XX ғасыр басында Алаш қайраткерлері көтерген тіл мәселелесі бүгінгі XXI ғасырдың да ең өзекжарды мәселесі болып отыр. Мұзафар Әлімбаев: «Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу парыз» – десе, ана тілімізді бәріміз де сүюге, қастерлеуге тиіспіз. «Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады» деп Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде жазғандай, тіл саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы басты ағымдарының бірі – автономиялық басқару жүйесіндегі мемлекеттік құрылыс болса, екіншісі – Мемлекеттік тіл саясаты еді. Ана тіліне деген үлкен жауапкершілік еді. Алаш арыстарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді,» – десе, Күнбатыс Алаш Ордасының идеологы саналған Ғ.Қараш: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей өлген, жоғалған ұлт болады. Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өршімейді», – деген. Батыс Алаш Орда үкіметі жетекшілерінің бірі Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. Тек сөздерін ғылым жолына салып реттесе, ешбір жұрттың тілінен кем болмайды», – деген пікірді айтқан.
1. Алаш зиялылары тіл мәселесін неге көтерді?
A. Ана тіліне деген жауапкершілік
B. Ана тілінде сауатсыздар көбейді
C. Ана тілін қадірлемейтіндер артты.
D. Ана тілінде әдебиет болмады.
2.Ұлт білімін алудың шарты қандай?
A. Қазақ әдебиетін дамыту.
B. Ана тілін білу
C. Өнердің өршімеуі
D.Ел тұрмысын жақсарту
3.Мәтінде тіліміздің ешбір жұрт тілінен кем болмауының жолы
A.Ғылым жолына салып реттеу
B.Ұлт тілінде білім беру
C.Тіл саясатын жақсарту
D.Ел басқаруды түзету
4.Автор мына сөйлем арқылы нені меңзейді? Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің.
A. Ана тілін ұмыту ұлтты ұмытумен бірдей
B. Ана тілін үйрену сол ұлтқа қызмет ету
C.Ана тілсіз өмірдің мәні жоқ
D.Ұлт болу деген ана тілден тұрады
5.Мәтін бойынша тілдің пайда болуы
A.Тіл саясаттан бастау алады
B.Тіл ұлтпен бірге дамиды
C.Тіл күнделікті өмірде пісіп жетіледі
D.Қазақ әдебиетімен дамиды
6.Мәтін бойынша адам баласына парыз нәрсе
A.Тіл саясатын білу
B.Әдебиетті дамыту
C.Ұлт өнерін жалғастыру
D.Ана тілін білу
7.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем
A. Әлемдік тәжірибеде қазақ тілі бай тіл.
B.Ана тілін білсең, ол ұлттың баласы емессің.
C.Ұл білімінсіз-ақ әдебиетті жасауға болады.
D. Ұлт болу үшін ең әуелі ана тілі қажет
8.Автордың мәтінді жазудағы басты мақсаты қандай?
A.Тілін білмегендерді қатты сынға алу
B.Тіл туралы әртүрлі көзқарастарды ашып көрсету
C.Ана тілінің құдіретін танытып, ой салу
D.Алаш қайраткерлері мен ана тілінің сабақтастығын көрсету
9. Х.Досмұхамедұлы тіл туралы: «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі – бай тіл. деп айтуының мәнісі неде?
A.Қазақ тілінен асқан бай тіл жоқ екенін айтып тұр
B. Қазақ тілінің зерттеліп, зерделенгенін меңзеп тұр
C.Қазақ тілінің сөздік қорының молдығын меңзеп тұр
D.Қазақ тілінің басқа тілдерден басымдығын көрсетіп тұр
10.Мәтіннің мақсатты аудиториясы кімдер?
A.Студенттер
B.Бұқара халық
C.Ғалымдар
D.Көпшілік қауым
Шешендік өнер туралы
Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді. Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған белгілі ғалым В.В.Радлов: “…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын” деп, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады. Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.
1.Шешендікке тән екі қасиетті жазыңыз
1.
2.
2.Радловтың жазбасынан екі тұжырым жазыңыз
1.
2.
3. Қазақ халқының шешендік сөздерін өзге елдің ғалымдары, зерттеушілері неге жоғары бағалаған?
Тапсырма.
Жаратылыстану бағыты үшін
1- Тапсырма. « Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» деген тақырыпта аргументтерді сараптап, талқылай отырып эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
Гуманитарлық бағыт үшін
1- Тапсырма. « Әлемді өзгерткен ұлы тұлғалар» деген тақырыпта аргументтерді сараптап, талқылай отырып эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
2-тапсырма. Жергілікті газетте табиғатты қорғау күніне орай «Экотуризмді дамытайық!» атты мақалалар байқауы жарияланды. Өз аймағыңыздағы көпшілік тани бермейтін туризмге лайықты жерлер туралы көпшілікті қызықтыратын мақала жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
[20]
3-тапсырма. Сізге ғылыми-практикалық конференцияда «Жастар мәдениеті және құндылықтар жүйесі» тақырыбында баяндама жасау тапсырылды. Өз пікіріңізді қажетті деректермен дәлелдей отырып, баяндамаңыздың тезисін жазыңыз. Сөз саны 200-250 сөзден тұруы тиіс.
«Экотуризмді дамытайық!»мақала
Туризм – ел мен елдің, жер мен жердің арасында жақындататын, танытатын саяхат түрі.Туризмнің өзі ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді.Сонымен қатар туризмнің бірнеше түрлері бар. Соның ішінде біздің елімізде экотуризм айтарлықтай дамып жатыр. Экотуризм – дегеніміз еліміздің көрікті жерлеріне, сауықтыру орындарына жасалатын саяхат түрі.Осы туризм түрін дамыту арқылы көптеген елдер ел экономикасын көтеріп отыр.Біздің елімізде экотуризм аймақтарына Бурабай, Қапшағай, Алакөл, Шарын, Алматы өңірі, шығыс қазақстан аймақтары жатады. Зерттеулерге назар аударсақ, осы аймақтарға туристер көп шоғырланады екен. Дегенмен, экотуризм толық дамып, туристерді көптеп тарту үшін не істеуіміз керек? Біздің туристік агенттіктерде не жетіспейді?
Экотуризмді дамыту үшін, алдымен, экотуризмге лайықты аймақтардың тізім картасы жасалынуы керек. Туристік агенттіке барған кез-келген адам жарнамасына, жер шалғайлығына, жолдың қолайлығына қарайды. Осы тізім карта арқылы экологиялық аймақтардың жолын жөндеп, баратын көлік түрлерін көбейтсе, туристер көптеп барады. Сонымен қатар, біздегі ақсап тұрған нәрсе, жарнаманың әлісз тұстары. Жарнама бірнеше тілде жасалынып, ақпарат құралдарына молынан таратылуы керек.
Туризмнің нашар дамып жатуының бір себебі сервистік қызметтің төмендігі. Бізде жоғары класты қонақ үйлер, ас мәзірі, бірнеше тілде сауатты жолсерік қызметін ұсыну сапасыз екені мәлім. Осындай проблемарды шешпей, туризмді дамыта алмаймыз. Мемлекет тарапынан осындай жобаларға қаржы бөініп, қолдау табуы қажет . Себебі, туризм елімізді танытып қана қоймайды, экономикамыздың қарқынды дамуына айтарлықтай үлесін қосады. Туристік саладағы мамандарды шетелдерге жіберіп, тәжірибе алмастыруымыз да көп пайдасын тиігізеді.Мемлекеттік гранттардың бір бөлігін таза туризмді, оның ішіне экотуризмді дамытуға арнасақ, бұл мәселе де өз деңгейінде шешілмек. Экотуризмге лайықты аймақтарды ЮНЕСКО тізіміне енгізуге жұмыс жасасақ, бұл да еліміздің көркеюіне әкелер еді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.