

15 секунд - 50 жас.

10 секунд аз - 60 және одан жоғары.

 

Практикалық бөлім

Уақытты жоспарлау

«Менің қазіргі шағым» жаттығуы.

Балалар дәптермен жұмыс жасайды. Олар шеңберде секторлар бойынша (бір күннің шартты белгісі) күнделікті өмірде белгілі бір нәрсеге қанша уақыт жұмсайтынын белгілейді. (ұйқы, сабақ оқу, достарымен кездесу, үй шаруасы т.с.с). «Уақыт шеңбері» астында өз қатынасын білдіруге арналған арнайы жолдар бар:

ұйықтап жатырмын

мектептемін

үй тапсырмасын орындаудамын

үй шаруасы

теледидар көремін

Жаттығудың екінші бөлігінде  «уақытты құртушылар» немесе «троглодиттер» жайлы талқылау өтеді. Олар уақытты босқа кетіріп, күнді қысқартатын шаруалар. Тақтаға осындай «троглодиттер» тізімі жасалады, бұл тізімге жасөспірім үшін маңызды және қажетті шаруалардың қосылып кетпеуі маңызды: телефонмен ұзақ сөйлесулер, саны жоқ сериалдар көру, бір компьютерлік ойынды қайта-қайта ойнау, дұрыс жасалмаған шаруаларлы қайта орындау, т.с.с

Өз күніңді аз шаршап, көп үлгеру үшін  қалайша «қайта жоспарлауға» болады? Ол үшін екінші «уақыт шеңберін» толтыру ұсынылады.

Рефлексия 

- Сіздің биологиялық жасыңыз психологиялық жасыңызға сәйкес келеді ме?

- Өзіңіздің күнделікті мектеп өмірінде нені «қайта жоспарлағыңыз» келеді?

- Неліктен уақыттың қадірін білу керек?

 

22 - сабақ

АДАМ ӨМІРІНДЕГІ УАҚЫТ ӨЛШЕМІ

 

Мақсаты: Психологиялық уақыт жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-         Өткенге, қазіргі шаққа және болашаққа деген  қатынасын талдау.

-         2.Уақытты жоспарлай білу дағдысын қалыптастыру

-         Уақытқа қатысты  құндылық пен маңыздылық қасиеттерін тәрбиелеу.

 

Ұйымдастыру кезеңі

Психологтың кіріспе сөзі

-         Бүгінгі сабақта біз уақыт ұғымына анықтама беріп көрелік. Біз неліктен уақытқа тәуелдіміз? Осы тәуелділіктен арылу үшін біз қандай әрекет жасай аламыз?

 

Теориялық бөлімі

Уақыт – бұл өте күрделі құрылым, оның қайдан пайда болып, адам өміріндегі  маңыздылығын түсіну үшін уақыттың не екенін түсініп, оны толығымен зерттеу қажет. Әрине,  уақытты сәтті зерттеулер жүргізіліп жатыр. Алайда оны қарапайым тілмен түсіндіру мүмкін емес, ол үшін кванттық физиканың майталманы болу қажет. Алайда, адам ми арқылы  уақыт құрылымымен жұмыс жасай алатыны дәлелденген.

 

ЖЫНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК

Ер адамдар уақытты нақты және дұрыс қабылдайды, ал эмоционалды әйел адамдар не уақытты көбейтіп қояды немесе азайтады

Тыныс алу мен тамыр соғысының жиілігі 

Брадикардияға (жүрек ритмінің баяулығы)  бейім және  тыныс алу темпі баяу адамдар үшін уақыт ақырын жылжиди. Керісінше, тахикардиямен (жүрек соғысы жылдам) ауыратын, тыныс алу жиілігі жылдам адамдар үшін уақыт жылдам жылжиды.  

 

ЖЕКЕ БИОРИТМДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.

 «Бозторғай» (таңғы типтегі адамдар) уақытты белсенді, ауқымды қабылдайды, олар үшін уақыт зымырап өтеді.  «Жапалақтар» (кешкі типтегі адамдар) әлдеқайда баяу, яғни олар үшін уақыт «асықпай» жылжиды.

 

ДЕНЕ ЖӘНЕ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ ЖОҒАРЛАУЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕНДЕУІ

Далада жылы болып,  әрі күн шығып тұрса, денедегі зат алмасу үрдісі жылдамдатылып, күн жылдам өтетін сияқты көрінеді.  Суық атмосфералық фронтқа жауап ретінде метоболизм өтеді, яғни керісінше зат алмасу үрдісі баяулайды,  себебі, ағзаға жайсыз температуралық режимге үйрену үшін күш қажет. 

Біз науқастанған кезде де осылай болады. Дене қызуы тамыр соғысын жиілетеді, қан ағымы жылдамдатады, иммундық жасушалардың (лейкоциттердің)  әрекетін белсендендіреді. Дене қызуы төмендеген кездері әл-ауқаттың нашарлағанын сезінеміз.

МІНЕЗ ЖӘНЕ ТЕМПЕРАМЕНТ

 Уақытты қабылдау ерекшелігіне байланысты мамандар адамдарды 4 топқа бөледі: эмоционалды және ойлаушы («Асықпаған арбамен қоянға жетеді» қағидасымен өмір сүретіндер) және жағдаятты-сенсорлы және интуитивті тип («Тек қана алға» өмірлік кредосын ұстанатындар).

СТРЕСС ДЕҢГЕЙІ

 Ағзаның мобилизациясын қажет ететін  күшті қарқынды стресс уақыт ағымын жылдамдатады. Ал созылмалы, жүйке жүйесін құртатын, шаршағандық сезімін тудыратын стресс, керісінше уақыт ағымын субъективті түрде баяулатады.

ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІ

 Жұмыс жасаушы бұлшық еттерді энергия генераторына теңеуге болады. Олар жүйке жүйесін тонуста сақтайтын күшті импульстар ағымын жіберіп отырады. Гиподинамия, керісінше, біздің энергетикалық потенциалымызды төмендетіп, уақытты баяу қабылдауға себепші болады.

 

Диагностика

«Жапалақ, бозторғай, көгершін» тест

Мақсаты: адам организімінің биохимиялық қасиеттерін анықтау.

Нұсқа: берілген сұраққа өзіңізге сай келетін жауапты таңдаңыз.

1.     Сізге таңертең ерте тұру қиян ба?

а) иә, әрқашанда

б) кейде

в) сирек

г) өте сирек

2. Сіз қандай уақытта ұйықтауды қалар едіңіз?

а) түнгі сағат 1-ден соң

б)түнгі 23.30-1 аралығында

в) 22.00-23.30 аралығында

г) 22.00 – дейін

3. Оянғаннан кейінгі бір сағаттан соң сіздің ертеңгілік асыңыз қандай болғанын қалар едіңіз?

а) толық

б) толықтау

в) қайнатылған жұмыртқа немесе бутербродпен шектелуге болады

г) бір кесе шай немесе кофемен шектелемін.

4. жұмыстағы немесе отбасыңыздағы соңғы келіспеушіліктер есңізде болса, күннің қай уақытында  болып еді?

а) күннің бірінше жартысында

б) күннің екінші жартысында

5. Сіз неден оңай бас тарта аласыз?

а) таңертеңгілік шай немесе кофеден

б) кешкі шайдан

6. Демалыс кезінде сіздің тамақтану әдетінің қаншалықты оңай бұзылады?

а) өте оңай

б) оңай дерлік

в) қиын

г) өзгеріссіз қалады

7. Егер ертеңгісін таңертеңгілік маңызды іс күтіп тұрған болса, күндегі уақытыңыздан қаншалықты ерте ұйықтайсыз?

а) 2 сағаттан артық

б) 1-2 сағаттан артық

в) 1 сағаттан артық

г) күнделікті уақытта

8. Уақытты минут арқылы қаншалықты дәл айта аласыз? Бұны білу үшін біреуді көмекке шақырыңыз.

а) минуттан кем

б) минуттан асады

нәтижесін шығару:

Нәтижені санау кілт бойынша жүргізіледі.

 

Жауаптардың варианттары

Сұраққа берілген жауаптардың ұпайы

1

2

3

4

5

6

7

8

а

3

3

3

1

2

0

3

0

б

2

2

1

0

0

1

2

2

в

1

1

2

-

-

2

1

-

г

0

0

0

-

-

3

0

-

Зерттеу нәтижесі:

Егер 0 мен 7 аралығында балл жинаған болсаңыз, онда сіз – бозторғай типті адамсыз. Бұл типтегі адамдар кешкі сағат 11-ден соң ұйықтау керек. Бұлай болмаған жағдайда  олар өздерінің биоритмін бұзып, күні бойы шаршаңқы сезініп жүреді.

8-13 балл аралығында жинасаңыз – көгершін, олар аралас типтес.

14-20 аралығында болса – жапалақ. Бұл типтегі адамдардың биоритмі таңертеңгі сағат 8-ге дейін әлсіз болады. Белсенділіктері күннің екінші бөлігінде артады сағат 5-те, кешкі 10-да, түнгі сағат 2-де.

Практикалық бөлім

Уақытты қалай басқара аламыз немесе биоритмдарды реттейміз.

 

КҮН ТӘРТІБІН РЕТТЕҢІЗ. Күнде бір уақытта тамақ ішіп, ұйықтауға тырысыңыз. Осы арқылы сіз ағзаңызға жаңа жарықтық, сағаттық және жылулық режимге тез үйренуге баулисыз.

 

ІШІМДІККЕ ӘУЕСТЕНБЕҢІЗ. Ғалымдардың пайымдауынша, алкогольды көп мөлшерде қолдану, алдағы 3 тәуліктің биоритміне кері әсер етіп, ағзаның реакция жылдамдығы мен бейімделу қасиетін төмендетеді. 

 

 КЕШЕНДІ ДӘРУМЕНДЕР МЕН ӨСІМДІК АДАПТОГЕНДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ КҮШІҢІЗДІ КӨБЕЙТІҢІЗ. Өзіңіз үшін бір экстрактыны таңдаңыз, кері әсерлерді ескере отырып қолданыңыз.

 

Уақытты басқаруға арналған жаттығулар.

«Әрекет ету циклін анықтау» жаттығуы

1. Күні бойы (әр сағат сайын) өзіңізге «Мен не істеп жатырмын?», «Мен қандай мақсатты көздеп отырмын?» деген сұрақтар қойыңыз.

2. Әрекетіңіздің қай циклге жататын анықтаңыз. («басталуы-жалғасуы-аяқталуы»).

3. Қазіргі сәтте айналысып отырға жұмысыңызды аяқтап болғасын ғана, келесі жұмысқа көшіңіз.

 

«Маңызды/шұғыл» жаттығуы .

Барлық істеріңізді маңыздылық пен шұғыл критерийі бойынша 4 топқа бөліп тастаңыз:

1. Маңызды және шұғыл

2. Маңызды, бірақ  шұғыл емес.

3. Шұғыл, бірақ маңызды емес.

4. Шұғыл да, маңызды да емес.

 

Істі орындауға ұсынылатын тәртіп:

1. «Маңызды және шұғыл» - бұл істерге ең бірінші назар аудару қажет, бұл істер сіздің күн тәртібіңізде бірінші орында тұру қажет. "

2. «Маңызды, бірақ  шұғыл емес» - әдетте бұл істер сіздің ұзақ мерзімді жоспарларыңызға байланысты, мысалы жеке және кәсіби даму, бизнесті дамыту. Бұл істерді жоққа шығару мақсатқа жетуге кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан бұл істерді бірінше ретте орындап отырған жөн.

3. «Шұғыл, бірақ маңызды емес» - бұл ағымдағы істер  (телефон шалу, хаттар, қағазбасты жұмыстар және т.с.с). Бұл жұмыстарды толығымен, бірден аяқтау мүмкін емес, олар үнемі болады. Сондықтан, бір күнге ыңғайлы етіп жоспарлап, қалғанын келесі күндерге қалдыруға болады.

4. «Шұғыл да, маңызды да емес» - бұл жұмыстарды тізімнің соңына қарай ығыстыруға болады (Эйзенхауэр матрицасы негізінде)

«Істерді сұрыптау» жаттығуы.

Кез келген іске  төмендегі әдісті қолдануға болады:

1. Елемеу.

2. Басқа біреуге тапсыру.

3. Басқа мерзімге ауыстыру.

4. Орындау.

Қай іске қай әдісті қолдануды қалай таңдаймыз?

1. Елемеу. Бұл істі дәл қазір орындау керектігіне күмандансаңыз, оны орындамай-ақ қойыңыз. Бұл ешқандай негативті салдарға әкелмейді. Бұндай істерге нақты мақсаты қойылмаған қызметтік тапсырмалар, түсініксіз мақсаттағы жұмыстар т.с.с. жатады.

2. Басқа біреуге тапсыру. Бұл іс сіздің жеке қатысуыңызды қажет етеді ме? Осыны анықтап алыңыз. Егер жоқ болса, онда нақты күтетін мақсатыңызды түсіндіріп, басқа біреуге тапсырыңыз. Сонымен бірге, нәтижесін бақылау мерзімін де белгілеуді ұмытпаңыз.

3. Басқа мерзімге ауыстырыңыз. Бұл істі басқа мерзімге ауыстыра аласыз ба? Егер де ауыстыра алсаңыз, келесі мерзімді де белгілеп қойыңыз.

4. Орындау. Басқа мерзімге ауыстырылмайтын, өзге біреу орындай алмайтын істі өзіңізге орындауға тура  келеді. Ол үшін уақытты жүйелеңіз, істің шұғылдығы мен санына қарай реттеңіз. Міндетті түрде орындау кестесін бекітіп, осы кестеден ауытқымаңыз, яғни барлығын белгіленген уақытта орындаңыз.

Рефлексия 

- Уақытты қабылдауға қандай факторлар әсер етеді?

- Биоритмдерге қалайша бейімделуге болады?

- Уақытты қандай 4 параметр бойынша бөлуге болады?

 

 

 

23-сабақ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ УӘЖДЕМЕЛІК ФАКТОРЛАРЫ

Мақсаты: жоғары сынып оқушыларының бойында  мамандық таңдауға қажетті  өзін-өзі кәсіби анықтаудың сәтті өтуіне ықпал ететін  мотивациялық компоненттерді қалыптастыру.

Міндеттері:

-         «Мотивациялық факторлар» ұғымын ашу;

-         Мамандық таңдаудың ішкі және сыртқы мотивациясын дамыту;

-         Мақсатқа бағыттылық пен сенімділікті тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

«Мен саған ... сыйлағым келеді» психологиялық күйге келтіру

Теориялық бөлімі.

¨ Мотивация (уәждеме) — ағзаны  белсендендіретін және оның бағытын анықтайтын итермелеуші күш. 

Тұлғаның кәсіби жүзеге асуының негізгі маңызды шарты болып тек қана қабілеттер ғана емес, мотивация мен оның өмірлік мақсаттары да маңыздылыққа ие. Мотивация – адам әрекетінің итермелеуші күші.

Мотивация ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Егер іс-әрекет тұлғаның өзі үшін маңызды болса, онда ол ішкі мотивация, ал егер де мамандықьың сыртқы атрибуттары (бедел, қоғамның мойындауы) маңызды болса, онда ол сыртқы мотивация. 

I. Сыртқы мотвациялық факторлар:

1. Қысым факторлары – ұсыныстар, кеңестер, басқа адамдар тарапынан нұсқаулықтар, кино кейіпкерлерінің мысалы, объективті сипаттағы талап қою (әскери қызмет, отбасындағы,  материалдық жағдай), жеке объективті талаптар ( денсаулық жағдайы).

2. Тартылу-итеру факторлары – адамның тікелей әсер етуші ортасының мысалдары: «Әлеуметтік жетістікке жетудің» күнделікті эталондары (сән қуу, бедел, қалыптасқан пікірлер)

3. Салыстырмалы түрде мазмұнсыз мотивация факторлары:

бұл мамандықты үйрену оңай;

менің достарым дәл осылай жасаған;

оқу орны үйге жақын орналасқан;

жұмыс онша қиын емес.

4. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы факторлар:

осы мамандықтың адамдары барлық жерде қажет;

материалдық жағдайдың жақсы болуы.

II. Ішкі мотвациялық факторлар (жеке, кәсіби және өмірлік жоспарлар):

1. Осы мамандықтың мазмұны қызықтырады.

2. Қолданбалы қасиеттердің болуы.

3. Қоғамға пайда әкелуді қалау.

4. Қоғамның мойындағанын қалау.

5. Қызығушылық, икемділік пен қабілеттердің болуы.

Мамандық таңдаудағы мотивациялық факторларадам күш жігерін жұмсауға дайын стимулдар, яғни, белгілі бір мамандық таңдауда жеткіншектің негізге алушы себептері: таңдалған мамандықтың әлеуметтік маңыздылығы, беделі, табатын табысы. Студент жоғары оқу орнына нені қалайды, қандай өмірлік мақсаттарға жетуге ұмтылады, бойында қандай кәсіби қасиеттеді қалыптастырғысы келеді және оның өмірінде қандай құндылықтар негізгі рөл ойнайды.

Мотвациялық құрылымды толық сипаттауға арналған критерийлер:

1)мамандық таңдау мотивтері;

2) таңдалған мамандықпен қанағаттану;

3) болашақ мамандық туралы ақпараттану;

4) болашақта осы мамандық бойынша жұмыс жасауды қалау;

5) болашақ кәсіби іс-әрекеттің мақсаттары;

6) болашақ мамандыққа талап қою.

Ганс Сельенің атап өткен мотивтері өзінше қызықты. Оның айтуынша: «жеткілікті кәсіби біліктілікке ие адам белгілі бір мотивтің әсерін болашақта ғылыми салада жетістікке жете алады:

-·Шындық пен Табиғатқа деген шексіз махаббат;

· заңдылық сұлулығымен таңырқау;

· қарапайым әуестік;

· пайда әкелу;

· қолдауды қажет ету;

· - жетістік ореолы.

Және маңыздылығы бойынша емес, реті бойынша соңғы орындағы:

- зерігуден қорқу...

Практикалық бөлім

 «Жеке мотивация» жаттығуы

Мен қандаймын?

Мен кім болғым келеді?

Менің қандай тұлғалық қасиеттерім бар?

Осы қасиеттер менің қалаған Меніме жетуге ықпал етеді ме?

«Мен жетісткке жетемін» атты жоғары сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг.

Мақсаты:

1) Сенің қажеттіліктер мен мотивтеріңді айқындайтын мақсаттардың маңыздылығын түсіну

2) Алға қойған мақсаттарға жету жолдарын зерттеу

3) Өзін талдауды жүзеге асыру.

1-ші кезең.  «Танысу»

Тренинг қатысушы жай ғана өзінің есімін атап қана қоймай, есімінің әр әрпіне сәйкес болатын бойындағы қасиеттерін атап өтуі тиіс.

2-ші кезең «Біздің ережелер»

Бұл тренингте қажет болатын барлық нәрсені айтамыз деп келісейік.

Өз көзқарасымызды білдіреміз.

Өзге қатысушының ойын сынға алмаймыз.

Топ мәселелерін топтан тыс жерде талқыламаймыз. Айтылған нәрсе осы жерде қалуы тиіс.

3-ші кезең «Энергия алу»

Қатысушылар кабинетте еркін жүреді. Белгі бойынша тоқтап, айтылған тапсырманы орындайды, жаттығу әуенмен өтеді.

- Үй жануары барлар мен үй жануары жоқтар бірігеді.

- көзінің түсі бойынша бірігеді

- туған күндері көктем мен жаздағылар бірігеді, қыс пен күздегілер бірігеді.

- роликті жақсы көретіндермен, конькиді жақсы көретіндер.

4-ші кезең «Талқылау»

Біздің тренинг жетістікке жетуге арналған. Ең алдымен келесі сұраққа жауап беріңіздер. Кім не үшін өмір сүреді? Сіздер мектепке не үшін келесіздер? Неліктен мектепте сіздерге түрлі пәндерді оқытады? Болашақта кім болғыларыңыз келеді? Дәл қазіргі кезде өзіңізге қандай мақсат қойып отырсыз? (талқылау жүреді)

Жауаптар неше түрлі, әрі кереғар болғанымен, есею үшін міндетті түрде білім қажет екенін  түсіну қажет. Сіздердің қазіргі жастарыңыз білім алу мен жаңа ақпаратты қабылдауға бейім. Мектеп сіздерге жетілуге ықпал етеді.

Жетістікке жетуге қажетті негізгі ұғымдармен таныс боламыз: мақсат, мотивация, өткен жетістіктер, айналадағылардың қолдауы.

1-ші кезең

Мақсат дегеніміз не? Мақсат арқылы сен көздеген нәрсеңе жетесің, көшбасшы боласың, өзіңнің жақсы жақтарыңды көрсете аласың. Адам өзінің не қалайтынын білсе, оған жетуге үнемі әрекет етіп отырса, ол міндетті түрде жетістікке жетеді. Қазір нақты бір мақсат қойып, оған жету жолдарын айқындаңыз. (талқылау) 

2-ші кезең

Мотивтер – адамды іс-әрекетке итермелейтін себептер кешені. Ең алдымен адам өзінің ерік-жігерін жетілдіру керек.

Алға қойған мақсатқа жету үшін барлығын жасаңыз. Сіз өзіңіздің не қалайтыныңызды нақты біліп отыруыңыз қажет. Оған жеткен кездегі жасыңызды айқындаңыз. Егер қиындықтар туындауы мүмкін, болса, оны да саралаңыз.  Нені өзгертуге болады. Талпыныңыз, алға қадам басыңыз.

Міндетті түрде әрекетіңіздің схемалық жоспарын құрыңыз. Сол кезде сізге жеңіл болады. Күнделік бастаңыз. Оның ішіне түрлі ескертулер жазып, қажет заттың бәрін түртіп қойып отырыңыз

Даму үстінде болыңыз. Өз талпынысыңызды сырттан бағалап көріңіз. Сізге не тиімді емес екендігі көрінеді. Өзінің әрекетін талдауда еш жамандық жоқ, керісінше ол сіздің ерік-жігеріңізді күшейтеді.

Ешқашан уақыт жайлы ұмытпаңыз. Уақыт алтыннан да қымбат. Барлығын өз уақытында орындаңыз. Уақытыңызды босқа жұмсамаңыз.

Қиын жұмыстан қашудың керегі жоқ. Егер сіз одан қашсаңыз, ол жеңілдемейді, керісінше сіздің эмоционалдық жағдайыңызға ауыртпашылық әкеледі.

Оптимист болыңыз. Көңіл-күйіңіз жақсы болған кезде, кез келген мәселе оңайлықпен орындалады.

Тәжірибелі адамдардың ойын тыңдаңыз. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, керісінше ол сізге дұрыс ықпалын тигізеді.

3-ші кезең.

Осында отырғандардың 10% -ы бір нәрсеге қол жеткізген, бұл аз да болса жетістік. Бұл жетістік сіздің қызығушылықтарыңызбен байланысты болуы мүмкін, мәселен, спорт, музыка, би т.с.с

4-ші кезең

Ал енді сіздің жеткен жетістігіңізді көзге елестетіңіз. Өзіңізге өте керемет күнді елестетіңіз. Ол күнді қағаз бетіне түсіріңіз немесе әңгімелеп беріңіз. Сіз қандай көңілде  болдыңыз, қасыңызда кім бар екен, қайда екенсіз...

Қорытындылау:

Қорытынды шығарайық. Бүгінгі тренингтен не алдыңыз? Өзіңізді басқа қырыңыздан көре алдыңыз ба? Өзіңізден бұрын байқамаған қырыңызды көрдіңіз бе? Есіңізде не қалды? Кеңестерді орындайсыз ба?

Барлығымыз 3 дегенде бірге дауыстап «Мен жетістікке жетемін!» деп айтайық.

Рефлексия

-Бүгін қандай мотивациялық факторлар жайлы білдіңіз?

-Сізді мамандық таңдауға қандай ішкі мотив итермеледі?

-Сізге жетістікке жетуге не көмектеседі?

 

24-сабақ

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ УӘЖДЕМЕЛІК ФАКТОРЛАРЫ

 

Мақсаты: жоғары сынып оқушыларының бойында  мамандық таңдауға қажетті  өзін-өзі кәсіби анықтаудың сәтті өтуіне ықпал ететін  мотивациялық компоненттерді қалыптастыру.

Міндеттері:

1. «Мотивациялық факторлар» ұғымын ашу;

2. Мамандық таңдаудың ішкі және сыртқы мотивациясын дамыту;

3. Мақсатқа бағыттылық пен сенімділікті тәрбиелеу .

 

Ұйымдастыру кезеңі .

Позитивті күйге келтіру

«Тауды орнынан қозғағысы келетін адам ұсақ тастарды жылжытудан бастайды»

(Қытай мақалы)

«Кішкентай қадам өнері» атты бейнеролик Просмотр ролика

Диагностика.

Тұлғаның кәсіби типін анықтау.

1 кезең 

Нұсқаулық:  түрлі мамандықтарға қатысты 6 тұжырымдаманы өзіңізге «өлшеп» көріңіз және оларға кестеден орын тауып белгілеп қойыңыз.

 

Толығымен келісемін

Келісемін   

Келіспеймін

Білмеймін

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

6

 

 

 

 

1 тұжырымдама. Сен нақты іспен жұмыс жасауға бейімсің. Жұмысың нақты нәтиже әкеліп, өзің де, өзгенің де осы нәтижені сезгенін қалайсың. Сен физикалық еңбектен қорықпайсың. Сені қимыл дағдысының жоғары даму деңгейін талап ететін, практикалық ақыл-ойды қажет ететін техникамен жұмыс жасау қызықтырады.

2 тұжырымдама. Сен практиктен гөрі, теоретиксің. Саған бір мәселені жан-жақты зерттеген, жаңа білімді игеру ұнайды. Саған таным қуанышын сыйлайтын, абстрактілі ойлауды, талдауға қабілетті қажетсінетін, ақпаратты жүйелеп және  жаңалық ашуға болатын жұмыстар жақсы.

3 тұжырымдама. Сен «коммуникаторсың». Саған адамдармен, адамдар үшін жұмыс жасау ұнайды. Саған оқыту, тәрбиелеу, клиеннттерге қызмет көрсету, қол ұшын берумен байланысты жұмыстар жақын. Саған эмоционалды қанық,  қарым-қатынасты талап ететін, белсенді әрекет етумен байланысты жанды жұмыс керек.

4 тұжырымдама. Саған құжат, мәтін, сандармен, соынмен қатар компьютермен жұмыс істеу ұнайды. Бұл жұмыстар тыныш, ешқандай тәукелге итермелемейді, міндеттері айқындалған. Бұл жұмыстар есептеу мен ақпарат өңдеу мен тиянақтылық, нақтылықты талап етеді. Сен біреу үшін жауапкершілікті алудан, оларды басқарудан қашқақтайсың.

5 тұжырымдама. Сен белсенді жұмысқа бейімделген ұйымдастырушысың. Саған еркіндік пен тәуелділік беретін, материалдық қамтуы жоғары, басқалардан артықшылық беретін, қоғамда беделді орынмен қамтамасыз ететін; тәуекел, бастамашылдықты, іскерлік пен жауапкершілік талап ететін жұмыстар ұнайды. 

6 Тұжырымдама. Сен «еркін суретшісің». Шығармашылық еркіндікті ұсынатын жұмыстар саған сай. Бұл жұмыстар қатаң тәртіп пен шектеудің болмауымен; қиялды шектемейтін, эстетикалық талғамның жоғары болуы мен арнайы қабілеттерді (көркем әдебиет, музыкалық, сурет) талап етуімен сипатталды. 

2 кезең.

Нұсқаулық: Жоғары білім алғаннан соң сен кез келген жұмысты орындай алады деп есептейік. Төменде ұсынылған екі жұп мамандықтың саған ұнайтын біреуін белгілеуің керек. (сенің қабілетің мен мүмкіндіктеріңді ескере отырып). Әр мамандықтың қасында арнайы код бар, жауап бланкісіне осы кодтың қасына «+» белгісін қойып, әр жолдағы «+» белгісін санын есепте.  Мысалы, «әлеуметтенушы» - «инженер» жұбынан саған әлеуматтанушы жақынырақ болса, жауап бланкісіндегі «мамандық коды» графасындағы  2 санының қасына «+» белгісін қою керексің.

Мамандық коды

Таңдау  (плюспен белгілеу)

Плюс саны

1.

 

 

2.

 

 

3.

 

 

4.

 

 

5.

 

 

6.

 

 

Мамандықтар

Инженер (1) - әлеуметтанушы (2)

Кондитер (1) – діни қызметкер (З)

Аспазшы  (1) - Статистик (4)

Фотограф (1) – сату администраторы (5)

Механик (1) - Дизайнер (6)

Философ (2) – дәрігер  (3)

Эколог (2) - Бухгалтер (4)

Программист (2) – заңгер (5)

Кинолог (2) – көркем аудармашы (6)

Сақтандыру агенті (3) - Архивист (4)

Жаттықтырушы (3) - Телерепортер (5)

Тергеуші  (3) - өнертанушы(6)

Нотариус (4) - Брокер (5)

ДК операторы  (4) - сәнбике(6)

Фотокорреспондент (5) - Реставратор (6)

көгалдандырушы (1) - Биолог-зерттеуші (2)

жүргізуші (1) - Бортсерік (3)

Метролог (1) - Картограф (4)

Радиомонтажшы(1) – ағаш бойынша суретші (6)

Геолог (2) – аудармашы-гид (3)

Журналист (5) - Режиссер (6)

Библиограф (2) - Аудитор (4)

Фармацевт (2) – заңгер-консультант(3)

Генетик (2) - Архитектор (6)

Сатушы (3) – почталық байланыс операторы  (4)

Әлеуметтік қызметкер (3) - кәсіпкер (5)

ЖОО оқытушысы (3) – орындаушы музыкант (6)

Экономист (4) - Менеджер (5)

Корректор (4) - Дирижер (6)

Кеден инспекторы (5) - Суретші-модельер (6)

Телефонист (1) - Орнитолог (2)

Агроном (1) - Топограф (4)

Орманшы (1) - Директор (5)

Киім тігу шебері (1) - Хореограф (6)

Тарихшы (2) – жол полиция инспекторы (4)

Антрополог (2) - Экскурсшы (3)

Вирусолог (2) - Актер (6)

Даяшы (3) - Тауартанушы (5)

Бас бухгалтер (4) – қылмыстық іздеу инспекторы  (5)

Шаштаразшы -модельер (6) - Психолог (3)

Омарташы (1) - Саудагер (5)

Сот (3) - Стенографист (4)

Интерпретация:

Жауап бланкісіндегі «+» санын есепте. «+» белгісінің көп болуы осы тұлға типіне сәйкестігін білдіреді.

1. Реалистический тип

Нақты объектілермен, оларды қолдану әрекетімен айналысқанға бейім. Үнемі қозғалысты қажет ететін жұмыстармен айналысқанды ұнатады. Нақты міндеттер қоятын мамандықтарды таңдағанды ұнатады. Вербалды емес ойлауы дамыған, моторикасы дамыған.

Таңдалатын мамандықтар: Экономика, физика, химия, кибернетика, спорт салалары; механик, инженер, агроном, бақташы, кондитер, аспазшы т.с.с  

2. Интеллектуалды тип

Аналитикалық ойлау, пікірінің тәуелсіздігі және даралығымен ерекшеленеді. Теориялық және эстетикалық құндылықтар басым. Шығармашылық тапсырмаларды шешуге бейімделеді. Вербалды және вербалды емес ойлау қабілеті жақсы дамыған. Орындаушылық қабілеттері жақсы дамыған. Әлеуметтік нормаларға бейімделмейді, қарым-қатынасты негізге алмайды.  Негізінде интроверт.

Таңдалатын мамандықтар: Математика, география, геология, шығармашылық мамандықтар; физик, геолог, философ, программист, нотариус т.с.с

3. Әлеуметтік тип

Әлеуметтік икеммен ерекшеленеді (қарым-қатынасқа бейімділік, көшбасшылыққа ұмтылыс). Айналадағыларға тәуелсіз, жаңа жағдайларға тез бейімделеді. Эмоцияға бейім және сезімтал. Басқаларға жаны жақын, оларға кеңес беруді, тәрбиелеуді ұнатады. Математикалық қабілеттері онша дамымаған.

Таңдалатын мамандықтар: Психология, медицина, педагогика

4. Әртістік тип

Қарым-қатынаста өзінің ішкі сезімдері мен қиялдарына негізделеді.өмірге көзқарасы күрделі. Ойлау даралығымен ерекшеленіп, шешім қабылдауда тәуелсіз. Адамдармен қарым-қатынасқа эмоциясы, интуициясы мен қиялына негізделіп түседі.  Шығармашылық сипаттағы жұмысты ұнатады. Вербалды ойлау, қабылдау мен моторика жақсы дамыған, көп жағдайда экстроверт.

Таңдалатын мамандықтар: Тарих, филология, өнер

  5. Іскерлік  тип

Энергия, импульсивтілік пен ынтаны танытуға болатын мақсат пен міндеттерді таңдайды. Мінезінің айқын ерекшеліктері: көшбасшы болуға ұмтылу, іскерлік және белсенділік. Коммуникативті қабілеттері жеткілікті деңгейде дамыған.  

Таңдалатын мамандықтар: кәсіпкер, менеджер, продюсер,  дипломат, тілші, менеджер, директор, брокер т.с.с

6. Конвенционалды  тип

Белгілі алгоритммен жұмыс жасап, құрылымдық іс-әрекетті таңдайды, нұсқау бойынша жұмысты ұнатады. Нақты сандық ақпаратты өңдеуге қабілеті бар. Мәселені шешуде стереотиптік көзқарас басым. Мінез ерекшелігі: консерватизм, бағынғыштық, тәуелділік. Әлсіз ұйымдастырушы мен басшы

Таңдалатын мамандықтар: Есепші, қаржыгер, экономист, іс-жүргізуші, канцелярия қызметкері

Практикалық бөлім

«Үш жыл» жаттығуы

Мақсаты: өз өмірін қалай жоспарлауды сезіну. 

Уақыты: 15 минут.

Орындау технологиясы:

Жаттығу алдында қысқа мерзімді релаксация болу қажет: өз тыныс алуыңызды бақылаңыз, ол бірқалыпты, табиғи болуы қажет. Демді ішке алуды, демді сыртқа шығаруды бақылаңыз, сіздің қай дене бөлігіңіз қозғалады, денеңіздің орындыққа, креслоға тиетін нүктелерді белгілеңіз. Өзіңізді еркін ұстаңыз. Сіздің денеңізді орындық ұстасын. 

Сіздің үш жыл өміріңіз қалды деп ойлаңыз. Осы уақытта сіздің деніңіз сау болады. Сіз осы хабарды алғаш естігенде не сезіндіңіз, жазып қойыңыз. Сіз бірден жоспар құруға кірістіңіз бе, әлде осынша аз уақыт қалғанына ашуландыңыз ба?

Аз уақыт қалғанына өкініп, налудың орнына, осы уақытты қалай өткізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз.

Қай жерде тұрғыңыз келеді? Кіммен бірге тұрғыңыз келеді? Сіз жұмыс істегіңіз келеді ме? Әлде оқығыңыз келеді ме? Осы уақыт аралығында міндетті түрде неге үлгеру керек?

Алдағы үш жылдың бейнесі айқындалып болған соң, сол бейнені қазіргі сәтіңізбен салыстырып көріңіз.

Арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып қойыңыз. Үш жылғы өміріңіздің тізімінен нені қазіргі өміріңізге қосқыңыз келеді?

Енді осы соңғы үш жыл өмір туралы ойыңыз жай ғана ойын екенін сезініңіз. Бұл жаттығу шартына сәйкес жай ғана ойын, ал сіздің өміріңіз алда, ұзақ та бақытты өмір сүретініңізді естен шығармаңыз. Осы ойыннан өзіңізге қажеттіні ғана қалдырыңыз. Жаттығуды орындау барысында қандай тәжірибе алдыңыз. 

«Жеткен жетістік туралы» жаттығуы.

Мақсаты: жеткен жетістік негізінде өзіне сенімділігін дамыту. 

Уақыты: 5 минут

Жаттығудың психологиялық мәні: жетістік адам бойына күш беретін ескере отырып, оның адам сенімділігіне де ықпал етеінін білеміз. Жеткен жетістіктеріңіздің арқасында сіздің өзіңізге сенімділігіңіз көбейіп, мақсатқа бағыттылығыңыз арта береді.

Тапсырма:

Өзіңіз үшін қай жетістік маңыздырақ екенін анықтаңыз: өз ісінің майталманы болу, жұмыс беделділікке ие болу, үй салу, көлік алу, тұрмысқа сәтті шығу т.с.с.

Көзіңізді жұмыңыз. Денеңізді бос ұстап, осы жетістікке жеттім деп ойлаңыз. Жетістігіңізді көзге елестетіңіз, қанағаттанып, оның беретін күшіне рахаттаныңыз. Бойыңызда күш, қуат, абсолютті  сенімділік пен жағдайды басқарып отырғаныңызды  сездіңіз бе?

Одан кейін басқалардың сізді құттықтап, хат жолдап, телефон шалғанын көзге елестетіңіз. Сіз олардың мақтауын естіп, жылулықты, жағымды қобалжуды сездіңіз бе? Олар сізге қандай жолы болғыш адам екеніңіз туралы айтып жатыр. Сіз өзіңізді керемет сезініп, қалаған мақсатыңызға жете алатындай күшті сезінудесіз.

         Рефлексия

1.     Кішкентай қадам өнері ролигінен нені білдіңіз?

2.     Тест нәтижесінен шыққан тұлға типі сізге сәйкес келді ме?

3.     Тренинг туралы ойыңызды білдіріп, өз көңіл-күйіңіз жайлы әңгімелеп, топқа тілегіңізді білдіріңіз.

 

 

 

25 – сабақ

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ӨМІРДІҢ МӘНІ

 

Мақсаты: жоғары сынып оқушысының бойында тұтас позитивті дүниетанымды қалыптастыру. 

Міндеттері:

-         Өмір мәні ұғымын ашу;

-         Өмірін перспективті жоспарлау дағдысын дамыту;

-         Өмірді тереңінен түсінуге жағдай жасау.

Ұйымдастыру кезеңі.

Позитивті күйге келтіру

Өмір-бұл бақыт

Өмір – бұл мүмкіндік, оны жіберіп алма.

 Өмір – сұлулық, оған таңырқа.  

Өмір – арман, оны жүзеге асыр.

Өмір – парыз, орында.

 Өмір – ойын, ойнай біл!

 Өмір – махаббат, сүйе біл.  

 Өмір – құпия, оны аша біл.

Өмір – қайғы, шыдамды бол.  

Өмір – шытырман оқиға, оған бел байла.  

 Өмір – бұл өмір, оны құтқар!  

Өмір – бақыт, оны өзің жасай біл.  

 Өмір сүру керек. Өз Өміріңе балта шаппа!

Бұл сөздер ғажайып, данышпан әйел Тереза ана мен айтылған. Ол бар өмірін өзгелер үшін мейірімділігін сыйлап өткен.

Тереза ана қасірет көрген адамдарға қол ұшын беріп, көмектескен. Аштықтың зардабын көргендер, ауыр науқастанданғандар, кедей мен мүгедектерге өз көмегін аямаған. Ол балалар үйлері, лепрезорийлер мен мектептердің негізін қалаған. 

Ол өмірдің ең жаман, ең жағымсыз жақтарын көрсе де, өмірінде өзін бақытты сезінген, себебі оның адамзат пен Жаратушыға деген махаббаты шексіз болған.

Анықтама: Тереза ана  (Агнесса Гонджа Бояджиу, 27.08.1910  - 05.09.1997 ж.ж.) Мейірбандық Орденінің негізін қалаушы, Нобель сыйлығының лауреаты. 

Теориялық бөлім.

В.В. Одинцовтың «Тұлғаның мақсатқа бағытталған дамуы: өзінде не өзгертуге болады» атты еңбегінде позитивті, тұтас дүниетаным қағидалары ұсынылған.  Тұрақты мінез-құлықты дамыту үшін ең алдымен осы тізімнің ең алғашқы бес қағидасын игеру қажет. Өзін-өзі нәтижелі ұйымдастыру 6-10 қағидаларына байланысты. Соңғы бес қағида қоғамдағы қатынастардың үйлесімділігі мен өзгелерге деген адами қасиеттерді дамыту  үшін қажет.

Төменде осы 15 қағида ұсынылған.

 1. Позитивті бағдарлау. Бұл әрбір жағымсыз құбылыс пен сезімнен пайда көру қағидасы. Бұл дамудың оң векторы болып саналады. 

2. Жасампаз сенімділік. Кез келген жағдайда тек жақсы нәтижеге жетуге болады деген адам сенімділігін дамыту қағидасы. Бұл қағида тұлға үшін өмірлік күш беріп, қорқынышты жойып, мазасыздықты өмір энергиясына айналдырады. 

3. Мақсаттың айқындалуы. Өзін-өзі дамытудың негізгі жоспарына сай барлық мақсаттарды нақтылау қағидасы. Алыс және жақын мақсаттарға талап қойып, кез келген әрекетті реттейді.  

4. Өзбеттілік, өзін-өзі бақылау. Адамның өзіне ғана сенім артуы, кез келген жағдайда адам тек өзін өзгертіп, өзін қадағалау керектігін түсіну. Бұл қағида ұстамнымдар, әрекет пен нәтижені регламенттейді.   

5. Айқын ойлау. Қазіргі кезде шынайылылықтың қалай әсер теіп жатқанына негізделген қағида. Фактілерді анықтап, оларды маңыздылығы мен шұғыл мерзімі бойынша сараптайды. Логика мен интуиция дағдыларының дамуын талап етеді. 

6. Жан мен тәннің саулығы.  Бұл қағида психотәндік бірлікке негізделген. Денсаулық негізі ретінде өзін дұрыс сезіну, салауатты өмір салтына қажетті жан мен тән үйлесімділігін орната алу қасиеттері қарастырылған.

7. Энергия мен құралдардың дұрыс үлестірілуі. Бұл қағида барлық энергия түрлерін, байланыс, қаражат пен мүмкіндіктерді нәтижелі дамытуға мүмкіндік береді. Жеке ақыл-ой капиталы мен құралдарды қалыптастыруға жағдай жасайды.

8. Зейіннің шоғырлануы.  Өмірлік мақсаттарды жүзеге асырумен байланысты әрекеттерді үнемді іске асыруға ықпал етуші қағида. Қажетті нәтижеге жету үшін қолда бар барлық ресурстарды тиімді біріктіре алу қабілеті. 

9. Бастама мен көшбасшылық. Қажетті ортаны қалыптастыру үшін өзіндіік белсенділікті таныту. Ең алдымен мақсатқа жету үшін қоманда жасақтау бастамасы.  

10. Қиял. Ең жақсы болашақ бейнесін көру үшін өзінің шығармашылық қабілеттерін дамыту қағидасы. Қажетті нәтижеге бағытталған   жаңа әрекеттерді дайындау үшін өз қиялын қолдану.  

11.Энтузиазм. Іс-әрекеттін сапалылығына қол жеткізу үшін өз күш-жігері мен бірлікті қалыптастыру қағидасы. Өзін және өзінің қарамағындағыларды нәтижелі әрекетке ынталандыра білу қабілеті.

12.Ынтымақтастық. Серіктестерімен бірге ортақ мақсатқа жетуге бағытталған функционалдық байланыстарды дамыту. Ортақ пайданы көздеген кезде ғана ең жақсысына ұмтылуға негізделген.  

13.Сәтсіздіктерден алынған сабақ. Кез келген сәтсіздік пен негативті салдардан пайда шығаруға негізделген қағида. Өз қателіктерінен позитивті тәжірибе алумен анықталады

14.Одан көп, одан да жақсы жасау. Сыртқы бағалаусыз ақ қажетті тәжірибені жинақтауға нәтижелі әрекет ету қағидасы. Басқа адамдарға пайда әкеліп, көмек беретін қайырымдылық әрекетке негізделген. 

15. Алтын ереже. Өзіне деген  өзгенің қатынасы солай болатындай, өзгелерге де сондай   қатынас жасау. Адамдармен қатынасты үйлесімдендіріп, адамның шынайы гуманизмін қалыптастырады. 

Практикалық бөлім. 

МІНДЕТТІ ТҮРДЕ МАҚСАТ ҚОЮ КЕРЕК! МАҚСАТСЫЗ ӨМІРДІҢ МӘНІ ЖОҚ.

МАҚСАТ ҚОЮ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

1 ЕРЕЖЕ. ӨМІРЛІК СФЕРАНЫ АНЫҚТАУ (мансапта, жұбай іздеуде, байлыққа ұмтылуда, достармен қарым-қатынастаст.с.с)

2 ЕРЕЖЕ. ӨЗІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ МЕН ҚАЛАУЛАРЫН АНЫҚТАУ. (яғни өзге біреу емес МЕН НЕНІ ҚАЛАЙМЫН –– бұл оңай шаруа емес, себебі  өзінің қалаулары мен қажеттіліктерін екінің бірі анықтай алмайды.

3 ЕРЕЖЕ. АҒЫМДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОФИЗИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ АНЫҚТАУ. Бұл өте маңызды ереже, бізге қажетті таңдауды жанымыз бен тәніміздің белгілі бір жағдайында қабылдаймыз. Егер де мен өз мақсаттарым жайлы ойланып отырсам, МЕН ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙМЫН? Егер мені бәрі жалықтырып, ақшам болмай, депрессия алдында тұрсам, мен өзіме дұрыс мақсат қоя аламын ба? Әрине жоқ!  Ал егер менің бойымды қуаныш билеп, бойым шаттықа толы болса, мен дұрыс мақсат қоямын ба? Жоқ!

Мақсат қою үшін ЖАН МЕН ТӘННІҢ ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙЫ ҚАЖЕТ, әрине позитивті, бірақ асыра қуанышқа толы кездер емес.

4 ЕРЕЖЕ. МАҚСАТ ҚОЮ ҮШІН ҮШ КРИТЕРИЙ ҚОЛДАНАМЫЗ: АҚЫЛ, ЖАН МЕН ТӘН. Біздің барлығымызда ішкі түйсік бар, біз оны кейде «ИНТУИЦИЯ», «ІШКІ ДАУЫС»,  «ЖҮРЕК» т.с.с деп, «ішім сезіп еді» деп жиі айтамыз.  

Дәл осы белгісіз іштегі түйсік шешім қабылдау мен мақсат қою үшін маңызды құрал болып саналады. Бұл жерде бір нәрсе анық – адам бойында СЕЗІНУ, ОЙЛАУ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ ҚАБІЛЕТТЕРІН БІРГЕ ДАМЫТУ КЕРЕК. 

5 ЕРЕЖЕ. ӨЗІНЕ АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫН ТЕКСЕРУ ЖҮЙЕСІН ОРНАТУ.

Бүгін мақсат қоя отырып, оның дұрыстығын ертең немесе бір аптадан кейін тексеруді ұмытпаңыз. Себебі, осы мақсатты сіз біреудің беделіне еріп, немесе психофизикалық жағдайыңыздың жайсыз күйі кезінде қоюыңыз мүмкін.

6 ЕРЕЖЕ. ТЕК ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МАҚСАТ ҚОЙЫҢЫЗ.

 Сіз 3-5 жастағы баланың өзін қалай ұстайтынын бақыладыңыз ба? Ол өз болашағы жайлы көп ойланады ма? Қаншалықты алыс ойлайды екен? Ол бір айдың көлемінде не болатынын ойламайтыны анық? Неліктен? Себебі баланың өз болашағын жоспарлауға білімі жеткіліксіз. Оның алдында толған ойыншық және ол осы ойыншықтармен дәл қазір ойнағысы келеді. Ал 1 жастағы баланы көрдіңіз бе? Оның өмірі секундпен өлшенеді!

Ересектерде де дәл осылай. Тағы бір мысал: жылдың басында  желтоқсан айына дейін ағылшын тілін үйренуді мақсат ету. Екі аптадан кейін сіздің энтузиазмыңыз төмендейді.  Сондықтан ұзақ мерзімді мақсатқа жету дұрыс емес.  Гераклит айтқандай: «Барлығы өтеді, барлығы өзгереді». Егер де сіз өзіңізге мақсат қойып, оны дәптеріңізге жазып қойсаңыз да, уақыт өте ол мақсат жайлы ұмытып, тіпті басқа мақсатпен ауыстырып жіберуіңіз де мүмкін. Ол үнемі осылай!

Қысқа мерзімді мақсат уақыты жарты жылдан аспауы керек.

Мақсат баспен бас үшін ойланып табылған. Табиғатынан интуициясы жақсы дамыған адамдарда мақсат қою деген ұғым мүлде жоқ. Олар өзінің ішкі түйсігіне сеніп, дәл қазір, бір аптадан кейін не істеу керектігін біліп отырады.

Рефлексия.

- Тереза ана өмір мағынасын неден көрді? Сіз онымен келісесіз бе?

- 15 қағиданың қайсысы сізге жақын және оны ұстануға дайынсыз ба

- Мақсатты қалай дұрыс қоя білу керек?

 

 

 

 

26-сабақ

ДҮНИЕГЕ КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ ӨМІРДІҢ МӘНІ

 

Мақсаты: жоғары сынып оқушысының бойында тұтас позитивті дүниетанымды қалыптастыру. 

Міндеттері:

-         Өмір мәні ұғымын ашу;

-         Өмірін перспективті жоспарлау дағдысын дамыту;

-         Өмірді тереңінен түсінуге жағдай жасау.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

Өмір құндылықтары туралы бейнероликтер ұсыну.

Теориялық бөлім

Дүниетаным – адамның әлемге көзқарас пен осы әлемдегі орнына, өзіне және нақты өмірге деген қатынасы және осы көзқараспен шартталған ұстаным, идеал, таным және іс-әрекет қағидаларының  жалпылама көзқарастар жүйесі. Бұл дүниені тұтастай қабылдау мен  осыдан шығатын адам өмірінің құндылығы мен маңыздылығы  туралы көзқарас деп түсіну. 

Дүниені ешкім тұтастай көзге елестете алмайды, себебі дүние шексіз және өзгермелі. Әр адамда өзіндік координаттар жүйесі – оның дүниетанымы бар.

Дүниетаным түрлері

Тарихи тұрғыдан қарағанда дүниетанымның үш тарихи түрін ажыратады:

 • мифологиялық;

 • діни;

 • фәлсафалық.

 • ғылыми.

 Болмыс маңызы – адамдар сол үшін өмір сүретін жоғары құндылық.

Өмір мағынасы  – адам өзінің іс-әрекетін ұйымдастыратын жоғары құндылық. Мысалы, адамдар арасындағы достық негізінде құндылықтар жүйесі жатыр, бұл бөлшектер жиынтығы (отбасы, болмыс, ақша, махаббат)

Ең басты дүниетанымдық көзқарас – өмір сүрудің мағынасы туралы сұрақ.

Әр адам өмір жайлы ойланған кезде, бәрібір де осы сұраққа жауапты өзі іздеу қажет.  Өмір сүрі мағынасы – бұл адам мінез-құлықының қозғаушы күші, адамның өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылысы,  адамның өмір сүру себебінің негізгі өмірлік мотиві.

 В.Франкл әр адам өмір сүру мағынасын іздеп, оны жүзеге асыруға ұмтылады және осы ұмтылыс мінез-құлық пен дамудың негізгі күші деп есептеген. Адам өз өмірінің мағыналығына сенуі қажет, сонымен қатар оның әрекеттері өмір мағынасына  ие. Өмірлік мәнді таба алмау себебінен депрессия, психикалық ауытқулар туындайды деп есептеген. 

 В.Франкл адам өмірін мәнді ете алуы мүмкін жолдарды атап өткен.  

 Бірінші жол – шығармашылық еңбек, қоғам өміріне үлесін қоса алатын еңбек, өмірге бере алатын еңбегіміз. Сондықтан адам үшін өз мамандығын, өз қабілетіне сай еңбегі мен өмірлік ісін  табу өте маңызды.

Екінші жол – өмірден алдық деп түсінетін әсерленушіліктер. Бар өмірдің мәні болып бір оқиғадан әсер алу болуы мүмкін. Ондай әсерленушілікті біз табиғат көріністерінен, өнер туындыларынан алуымыз мүмкін. Әрине, басқа адамға деген махаббат сезімі осындай әсерленушіліктердің алдыңғы орындарында.

Үшінші жол  - бұл біздің ұстаным. Біз өзгерте алмайтын жағдайларға қатысты белгілі бір ұстанымды ұстаймыз. Адам еркіндігі объективті жағдайлар себебібен шектеулі болған күнде де, адам өмір мағынасын тауып, оны жүзеге асыра алады.

Практикалық бөлім

«Жетістік сатысы» жаттығуы. 

Сипаттамасы  Қатысушалырға бір жылдың ішінде қол жеткізгісі келетін белгілі бір мақсат жайлы ойланып, оны қысқаша жазуды ұсынады. Осыдан кейін А4 форматты қағазға 6 баспалдақтан тұратын саты салыну керек. Төменгі баспалдақ мақсаттың қойылғанын білдіреді, ал жоғары баспалдағы оның толық жүзеге асқанының белгісі. Қатысушыларға бірінші және соңғы баспалдақтарға мақсатқа жеткенің немесе жетпегенді білдіретін  2-3 сипатын жазу сұралады. Осыдан кейін қатысушылардың өздері жетістікке жету сатысының қай баспалдағында тұрғанын көрсету керек және оның негізгі 2-3 қасиетін сипаттап беруі керек.

Жұмыстың бұл бөлігі аяқталғанда, қатысушыларға басты сұрақ қойылады: бір саты жоғары көтерілу үшін не істеу қажет? Ойлану үшін 1,5-2 минут уақыт беріледі, содан соң қатысушылар өз жауаптарын жазады немесе сурет ретінде салып береді. Қорытындыда тағы бір сұрақ қойылады: қатысушылар мақсатқа жету жолында бір саты жоғары көтерілу үшін нақты әрекетті қай уақытта жасайды?

Жаттығу мәні

Бұл жаттығу арқылы адам өз қалауларын нақтылап, нәтижеге жетуді кезеңдерге бөліп, ниеттенуден әрекетке өтуін жеңілдетеді.

Талқылау 

Қатысушалар осы жаттығуды орындау барысында өздері үшін қандай қорытындыға келгені мен қандай өмірлік жағдайларда осы техникаларды қолданған жөн деген ойларын баяндап береді.  Қалауынша бірнеше қатысушы өз мақсаттарына жету жолдары мен оған орындау әрекеттері жайлы ойларын тереңірек айтып бере  алады.

Мақсатқа жетуге арналған практикалық ұсыныстар

Мақсат түрлі болады. Кішігірім не ауқымды мақсаттар болады. Біздің досымыз жақсы параплан сатып алуды ұйғарды. Ол үшін онда ақшадан басқасының бәрі бар. Әрине, оның мақсаты параплан сатып алудан бұрын, соған ақшаны қалай табу. Мақсат қою кезінде кейбір ресурстардың жетпейтіні анықталады. Сондықтан ресурстарды табуды да мақсатқа жету жолына енгізу керек. Кейбір жағдайларда мақсатқа өздігінен жетеміз. Ол үшін оны қатты қалап, өзіміздің санаасты процестерімізді дұрыс бағытқа бағыттаймыз.  Оны қалай жасаймыз? Сізде бірнеше мақсат немесе шағын мақсаттан тұратын үлкен бір мақсатыңыз бар.

1.Мақсат тізімін жазып қоямыз.

 2. Олардың ішінде маңыздысын анықтаймыз. Жоғарысында маңызды, ал төменгі жағында онша маңызды емес иерархиялық саты жасаймыз.

3. Үлкен қағаз алып, жұмысты бастаймыз. Қағаздың түрлі жерлерне мақсаттарымызды орнықтырамыз. Оларды қоршап қоюға болады.

4. Мақсаттар арасында байланыстарды белгілейміз. Екі байланыс түрін анықтауға болады: көмектесетін және кедергі болатын.

5. Пайда болған суретке қараймыз. Ол неге ұқсайды? Саты ма, әлде ағаш па, әлде әлемде жоқ жануар ма?

6. Ал енді түрлі-түсті қарындаш немесе фломастермен суретті бояймыз. Сізде белгілі бір сурет пайда болу керек.

 7. Суретке қараңыз. Сурет сізге ұнады ма? Мүмкін кейбір жерлерін өзгерту керек шығар?  Ол сурет сізге ұнағанша өзгерте беріңіз. Ол өте маңызды!

8. Суретті рамкаға салып, қабырғаңызға іліп қойыңыз. Суретке міндетті түрде  қарап жүріңіз.

9. Өзіңіздің жеткен жетістіктеріңіз бен суретті салыстырыңыз. Бұл қарапайым жаттығу мақсатқа жету үрдісін ілгері жылжытады. Уақыт өте кейбір мақсаттарыңа жеткеніңді байқайсың. Бұл американдықтардың «өзінен-өзі орындалатын сәуегейлік» дегенге ұқсайды. 

Рефлексия.

- В. Франкл өмір мәнін түсінуге мүмкін болатын қандай жолдарды атап өтеді? 

- Сізге қай әдіс тән?  (романтик, жаратушы , тұтынушы, паразит )

- Бүгінгі сабақта мақсатты тұжырымдаудың қандай техникаларымен таныстыңыз?

 

 

 

 27-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ ТҮРЛЕРІ

Мақсаты: тәжірибеде қолдану мақсатында өзін-өзі реттеу түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

1.Өз мінез-құлқы мен эмоционалды жағдайын өзін-өзі реттеу дағдысына үйрету;

2. Мінез-құлықты өзін-өзі реттеуді дамыту;

3.Тұлғаның нәтижелі өзін-өзі реттеу қасиетін тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологтың кіріспе сөзі

Кез келген адам өмірінде бір рет болса да қысқа мерзімде  өзінің психологиялық жағдайын өзгертуге мұқтаж болды. Адамдар өз ахуалын жақсартуын түрлі қиын емес тәсілдер арқылы  жүзеге асырғысы келеді. Кейбір адамдар өткенінен жағымды сәттерді есіне алады, кейбіреуі терең дем алып, өзін реттеп алады. Әр адам «өзінше» бір тәсілді қолданады, ал кейбірі осы тәсілді өзі ойлап шығарады. Әдетте бір тәсіл аздық етеді, ең жақсысы бірнеше тәсілді меңгеру. Себебі, жағдайлар түрлі болады, сондықтан кез келгеніне сәйкес келетін тәсілдерді меңгерген абзал. Бүгінгі сабақта психикалық өзін-өзі реттеудің заманауи әдістері мен техникаларымен таныс боламыз. 

Теориялық бөлім. 

ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ

Ақыл-ой және физикалық қысымды жоюдың әдістері.

 Релаксация – бұлшық еттің тізбекті босаңсуы

 Аутотренинг – максималды бұлшық ет босаңсуы негізінде өзін-өзі сендіру. 

 Визуализация – көру образдарын елестету.  .

 Өзін-өзі зерттеу мен өзін-өзі гипноздау 

 Психоанализ и ребёфинг.

Медитация.

ӨЗІНЕ ӘСЕР ЕТУДІҢ БІРІНШІ ТӘСІЛІ ТЫНЫС АЛУДЫ БАСҚАРУ.

Тыныс алу – ағзаның ғана маңызды қызметі ғана емес, сонымен қатар бұлшық ет тонусы мен мидың белсенділік орталықтарына әсер етудің эмоционалды құралы болып табылады. 

Көп адам күнделікті өмірде тыныс алудың үстіртін түрімен дем алады, яғни, өкпенің жоғарғы жағы ғана ауаға толтырылады. Толығымен тыныс алу болса, өкпенің жоғары, орта, төмен бөлігінің ауамен қанығуымен сипатталады. Тыныс алу ритмін өзгерті арқылы адам психикалық функцияларға әсер ете алады. Ең алдымен тыныс алудың 2 түрін меңгеруге болады: төменгі және жоғарғы. 

ЕКІНШІ ТӘСІЛ – ЗЕЙІННІҢ ШОҒЫРЛАНУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР.

Экстремалды жағдай әсерінен пайда болатын эмоционалды күйзеліс салдарынан психофизиологиялық процестердің өзгерісі туындайды, соның ішінде зейін шашыраңқы болады. Мінез-құлық өзінің бейімділік сипатынан, икемділігінен айрылады.

Осындай мінез-құлық кезінде адамдар әбігерлікке салынып, өзін саналы түрде қадағалай алмайды және осы реакция сол жердегі адамдар арасында тез таралады.

ҮШІНШІ ТӘСІЛ -  БҰЛШЫҚЕТ ТОНуСЫН БАСҚАРУ

Психикалық күш түсуден пайда болатын күйзеліс кезінде бұлшық етті босаңсыту ағзаның демалуына ықпал етіп, күш-жігерін тез арада қалпына келтіруге, жүйке-эмоционалдық қысымнан арылуға көмектесеті. Барлық бұлшық етті босаңсыту мүмкін болмайды, сондықтан да келесі ережелерді негізге ала отырып, бұлшық етті тізбекті босаңсыту ұсынылады:

Біріншіден, жаттығу міндеті – ширатылған  бұлшық ет пен босаңсу жағдайындағы бұлшық еттің күйін ажыратып,  жаттап алу. 

Екіншіден, әр жаттығу 3 фазадан тұрады: «ширату-сезіну-босаңсыту»

Алғашқы фазада таңдалған бұлшық еттерде қысым біртіндеп өседі, одан кейін бірнеше секунд максималды қысым болады (бұл кезде бұлшық еттің дірілдеуі сезіледі), ал қысымды жою тез, кенеттен өтеді. Толығымен босаңсыған бұлшық ет ауыртпалық сезімін тудырып, «өзінің бар екендігін білдіргендей» болады.

Үшіншіден, баяу қысымға баяу тыныс алу сәйкес келеді. Босаңсы толық тыныс алумен сәйкестенеді.

Әр жаттығу 3-4 рет қайталанады.

Ағза негативті әсер сезінген кезде бұлшық еттің интенсивті жұмысына ықпал етеді. Ол үшін сондай жұмысты берген дұрыс. Мысалы, психикалық қысымнан арылу үшін 20-30 рет отырып-тұрған жеткілікті.

Басқа жағдайларда «экспресс-әдіс» типі бойынша аутотренинг көмектеседі. Мұнда қазіргі сәтте жұмысы қажет емес бұлшық еттерді босаңсыту қажет, мысалы жүрген кезде аяқ бұлшық етіне күш түсетін болса, онда иық, қол, бет бұлшық еттерін босаңсыту керек.

Практикалық бөлім

1. «Тыныс алу геометриясы». Тұрып немесе отырып терең тыныс алу қажет. Содан кейін дем алмай, шеңбер елестетіп, сол шеңберге баяу деміңізді шығару керек. Осылай 4 рет қайталау қажет. Осыдан кейін қайтадан терең тыныс алып, осы жолы үшбұрышты елестетіп, оның ішіне үш рет дем алу керек, ал одан кейін төртбұрышты елестентіп, оның ішіне екі рет демалу керек. Осы жаттығулардв орындағаннан кейін міндетті түрде тынышталасыздар.

2. «Өмірлік күш». Арқамен жату керек. Денені бос ұстап, баяу, ретпен тыныс алыңыз. Әр тыныс алған сайын бойыңызға өмірлік күш еніп жатқанын сезініңіз, ал деміңізді шығарған сйын ол күш барлық денеңізге тарайды. 

3. «Қайырлы таң». Мамандардың айтуынша есінеу қанды оттегімен қамтамасыз етіп, артық көміртегіден арылтады екен. Есінеу кезінде жұмыс жасайтын бет, мойын, ауыз қуысы бұлшық еттері ми қан тамырларының жұмысын жақсартады. Есінеу жағымды эмоционалды импульстардың пайда болуына ықпал етеді. Жапон елінде электротехникалық өндірістің жұмысшылары әр 30 минут сайын есінеп отырады екен. 

Бұл жаттығу үшін көзді жұмып, ауызды кеңінен ашып, төмен дауыспен «у-у-у» деген дыбыс шығару керек. Есінеумен бірге денеңізді де бір созып алыңыз. Есінеуден кейін бет бұлшық еттері босаңсып, тыныштық сезімі пайда болады.

Көру жүйесі мен бетке арналған жаттығулар

Бұл жаттығулар көру жүйесі мен бет бұлшық еттерін жақсы жаттықтырып, белгілі бір тонуста ұстайды. Кейбір жаттығуларды көбінен азына дейін орындау ұсынылады. Мысалы 8-ден 5-ке дейін. 

1. Шашты тігінен көтеріп, басты түрлі бөліктерінен оны перифериядан ортасына тартыңыз. Бұны 3-2 циклы бойынша орындаңыз, басында 3 рет, үйренгесін 2 рет.

2. Көлденең қимылдар. Саусақтарды біріктіріп, алақанды перифериядан ортасына дейін қозғалып отырыңыз.

3. Қолыңызды маңдайға қойып, маңдайыңызды бырыстырмай, қасыңыз бен көзіңізді жоғары көтеріңіз. Осыны 5-7 рет қайталаңыз.

Қас

4. Қасты таң қалғандай жоғары көтеру. 6-4 рет орындау.  

5. «Бір нәрсені жақтырмау». Қабағыңызды вертикалды әжімдер көрінгенше түйіңіз, қайтадан жіберіңіз. 6-4 рет орындаңыз.  

Көз

6. «Қорқыныш». Көзді жұмып, қатты қысып, босатыңыз. 8-5 рет.

7. Көзіңізді 3-4 секундқа қатты ашып, 3-4 секундқа қатты жұмыңыз. 4-2 рет орындаңыз. 

8. Көзіңізді қолмен жабыңыз. Жоғары кіріпіктеріңізге қараңыз. Демалып, 4-2 рет орындаңыз. 

Визуализацияға арналған «Энергия генераторы» жаттығуы.

Көзіңізге керемет энергия генераторын елестетіп, оны «іске қосыңыз». Бұл энергия сіздің бұлшық еттеріңізге еніп, кеудеңізді толырып жатыр. Оны тыныстаңыз. Біртіндеп, бұл энергияны денеңіздің алдыңғы бөлігінен арқаңызға, оң мен солыңызға, аяғыңызға жіберіңіз. Энергия толқынын барлық денеңізбен сезініңіз. Енді сіз ең күрделі тапсырмаларды орындауға дайынсыз. Жаттығуды шаршаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде орындаған дұрыс. 

Рефлексия.

-Өз тәжірибеңізде релаксацияның қай әдісін қолдандыңыз?

-Өзін-өзі рефлексиялау техникалары не үшін қажет?

- Визуализация кезінде нені сезіндіңіз?

 

 

 

 

28-сабақ

ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ ТҮРЛЕРІ

 

Мақсаты: тәжірибеде қолдану мақсатында өзін-өзі реттеу түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

-         Өз мінез-құлқы мен эмоционалды жағдайын өзін-өзі реттеу дағдысына үйрету;

-         Мінез-құлықты өзін-өзі реттеуді дамыту;

-         Тұлғаның нәтижелі өзін-өзі реттеу қасиетін тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Позитивті күйге келтіру. Позитивті тамашалау

Теориялық бөлім

Релаксациялық  техника «қысым - босаңсыту» — бұл бұлшық еттегі қысымды анықтап, одан арылудың ең тиімді  әдісі. Мазасыздық пен күйзелісті жеңе алмайтыныңызды  сезінген кезде осы техниканы қолдану керек.  

Өкінішке орай, біздің көбімізде денемізде түкке тұрғысыз, бірақ кейде маңыздылыққа ие болатын күйзеліспен жүреміз. Біз түрлі бұлшық еттер тобын қолдану арқылы жүреміз, отырмыз, жұмыс жасаймыз және бұған еш мән бермей жүре береміз. Ал осы кезде бұлшық еттерде артық қысым мен ауыртпалық жиналады. Жұмыс кабинетінде отырып көп жұмыс істеп, мойын мен иық бұлшық еттеріне ауыртпалық түсіреміз. Кейбір адамдар зейінін бір нәрсеге қатты шоғырлаған кезде ернін тістеп, жағын қатты қысып алуы мүмкін, ал оқыған кезде көздері ақиып кетуі мүмкін. Бұның бәрі бұлшық ет тонусына білінер - білінбес әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да сіз шаршағаныңызды әлі мойындамасаңыз да, өзіңізге: «Мен мүлдем шаршаған жоқпын, мен өзімді жақсы сезінемін» деп айтудың қажеті жоқ.  Керісінше, бұлшық еттерді босаңсыту әдісін қолданып, күш-жігеріңізді қалпына келтіріп алыңыз.

Денеңізді толық босаңсытуына дейін еркін ұстаңыз. Сіз қол-аяғыңыды көтергіңіз келсе де, олар көтерілмей, сізге бағынбайды екен деп көзіңізге елестетіңіз.  Ол толығымен босаңсуда. Содан кейін терең тыныс алып, бұлшық еттеріңізді тонусқа келтіріңіз.

 

Практикалық бөлім.

Бет бұлшық еттерін босаңсытуға арналған жаттығулар

Орындау әдісі.

Жаттығу орындау барысында  бұлшық еттер еркін жағдайда болу керек. Мұрын арқылы бір қалыпты, баяу демаламыз. Жаттығатын бұлшық еттер жағдайына назар аударған дұрыс.

 «Таң қалу маскасы».

Көзіңізді жұмыңыз. Баяу тыныс алып, қасыңызды барынша жоғары көтеріңіз де, ішіңізден «маңдай бұлшық еттері жиырылып тұр» деп айтыңыз. Бір секундқа деміңізді тоқтатып, қасыңызды түсіріңіз. Үзіліс 15 секунд. Жаттығуды 2-3 рет қайталыңыз.

 Көзге арналған «Көз қысу» жаттығуы

Деміңізді ішке алып, көзіңізде қысымды баяу күшейте отырып жұмыңыз, содан кейін көзіңізге сусабын кіріп кеткендей, қатты тас қылып жұмып алыңыз. Ішіңізден: «Көз бұлшық еттерім жирылуда» дегенді айтыңыз. Бір секундқа тоқтап, бұлшық еттеріңізді босатыңыз. Көзіңізді ашпай: «Көздерім босаңсыды» деңіз. Жаттығуды 2-3 рет қайталаңыз. 

Мұрынға арналған «Ашу» жаттығуы.

Мұрныңызды ашуланған сияқтыи тыржитып, осы қалпында деміңізді ішке алып, деміңізді сыртқа шығарыңыз. Ішіңізден: «Мұрын бұлшық еті жиырылып тұр» деп, деміңізді ішке алыңыз. Деміңізді сыртқа шығару кезінде мұрыныңызды босаңсытыңыз. Жаттығуды 2-3 рет қайталаңыз.

Ерін мен езуге арналған жаттығу

Деміңізді ішке алып, сүйуге дайындалып жатқандай біртіндеп ерініңізді жиырыңыз. Қатты жиырып, «Менің ауыз бұлшық еттерім жиырилып тұр» деп қайталаңыз. Бір секундқа тыныс алмай, баяу деміңізді шығарыңыз. «Менің ауыз бұлшық еттерім босаңсыды» деп айтыңыз. Жаттығуды 2-3 рет қайталаңыз.

 «Күлкі маскасы».

Көзіңізді сәл сығырайтып,  бар мүмкіндігіңізше біртіндеп жимиыңыз. Деміңізді сыртқа шығарып, бұлшық еттерді босатыңыз. Бұл жаттығуды да бірнеше рет қайталау қажет.

«Көңіл толмаушылық маскасы».

Деміңізді ішке  алып, ерініңіз бен  тістеріңізді қатты қысып, көңіл толмаған кейпін көрсетіңіз. Осы қалыпты бекітіп, сәлден кейін бұлшық еттеріңізді босатыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

«Қысым - босаңсыту» №1  техникасы

Бұл жаттығу өте нәтижелі, себебі, дененің негізгі нүктелеріндегі жиырылауды таратады. Аталған жаттығу кешендерін күніне бірнеше рет қайталаңыз (әр жаттығуды 3 рет қайталау керек):

Көз: көзіңізді баяу әеулі бір жаққа, сосын екінші жаққа айналдырыңыз.

Көзқарас: зейінді бір затқа шоғырландырыңы, одан кейін көзіңізді ақырындап жақын тұрға затқа ауыстырыңыз.

Қас: көз айналасындағы бұлшық еттерді жиырып, қабағыңызды түйіңіз. Содан кейін ақырындап, бұлшық еттеріңізді босатыңыз.

Жақ: рахаттанып, ауызыңызды кең ашып есінеңіз

Мойын: басыңызды алға-артқа, оңға –солға шайқаңыз, содан кейін сағат тілі бойынша - сағат тіліне қарсы мойыныңызды айналдырыңыз. 

Иық: иығыңызды құлағыңызға дейін көтеріп, түсіріңіз.

Қол: білектеріңізді еркін ұстап, сағат тілі бойынша – сағат тіліне қарсы айналдырыңыз. 

Жұдырық: бар күшіңізбен жұдырықты түйіп, еркін жіберіңіз.

Кеуде мүсін: баяу дем алу – демм тоқтатып, баяу дем шығару. Содан кейін алға-артқа, оңға-солға еңкею.

Бөксе: бөксе бұлшық еттерін жиырып, босаңсытыңыз.

Табан: сағат тілі, сағат тіліне қарсы айналдырыңыз.

Аяқ саусақтары: оларды жиырып, босатыңыз

№ 5 әуен (Арфа)

№ 2 техника

Тазалық энергиясы

Теріңінен тыныс алыңыз. Басымызды түрлі ойлардан босатып, әр тыныс алған бойымызға таза энергияны сіңіреміз, ал дем шығару кезінде онымен бірге теріс эмоцияларымызды бірге шығарамыз. Біртіндеп, сіздің ойыңыз бен эмоцияларыңыз жеңіл, ашық аспан тәрісздес болғанын сезінесіз. Бұл аспан тыныштық пен тазалыққа толы, осы аспанмен бір болып, жанымыз бен тәніміз тазаруда.

 (№ 1 әуен Alap)

№ 3 техника  Тыныштық көлі

Денеңізді бос ұстап, еркін демалыңыз. Әр тыныс алған сайын, денемізді толық еркіндікке дейін босатамыз. Көзімізді жұмып, кеудемізді таза су ағымы пайда болғанын сезінеміз, осы су ағымы ақырындап алтын түсті көлге айналуда. Терең демімізді ішке алып, алтын көлге толығымен енеміз. Барлық уайым-қайғыларымыз су бетінде қалуда, ал біз болсақ тыныштық пен үйлесімді сезінеміз. Әр деміміз ішке алу бізге тыныштықтың алтын энергиясын беруде, ал демімізді шығарып, онымен бірге мазасыздықты да бірге шығарып тастаймыз.

№1 әуен (флейта Аlap)

№ 3 әуен (арфа)

4. «Шырағдан жалыны». Кез келген ыңғайлы қалыпта орындала береді: отырып, тұрып, жатып. Шаршағандықты тез басуға ықпал етеді, қанды токсиндерден тазартып, ағзаны иммунитетін жоғарлатады.

Толық демді ішке алғаннан кейін, демді сыртқа шығару біртіндеп, шырағдан өшіріп жатқандай шығады. Ерніңізді дөңгелетіп алған дұрыс. Алғашында бұл жаттығуды 3 рет қайталасаңыз, үйренгесін 10 ретке дейін қайталауға болады.

5. «Шайқас». Қолыңызды басыңызға көтерпіп, қолыңызда стресс пен күйзеліс бар екен деп ойлаңыз. «ХА» дыбысын шығарып, барлық негативтен айырылыңыз. Бірнеше рет қайталаңыз. Дыбыс жай ғана емес, іштен шығуы тиіс. Бұл ішкі күйзелістен айырылып, мазасыздық сезімінен айырылуға көмектеседі. 

6. «Тыныс алу маршы». Күш азайған кезде қолдану ұсынылады, тыныс алу орталығының жұмысын жақсартады. Толық дем алуды игерген кезде орындалалады:

- Кезекті демді сыртқа шығарудан кейін сол жақ мұрын қуысын сол жақ саусағыңызбен жауып, оң жақ мұрын қуысымен дем алыңыз;

- Демді сыртқа алған кезде дем алмай, оң жақ мұрын қуысын оң саусақпен жауып, сол жағын ашып дем алу;

- Дем алмағаннан кейін дем шығаруда демді ішке сол жақ мұрын қуысымен алыңыз;

- Дем алмаған кезде сол жақ мұрын қуысын оң жақ саусақпен жауып, оң жақ мұрын қуысын босатып демді ішке алыңыз;

- Демді сыртқа шығарған кезде дем алмаңыз;

- Аталған тыныс алу циклін 5 рет қайталаңыз. Дем алу мен дем шығару, дем тоқтатудың ұзақтығы 8 секунд.

7. Тыныс алу шоғырлануына негізделген жаттығулар.

Жаттығуды бастар алдында доп немесе шардан ауаның шығып жатқанының қалай болатынын есіңізге түсіріңіз. Ойша осы ауаны көруге тырысыңыз. Бізде әр демді сыртқа шығаруымызды денеміздің белгілі бір нүктелері арқылы жасаймыз.

1) Өз тыныс алуыңызға назар аударыңыз. Әдеттегідей тыныстаңыз, әр деміңізді бақылаңыз. (30 сек)

2) Тізеңізді сезініңіз. Келесі демді сыртқа шығаруды тізеңізде «ашылған» нүктелер арқылы шығарыңыз.  Шын мәнінде біз мұрынмен демаламыз, бірақ тіземен дем алып жатырмыз деп елестетеміз. (30 сек)

3) Омыртқаңызды сезініңіз. Ойша омыртқа бойымен жоғары-төмен жүріп өтіңіз. Ең төменнен кез келген нүктені белгілеп алыңыз. Осы нүкте арқылы тыныс алып жатырмыз деп көзге елестетеміз. (30 сек)

4) Омыртқа бойымен жоғары көтеріліңіз. Орта жағынан бір нүкте белгілеңіз. Демді ішке алыңыз, ал демді сыртқа осы нүкте арқылы шығарыңыз. (30 сек).

5) Ойша мойын омыртқасына көтеріліңіз. Демді ішке алыңыз, ал демді сыртқа осы нүкте арқылы шығарыңыз. (30 сек).

6) Қолыңыз бен білегіңізді сезініңіз Демді ішке алыңыз, ал демді сыртқа осы нүкте арқылы шығарыңыз. (30 сек)

7) Ойша шынтаққа көтеріліңіз. Демді ішке алыңыз, ал демді сыртқа шынтақтағы нүкте арқылы шығарыңыз. (30 сек)

8) Ойша иығыңызға  көтеріліңіз. Демді ішке алыңыз, ал демді сыртқа иықтағы нүкте арқылы шығарыңыз. (30 сек)

9) қас арасындағы нүктені табамыз.  Демді ішке алыңыз, ал демді сыртқа осы нүкте арқылы шығарыңыз. (30 сек)

10) Самайдағы нүкте арқылы демді сыртқа шығарамыз.  (30 сек).

11) Ал енді барлық аталған нүктелер арқылы демімізді сыртқа шығарамыз. Осылайша дем алып көріңіз. Байсалды дем алыңыз. Осы қалыпта өзіңізге қажетті уақытта отырыңыз. Сергек болып қалыпты күйге оралаңыз. 

Бұл жаттығулар ауыр жұмыстан кейін күйзелістен арылуға көмектеседі.

1-жаттығу

1. Ақ қағазға диаметрі 1-1,5 см болатын шеңбер салып, оны қабырғаға іліп қойыңыз. 1,5 метр қашықтықта отырып, осы нүктеге мұқият қарап отырыңыз. Шаршасаңыз 1-2 рет көзіңізді жыпылықтатып, одан әрі жалғастырыңыз.

2. Шеңберге қарап отырып, көзқарасыңыздың да, ойыңыздың да  шашырап кетпесін. Шеңберді қолға ұстап көріңіз.

3. Орындалу уақыты 1-ден 5 –ке дейін созылады. Сезіну динамикасын талдап көріңіз.

2 жаттығу.

1. Көзіңізді жұмып отырыңыз. Өзіңізге «Оң білек!» деп бұйрық беріп, оң білегіңізді сезінуге тырысыңыз.

2. 10-15 сек кейін келесі бұйрық: «Сол білек!», одан кейін: «Оң жақ табан!»  т.с.с. дененің түрлі бөліктерін атауға болады.

3. Біртіндеп кіші көлемдерге ауысыңыз – саусақ, саусақ ұшындағы тамыр соғысы.

4. Соңында барлық денені сезінуге тырысыңыз.

3 жаттығу.

Қолыңызды кеуде тұсынынан жайыңыз, содан кейін оларды алақанды паралель ұстап, түйістіріңіз. Бірнеше рет орындағаннан кейін алақандар, сілкілдеп, ортаның кедергісіне кезігеді. Осы көрінбейтін жүйеден «шеңбер» жасап, кеуде тұсына енгізуге тырысу керек. Жаттығу соңында әсермен бөліскен жөн. 

 

4 жаттығу.

Жұптасып орындалады. Бір қатысушы көзін жұмады, ал екіншісі оны бөлме бойында жетелеп жүреді. Бірінші қатысушы өзін жайлы сезініп, жетелеуші қатысушыға сенгені дұрыс.

Жетелеуші «соқырдд» қабырға бойымен жүргізіп, өзінің кеңістікте не сезініп тұрғанын сұрайды. Оң жағында, сол жағында т.с.с

Ойыншылар рөлдерімен ауысады. Жүргізуші сезім мүшелеріне (көру, есту, кинестетикалық) назар аударғаны дұрыс.

Ескерту: бұл жаттығуды тамақ ішкеннен кейін 2-3 сағаттан кейін орындауға болады. Себебі, қатысушы өзін жайсыз сезініп, басы айналуы, эмоционалды жағдайы нашарлауы мүмкін. 

Рефлексия.

- «Қысым - босаңсыту» техникасының мәні неде?

- Тыныс алу жаттығуларын орындаған кезде не сезіндіңіз?

- Сізге қай жаттығу ұнады, неліктен?

 

 

29-сабақ

МЕНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІ «МЕНІМ»

 

Мақсаты: Қадағалаудың ішкі локусының өзін-өзі жүзеге асыруы мен дамуына қолайлы жағдайлар жасау

Міндеттері:

-         Білім алушылардың өзін жүзеге асыру жолдары туралы білімдерін кеңейту;

-         Қадағалаудың ішкі локусын дамыту;

-         Өз бетінше күнкөріске тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологтың кіріспе сөзі.

Қытайлық ағаш мүсіндерінің шебері ЧжэнЧунхуи 4 жыл бойы өзінің шедеврын жасаумен айналысты. Соған қарғанда бекер емес!

Біркелкі ағаш діңінен жасалған оның алып мүсіні әлемдегі ең үлкен болып табылады.  Оның ұзындығы 12,29 метр және биіктігі үш метрге жуық, автор өз халқының біздің дәуіріміздегі ХІ ғасырдағы тарихын бейнелеген. Қайықтар, көпірлер, ғимараттар және 550-ден астап адам қуыршақтары. Осы жұмыс Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру жолдарының бірі.

Теориялық бөлім.

Өзін-өзі дамыту – өзін  тұлға ретінде толық жүзеге асыруға бағытталған адамның саналы қызметі.

Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бейне тұлғаның ішкі әлеуеті (қабілеттері, мүмкіндіктері), адамның мәні мен оның мақсатын толықтай ашуға бағытталған саналы қызмет көрінісі болып табылады.

-Сіз өміріңізді өзгерткіңіз келе ме?

-Оны жарқын және қызықты, жақсырақ және барлық мәндерінде бай еткіңіз келе ме?

-Сіз өмірде шын табысқа қол жеткізгіңіз келе ме?

Бірақ, сіз неден бастауды және дұрыс жолды қай бағыттан іздеу керектігін білмейсіз? Әрине, әр адамның табыс сыры бөлек. Және бүгін біз сізге өз мүмкіндіктеріңізді түсіну мен жүзеге асыруға көмектесеміз, өйткені олар шексіз.

Өзгерістер туралы айтқанда, Мақсатты айқындау маңызды. Сіз оны қаншалықты нақты қалыптастырсаңыз, өзіңіздің алдағы жолыңызды соншалықты анық көре аласыз. Өмірдегі табыс – ол қалайша жақсы өмір сүруге болатыны туралы түсінік қана емес, ол Мақсатқа қол жеткізу болып табылады. Ол бірінші кезекте, әрекет ету еркіндігі және өз өмірін өз бетінше қадағалау. Ол қуаныш және қаржылық тәуелсіздік беретін өз ісінен ләззат алу. 

Мақсат пен Бақытқа қол жеткізудің ең тиімді жолы – ол шығармашылық түрде жүзеге асу, ол сіздің қызмет ету саласынан тәуелсіз, өйткені шығармашылық кез келген еңбекті жеңілдетеді және қызықты етеді. Шығармашылық жүзеге асу – Табысқа жетудің басты құпиясы.

Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы — ол, әрқайсымыздың ойланбай ұмтылатын нәрсеміз. Өмірден қандай да бір пайда көрген кезде көптеген адамдар қанағатқа қол жеткізбейді. Оның себебі – өз ісіне деген қызығушылықтың болмауы, шын Мақсат және адамның өзі мен өмірінде үйлесімнің болмауы.  

Әрине, өмірде табысқа қол жеткізу үшін сізге жұмыс істеу керек, ол сізді қойған Мақсатқа жақындата түседі. Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы – ол өзінді тұрақты жетілдіру. Ол өз білімдері, машықтары, қабілеттері мен міндетті түрде денесін жетілдіру. Мақсатқа қол жеткізу үшін сізге күш, құштарлық және жақсы денсаулық қажет болады. Табысқа жету құпиясы адамның үйлесімді дамуына негізделеді.

Қадағалау локусы — тұлғаның қандай да бір үлгісін сипаттайтын психологиялық фактор. Ол адамның өмірде орын алып жатқан оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы күштерге (экстерналды қадағалау локусы) немесе өзінің қабілеттері мен құштарлығына (интерналды, ішкі қадағалау локусы) жатқызу  бейімін білдіреді.

ИНТЕРНАЛДЫ ҮЛГІ. Адам оның өмірінде орын алған оқиғалардың ең бастысы оның жеке қасиеттеріне байланысты және оның өз әрекетінің заңды салдары болып табылады деп санайды.

ЭКСТЕРНАЛДЫ ҮЛГІ. Адам оның табыстары мен сәтсіздіктерінің ең бастысы сыртқы жағдайлар – қоршаған орта жағдайлары, басқа адамдар әрекеттері, кездейсоқтық, сәттілік, сәтсіздік және т.б. байланысты деп санайды.

Диагностика.

Роттердың қадағалау локусы тесті

«Қадағалау локусы» әдістемесі – тәртіптің қадағалау локусын анықтауға бағытталған алғашқы тест әдістемелерінің бірі. Ол 1950 жылы америкалық психолог Дж.Роттермен тәртіптік психология концепциясының аясында әзірленді.

 

Нұсқаулық

Тұжырымдарды жұптап оқып шығыңыз, олардың қайсысымен сіз көбірек келісесіз. Әр жаттығу үшін тек бір «а» немесе «б» нұсқасын таңданыз.

 

А

Б

1

 Балалар ата-аналарының оларды жиі жазалайтындығына байланысты қиындықтарға тап болады

Қазіргі кезде балалар ата-аналарының оларға тым жұмсақ қарайтындығына байланысты қиындықтарға тап болады

2

 Көптеген қиындықтар сәтсіздіктен орын алады.

Адамдардың қиындықтары өз қателіктерінің салдары болып табылады

3

 Аморальды тәртіптің басты себептерінің бірі қоршаған адамдардың олармен келісетіндігінде

бейморальды тәртіп әрдайым орын алатын болады, қоршаған адамдардың оларды болдырмауға қаншалықты тырысқанына қарамастан

4

 Нәтижесінде, адамдарға лайық құрмет келеді

Өкінішке орай, адам көбінесе лайық құрметке ие болмайды

5

Оқытушылардың балаларға адал емес қарайтыны туралы пікір теріс

Көптеген оқушылар өз бағаларының кездейсоқ жағдайларға байланысты екендігін түсінбейді

6

Жетекшінің табысы  көбінесе жағдайлардың сәтті орын алуына байланысты

Жетекші бола алмаған қабілетті адамдар өз мүмкіндіктерін өздері пайдаланбады

7

Сіз қаншалықты тырыссаңыз да, кейбір адамдар сізге бәрі бір жақсы қарамайды

Қоршаған адамдардың сүйіспеншілігіне қол жеткізе алмаған адам, адамдармен қатынас орната алмайды

8

Тұқымқуалаушылық адамның тәртібі мен мінезінің қалыптасуында басты рөл атқарады

 Тек өмірлік тәжірибе ғана мінез бен тәртіпті қалыптастырады

9

Мен «Болар істің ерте—кеші жоқ» мәтелінің адалдығын түсінетін болдым.

Менің ойымша, шешім қабылдап әрекет еткен тағдырға сеніп қарағанша дұрыс

10

Жақсы маман үшін қатаң тексеріс те қиындық туғызбайды

Жақсы дайындалған маман да қатаң тексерістен өте алмайды

11

Табыс үлкен жұмысқа байланысты және сәттілікке қатысы жоқ

Табысқа жету үшін қолайлы сәтті жіберіп қалмау қажет

12

Әр азамат маңызды мемлекеттік шешімдерге әсер ете алады

Қоғамды маңызды орындарға тағайындалған адамдар басқарады, ал қарапайым азаматтың істей алатыны аз

13

Мен жоспар құрған кезде оларды орындай алатыныма сенімдімін

Келешекке жоспар құрған әрдайым дұрыс емес, өйткені көп нәрсе сыртқы жағдайларға байланысты

14

Жаман деп сеніммен айтуға болатын адамдар бар

Әр адамның жақсы қасиеттері бар

15

Менің армандарымның орындалуы сәттілікке байланысты

Не істеу керектігін білмегенде тиын лақтырады. Менің ойымша, өмірде осыны жиі істеуге болады

16

Жиі сәтті жағдайларға байланысты адамдар жетекші болады

Жетекші болу үшін адамдарды басқара алу қажет. Сәттіліктің еш қатысы жоқ

17

Адамдардың көбісі жаһандық оқиғаларға әсер ете алмайды

Қоғамдық өмірге белсенді араласа отырып, адамдар жаһандық жағдайды басқара алады

18

Адамдардың көбісі өмірлерінің кездейсоқ жағдайларға тәуелді екенін түсінбейді

Шындығында, сәттілік сияқты нәрсе жоқ

19

Өз қателіктерінді әрдайым мойындау қажет

Өз қателіктерінді білдіртпеген жөн

20

Сіздің адамға шындығында ұнайтын-ұнамайтындығынызды білу қиын

Сіздің достарыңыздың саны сіз оларды өзіңізге қаншалықты қаратқанына байланысты

21

Біз кешірген сәтсіздіктер жақсы оғиғалармен теңеледі

Сәтсіздіктердің көбі қабілеттердің болмауы, білімсіздік, еріншектік және олардың бәрін қоса алғанда салдары болып табылады

22

Егер жеткілікті күш салсаңыз, формализм мен жансыздықты жоюға болады

Қарсы күресуге қиын нәрселер бар, сондықтан формализм мен жансыздықты жою мүмкін емес

23

Кей кездері, адамды мадақтаған кезде жетекшілердің қай нәрсеге негізделетінін түсіну қиын

Мадақтау адамның қаншалықты еңбек еткеніне байланысты

24

Жақсы жетекші  қызметкерлерінен өз істерін өздері шешуін күтеді

Жақсы жетекші әр қызметкердің жұмыс мәні неде екендігін ашып түсіндіреді

25

Мен өз өміріме аз ықпал ететін сияқты деген сенімде жиі боламын

Сәттілік немесе тағдырдың менің өмірімде маңызды рөл ойнайтынына сенбеймін

26

Адамдар қоршағандарға достық танытпағандықтан жалғыз болады

Адамдарды өзіне қаратуға қатты тырысудың пайдасы жоқ: егер ұнасаң, ұнадың

27

Адамның мінезі ең бастысы оның күшіне байланысты

Адамның мінезі негізінен ұжым арасында қатыптасады

28

Менің өмірімдегі оқиғалар – өз қолымның ісі

Кейде мен өмірімнің маған байланысты емес бағытта дамитынын байқаймын.

29

Мен жетекшілердің осылай, басқаша емес неліктен істейтінін түсінбеймін

 Ақырында, ұйымды нашар басқару үшін онда жұмыс істейтін адамдардың өздері кінәлі

 

Интерпретация

Кілттегі жауаппен әр сәйкестік үшін сәйкес шкала бойынша 1 балл беріледі.

Шкала

А

Б

Экстерналдылық

 2, 6, 7, 9, 16, 17, 18, 20, 21, 23, 25, 29

 3, 4, 5, 10, 11, 12, 13, 15, 22, 26, 28

Интерналдылық

 3, 4, 5, 10, 11, 12, 13, 15, 22, 26, 28

 2, 6, 7, 9, 16, 17, 18, 20, 21, 23, 25, 29

Роттер қадағалаудың интерналды локусы бар адамдарды ерекше атап өткен.

Бірінші жағдайда - адам оның өмірінде орын алған оқиғалардың ең бастысы оның жеке қасиеттеріне байланысты және оның өз әрекетінің заңды салдары болып табылады деп санайды.

Екінші жағдайда - адам оның табыстары мен сәтсіздіктерінің ең бастысы сыртқы жағдайлар – қоршаған орта жағдайлары, басқа адамдар әрекеттері, кездейсоқтық, сәттілік, сәтсіздік және т.б. байланысты деп санайды.

Практикалық  бөлім.

«Мұхит жағалауы» жаттығуы

Ең қолайлы дене қалпын жасаңыз. Көзіңізді жұмып бірнеше рет терең демалыңыз, релаксацияны бастаңыз (кідіріс 20 секунд). Демнің өз бетінше, баяу, еркін ырғақпен өтуіне жол беріңіз. Сіз кеудемен емес, ішпен демалатындай боласыз (кідіріс 15 секунд). Қазір сіздің  деміңіз баяу және тұрақты қалыпқа келеді (кідіріс 30 секунд). Енді, мен айтатын дене мүшелеріне назар салыңыз, оларда сезген артық салмақты түсіріңіз. Алдымен бас, бет және мойын (кідіріс 20 секунд). Кеуде (кідіріс 15 секунд). Енді аяқтың астыңғы бөліктері және табандар (кідіріс 15 секунд). Енді сіз қолайлылық пен тамаша босансуды сезіндіңіз (кідіріс 15секунд).

Сіз достарыңызбен бірге мұхитқа апаратын жол басында тұрғаныңызды елестетіңіз. Жол құм бархандары арасымен жоғары және төмен көтеріліп түседі. Олар ақ түсті, шөп, гүлдер мен сирек ағаштары аралас өскен жасыл аралдары бар (кідіріс 20 секунд). Сіздің тобыңыз жоғары көтеріле бастады, қолыңызда орамал, досыңыздың бірі мұздатқыш-сөмке әкеле жатыр, ішінде салқындатқыш сусындары бар.

Сіз құм бархандарынан өтіп, алдыңыздан мұхиттың тамаша көрінісі тұр (кідіріс 15 секунд). Сіз баяулап түсе бастайсыз, асықпай, әр қадам сайын құмға батып.  Сіз мұхит дауысын анық естисіз, жағалауға асықпай соғылып жатқан толқын дыбысы (кідіріс 15 секунд).

Сіз жылы мұхит жағалауына барып бұлттай нәзік су құшағына батасыз, үй ошағындай жылы күн сәулесінің астында демалып жатырсыз, ауа теңіз тұзының иісіне толы, аспанда құстар ұшып жатыр, құлағыңызға тек толқындардың соғылып жатқан дыбысы жетіп тұр. Кеш батты, тобыңыз жоғары, бархан шыңына қайта көтеріліп ошақ жақты, кешкі күнмен бірге сіз жалын  биін тамашалап, бар ойларыңыз бен шаршаудың тарқағанын  сезінесіз, тек  босаңсу   мен дененің демалғаны ғана сезіледі. Түн батқан соң барлығы дерлік үйлеріне қайтады, қасыңызда тек жақын достарыңыз ғана қалады. Өз деміңіз, бұлшық еттер мен денеңіздің босаңсуына назар аударыңыз. Тыныштық пен бейбітшіліктен ләззат алыңыз. Тұрған кезде, баяу, асықпай қимылдаңыз.

Рефлексия 

- Өзін-өзі жүзеге асырудың қай жолдарын қолданасыз?

- Өзіңіздің бойыңызда  қадағалаудың қай локусын дамытқан дұрыс?

- Релаксация-жаттығуын орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

 

 

 

30-сабақ

МЕНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІ «МЕНІМ»

 

Мақсаты: Қадағалаудың ішкі локусының өзін-өзі жүзеге асыруы мен дамуына қолайлы жағдайлар жасау

Міндеттері:

-         Білім алушылардың өзін жүзеге асыру жолдары туралы білімдерін кеңейту;

-         Қадағалаудың ішкі локусын дамыту;

-         Өз бетінше күн көріске  тәрбиелеу.

 

 

 

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық күйге келтіру, бейнеролик көрсетілімі

 

Теориялық бөлім.

Өзін-өзі жүзеге асыру тұжырымдамасы және оған жақын тұжырымдамалар Батыстағы ХХ ғасырдың 2-і жартысындағы ізгілік  психологиясының дамуымен тығыз байланысты, әсіресе А.Маслоу еңбектерінде көрінеді.

Өзін-өзі өзектеу - self-actualization – адамның өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін мейілінше толық қолдануға құштарлық ұғымы К.Роджерс пен А.Маслоумен қолданылды

Өзін-өзі жүзеге асыру – бұл ынта, басқа адамдар, әлеумет және жалпы әлеммен бірлескен әрекет, шығармашылық арқылы Тұлғаны дамыту мүмкіндіктерін жүзеге асыру.

Жасөспірімнің өзін-өзі жүзеге асыруы – бұл тұлғаның әрекет және қарым-қатынастағы өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашудың саналы және субьективті маңызды үдерісі. Жасөспірімнің өзін-өзі асыруы үдеріс ретінде өзін-өзі басқалармен анықтау, тәжірибеге ашықтық пен оны қабылдау, адамның сезімдік бағыттағы жағдайларды әр түрлі қабылдау, белсенділіктің шығармашылық сипатын білдіреді.   Гордон Олпорт.

Г. Олпорт өзін-өзі өзектеу – бұл әсерлерді ашық, жүйелі және тізбекті түрде бөлу арқылы әлемнің жалпы бейнесін көру; бұл Тұлғаның кең шектері, өз-өзіне «басқа жақтан» қарау қабілеті деп тұжырымдайды.

Өзін-өзі өзектеу (этимологиялық түбірі «өзектеу» сөзі) мүмкіндік жағдайынан нақтылық жағдайына өтуді білдіреді, сондықтан оның тұлғаның өзі-өзі дамуының үдерісі ретіндегі мәнін «көрсету» сөзі мейілінше дәл сипаттайды. Өзін-өзі көрсету – өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін анықтау. Э кзистенциалдық-гуманистикалық бағыттың жетекші өкілдері (К. Гольдштейн, Э. Деси, А. Маслоу, Р. Мэй, Г. Олпорт, Р. Райн, К. Роджерс, В. Франкл) тұлғаның өзін-өзі белсенді көрсету қабілеті арқылы өзін-өзі өзектеу үдерісін түсіндіреді. Өзінің адами әлеуетін  мейілінше ашу мен оны өзін-өзі өзектеу арқылы күнделікті өмірде қолдану – адамның дамуындағы маңызды фактор болатыны туралы ой негіз қалаушы болып табылады.

К. Роджерс өзін-өзі өзектеуге құштарлықты өрлеу, жетілуге деген ұмтылыс, ағзаның барлық мүмкіндіктерін көрсету мен белсендету тенденцисы; «өзін-өзі құрастыру» мен өзінің шын «Тұлғасын» көрсету деп түсінеді. Өзінің қабілеттері мен таланттарын қолданатын, потенциалын жүзеге асыратын және өзін және өмір салаларын толық түсінуге ұмтылатын адамдарды Роджерс «толықтай қызмет ететіндер» деп атады. Ол сондай адамдарға сипатты бес негізгі көрсеткішті атап өтті:

1) уайымға деген ашықтық. Уайымға ашық адамдар өзін тыңдауға, өз жаны ішіндегі висцералды, сенсорлы, эмоционалды және когнитивті уайымдарды қауіпті бақамай сезуге қабілетті адамдар. Олар өзінің ең терең ойлары мен сезімдерін танып біле алады; оларды басуға тырыспайды; жиі оларға сәйкес әрекет етеді және оларға сәйкес емес әрекет етсе де, оларды тануға қабілетті.

2) экзистенциалдық өмір салты  - бұл өмірдегі әр сәтті толық және мазмұнды өткізу, әр уайымның жаңа және ерекше болып сезінетіндей өмір сүру тенденциясы. Адам шындығында кім болатыны және келесі сәтте не істейтіндігі бұрынғы болжамдарға қарамастан қазіргі сәттен бастап қалыптасады. Жақсы өмір сүретін адамдар бейімді, шыдамды және ерекше болып табылады. Олар өз тәжірибесінің құрылымын оны бастан кешу үдерісі кезінде ашады;

3) келесі қасиет ағзалық сенім болып табылады. Олар оны шешімдерді қабылдау кезіндегі негізгі көрсеткіш ретінде қарастырады. Көпшілік адамдар қоршағандардың пікірлерін (шіркеу, сыйлы адамдар, ата-аналар және т.б.) жетекшілікке ала, толықтай қызмет ететін адам ішкі сезіміне бағынады.

4) эмпирикалық еркіндік адамның қалағанынша, еш бір шектеусіз және тыйым салусыз, сол арқылы барлық орын алатын оқиға үшін жауапкершілікті өзіне қабылдай өмір сүре алатындығын білдіреді. Осы еркіндік және күш сезіміне негізделе, толықтай қызмет ететін адам өмірде өзін барлығын дерлік істей алатындай, қалаған нәрсені істей алатындай сезінеді!

5) креативтілік. Шығармашыл тұлғалар өз мәдениетіне құрылымды және бейімді, сонымен қатар, өздерінің барлық қажеттіліктерін орындай отырып өмір сүруге ұмтылады. Алайда, конформистер емес. Олардың қоғаммен байланысын былайша сипаттауға болады: олар қоғам мүшелері мен өнімдері, бірақ оның тұтқыны емес болып табылады.

А. Маслоу психологиялық ерекшеліктердің кешенін анықтау мақсатында өзін-өзі өзектейтін адмадарды кеңнен зерттеуді қолға алды. Нәтижесінде 15 негізгі сипат анықталды:

Өзін-өзі өзектейтін адамдардың сипаттары:

1. Өмірді тиімдірек қабылдау;

2.Өзін, басқаларды және табиғатты қабылдау (өздерін шындық жағынан қабылдау);

3.Жалғансыздық, қарапайымдылық;

4.Мәселеге мұқият назар аудару;

5.Тәуелсіздік, жекеше болуға қажеттілік;

6.Автономия: мәдениет пен қоршағандардан тәуелсіздік;

7.Қабылдау жаңашылдығы;

8.Шыңды немесе шытырман уайымдар (қатты толғау немесе жоғары кернеу сәттері, сонымен қатар босаңсу, бейбітшілік сәттері);

9.Қоғамдық қызығушылық;

10.Терең тұлғааралық қатынастар;

11.Еркін мінез (жалған сенімнің болмауы);

12.Қаражат пен мақсаттарды бөлу;

13.Философиялық әзіл сезімі (мейірімді әзіл);

14.Креативтілік (шығармашылыққа қабілет);

15.Мәдениетке бағынудан еркіндік (өз мәдениетімен үйлесімде болу, одан белгілі бір ішкі тәуелсіздікті сақтай отырып).

Жасөспірімдердің шығармашылық әрекетіндегі өзін-өзі ұйымдастыру критерийлері:

-негізгі мақсаттар мен басымдылықтарды бөле білу машығы;

-жоспарлау, өзін қадағалау, өзін талдау, рефлексия, түзетуге қабілет;

-оқудағы қиындықтардан өтуге қабілеті.

Диагностика.

Джоунс және Крендалл( Jones, Crandall, 1986) өзін-өзі өзектеудің индексін құрастырды.

Шкала 15 тармақтан құралған:

1. Мен өз сезімдерімнің ешқайсысынан ұялмаймын

2. Мен не істеу керектігін, менен не күтіп жүргенін сеземін(N)

3. Мен адамдардың жақсы екеніне және оларға сенуге болатынына сенемін

4. Мен жақсы көретін адамдарға ызалы бола аламын

5. Маған басқалардың менің істеп жатқан істерімді қолдағаны әрдайым қажет(N)

6. Мен өз кемшіліктерімді қабылдамаймын (N)

7. Мен сенімді білдірмейтін адамдарды ұната аламын

8. Мен сәтсіздіктерден қорқамын (N)

 9. Мен күрделі салаларды талдамауға және жеңілдетпеуге тырысамын (N)

10. Танымал болғанша, өзімен-өзім болғаным дұрыс

11. Менің өмірімде өзімді арнайтын нәрсе жоқ (N)

12. Мен теріс салдарға әкеліп соқса да, өз сезімдерімді білдіре аламын.

13. Мен басқаларға көмектесуге міндетті емеспін (N)

14. Мен санасыздықтан шаршадым(N)

15. Мен жақсы көргендіктен, мені де жақсы көреді.

Нәтижелерді өндеу:

Респонденттер әр тұжырымға 4 мәнді шкаланы қолдана отырып жауап береді:

1-  келіспеймін,

2-  шамалы келіспеймін,

3-  шамалы келісемін,

4-  келісемін.

Тұжырымнан кейін тұрған (N) белгісі жалпы мәндерді санаған кезде бағаның инверсті  (1=4,2=3,3=2,4=1) болатынын білдіреді. Жалпы мән қаншалықты жоғары болса, респондент соншалықты өзін-өзі өзектеген болып табылады.

         Практикалық бөлім.

Өзін-өзі өзектеу жолдары:

1. Адам өзінің уайымдарына толық беріліп, оларға назарын аударатыны белгілі. Осындай уайым кезінде адам өзінің шын тұлғасын толықтай ашып көрсетеді. Осы өзін-өзі өзектеу сәті болып табылады.

2. Өмірді тізбекті таңдаулар үдерісі ретінде қарастыруға болады. Әр кезеңде прогрессивті және регрессивті таңдау бар. Қорғаныс, қорқыныш, қауіпсіздік жағына қарай қозғалуға болады; ал қарсы жақта тұлғалық өрлеуге алып келетін таңдау жатыр. Осындай таңдау жасау өзін-өзі өзектеу жағына қозғалыс жасауды білдіреді. Өзін-өзі өзектеу – бұл жалғастыратын үдеріс.

3. Адам – минимум сияқты, оның мінезі, оның биохимиялық баланстары. Ішкі импульстар дауысына құлақ шолу – оның көрінуіне жол ашуды білдіреді. 

4. Адам өзіне жауапкершілікті алады, ол өзін-өзі өзектейді Өзінің жан сырына қарау, көптеген жауаптарды іздену өзіне жауапкершілікті алуды білдіреді.

Өрлеуді таңдау, өзінің ішкі дауысыңды тыңдау, адал болу және өзіне жауапкершілікті алу маңызы. Осының бәрі өзін-өзі өзектеу жолындағы қадамдар, олардың әрқайсысы біздің өмірлік таңдауымызды қамтамасыз етеді. Оларды жасай отырып әр адам сол таңдаудың ол үшін үйлесімді екендігіне көз жеткізеді. 

Креативті әрекет ету басқалар сияқты көптеген детерминант арқылы анықталады. Ол арқылы адамның қанағат немесе қанағат емес, бақытты немесе бақытсыз екендігін көруге болады. Сонымен қатар, шығармашылық қызметтің компенсаторлық және жақсартушы сипатта болып немесе ерекше экономикалық мақсаттары болуы мүмкін. Осы деңгейде жеке ерекшеліктер өте жоғары болады. Алайда, өзін-өзі өзектеу қажеттіліктерінің пайда болуы физиологиялық талаптардың қанағаттандырылуына негізделетіні, сонымен қатар қауіпсіздік, махаббат және құрметке деген қажеттілікке негізделген жалпы сипаты бар.

6) Білуге және түсінуге құштарлық

Білімдерді алу және жаһанды жүйеге келтіру әлемдегі негізгі қауіпсіздік жағдайына қол жеткізу әдісі немесе саналы адам үшін өзін-өзі өзектеудің көрінісі ретінде қарастырылды. Ақпаратты алу еркіндігі мен өзінді көрсету еркіндігі негізгі қажеттіліктерді қанағаттандырудың қажетті жағдайлары. Білу және түсіну қажеттіліктері балалық шақтан бастап көрінеді, үлкен жасқа қарағанда көбірек деп айтуға болады. Сонымен бірге, олар кездейсоқ, оқыту емес, даму нәтижесінде пайда болады.

Когнитивті импульстарды қанағаттандырудың нәтижесі соңғы тәжірибе болып табылады. Кедергілерден өту, пайда болудың көпшілік сипаты (барлық адамдар мен түрлі мәдениеттерді қамтитын), біркелкі (бірақ, тұрақсыз) сезілетін кернеу, осы қажеттілікті қанағаттандыру адамның мүмкіндіктерін толық ашуға қажетті шарт болып табылады, адам өмірінің басында күтпеген пайда болу – негізгі когнитивті қажеттіліктің ерекшелігі болып табылады.

7) Эстетикалық қажеттіліктер

Тәртіп, үйлесім, істің аяқталуы, жүйе, құрылымға деген қажеттілік. Осы қажеттіліктерді арнайы таңдалған тұлғаларды клиникалық бақылау арқылы зерттеулер кейбір тұлғалардың шын мәнінде негізгі эстетикалық қажеттіліктері бар екендігін көрсетті. Олар сұрықсыздықтан ерекше түрде науқас болады және әдемі нәрселер ортасында емделеді. Осы көрініс дені сау балаларда бақалады. Осы сипаттағы көріністі барлық замаңдағы мәдениеттерден көруге болады.

Осындай иерархия, алғашқы қарағанда, заттардың қатаң тәртібін орнатады, алайда шындығында олай емес. Табиғатынан мәнді дарындылығымен ерекшеленетін адамдар бар, олар үшін шығармашылыққа деген қызығушылық басқа контрдетерминантқа қарағанада маңызды болып табылады. Олардың креативтілігі негізгі қанағаттанудан мүмкін өзін-өзі өзектеу ретінде ғана емес, базалық қанағаттанудың болмауына қарамастан мүмкін өзін-өзі өзектеу ретінде көрінуі мүмкін.

Иерархиядағы орын ауысу ұзақ уақыт бойы қанағаттану жағдайында болғаны бағаланбай бастаған кезде орын алады. Ұзақ аштықты басынан кешірмеген адамдар оның салдарын дұрыс бағаламай, тамақты маңызы жоқ нәрсе ретінде қабылдауға бейім.

Рефлексия 

 «Шың басындағы уайым» жаттығуы

Жүргізуші: балалар, сендер қысқа уақытты шексіз бақыт пен өмірдің толықтығы, күшту қозу немесе керісінше, бейбітшілік жағдайын бастарынан кешірдіндер ме? Осындай жағдай күш және сенімділік, орындай алмайтын нәрсе немесе сен бола алмайтын адам жоқтығының сезімімен қошталады. Ойды тербететін өмір сәттері, адам ғарыш үйлесімін сезетін, өзінің әлеммен тылсым бірігу сезімі. Осындай толғаулар терең махаббат, табиғат көркемдігі мен өнер және музыка шедеврларынан алған сезімнен жиі күшті.

5 мин. Музыка орындалады. Өзіңіздің толғаныстарыңызбен бөлісіңіз.

 

 

 

31-сабақ

МЕНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІМ

Мақсаты: Өз ресурстары мен мүмкіндіктерінің диапазонын кеңейту

Міндеттері:

-       Өзіндік тиімділік және оны көтеру жолдары туралы түсінік беру

-       Тұлға потенциалының ішкі резервтерін дамыту

-       Үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу

 

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологтың кіріспе сөзі.

Барлығымыз әр түрліміз. Әлемге көзқарасымыз ерекше, өзімізді әлемде ерекше сезінеміз. Көбіміз өзіне сенімді, өз күштерімізге сенеміз. Сондықтан, қиындықтарға оңай төтеп береді, жолдарында кезедесетін кедергілерден қиналмай өтеді. Басқалары сенімсіз болады және шағын қиындықтарға да тоқталып қалады. Сонымен қатар, тығырыққа тіреліп, қандай да бір әрекеттерді жасауды армандамайтын, өзіне өте сенімсіз адамдар санаты бар. Өткізілген зерттеулерге байланысты, психолог Альберт Бандура жаңа өзіндік тиімділік түсінігін енгізді.

 

Теориялық бөлім.

Өзіндік тиімділік деген не?

Өзіндік тиімділік — адамның өз тәртібін нәтижелі болатындай етіп басқара алатындығына, қиын өмір жағдайларына төтеп беруге өз мүмкіндіктеріне сенімі болып табылады.

 

Өзіндік тиімді адамдар жағдайды қадағалап өзгерістерге себепкер бола алады. Олар көңілді және құштарлы. Өзгелер  сияқты, олар қиындықтарға тап болады, бірақ олардың оптимизмі мен өзіне деген сенімі оларға оң көзқараспен қарауға күш береді. Олар өздерін зардап шеккендер ретінде, ал өз табысын – жай ғана сәттілік деп санамайды. Басқаша айтқанда, ол өзіне сенетін, алға қойған мақсаттарға жететін адамдар.

 

Өзіндік тиімділік деңгейі жоғары адамдар:

—   шешуге болмайтын жағдайлар жоқ деп санайды;

— өздері әрекет ететін салаға үлкен қызығушылық танытады;

— сәтсіздіктер мен стресстерден кейін қалпына айтарлықтай жылдам келеді.

 

Өзіндік тиімділік деңгейі төмен адамдар:

— қиын жағдайлардан алшақ болуға тырысады;

—  қиын тапсырмалар мен міндеттердің өздеріне лайық емес екендігіне сенімді;

—  өзінің сәтсіздіктері мен қателеріне тоқтап қалады;

— өз мүмкіндіктеріне сенімді тез жоғалтады.

Бандура Альберт тұлғаның өзіндік тиімділігін адамның өзінің әрекеттеріне деген алдын ала қалыптасқан сенімі мен өз әрекеттерінің қаншалықты нәтижелі болатыны туралы білімі ретінде қарастырады.

Адманың орындайтын әрекетіне ішкі резерві мен қабілеттері, өзінің даму потенциалы мен таңдау мүмкіндігінің қатысуысыз жеке көзқарасы. Оның әрекеттері таңдалған әрекет стратегиясы, өмірлік әректтері мен жалпы барлық өміріне тәуелді болады. Барлығы бір сөзбен анықталады – тұлғаның өзіндік тиімділігі

Өзіндік тиімділікті қалайша көтеруге болады?

Адамға өз өмірінде тиімді, нәтижелі болуға, өзінің кәсібінде нәтижелілікті, жеделділікті көтеруге қалайша көмектесуге болады?

Осы сұраққа жауап беру үшін өз өміріне жалпы қарау керек, ол үйлесімді ме? Өмірдің үйлесіміне оның барлық салалары жатады: денсаулық, жанұя, балалар, ар -намыс. Өміріміздің осы жақтарын мұқият қарастырайық:

Денсаулық

Салауатты болу өте маңызды. Дені сау адам өзіндік тиімділікті мейілінше көтере алады және кез келген сала, істе табысты бола алады. Өз денсаулығын нығайту мен өзінің ПӘК көтеру үшін келесі нәрселерді жасау қажет:

- Темекіні тастап, алкоголь, қара шай, кофеден бас тартуға.

- Салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға.

- Күн сайын дене шынықтыру жаттығуларын орындап, өзінің дене белсенділігін арттыруға. Күнделікті өмірде йогамен айналысуды, медитацияны қосуға.

- Еңбек пен демалыс арасында үйлесім орнатуға.

- Өзін жақсы сезіну үшін ұйқыға қажетті уақытты анықтауға. Оны ұстануды тырысуға.

- 22.00-ден кеш емес ұйықтауға. (Өйткені 22.00 мен 24.00 арасында жүйке жүйесі үшін демалыс уақыты болып табылады).

- Теріс эмоциялар, стресстерден алшақ болуды тырысуға. Көңілді адамдармен көбірек араласуға.

- Өзінің энгергетикасын көтеруге. (Мысалы, еріген қар суын ішу арқылы) ТИІС.

Мамандық

Өзіндік тиімділікті көтеру үшін өзіңізді дамытуға көбірек назар аударыңыз. Өзіңіздің кәсіби құзыретіңізді көтерініз. Ол стресстердің теріс әсерін азайтуға, сондай-ақ, жұмысқа шығармашылықпен қарауға көмектеседі, ол, өз кезегінде, жұмыс берушімен әрдайым жоғары бағаланады. Таныстар шеңберін мамандық бойынша әріптестеріңізбен кеңейтіп тұрыңыз, өз ісінің шеберлерінен үйреніңіз. Ол сізге өз күштеріне сенімді болуға және кәсіби қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

Жанұя

Мамандықтағы табыстың жартысынан көбі – жанұядағы жағдай мен сенімді, түсініспеушілік қарым-қатынастар. Сондықтан, жеке өмірдің осы саласында жанұядағы жағдайға ұжым арасындағы жағдайға сияқты мұқият қарау қажет. Осы үшін келесі нәрселерді жасауға тырысыңыз:

- Ортақ қызығушылық (хобби) табыңыз, оны жанұяңызбен бірге дамытыңыз.

- Өз демалысыңызды бірге өткізіп, оны жақсы әрекеттер мен эмоцялармен көркейтіңіз.

- Барлық жанұяңызбен, балаларыңызды қоса, қайырымдылықпен айналысыңыз.

- Өз келешегіңізді бірге талқылаңыз, саяхаттаңыз, демалыңыз.

- Өз жанұяңызға жылы сөздер, комплименттер айтып, құшағыңызды сыйлауға ұялмаңыз. Оларға сыйлықтар беріңіз.

Ар

Осы салаға жеке, адами, кәсіби және қаржылық ар жатады. Осы түсініктердің әр қайсысына қосқан жеке үлес өзіндік тиімділік бірнеше есе көтереді. Есте сақтау, назар, түсініспеншілік, білім беру, интеллектуалды деңгейді көтеру. Сонымен қатар, өзіндік имиджді қалыптастыру, кәсіби әсер ету салаларын кеңейту – осының барлығы сіздің арыңыз. Оның көмегімен сіз кәсіби жетістіктерге қол жеткізесіз.

Даналық

Қол жеткізген орындарда қалу үшін немесе сәйкес стратегияны қалыптастыру үшін, шешімдерді қабылдау кезінде асықпау үшін даналық қажет.

Осы түсінік үйлесімді ұстап тұру, дұрыс көзқарасты табу және өзінді әр жағдайда дұрыс ұстай білуді білдіреді. Ол жеке  өзіндік тиімділікке оң әсер етеді.

Жомарт, өзіне сенімді, саналы және серіктестері мен клиенттеріне мұқият бизнесмендер өз қызметінде әрдайым табысты. Өз кезегінде, дана мінез -құлық, саналы ойлау компания табысын арттырады және қызметкердің жетекші алдындағы құндылғын көтереді.

Диагностика.

Маддукс және Шеера әдісі бойынша өзіндік тиімділікті  диагностикалау (Тест)

Өзіндік тиімділік  деңгейін анықтау тесті – тұлғаның өз санасы мен өзін бағалау әдістерінің бірі. Өзіндік тиімділік ұғымын А.Бандура түсіндіру емес үшін, тұлғалық түзету бойынша мақсатты жұмыс үшін енгізді. Осы ұғымға адамдардың өз қабілеттерін түсіну мен оларды мейілінше тиімді қолдану машығын бағалау мүмкіндігі енгізілді. Сонымен қатар, қабілеттер көп болмаған кезде оларды тиімді пайдалану жоғары нәтижелерге жол жеткізуге көмектесетініне ерекше назар аударылды. Сонымен бірге, егер адам осы әлеуетті қолдану мүмкінідіге сенбесе және оған табиғат пен қоғам берген қабілеттерді қолдануға тырыспаса,  жоғары әлеуетті  болу жоғары нәтижелерге кепіл бермейді.

Осылайша, осы әдістемеге енгізілген  өзіндік тиімділік туралы ұғым тұлғаның  өзіндік тиімділігі, оны жүзеге асыру деңгейі туралы мәліметтерді алуға ғана емес, өзін дамытуға белгілі бір импульс беруге мүмкіндік береді. Сол арқылы, әдістеме тұлғаның нысаналы әрекет және тұлғааралық қатынастарда жоғары нәтижелерге қол жеткізу әректтерін жеделдетуге көмектеседі.

Нұсқаулық

Сіз ұсынылаған тұжырымдармен келісесіз бе? Егер толықтай келіссеңіз «+5» санын белгілеңіз, егер толықтай келіспесеңіз «-5» санын белгілеңіз. Сіздің келісу немесе келіспеу деңгейіңізге қарай жауап беру үшін оң және теріс мәндер арасындағы сәйкес аралық сандарды белгілеңіз.

Тұжырымдар тізімі

Жауап шкаласы (келісу деңгейі)

1

Мен бір нәрсені жоспарлаған кезде осы жұмысты орындай алатыныма әрдайым сенімдімін.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

2

Маған орындауға қажетті жұмысты орындауға бірден кіріспей, оны соңғы сәтке дейін кешіктіретінім менің теріс жағым.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

3

Егер мен жұмысты бірінші реттен орындай алмасам, мен оны орындағанша тырысатын боламын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

4

Мен алдыма маңызды мақсаттар қойған кезде, оларға сирек қол жеткіземін.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

5

Мен істерді толық аяқтамай жиі тастаймын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

6

Мен қиындықтардан алшақ болуға тырысамын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

7

Егер бір нәрсе мен үшін тым қиын көрінсе,.мен оны орындауға тырыспайтын да боламын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

8

Егер мен өте қажетті, бірақ мен үшін жағымсыз істі орындап жатсам, мен оны орындағанымша тырысатын боламын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

9

Егер мен бір істі орындауға бел бусам, соңына дейін ештенеге қарамай тырысатын боламын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

10

Егер мен жаңа нәрсені тез үйрене алмасам, ол істі бірден тастаймын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

11

Қиындықтар аяқ астынан пайда болған кезде, мен олардан өте алмаймын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

12

Мен өзіме тым қиын көрінетін жаңа нәрсені үйренуге тырыспаймын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

13

Сәтсіздіктер мені осы жағдайды шешу жолын табуға одан сайын итермелейді

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

14

Мен қиын мәселелерді шешу кезінде өз күшіме сенімді боламын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

15

Мен өзіме айтарлықтай сенімдімін.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

16

Мен істерді оңай тастаймын

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

17

Мен өмірдегі қиындықтарды шеше білетін адамға ұқсамаймын.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

18

Мен үшін жаңа дос табу қиын мәселе

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

19

Егер мен сөйлесуге жағымды адам кездестірсем, оған өзім барып оның келгенін күтпеймін.

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

20

Егер мен маған қызықты адамға дос бола алмасам, мен онымен сөйлесуге тырыспайтын шығармын

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

21

Егер мен алғашқы көзқарастан қызықты емес көрінген адаммен таныссам, онымен сөйлесуді бәрібір тоқтатпайиын

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

22

Мен жиналыстар, жиындар, адамдар көп жиналған жерлерде өзімді қолайсыз сезінемін

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

23

Мен барлық достарымды өзімнің қарым-қатынасты орнату қабілетімнің арқасында табамын

–5 –4 –3 –2 1 0 +1 +2 +3 +4 +5

Алғашқы 17 тұжырымның балл сомасы нысаналы қызмет саласындағы өзіндік тиімділік деңгейін көрсетеді, 18-23 тұжырымдар – тұлғааралық қатынасты көрсетеді.

Баллдарды санау 2,4,5,6,7,10,11,12,16,17,18,20,21,22 тұжырымдардағы белгіленген санның алдындағы белгінің теріске айналуынан кейін басталады.

Практикалық бөлім.

Өзіндік тиімділіке сенімділікті дамыту бойынша жаттығулар

 1.  «Мен оны бұрын істеп көргем». Жақында сіз табысқа жеткен істі есіңізге түсіріп көріңіз. Басынан аяғына дейін мақсатқа жету үшін нені істегенін, өзіңізді қалай сезінгенін, кіммен сөйлесіп, қандай әрекет жасағаныңызға талдау жасаңыз.

 2. «Олар оны жасай алды». Басқа адамдар оны қалай істейтіне қараңыз («ол» нені білдірсе де). Мен өмірбаяндарды (сондай-ақ, оларың кіріспелері) үнемі оқитындығыма байланысты басқа адамдар өз армандарына жететіні туралы білім мен ұстанатын курс, қол жеткізу үшін бар қолымды салатын мақсат береді.

 3. «Олар мені осыны істей алады деп санайды». Өзінді пікірлестер мен жақтастармен қоршау маңызды; олар достар, жанұя мүшелері, ұстаздар – сіздің табысыңызды ойлайтын және сізге мақсатыңызға жету жолында көмек бере алатын барлық адамдар. Мен «оны» істей аламын (кітап жазу, компания ашу, директорлар кеңесіне консультация беру) деп санайтын адамдардың болуын білу маған да солай ойлауға көмектеседі.

 4. «Мен оны істей алатынымды білемін». Бұл өте күшті тұжырым. Сіз табысқа қол жеткізу үшін жұмыс істеп, дайындалып, оны армандағаныңызды білу сізге алға қойған мақсаттарға жету жолында сенімділік береді.

Рефлексия

«Лайф-менждмент» жаттығуы

Сіз қазіргі уақытта өмірдің салаларын қалай басқаратынызды 10 баллдық шкала бойынша бағалаңыз

 

 

 

32-сабақ

МЕНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІМ

 

Мақсаты: Өз ресурстары мен мүмкіндіктерінің шектерін кеңейту

Міндеттері:

-       Өзіндік нәтижелілік және оны көтеру тәсілдері туралы жалпы түснік беру;

-       Тұлға  әлеуетінің /потенциал/  ішкі резервтерін дамыту;

-       Сауатты тұлғаны тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт

«Өз-өзіңе сен» нақыл сөзі

 

Баяғыда кішкентай бақалар болыпты, олар жүгіруден жарыс ұйымдастырыпты. Олардың мақсаты қамалдың шыңына жету болды. Осы жарысты көргісі  келген және олардың қатысушыларына күлгісі келген көптеген көрермен жиналды...

Жарыс басталды...Бірақ, бақалардың қамал шынына жететіндігіне көрермендердің ешқайсысы сенген жоқ. Айналада келесі:

"Бұл өте қиын!!»

"Олар шыңға ЕШҚАШАН жетпейді"

 "Мүмкін емес! Қамал тым биік!"  деген сөздер естіліп тұрды:

Бақалар бірінен соң бірі... құлай бастады.

 ...Тек екінші демі ашылғандар ғана құламады, олар одан әрі биік секіре бастады...

         Айналадағы қауым «Тым қиын! Олардың ешқайсысы бұны істей алмайды!» деп айқалай берді.

 Одан да көп бақа шаршап құлай бастады...Тек ЖАЛҒЫЗ бақа одан сайын биік көтеріле берді...

Сол жалғызы берілген жоқ!

Ақырында барлық бақалар берілді. Тек барлық күшін салған бақа берлген жоқ, ол биік шыңға жетті!

 СОЛ КЕЗДЕ барлық бақалар оның шыңға қалай жете алғанын білгісі келді? 

 Бір қатысушы осы шыңға жеткен бақаның күшті қайдан алғанын сұрады?

Жеңімпаз САҢЫРАУ болып шығыпты!!!

 Ғибрат:

Саған өзінің пессимизмі мен теріс көңіл күйін бергісі келетін адамдарды ешқашан тыңдама...олап сенің ең жарқын армандарын мен қиялдарынды ұрлайды...Сен жүрегінде сақтайтын армандарынды ұрлайды!

 Сөздердің күші туралы ұмытпа. Өзіне және күштеріне сен! СЕН БӘРІН ІСТЕЙ АЛАСЫН!!!

Теориялық бөлім.

Эмоционалды интеллект (EQ) – бұл өзінің және қоршаған адамдардың сезімдері мен эмоцияларын түсіну және оларды басқару арқылы өзінің және басқа адамдардың сезімдері мен эмоцияларына әсер ету қабілеті.

Эмоционалды интеллект дамуының ең жақсы бір әсері – негативті эмоциялардың төмендеуі. Дамыған эмоционалды интеллект нетагивті эмоциялардың себебін тез анықтап, одан кейін сол негативті эмоцияларды ұзақ уақыт бойы басынан кешудің орнына жағдайды дұрыс бағалап оған санамен қарауға мүмкіндік береді.

 

Диагностика.

«Эмоционалды интеллекттің» диагностикасы (Н. Холл)

Көрсеткіщтер: эмоционалды білімділік, эмоцияларды басқару, өзін-өзі ынталандыру, эмпатия, басқа адамдардың эмоцияларын тану

Тест мақсаты

Осы әдістеме эмоциялар арқылы көрсетілген тұлғалардың қарым-қатынастарын түсіну мен қабылданған шешімдер негізінде эмоционалды саланы басқару қабілетін анықтауға ұсынылды. Ол 30 тұжырымнан құралған және 5 көрсеткіші бар:

 1. эмоционалды білімділік;

 2. өз эмоцияларын басқару (эмоционалды тез қалпына келу, эмоционалды ригидсіздік);

 3. өзін-өзі ынталандыру (өз эмоцияларын санасыз басқару, 14 тармақтан басқа);

 4. эмпатия;

 5. басқа адамдардың эмоцияларын танып білу (басқа адамдардың эмоционалды жағдайына әсер ету).

Тестке арналған нұсқаулық

Төменде сізге өміріңіздің түрлі салаларын көрсететін тұжырымдар ұсынылды. Өтінеміз, жауаптарға байланысты әр тұжырымнын оң жағына сан белгілеп қойыныз:

• Толықтай келіспеймін (-3 балл).

 • Негізінде келісемін (-2 балл).

 • Кей бөлігімен келіспеймін (-1 балл).

 • Кей бөлігімен келісемін (+1 балл).

 • Негізінде келісемін (+2 балл).

 • Толықтай келісемін (+3 балл).

Тест

1. Мен үшін теріс және оң эмоциялар өмірде қандай шешім қаблдау керектігі туралы білім көзі болып табылады.

 2. Теріс эмоциялар өмірімде нені өзгерту керектігін түсінуге көмектеседі.

 3. Мен сырттан қысым сезген кезде сабырлы боламын.

 4. Мен өз сезімдерімдегі өзгерістерді байқай аламын.

 5. Қажет болған жағдайда, өмір талаптарына сай әрекет ету үшін мен сабырлы және мұқият бола аламын.

 6. Қажет болған жағдайда, мен өзімде қуаныш, көңіл, ішкі көтеріліс мен әзіл сияқты эмоцияларды оята аламын.

 7. Мен өзімді қалай сезетінімді қадағалаймын.  

 8.Мен бір нәрсеге өкіннен кейін жылдам қалпыма келемін.

 9. Мен басқа адамдардың мәселелері туралы тыңдай аламын.

 10. Мен теріс эмоцияларға тоқтап қалмаймын.  

 11. Мен басқа адамдардың эмоционалды қажеттіліктеріне сезімталмын.

 12. Мен басқа адамдарды сабырға келтіретіндей әсер ете аламын.

 13. Мен өзімді кедергі алдында қайта тұруға мәжбүрлей аламын.

 14. Мен өмірлік мәселелерге шығармашылықпен қарай аламын.

 15. Мен басқа адамдардың көңіл күйі, ынталары мен армандарына санамен қараймын.

 16. Мен сабырлық, дайындық және мұқияттылық жағдайына оңай келе аламын.

 17. Уақыт болған жағдайда, мен өзімнің теріс сезімдерімен қарап мәселе жайын анықтауға тырысамын.

 18. Мен күтпеген өкініштен кейін жылдам сабырлыққа келе аламын.

 19. Менің шын сезімдерімді білу «жақсы қалыпты» ұстап тұру үшін маңызды болып табылады.

 20. Мен айқын көрінбесе де. басқа адамдардың эмоцияларын жақсы түсінемін. 

 21. Мен бет әлпеттен қарап эмоцияларды жақсы түсіне аламын.

 22. Мен әрекет ету керек болған жағдайда теріс сезімдерден жылдам айыра аламын.

 23. Мен қарым-қатынас кезінде басқалардың қажеттіліктерін білдіретін белгілерді жақсы танып білемін.

 24. Адамдар мені басқалардың мәселелерін жақсы білемін деп санайды.

 25. Өзінің шын сезімдерін түсінетін адамдар өз өмірін жақсы басқарады.

 26. Мен басқа адамдардың көңіл күйін көтере аламын.

 27. Менен басқа адамдармен қарым-қатынас туралы кеңес алуға болады.

 28. Мен басқа адамдардың эмоцияларына жақсы бейімделемін.

 29. Мен басқаларға өздерінің ынталарын жеке мақсаттарына жету үшін пайдалануға көмектесемін.

 30. Мен өкініштерді бастан кешуден оңай ауыса аламын.

Тест нәтижелерін өндеу және біріктіру

Тестке арналған кілт

Көрсеткіштер                                                     Сұрақтар

 Эмоционалды білімділік                       1, 2, 4, 17, 19, 25

 Өз эмоцияларын басқару                      3, 7, 8, 10, 18, 30

Өз-өзін ынталаныдыру                          5, 6, 13, 14, 16, 22

Эмпатия                                                   9, 11, 20, 21, 23, 28

 Басқа адамдардың эмоцияларын білу 12, 15, 24, 26, 27, 29

 Нәтижелер белгісіне сәйкес парционалдық эмоционалды интеллект деңгейлері:

 • 14 және одан көпжоғары;

 • 8-13 – орташа;

 •  7 және одан кішітөмен.

Эмоционалды интеллекттың интегративтік деңгейі басым белгісін ескере келесі сандық көрсеткіштер бойынша анықталады:

• 70 және одан көпжоғары;

 • 40-69 – орташа;

 • 39 және одан кіші төмен.

 

Практикалық бөлім.

Өзінің эмоционалды интеллектіңді қалайша жақсартуға болады.

-Білім алуға қажеттілікті сезініңіз. «Бір рет кеңейген сана өзінің бұрынғы қалпына ешқашан оралмайды». Қайтадан мектепке оралыңыз. Егер ғылыми дәрежеңіз болмаса, оған қол жеткізіп көріңіз. Егер дәрежеңіз болса тағы біреуін алыңыз.

-Сіз оқитын (қарайтын) туындылардың сапасын көтеріңіз. «Өзінізде гуманитарлық ғылымдарды оқу әдетін қалыптастырыңыз, өйткені олар арқылы ой ғажайыптары мен ойлау сырларын көруге болады» Аристотель

-Күнделік жүргізіңіз. «Одан соң саяхат басталады, онымен бірге өзінің тәжірибесін қағазға жазу, өз сұрақтары мен жауаптарымен бөлісу үшін оны сипаттауға үлкен құштарлық келеді.» Кристина Болдуин

-Жаңа машықтарды меңгеріңіз. «Кәрі итті жаңа нәрселерге үйретуге болмайды» ежелгі афоризм. Барлығымыз оны естіген едік, солай емес пе? Алайда жаңа нәрселерге үйрену – сол итті ескеруден мерзімінен бұрын сақтай алатын нәрсе болып табылады. Адам миын зерттеулер көрсеткендей жаңа нәрселерді үйрене отырып біз жаңа жолдар ашамыз, жаңа байланыстардың орнауына септігін тигіземіз.

-Саяхаттаңыз. Саяхаттар бізге өзімізге қатысты көп нәрсеге үйретеді. Саяхат кезінде танымға құштар және бейім болу маңызды. Саяхаттар бізді нұрландырады!

-Өз мінезіңізге қарсы әрекет етіңіз. Шағын тәжірибе өткізуді ұсынамын. Осыны дәл қазір істеп көріңіз. Өз атыңызды кез келген қағаз бетіне жазыңыз. Ал енді, өз атыңызды басқа қолмен жазып көріңіз. Егер сіз екі қолыңызды да бірдей меңгермеген болсаңыз, атыңызды басқа қолмен жазу бірінші қолмен жазған кездегіден сіз үшін күрделі болатын шығар. Сіз нәтижеге риза емес болуыңыз мүмкін, солай емес пе? Біз өз мінезімізге қарсы шыққан кезде осындай жағдай орын алады. Тек бір модальділік аясында әрекет еткен кезде, біз қарама-қарсы модальділікпен байланысты мүмкіндіктерді жіберіп тұрамыз. Ал өсе тұрып, біз өз эмоционалды интеллектімізді дамытамыз.

-Бейімді болыңыз. Бейімділік егестер  кезінде маңызды. Жаңа ақпаратты қабылдау арқылы ғана басқа тараптың көзқарасына қызығушылық танытуға немесе өз көзқарасында өзгертуге болады. Егер өз ойымыздың торында жабылып тұрсақ, өмірлік күш ағымы тоқтап қалып, екі тарапқа тиімді келісімге келу мүмкіндіктері мейілінше аз болады. Грегг Ловой өзінің «Призвание» кітабында қандай да бір көзқарасты қатаң ұстанудың өз жанынды жоғалтумен тең екендігін атап өтті.

-Табанды болыңыз . Қиындықтарға дайын болу қажет, олай болмаса біз сол қиындықтарға жолығуымыз ықтимал - өйткені, қиындықтар келген кезде олар бізді шошытады және біз берілеміз. Егер қиындықтардың сеніммен болатынын білсек, бар кеудемен демалып, еш нәрсеге қарамай алға жылжуға болады. Ол біздің болжамдалған күн шуақты ауа райына қарамай өзімізбен бірге үйден алып шыққан қолшатырға ұқсайды. Егер жаңбыр жауса – біз оған дайынбыз, нашар ауа райы жоспарларымызды өзгерте алмайды.

-Нейробикамен айналысыңыз.  Қарапайым нәрселер ой өткірлігін сақтауға көмектеседі. Үйге басқа жолмен қайту, автокөлікті қолғаппен басқару ойға ол өзінің өткірлігін сақтау үшін қажет ететін жаңа нәрсе мен мультисериялық тәжірибе береді. Біздің ми жаңа нәрселер мен тәжірибемен ынталанған кезде бес сезім мүшесінің екеуі әрекет етеді, ол нейтрофиндер бөледі және есте сақтау қабілетін жақсартатын және логикалық пен креативті ойлау қабілетін белсендететін жаңа контурлар жасайды.

Рефлексия

- Өз-өзіне сену үшін не қажет?

-Эмоционалды интеллект туралы не білдіңіз және сізде ол қаншалықты дамыған?

-Эмоционалды интеллектіні қалай дамытуға болады?

 

 

 

33-сабақ

АШЫҚ ӘЛЕМ

 

Мақсаты: ашық тәжірибе және кері байланысқа қажетті жағдай жасау.

Міндеттері:

-         Табыстылық аймақтары туралы түснікті айқындау;

-         Көшбасшылық  қасиеттерді дамыту ;

-         Өзіне және әлемге деген сенімділікке тәрбиелеу.

Ұйымдатстыру кезеңі.

Психологиялық сәт

Бақытқа жеткізетін еркін әрекет —  тамаша әрекет 

Әл-Фараби

Асқан сұлулықтан аз ғана бақыт артық

Әлішер Науаи

Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.

 

Құстың ұшу үшін жаралғаны сияқты, адам да бақыт үшін жаралған

                                                                                                              В.Г. Короленко  

Бақыт — көктемгі бұлт сияқты. Ол көрген түстей, ұшқан құстай өте шығады

Ахмет Югнаки

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды

Жүсіп Баласағұни

Теориялық бөлім.

Табыс – өмір салты

Әлемде барлық адамдар табысқа жетуді армандайды. Тек бірегейлері ғана өмірде табысқа қол жеткізеді. Неліктен осылайша болады?

 Мүмкін, алдымен өзін-өзі тануға, Табыс деген не, оның қалай қалыптасатынын, оның негізгі құрылымдары не екендігін білу керек шығар.

Әр адам табысты өзі үшін өзінше анықтайды. Біреуі үшін бұл – банктегі қомақты есеп шот пен қымбат автокөлік, танымал брендтердің киімі мен заттары, бай үй мен әлемдік демалыс орындарына саяхаттау.

Ал басқалары үшін бұл – барлық өмір салаларындағы өзін-өзі дамыту мен гармония – денсаулық, жұмыс, жан тыныштығы мен бақытты жанұя қатынастары. Әрине, өмірдің барлық салаларындағы гармония ол – идеал, оған барлығы қол жеткізе алмайды. Алайда, табысқа қол жеткізген адамдардың мінез ерекшеліктеріне ерекше назар аудару қажет. Оларды көптеген нәрселер біріктіреді.

 

Табыс критерийлері:

Біріншіден, ол – мақсатқа бағытталған адамдар. Олар мақсаттарды қоя біледі және оларға міндетті түрде қол жеткізеді. Олардың өз мақсатына ынтамен және сабырлықпен жету ашығы жоғары дамыған. Ал бәріміз білетіндей: «Еңбек етсен ерінбей, тояды қарнын тіленбей».

Екіншіден, барлық табысты адамдар өздеріне өте сенімді. Олардың сенімсіз ойларға жай ғана уақыты мен құштарлығы жоқ. Әрине, өзіне деген сенімділік бала кезден бастап қалыптасады. Егер ата-аналарыңыз күн сайын сен үздіксіз, ең әдемі, ең талантты және т.б. туралы қайталап келсе сіздің саңаңызда өзіне деген сенімді тұлға бейнесі қалыптасты. Өзіңізге де оңай болады. Алайда көптеген адамдар бала кезінен бастап комплекстерден өтеді. Ал осы комплекстердің саны артқан кезде психолог мамандарға бару қажет, олар барлық теріс көзқарастардан арылтуға көмектесе алады.

Үшіншіден, барлық табысты адамдар – тәртіпті және өзіне жауапкершілік алатын тұлғалар. Өйткені табысқа жету үшін орындаушы болу ғана жеткіліксіз, көптеген мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарау қажет. Өз және басқалардың алдына мақсаттар қойып, оларды шешу жолына белсенді араласуға үйрену қажет. Әрекет ету қажет!

Төртіншісі – ол жаһандық ой сана. Барлық табысты адамда стратегиялық ой санасымен ерекшеленеді, олар өз әрекеттерін он қадам бұрын есептейді. Олар әрекеттерінің салдарын бірден көреді. Олар қазіргі замаңғы өмірдің барлық тенденцияларын тамаша сезеді, бизнес, жанұя мен демалысты үйлестіре біледі.

Табысты адамдардың бесінші қасиеті - өзінің денсаулығы мен имиджіне мұқият қарау. Дәл солай, имидж табыстың айырылмас бөлігі болып табылады.

Өз имиджін мінсіз гармонияда құра білу қажет – жақсы қарым-қатынас, өз денсаулығын күту, мәдени өмір жаңалықтарын қадағалау, дұрыс және пайдамен демалу, балаларды тәрбиелеуден шын ләззат алу.

 Барлық табысты адамдар өз денсаулығын күтуді бірінші орынға қояды. Оларға еңбекке қабілеттілік, қабылдау тазалығы мен ой өткірлігі қажет. Сондықтан, табысты адамдар арасында дене белсенділігі мен тамаша дене бітімінің культы соншалықты дамыған.

Дұрыс демалу қабілеті де табысты адамдарды ерекшелейді. Егер сіз қандай да бір мәселелермен үнемі айналысып, демалысқа уақыт қалмай жатса, сіздің нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіңіз шамалы екендігін біліңіз.

Табысты адамдарды ерекшелейтін тағы бір қасиет - өзін-өзі жетілдіру құштарлығы. Өз мүмкіндіктерінің аясынан мейілінше кеңейту, жаңа білімдер, үнемі білім алуға құштарлығы. Осы құштарлық оларға тіпті олар белгілі бір белестерге жетсе де, әрдайым алға қозғалуға мүмкіндік береді.

Көшбасшы – қажетті ұйымдастырушылық қабілеттері бар, топ мүшелері арасындағы тұлғааралық қатынастарда орталық орын алатын және өз үлгісі, ұйымдшылдығы, басқаруымен топтың мақсаттарына ең тиімді жолдармен жетуіне көмектесетін тұлған.

Осылайша, осы анықтамалардан көшбасшыға лайық маңызды қасиеттерді бөліп айтуға болады: топтық құндылықтардың мейілінше толық жиынтығымен ерекшеленеді, тұлғааралық қатынастар құрылымында орталық орынды алады, ең жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы, мақсаттарға қол жеткіщу үшін  топты ұйымдастырады.

«Ресми» және «бейресми» көшбасшылық түрлері бар. «Ресми» көшбасшылық жетекшіні тағайындаудың бекітілген ережелермен байланысты және қызметтік қатынасты көздейді. «Бейресми» көшбасшылық қатысушылардың жеке қатынастарының негізінде пайда болады.

Диагностика.

«Мен көшбасшымын ба?» тесті

Тестке арналған нұсқаулық: “Он тұжырымның әр қайсысын мұқият оқып шығыңыз және өзіңізге лайығын әріптік түрде таңдап алыңыз. Сұрақ кітапшасымен жұмыс кезінде жақсы және нашар жауаптардың жоқ екендігін есіңізге сақтаңыз. Өз жауаптарында шындықты көрсетіп, ойынызға алғаш келген жауапты белгілеу маңызды болып табылады”.

Тест материалы

1. Ойында сіз үшін не маңызды?

А) Жеңіс.

Б) Көңіл көтеру.

2. Жалпы әңгіме барысында сізге не жағымды?

А) Құштарлық көрсету, бір нәрсе ұсыну.

Б) Тыңдау және басқалардың сөздерін сынау.

3. Сынауды көтеріп, жеке дауларға араласпай, кешірім сұрамауға қабілеттісіз бе?

А) Иә.

Б) Жоқ.

4. Сізді көпшілік көзінде мақтағанды ұнатасыз ба?

А) Иә.

Б) Жоқ.

5. Егер жағдайлар (көпшілік ойы) сізге қарсы болса, өз ойынызда қорғайсыз ба?

А) Иә.

Б) Жоқ.

6. Көпшілік арасында, жалпы іс кезінде басқаларға қызықты нәрселерді ойлап табасыз ба?

А) Иә.

Б) Жоқ

7. Сіз өзіңіздің көңіл күйіңізді басқалардан жасыра аласыз ба?

А) Иә.

Б) Жоқ.

8. Сізге үлкендер айтқан нәрселерді әрдайым жылдам және даусыз орындайсыз ба?

А) Жоқ.

Б) Иә.

9. Әңгіме, дискуссия кезінде бұрын сізбен келіспеген адамдарды өз жағыңызға ауытсыру қолыңыздан келе ме?

А) Иә.

В) Жоқ.

10. Басқаларды үйретуді (тәрбиелеу, оқыту, кеңес беру) ұнатасыз ба?

А) Иә.

Б) Жоқ.

Тест нәтижелерін орындау және біріктіру:

«А» және «Б» жауаптардың жалпы санын санап шығу.

Көшбасшылықтың жоғары деңгейі - А = 7-10 балл.

Көшбасшылықтың орта деңгейі - А = 4-6 балл.

Көшбасшылықтың төмен деғгейі - А = 1-3 балл.

«Б» жауаптарының басымдылығы өте төмен немесе деструктивті көшбасшылықты білдіреді.

Практикалық  бөлім.

«Шеңбер және мен» жаттығуы

Осы жаттығу үшін ойынға алғашқы болып кірісуге дайын өз еркімен шыққан адам керек. Топ тар шеңбер жасайды, ол біздің алғашқы ойыншымыздың шеңбер ішіне кіруіне барынша кедерге жасайтын болады. Ойыншыға үш минут беріледі, ол сендіру (уәде беру, қауіп төндіру), ептілігі (сығалап өту, итеріп кіру), қулығы (комплименттер, алдау, уәде беру) арқылы Шеңбер мен оның жеке бөліктерін ортаға кіргізуге сендіруге тырысады.

Біздің ойыншымыз шеңберден ек-үш метрге алшақтайды. Барлық қатысушылар оған тар және мығым шеңбер жасап арқасымен қол ұстасып бұрылады. Бастайық!

Ерлік үшін рахмет. Шеңбермен интеллектуалды күш сынасуға келесі кім дайын? Бастайық!

Жаттығу соңында біздің ойыншылардың әрекет ету стратегиясын талдаймыз. Олар тренинг кезінде қалай әрекет етті және күнделікті өмір жағдайларында қалайша әрекет етеді?

«Жабайы қаздармен саяхат» жаттығуы

Топ қатысушылары келесі мәтінді алады: «Жабайы қаздар ерекше сап – «сыналап» ұшады. Қаздар тобын құстар сабының шыны  болып табылатын ата қаз жетектейді, оған саяхаттын барлық аурылығы да түседі, неліктен?»

Мәселе келесіде, қаздар сабы ерекше ұйымдастыруымен сипатталады. Сыналап ұшу тәсілі ата қаз артынан ұшып келе жатқан қаздарға күштерін үнемдеуге мүмкіндік береді. Әр қаз қасында ұшып келе жақтан қаздың әрекет етуі есебінен өзінің күшін үнемдейді. Әр құс ұшқан кезде басқаларына қосыла алатындай етіп ұшады, - біріңғай ритммен. Ол саптың энергетикалық күші әр құстың қозғалысы арқылы үлкейе беруі үшін жасалады. Қаздар қуатымен өздерінің араларында алмасып қана қоймай, барлық ауаның энергетикалық өрісімен де алмасады.

Көршінің қанатын сермеуі ұшып келе жатқан қазға жағымды аэродинамикалық өрісті қалыптастырады: сыналап ұшу кезінде қаздардың жалғыз құстың ұшуымен салыстырғанда қуаттарының 70% дейін сақтайтыны дәлелденді!!! Егер саяхат кезінде бір құс саптан шығып жатса, ол ауа кедергісінің үлкеюін бірден сезіне бастайды. Сол кезде осы қаз ұшу бағытын «дұрыстауға» ұмтылады.

Ұзақ қашықтыққа ұшу кезінде салмақтарының 30% дейін жоғалта алатын қаздар, осылайша өздерінің күштерінің ұзақ саяхаттар үшін сақтайды.

Ата қаз шаршаған кезде ол сап шынынан шығып, сап соңындағы орынға аусады. Ата қаз орнына оның артында келе жатқан, ата қаз арқасында өз күштерін үнемдей алған қаздардың бірі тұрады. Егер құстардың бірінде күші таусылса, ол жерге қонады. Алайда, әрдайым оның қасында көмек пен қорғаныс үшін қаздардың бірі қалады.

Рефлексия

- Қаздардың әрекеттерінде қандай қызық нәрсе көресіз?

- Қаздардың сыналап ұшу тәсілінің тиімділігі немен түсіндіріледі?

- Сіз өзіңіді топ арасында қаздың саптағыдай сенімді сезінесіз бе?

- Сенің тобын мақсатына дейін ұшып бара ала ма? Неліктен?

- Сіздің ойынша, саптың шыныда орын алуға кім лайықты? Осылай ойлауға не себеп?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34-сабақ

АШЫҚ ӘЛЕМ

 

Мақсаты: ашық тәжірибе және кері байланысқа қажетті жағдайлар жасау

Міндеттері:

-         Табыс аймақтары туралы түсінікті айқындап беру;

-         Көшбасшылық  қасиеттерін дамыту;

-         Өзіне және әлемге деген сенімділікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі.

Позитивті мотиваторлар (суреттер, слайдтар)

Теориялық бөлім.

Көшбасшы касиеттерін қалайша дамытуға болады?

Алғашқы қадамдар жасаймыз

Егер қоршаған адамдар сізді байқамаса, әріптестеріңіз  кеңестеріңізге құлақ салмаса, ал басшылық сізге жауапты тапсырмаларды сеніп тапсырмаса, онда осы мақала – сіз үшін. Осы мақалада біз көшбасшы мен жетектелгеннің арасындағы айырмашылықты анықтауға тырысамыз, содан кейін өзінің көшбасшылық қасиеттерін қалайша дамытуға болатынын қарастырамыз. Алдымен, қай қасиетер көшбасшыны жалпы бұқарадан ерекшелейтінін анықтайық. Осы үшін сізге құрмет пен оған лайық болуға ынталандыратын әріптес, курстасызыңыз немесе досыңызды есініңзе алып көрініз.

Осындай адамдар қандай қасиеттермен ерекшеленеді? Олардың арасындағы бастыларын қысқаша атап өтейік. Сонымен, көшбасшы:

1) мақсаттарды қоя біледі және оларды орындауға ұмтылады – яғни мақсатқа бағытталған;

2) өз үлгісімен әрекет етуге бағыттай отырып қоршаған адамдарды энтузиазммен ынталандырады;

3) экстремалды жағдайларда ол әрдайым – басшы;

4) жаңа жағдайларға жеңіл бейімделеді, сәтсіздіктерден өтіп алға қадам басуға қабілетті.

 Жоғарыда айтылғандарға сырт келбетін де қосуға болады. Әрине, фотомодель болуы міндетті емес, стильдің ұстамдылығы, жақсы физикалық бітімі маңызды. Әлсіз, нашар киінген және денсаулығына шағымданатын көшбасшы – қиялдар қатарынан шыққан. Өзінің көшбасшы қасиеттерін дамыту қажет пе деген сұраққа әр адам «иә» деп жауап беретін шығар. Ол қалыпты жағдай, өйткені осындай қасиеттері бар әрбір адам биік белестерге жетеді, әрдайым назар ортасында (соның ішінде қарама-қарсы жыныс тарапынан да) болады және оның өмірі басқаларға қарағанда қызықты және мазмұнды. Осының бәрі жоғары жауапкершілік, қауіп және қуат шығындарын талап ететінен қарамастан – мақсаты соған лайық. Әрине, барлық бірдей адамдар көшбасшы бола алмайды (онда кім жетектелген болады), алайда әр адам жеке тұлға бола алады және ешкім сізге көшбасшы болуға ұмтылуға тыйым сала алмайды.

 

 

 

Практикалық  бөлім.

Өзінің көшбасшы қасиеттерін қалайша дамытуға болады

1 қадам – алдымызға мақсаттар қоямыз. Алдымен алдына қоятын мақсаттарды айқын көруге және оларды үнемі орындауға ұмтылуды үйрену қажет. Кіші мақсаттардан бастаңыз. Алдыңызға қарапайым мақсатты қойып оның орындалуына қол жеткізіп көріңіз. Басында ол жаһандық келелі  мақсат болмаса - ештеңе етпес, біз әлі үйреніп жатырмыз. Мақсаттарды қою және оларға қол жеткізу әдетке айналуы қажет. Нәтижеге қол жеткізгеннен кейін оны дәптерге тіркеп тұрыңыз. Күн сайын өз жеңістеріңізді оқып тұрыңыз, ол сізге әрі қарай қадам басуға ынта береді. Бәрі қолыңыздан келген кезде, сіз жұмысты жалғастыруға қажеттілікті сезетін боласыз. Сонымен, мысал келтірсек. Кешке сіз таңертен ерте тұрып жүгіріске шығуға мақсат қойдыңыз. Басшылықпен әңгімелесу алдында сіз міңдетіңіз – іс мәселесін айқын жеткізу, түсініксіз бір нәрсені айтпау екендігін шешесіз. Досыныздың туған күніне барған кезде сіз мерекелік отырыс кезінде тұрып, ұранды  елгезек дауыспен әдемі тілек айтуға мақсат қоясыз. Сіз осының бәрін сөзсіз  орындайсыз.

2 қадам– ынташыл  боламыз. Келесі кезең – ынташылдық. Осы қасиетке үйрену мүмкін емес сияқты, алайда шешім бар. Осы күннен бастап сіз қоршаған адамдарға қандай да бір қиыншылықтарыңыз туралы айтуды тоқтатасыз. Одан кейін зиянды әдеттен  арылыңыз. Адамдар сәтсіз тұлғалардан алшақ жүргенді ұнатады, сондықтан олармен қатынас кезінде сізде бәрі жақсы екендігін көрсетуге тырысыңыз. Егер қандай да жағымсыз оқиға орын алса, ол туралы әзілдеп айтып беріңіз. Сіз құрметтейтін адамдар осылай істейтініне назар аударыңыз. Мақсатыңызды жеңілдету үшін әзілқой бағдарламаларды көбірек тамашалаңыз. Өмірге көңілмен қарайтын адамдардан үйренетін нәрселер көп. Мысалы, достарыңыз немесе әріптестеріңізге сіз көршілеріңізді сумен басқаныңызды сізді сатушы алдағаны немесе сіз демалыс кезінде музыка тыңдап автокөлігіңіздің аккумудяторын отырғызғаныз туралы айтып бергіңіз келсе, ол туралы әзіл-оспақ  түрде  айтыңыз. Кері жағдайда, ол туралы айтудан бас тартыңыз. Жақсы жаңалықтармен мейілінше жиі бөлісуге тырысыңыз, өйткені осылайша сіз басқаларды ынталантыратын боласыз. Осының бәрі сіз үшін ереже болып қалыптасқаннан кейін, қоршаған адамдар сізбен дос болу жақсы екендігіне көз жеткізеді.

 

3 қадам – батыр боламыз. Үшінші кезең – экстремалды жағдайларда өзін ұстай білу. Осындай жағдайларда өзін дұрыс ұстау үшін оларға үйрену қажет. Ол үшін тау шаңғысы, бокс (егер сіз ер адам болсаңыз), гидроцикл тебу сияқты экстремалды спорт түрлерімен танысу көмектеседі. Ал парашютпен секіру  туралы не айтуға болады? Ол ең қорқынышсыз адамдар үшін. Атпен шабу немесе коньки тебу (барлық адамдарға қол жетімді) шамалы өткір сезімдер бере алады. Экстремалды жағдайлар әр түрлі болады, сондықтан күтпеген жағдайларға әрдайым дайын болу қажет, осының өзі күрделі болып табылады. Алайда, осындай жағдайды қабылдай білсеңіз, сіз көшбасшылыққа бастар жолда үлкен қадам жасайсыз.

4 қадам – бейімделу. Өзгеретін жағдайларға жылдам бейімделу және еш нәрсеге қарамастан алға жылжу көшбасшының тағы бір ерекшелігі болып табылады. Осыған үйрену ең күрделі болатын шығар. Өзіңізді осындай өмір тұрғысына дайындау үшін алдымен осы өзгеріп тұрған жағдайларды бақылау маңызды болады. Мысалы, өзіңізді сән әлеміндегі, техника саласындағы жаңалықтар, жаңа компьютерлік бағдарламалар жайлы хабардар болуға үйретіңіз. Осыған негізделе өз бюджетіңізді үйлестіріп уақытыңызды жоспарлаңыз. Соңғы жаңалықтар арасында болу мен уақытпен бірге қадам басуға үйренген кезде сіз көшбасшылық касиеттерге қол жеткізе аласыз. Тағы бір нәрсе...Өзіңіздің сырт келбетіңізге қарау жақсылап қарау қажет. Сіздің стиліңізді айқындайтын ғана киімді сатып алуды ереже етіп қойыныз. Өзіңіздің дене бітіміңзе қараңыз. Жалпы айтқанда, жақсы көріну үшін барлығын жасаңыз. Сонымен, қорытынды шығарайық. Егер сіз өзіңізді артта қалғандар қатарында сезінсеңіз, өзіңізді жақсы жаққа қарай өзгертуге уақыт келді. Осы кеңестер тек бастамасы ғана, олар өзіңіздің даму жолындағы алғашқы қадамдарды басуға көмектесуге бағытталған. Осы жолда көптеген қызықты сәттер күтуде!

 

“Герб” жаттығуы

Әр қатысушыға оның мүмкін, тренинг барысында көрген және көрсеткен немесе мақсат қойған көшбасшылық қасиеттерін айқындайтын өз гербін салуға ұсынылады. Жүргізуші гербтің кез келген геометриялық формалы болуы мүмкін, ал астынғы бөлігінде сіздің өміріңізге лайық ұранның болу қажеттілігін еске салып өтеді. Тапсырманы орындауға берілетін уақыт  - 15 минут. Тапсырма орындалғаннан кейін суреттер сабақ қатысушыларына көрсетіледі.

Рефлексия

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА: «Менің ішкі жан дүнием» тақырыбына эссе жазу тапсырылады.

 

“Шам” жаттығуы

Қатысушылар шеңберге тұрып бір-біріне оталған шамды бере отырып келесі сұрақтарға жауап береді: «Сіз қандай жаңа нәрсе білдіңіз?», «Сабақ барысында сіз қандай нәрсені есте сақтадыңыз?», «Осы жағдайлар қандай сезім тудырды?».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

1.   М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы, 1998.

2.   М.Мұқанов. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.

3.   Қ.Жарықбаев. Психология.  Алматы, 1993.

4.   Қ.Жарықбаев., Ө.Озғанбаев. Қазақ этнопсихологиясына кіріспе. Алматы, 2014.

5.   Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, Рауан 2002.

6. О.В. Хухлаева.  «Тропинка к своему Я» Москва, 2014.

7. С.В.Кривцова.Жизненные навыки. Москва,2009

8. П.Астахов. Детям о праве. Москва, 2014г.

9.   Твоя жизнь – волшебный мир. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

10.   Волшебный хоровод. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2002.

11.        Ж.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. Рауан 2002.

12.   В мире волшебных фигур и цифр. С.Серия «Нұрсауле-Лучик» Шимкент: «Шикула и К», 2003.

13.            Ә.Алдамұратова. Қызықты психология. Алматы, 1992

14.            М. Кемел. Ақыл қалта. Астана., 2013

15.            Ю.П. Азаров. Искусство воспитания. 2-е изд., испр. - Москва, 1985

16.        Е.В.Бурмистрова. Психологическая помощь в кризисных ситуациях (предупреждение кризисных ситуаций в образовательной среде). М.: МГППУ, 2006 г.

17. Л.И. Божович. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М. Просвещение, 1968.

18. М.В. Беншаминова. Воспитание детей. - М., 1985

19.  Г.Н. Волков. Этнопедагогика. – Чебоксары, 1977

20. Н.Дереклеева. Родительские собрания в начальной школе //Школьный психолог. – 2004. - №46.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Алғы сөз

 

        4

Кіріспе

 

      5-8

1. Тарау. Психологиялық денсаулық факторы және әдеп нормалары.

1-2-сабақ

Мамандық және денсаулық. Кәсіби жарамдылық

    9-16

3-4 -сабақ

Менің ресурстарым

   16-17

5-6-сабақ

Менің мінез-құлқым

   18-24

7-8-сабақ

Қазақ халқының әдеп ерекшеліктері

24-30

2. Тарау. Тұлғаның қарама-қарсы қасиеттері және психоәлеуметтік тепе-теңдік.

9-10-сабақ

Тұлғаның жаңаша қалыптасуы

30-38

11-12-сабақ

Қоғамдағы мен

 

39-44

13-14-сабақ

Мен және менің әлемім

44-51

15-16-сабақ

Өмір сызықтары

 

52-56

17-18-сабақ

Мен тұтаспын

57-64

3. Тарау.  Өзін-өзі реттеу – жоғары сынып оқушысының табысты әлеуметтену формасы ретінде.

19-сабақ

Ересек өмір табалдырығында

64-68

20-сабақ

Өз құрдастарымның замандасымын

68-70

21-22-сабақ

Адам өміріндегі уақыт өлшемі.

70-78

23-24-сабақ

Мамандық таңдаудың уәждемелік факторлары

78-91

25-26-сабақ

Дүниеге көзқарас және өмірдің мәні

91-94

4.Тарау. Жастық шақ – өз орнын өзі белгілеу кезеңі

27-28-сабақ

Өзін-өзі реттеу   түрлері

97-104

29-30-сабақ

Менің қолжетімді «Менім»

104-114

31-32-сабақ

Менің мүмкіндіктерім

114-123

33-34-сабақ

Ашық әлем

123-130

 


Скачано с www.znanio.ru

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 10 сынып

ЖОБА Педагог-психологтарға арналған оқу-әдістемелік құрал 10 сынып

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ОЖ КБЖ Пікір жазған:

ОЖ КБЖ Пікір жазған:

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

Алғы сөз Қазіргі заманауи қазақстандық қоғам болашақ түлектердің жылдам өзгеріске толы әлемдегі өмірге дайындығына байланысты білім жүйесіне жаңа талаптар қоюда

Кіріспе Бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 10-сыныптарындағы «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсына арналған

Кіріспе Бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 10-сыныптарындағы «Өзіндік даму психологиясы» факультативтік курсына арналған

Төртінші « Жастық шақ – өз орнын өзі белгілеу кезеңі» бөлім жасты кезеңдерге бөлу, кезеңдердің айырмашылықтары, жастық шақ кезеңінің ерекшеліктері, уақытша болжау және осы шақта…

Төртінші « Жастық шақ – өз орнын өзі белгілеу кезеңі» бөлім жасты кезеңдерге бөлу, кезеңдердің айырмашылықтары, жастық шақ кезеңінің ерекшеліктері, уақытша болжау және осы шақта…

Мен тұтаспын Әлемге сену, дербестік, жауапкершілік, өмір жолын таңдау

Мен тұтаспын Әлемге сену, дербестік, жауапкершілік, өмір жолын таңдау

Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар: 10 сыныпты аяқтаған оқушы мыналарды білуі тиіс: -

Оқушылардың дайындық деңгейлеріне қойылатын талаптар: 10 сыныпты аяқтаған оқушы мыналарды білуі тиіс: -

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ФАКТОРЫ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ФАКТОРЫ

Кәсіби жарамдылық — адамның туа біткен қасиеті емес

Кәсіби жарамдылық — адамның туа біткен қасиеті емес

Сіздің таңдауыңыз: Тергеуші

Сіздің таңдауыңыз: Тергеуші

Сіздің таңдауыңыз ::

Сіздің таңдауыңыз ::

Жүргізуші: «Ойын шарты: Барлығымыз біріге отырып, сөздердің (зат есім, сан есім, т

Жүргізуші: «Ойын шарты: Барлығымыз біріге отырып, сөздердің (зат есім, сан есім, т

А. Сіз жаңа адамдармен жеңіл танысасыз

А. Сіз жаңа адамдармен жеңіл танысасыз

Логик (T) не этик (F)? Анықталған (J) не икемді (P)?

Логик (T) не этик (F)? Анықталған (J) не икемді (P)?

Мен не ұтамын ? — Менен басқа мақсатқа жету кімге пайда әкеледі ? —

Мен не ұтамын ? — Менен басқа мақсатқа жету кімге пайда әкеледі ? —

Тұлғаның өзіндік сәйкестенуі – тұлға әлеуметтенуінің маңызды шарты; индивидтің мақсатына, құндылық пен мұратына негізделген өмірлік перспективаларға жол

Тұлғаның өзіндік сәйкестенуі – тұлға әлеуметтенуінің маңызды шарты; индивидтің мақсатына, құндылық пен мұратына негізделген өмірлік перспективаларға жол

МЕНІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫМ Мақсаты: мінез-құлықтағы тұлғалық компетенциясын қалыптастыруға ықпал ету

МЕНІҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫМ Мақсаты: мінез-құлықтағы тұлғалық компетенциясын қалыптастыруға ықпал ету

Көбінде шеткі таңдау жасаймын: тым жеңіл тапсырма орындаймын немесе тым ауыр тапсырмаға кірісіп кетемін

Көбінде шеткі таңдау жасаймын: тым жеңіл тапсырма орындаймын немесе тым ауыр тапсырмаға кірісіп кетемін

Көпшілік өзін қолдайтынына сене білу

Көпшілік өзін қолдайтынына сене білу

Барлығымен кері байланыс; -

Барлығымен кері байланыс; -

Дау-дамайды шешу типтерінің қысқаша сипаттамасы

Дау-дамайды шешу типтерінің қысқаша сипаттамасы

Бір нәрсені орындау арқылы ғана бір нәрсеге үйренуге болады

Бір нәрсені орындау арқылы ғана бір нәрсеге үйренуге болады

Бұл әр адамның өзінің құнды екенін өзгелермен өзара әрекеттесу барысында есінде сақтаудың маңызыдылыққа ие екенін білдіреді

Бұл әр адамның өзінің құнды екенін өзгелермен өзара әрекеттесу барысында есінде сақтаудың маңызыдылыққа ие екенін білдіреді

Ал егер бір ғана емес, бірнеше ағашты елестетсек, онда ол орман болып шығады, ал адамдардың орманы ол өзіне тән ерекшеліктері бар ұлттар мен халықтар

Ал егер бір ғана емес, бірнеше ағашты елестетсек, онда ол орман болып шығады, ал адамдардың орманы ол өзіне тән ерекшеліктері бар ұлттар мен халықтар

Тест материалы 1.Менің мәдениетімде шешім қабылдар алдында, маңызды фактор ретінде

Тест материалы 1.Менің мәдениетімде шешім қабылдар алдында, маңызды фактор ретінде

Адамның іс-әрекеті қатаң шектеулі

Адамның іс-әрекеті қатаң шектеулі

АЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

АЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Теориялық бөлімі «Толеранттылық» сөзіне балама ретінде көбінесе «шыдамдылық», «төзімділік» сөздері қолданылады

Теориялық бөлімі «Толеранттылық» сөзіне балама ретінде көбінесе «шыдамдылық», «төзімділік» сөздері қолданылады

Адамдардың көбі өзінің ісімен айналыспайды, өз орындарында емес деген пікірмен келісесіз бе? а) иә ; б) жоқ

Адамдардың көбі өзінің ісімен айналыспайды, өз орындарында емес деген пікірмен келісесіз бе? а) иә ; б) жоқ

ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢАДАН ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ

ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢАДАН ҚАЙТА ҚҰРЫЛУЫ

Жеткіншек жастағы маңызды психологиялық үдеріс –өзіндік сана мен өз тұлғасының, өзіндік

Жеткіншек жастағы маңызды психологиялық үдеріс –өзіндік сана мен өз тұлғасының, өзіндік

Жеке тұлғалық ерекшеліктер.

Жеке тұлғалық ерекшеліктер.

Шын мәнінде, терминалдық және инструменталдық құндылықтарды ажырату құндылық-мақсаттар мен құндылық - заттарды дәстүрлі түрдегі жеткілікті ажыратуды тудырады

Шын мәнінде, терминалдық және инструменталдық құндылықтарды ажырату құндылық-мақсаттар мен құндылық - заттарды дәстүрлі түрдегі жеткілікті ажыратуды тудырады

Нәтижесін өңдеу кілттері, интерпретация

Нәтижесін өңдеу кілттері, интерпретация

ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢАША ҚАЛЫПТАСУЫ

ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҢАША ҚАЛЫПТАСУЫ

Ал сәуле шашу тоқтап, адамдардың денесі қалпына келген кезде, жанды өз денесіне қайтаруға болады деп шешті

Ал сәуле шашу тоқтап, адамдардың денесі қалпына келген кезде, жанды өз денесіне қайтаруға болады деп шешті

Көптеген топтарда авторды қиындықсыз, әрі тез, қатесіз тауып алатыны қызықты

Көптеген топтарда авторды қиындықсыз, әрі тез, қатесіз тауып алатыны қызықты

Сіз кімді адамның өзі таңдаған образда немесе зат түрінде емес, мүлдем басқаша көрдіңіз?

Сіз кімді адамның өзі таңдаған образда немесе зат түрінде емес, мүлдем басқаша көрдіңіз?

Сен тәніңмен емес, қылығыңмен өмір сүресің

Сен тәніңмен емес, қылығыңмен өмір сүресің

Жылдамырақ жұмыс жасауға тырысыңыздар

Жылдамырақ жұмыс жасауға тырысыңыздар

Балаларға нұсқаулық беріледі: «

Балаларға нұсқаулық беріледі: «

Бір-біріне қарауға болмайды. Оны жүргізуші бақылап отырады

Бір-біріне қарауға болмайды. Оны жүргізуші бақылап отырады

Балалар дәптермен жұмыс істейді, дөңгелекте (тәулік аналогы) әдеттегі «орташа күнде» қандай да бір іске (ұйқы, оқу, достармен қарым-қатынас, тұрмыстық міндеттер, ата-аналарымен қарым-қатынас, жалғыздық т

Балалар дәптермен жұмыс істейді, дөңгелекте (тәулік аналогы) әдеттегі «орташа күнде» қандай да бір іске (ұйқы, оқу, достармен қарым-қатынас, тұрмыстық міндеттер, ата-аналарымен қарым-қатынас, жалғыздық т

Психологиялық сәт «Ағаш туралы аңыз»

Психологиялық сәт «Ағаш туралы аңыз»

Розенбергтің өзін-өзі құрметтеу шкаласы (Rosenberg'sSelf-EsteemScale) - Өзін-өзі құрметтеу деңгейін өлшеуге арналған жеке сауалнама

Розенбергтің өзін-өзі құрметтеу шкаласы (Rosenberg'sSelf-EsteemScale) - Өзін-өзі құрметтеу деңгейін өлшеуге арналған жеке сауалнама

Кері жауаптар – 2,5,7,8,9,10 – бұндағы ұпай саны кері есептеледі: 4=1, 3=2, 2=3, 1=4

Кері жауаптар – 2,5,7,8,9,10 – бұндағы ұпай саны кері есептеледі: 4=1, 3=2, 2=3, 1=4

Егер жаттығу тренинг күні барысында өткізілетін болса, оның көмегімен топтарды жаңа кездейсоқ топтарға ұтымды бөлуге болады

Егер жаттығу тренинг күні барысында өткізілетін болса, оның көмегімен топтарды жаңа кездейсоқ топтарға ұтымды бөлуге болады

Рухани Мен» адамның ішкі және субъективті болмысы

Рухани Мен» адамның ішкі және субъективті болмысы

Ортада тұрған жеткіншекке оны не таң қалдырғаны және не нәрсені мүлде күтпегені жайында айту мүмкіндігін беру керек

Ортада тұрған жеткіншекке оны не таң қалдырғаны және не нәрсені мүлде күтпегені жайында айту мүмкіндігін беру керек
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2020