Өзін-өзі тану 3 сынып
Оценка 4.7

Өзін-өзі тану 3 сынып

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
естествознание
3 кл
16.11.2018
Өзін-өзі тану      3 сынып
Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Түйін: Балалар яғни, сүйікті іс дегеніміз – әр адамның өз жан - дүниесімен атқарған ісін айтады. Өзі сүйіп жасаған іс адамды ешқашанда жалықтырмайды.Ұлдар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Қыздар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Ұлдар мен қыздар бірге қосылып оқиды.
Документ Microsoft Office Word (2).docx
Өзін­өзі тану      3 сынып Тақырып: « Менің сүйікті ісім » Мақсаты: Оқушыларға әр адамның сүйікті ісі болатындығы жайында түсінік  бере отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері: ­ сүйікті істерімен айналысу арқылы табандылық қасиеттерін қалыптастыру; ­ өз істері арқылы еңбексүйгіштік қасиеттерін дамыту; ­ әр істі жасауда адал еңбек етуге тәрбиелеу.) Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. (1 минут) Оқушыларды түгендеу, кітап, дәптер, қалам, күнделіктерін тексеру. «5­Т» ережесін еске түсіру Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу. (5 минут) «Теңіз түбіне саяхат». Ой бөлісу: Тыныштық сәтінде қандай сезімде болдыңыздар? Дәйексөз (3 минут) «Сүйіп істеген іс шаршатпайды» Халық мақалы Ұлдар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Қыздар қосылып дауыстап мақалды оқиды. Ұлдар мен қыздар бірге қосылып оқиды. Сүйікті іс дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің сүйікті істерің бар ма? Сүйікті іспен шұғылдану өздеріңе не үшін қажет деп ойлайсыңдар? Түйін: Балалар яғни, сүйікті іс дегеніміз – әр адамның өз жан ­ дүниесімен  атқарған ісін айтады. Өзі сүйіп жасаған іс адамды ешқашанда  жалықтырмайды. Шығармашылық жұмыс (15 минут) I – сүйікті іс туралы төрт жол өлең шығару II – еңбек туралы мақал­мәтел айту III – сүйікті істерін суреттеу IV – сүйікті іс туралы құрастырма жұмыстар (түрлі­түсті қағаздармен) Топпен ән айту (3 минут) Болайықшы осындай Үй тапсырмасы (1 минут) Балаларға өздерінің айналысып жүрген ісінен көрініс дайындап келу  тапсырылады. Ол сурет салу, аппликация, қол өнер түрлерінен дайындалады.  Сол жөнінде әр оқушы өз жұмысын қорғайды. Соңғы тыныштық сәтi. (1 минут) Баяу музыка қосылады Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс ­  әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Өзін-өзі тану 3 сынып

Өзін-өзі тану      3 сынып

Өзін-өзі тану 3 сынып

Өзін-өзі тану      3 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.11.2018