Сынып: 3
4 Бөлім: Компьютерлік суреттер.
«Графикалық редактордың құрал жабдықтары» сабағына әдістемелік нұсқаулық.
Сабақтын мақсаты:
· компьютерлік программамен жұмыс істеу дағдыларын және білімдерін жаңарту;
· графикалық редактордың құрал жабдықтарымен таңыстыру;
· компьютер құрылғыларымен жұмыс жасаған кезде негізгі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Оқу мақсаты:
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
Сабақтын түрі: жаңа тақырып меңгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ болып табылады.
Осы сабақта қабылдайтын негізгі теориялық білімдер
Сабақ барысында оқушылар келесі терминдер бойынша теориялық білім алады.
Графикалық редактор - компьютерлік кескіндерді жасауға арналған компьютерлік программа. Paint графикалық редакторы графикалық деректерді өңдеудің ең қарапайым тәсілі болып табылады.
Paint графикалық редакторды іске қосуға командаларды орындай қажет:
Пуск > Программы >Стандартные > Paint графикалық редактор.
Paint графикалық редактордың терезесі келесі элементтердең тұрады.
Paint графикалық редактордың интерфейсін қайталау.
- жұмыс аумағы;
- мәзір жолы;
- тақырып жолы;
- бояу политрасы;
- саймандар жолы.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:
- топтарда жұмыс істеу үшін суреттер (қоңырау шалу);
- мәселе тудыратын сұрақтар;
- білімді жүйелеу және қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар.
Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:
1. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/grafikalyq-redaktorda-zhumys-isteu-tasilderi
2. https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM
Сергіту сәтін орындаған кезде басқа нұсқалар қолдануға болады.
Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылардың алдыңғы білімдерін қорытындылауға және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс, мысалы:
1) Енгізу құралдары;
2) Шығару құралдары;
3) Сандық құрылғылар;
4) Мәзір;
5) Компьютерлік программа
6) Графикалық редактор;
7) Бейнелер;
8) Құрал жабдықтар.
Бұл сабақта оқушылар тілдік дағдыларын жазады, алынған нәтижелерді талқылайды, қауіпсіздік ережелері бойынша аяқталған тапсырмалардың нәтижелерін көрсетеді.
Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылар шаршағанын басу үшін сабақтың ортасында сергіту сәт ұсынылады.
Қайталау үшін келесі тапсырманы орындау ұсынылады:
|
|
Келесі тапсырмалар практикалық болып табылады:
1 Тапсырма: Компьютер алдында жұмыс жасаған кезде орындалатын 2 қауіпсіздік ережесін тұжырымдаңыз.
2 Тапсырма:графикалық редактордың құрал жабдықтарымен танысып олардың қолданысын сипаттап беріңіз.
Құрал жабдық атауы |
қолданысы |
|
|
|
|
|
|
|
|
2* Тапсырма: келесі суретті салу үшін қандай құрал жабдықтар қолданылғаның анықтаңыз.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/grafikalyq-redaktorda-zhumys-isteu-tasilderi - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ
2. https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM «Көңілді күн»
3. http://paintnet.ru/ тегін растрлік графикалық редактор
4. http://www.tuxpaint.org/- графикалық редактор
5. http://bilimland.kz/ - 5 сынып қарапайым графикалық редактор
6. http://learningapps.org/516050 - интерактивті тапсырма «графикалық редактордың құрал жабдықтары»
7. http://learningapps.org/1117193 - интерактивті тапсырма «сәйкестендір»
8. https://www.youtube.com/watch?v=7M7Qv8pGPNM- көзге арналған жаттығу
9. https://sites.google.com/site/virtualnaaitskolaucitela/grafika-v-programme-paint-net
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.