Кудабаева Ману Есенғалиқызы Сарыкөл орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі Сарыкөл ауданы.
Қайырымдылық, адалдық, ізеттілік, мейірімділік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін оқушылар бойына сіңіре білу біздің парызымыз.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген
жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның
тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге
берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін
жетілдіруге қызмет етеді. Және заман талабына сай білім беру
жүйесі өзінің басым бағдарын жеке
тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан
кемелденуіне назар аудара бастады. Демек, тұлғаның адамды
адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни
руханилығын дамыту - заман талабы. Өйткені, педагог өзі
оқытып, тәрбиелеген шәкірттер үшін
жауапкершіліктің біраз бөлігін өзіне алады.
Мысалы, «Өзін-өзі тану»
рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау,
қасындағыларға көмек беру, туыстары мен
жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен
және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру,
әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы,
сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді
құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның
жан-жақты қалыптасуын қарастырады.
Қорытындылай келе жас өспірімдердің
рухани-адамгершілігін дамыту үшін оқу-тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру кезінде баланың жан дүниесін түсіне білу,
талап тілегімен санаса білу, оларға жылы шыраймен қарау, өз
ойларын айтуға жағдай жасау, әр баланы тыңдай білу,
өзінің қажеттілігі мен құндылығын сезе
білу, өзінің ерекшелігі мен қайталанбастығын сезе білу,
өзінің қабілетіне, күші мен мүмкіндігіне сену,
өз ойын дәлелдей білу, бәрін жақсы үлгере білу, саналы
тәуекелге дайын болу, айналадағы адамдармен тіл табысып,
дұрыс қарым-қатынаста болу, өзіне деген сенімділік,
өзін-өзі қорғай білу, мұғалімдердің
баланың ішкі жан дүниесін дұрыс сезініп, өз баласындай
жақсы көре білуі сияқты адамгершілік қасиеттерді өзін-өзі
тану пәні әр сабақта көрініс табуы керек.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.