Өзін-өзі тану Сабақ жоспары
Оценка 4.8

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
6 кл
04.11.2019
Өзін-өзі тану Сабақ жоспары
6сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінен "Әсемдікке талпыныс" тақырыбына берілген сабақ жоспары ұсынылады. Онда оқушылардың адамның сұлулығы, жан сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу мақсаты қойылған. Оқушылар адамның ішкі және сыртқы сұлулығы туралы түсіне отырып, шын мәніндегі сұлу адам болуға талпынады.
өөтпоур6кл.docx
Ресурстар: Оқулық,  дәптер,стикер, видеопроектор дискілер,  бояуышар,  плакат Өзін­өзі тану сабағының жоспары Мектеп: «Рыков атындағы ортамектебі»  КММ       Мерзімі: 14.10.2019ж .Сабақтың тақырыбы:  Әсемдікке талпыныс Құндылық:  Дұрыс әрекет Қасиеттер:Кішіпейілділік, сыпайылық,биязылық Мұғалім: ИсакановаД.К Сынып: 6 Оқушылар саны: 11 Қатысқаны:9  Сабақтың мазмұны: Сабақтың мақсаты:Оқушылардың  адамның сұлулығы, жан сұлулығы  туралы түсініктерін  кеңйту  арқылы  дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік:­ сұлулық, адамның ішкі және сыртқы  сұлулығы  ұғымдарының мәнін  ашу; Дамытушылық­оқушылардың  шын  мәніндегі  сұлу  адам  болуға   ұмтылысын  дамыту, эстетикалық  талғамын  дамытуға  ықпал  ету; Тәрбиелеік­ оқушыларды сұлулықты, әсемдікті  сезініп, бағалай білуге  тәрбиелеу. Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі:  5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық,  Татулық, Талапты  сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл­күйге ену  «Нұрға бөлену »   шығамыз. Мұғалім:  .           Рахмет!                                                      2.Үй тапсырмасын  тексеру. ­ «Өзіне сенім»  3. Дәйексөз «Адамның бойындағысының бәрі де: жүзі де, киген  киімі де, жаны да, ойлары да әсем болуы  керек» А.П.Чехов 4.Оқиға айту( мұғалім сыйы) Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық.Баяғы өткен заманда бір патша  базардан екі құл сатып алыпты. Құлдарының бірі сиықсыз, тістері шірік  әрі аузы сасық екен, ал екіншсі болса келбетті, маржандай тістері бар әрі аузынан хош иіс шыққан жағымды адам екен. Патша келбетті құлын  сыйға бөлеп, моншаға жібереді. Аузы сасыған екінші құлды қасына  шақырып: ­ Сені ұнатып­ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен  туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман  тұстарын айтып бер,­ дейді. Құл болса жолдасына шаң жуытпай, ол  туралы еш жаман сөз айтпады. Патша қалай тырысса да мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.Екінші құлы моншадан қайтып келгенде, патша оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң: ­ Доғар сөзді, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған  жолдасыңның аузы сасыса, сенің ішің сасыған, шірік екенсің. Бар, сол  жамандаған досыңның қол астында жұмыс істейтін боласың, –  депті.Сұрақтар: •   Неліктен екінші құл өзінің жолдасын жамандамай, тек мақтауын  асырды? •   Адамның сырт келбетіне қарап, ол туралы қорытынды шығаруға бола  ма? Неліктен? •   Адам қандай құндылықтары мен қасиеттері арқылы шынайы  сұлулыққа ие болады? •   Өздерің адамдардың бойындағы қандай сұлулығын бағалайсыңдар?  Түсіндіріп беріңдер ­Саған өз басыңа осындай жағдай кездесті ме ? 5. Әңгімелеу.                 «Ұлыма хат»    Н.Келімбетов ­ Өзіндік көзқарасы бар адамға тән қасиеттер қандай деп  ойлайсың? ­ Сен өзіңді өзіндік көзқарасы бар адам деп санайсың ба? 6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.  1 – тапсырма: Әсемдік, сұлулық туралы қанатты сөздермен танысып,  шынайы сұлулық туралы  айтылғандарын таңдап, дәлелдеу  2 – тапсырма:   Жағдаятты шешу  3 – тапсырма:    «Сұлу адам» постер құру 7. Топпен ән айту.Әдемі                            Заттыбек Көпбосынов  1Күн сәулесi төгiгенi, әдемi Кемпiрқосақ келгенi, әдемi Көк шалғында асыр салып, жүргенде Көк көбелек көрiнедi әдемi Жас шыбықтың гүлi ашқаны, әдемi Алма ағаштың гүл ашқаны әдемi Қариялар жол үстiнде, кездесiп Амандықты сұрасқаны әдемi Бұл­бұл құстың сайрағаны, әдемi Қозы­лақтың ойнағаны, әдемi Ақ боз атын ертiп мiнiп атамның Қойды өрiске айдағаны, әдемi Ақ ботаның үлкен көзi, әдемi Әжемiздiң күлген көзi, әдемi Бәрiненде жасқа толған бөпемнiң Тәй­тәй басып жүрген кезi әдемi Домбыраны баппен тартсаң, әдемi Шарықтата әнге салсаң, әдемi Ұлан асыр думанды той үстiнде Құрбылармен ойнап күлген әдемi 7. Үй тапсырмасы.      «Ақыл мен сезім» оқып келу.   «Тәкаппарлық» Ы.Алтынсарин 8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.   Дұрыс әрекет­ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасаму Бүгінгі  сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға  сіңіріп,   жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары

Өзін-өзі тану Сабақ жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.11.2019