Нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами қасиеттердің мәнін ұғыну, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.
Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге көшіріп жазғызамыз.
Дәйексөз: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар –адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»
Ш. Құдайбердіұлы
Документ Microsoft Office Word.docx
өзінөзі тану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Өмірді танып білуге құштарлық»
Сабақтың мақсаты:Балалардың « білім » құндылығы туралы
түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге үйрету;
білімге,оқуға құштарын арттыру;
жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтыңбарысы:
1Ұйымдастыру кезеңі.
5Т – ережесі «Тәртіп , талап , тыныштық , тазалық , татулық»
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Ата өсиеті» әңгімесі
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау. Ойларын тыңдау.
3.Дәйексөз: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
–адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек»
Ш. Құдайбердіұлы
Нақыл сөзде айтылған адамның жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын
адами қасиеттердің мәнін ұғыну, оқушылардың бойында адамгершілік
қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.
Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге
көшіріп жазғызамыз.
4.Әңгімелеу: Екі қасқыр (аңыз)
Талдау сұрақтары: Ертегідегі қарттардың немерелеріне айтқан өсиеттері жайлы не түсіндіңдер?
Екі қасқырдың айқасын қалай түсінуге болады?
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар?
Жағымсыз қасиеттерге нені жатқызамыз?
Қарияның немересінің пайымдылығын неден аңғаруға болады?
Кемеңгер қарияның жауабын өзің қалай түсіндірер едің
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Сынып үш топқа бөлінеді. Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі.
Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.
1топ «Сіздердің өмірлеріңізді не өзгертеді?» сурет арқылы көрсету
2топ Өмір жайлы бейнефильмді көріп, түйінді ой жазу
3топ «Өмір» тақырыбына өлең шумағын құрастыру.
6.Топпен ән айту.
«Жасамайық өмірге біз қиянат»
(«Ұстазым менің» әнінің әуеніне салып орындау.)
7. Үй тапсырмасы.
Оқулықтың 95 бетіндегі Б. Адамбаевтың «Сөздің атасы мен анасы» мәтінін
оқып, Ф. Оңғарсынованың “Шындық” өлеңін жаттау.
Соңғы тыныштық сәтi.
Жай, әсем музыка қойылады. Көзімізді жұмып, сабақтың жақсы көңіл күйін
есітеріңізге алып, жүректеріңізге түйіп қойыңыздар. «Мен өмірді сүйемін, өзімнің
адамгершілік асыл қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын. Өмірімнен, өз
ортамнан үйреніп, жақсы адамға айналамын». Рахмет!
Өзін-өзі тану 3 сынып
Өзін-өзі тану 3 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.