10.1А Компьютерлік жүйелер
Сабақ тақырыбы: Перифериялық құрылғылар
Глоссарий
Атауы | Мағынасы |
Драйвер | (ағылш. drіver — жүргізуші) — компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. |
Контроллер | Басқа құрылғыларды цифрлы мәліметтер немесе сыртқы құрылғылардан аналогтық-дискреттік сигналдар алу арқылы басқаруға арналған арнайы техникалық құрылғы. |
Параллельді порт | Компьютерлерге әртүрлі перифериялық құрылғыларды қосуға арналған интерфейс түрі |
Топтық жұмыс
Берілген тақырып бойынша ақпараттармен таныстып, нәтижесін постер немесе презентация түрінде ұсынады.
1-топ. Енгізу құрылғылары
2-топ. Шығару құрылғылары
3-топ. Ақпаратты сақтау құрылғылары
4-топ. Басқа жинақтауыштардан ақпаратты оқу/жазу құрылғылары
Практикалық жұмыс
Әр топқа берілген компьютерге перифериялық құрылғы түрін орнатып және оны өшіруді көрсетіңдер. Байқаған жұмыс тәртібін дәптерлеріңе жазыңдар.
Тәжірибелік жұмыс
Үш топқа бөлініп, келесі құрылғыларды компьютерге қосыңдар:
Монитор, пернетақта, тышқан, микрофон мен есту құрылғысы
Қалыптастырушы бағалау. Электр қуаты мен сыртқы құрылғыларды қосу тетіктерін зерттеу
Жүйелік блоктың кабельдер жалғанған сыртқы жағын қара. Кабельдерді кезекпен ағыта отырып, жүйелік блоктың сәйкес тетіктерінің (разъем) сызбасын сызып, кестені толтыр
Құрылғы | Қосылатын тетіктің сызбасы |
Электр қуаты | |
Клавиатура | |
Тышқан | |
Монитор | |
Желілік кабель | |
USB порт | |
Басқа қосымша бір құрылғы (принтер, сканер, web-камера, т.б) |
|
Дескриптор:
Перифериялық құрылғыларды ажыратады
Перифериялық құрылғыларды қосу тетіктерін біледі
Қорытынды сұрақтар
Жүйелік перифериялық құрылғыларға қандай құрылғылар жатады?
Қосымша перифериялық құрылғыларға қандай құрылғылар жатады?
Перифериялық құрылғылар компьютерге қалай қосылады?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.