Мұғалім аты-жөні: Сәрсембі Н.Б.
Мекен жайы: ШҚО. Өскемен қаласы
Мектебі:
Пәні: Қазақстан тарихы
сабақ |
Күні: |
Сынып: Қатысқан оқушы: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме |
Оқулық 8 сынып Күнтізбелік жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаттар: |
Оқушыларға реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867-1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру. Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, тірек сызбасын сызу, жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын білуге үйрету. Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Көрнекіліктер |
Интерактивті тақта, тірек-сызбалар, слайд |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Тәсіл: мәтінмен жұмыс, жеке, топтық жұмыс, Әдіс: Әңгіме, диалог, ойталқы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту нәтижелері: |
Патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген реформасының мәнін түсінеді Өткен сабақтармен байланыстыра отырып, өз ойларын нақты жеткізе алады Жылдарға ,сөздіктерге анықтама бере білу арқылы өз ойларын еркін жеткізу Тарихи оқиғаларға сипатама, талдай жасай біледі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Түйінді идеялар: |
Қазақстанда реформа жүргізудің себептері мен оны әзірлеу барысы, Реформалаудың басталуы, Басқарудың ерекшеліктері, Реформаның отаршылдық мәні |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дереккөздер: |
Окулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер,ғаламтор |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі & Сәлемдесу & Оқу құралын тексеріп түгелдеу & Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
|
Оқушылар сабақ басталысымен мұғалімнің сөзін мұқият тыңдап, зейіндерін сабаққа аударады |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
Өткен сабақ қайталау сабағы болғандықтан өткен тақырыптар бойынша оқушыларға қорытындылау ретінде ауызша сұрақтар қойылады. Оқушылар қолдарын көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді:
|
Оқушылар өткен сабақты естеріне түсіре отырып, үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа тақырып |
Жаңа сабақ жоспары: 1. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері мен оны әзірлеу 2. Реформалаудың басталуы 3. Басқарудың ерекшеліктері 4. Сайлау жүйесі 5. Қазынагерлік жүйе және міндетті атқарылатын борыштар 6. Денсаулық сақтау саласындағы реформа 7. Жерді пайдалану мәселелері 8. Реформаның сипаты Мұғалім оқушылармен бірге жаңа тақырыпты талдауға кіріседі. Оқушылар жаңа тақырыпты, жоспарларын дәртерлеріне жазып алады. Осыдан кейін жұптық жұмыс жасауға кіріседі. Ол үшін алдымен оқушылар тақырыппен танысады. Мұғалім оларға бағдар беру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге жол көрсетеді. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы жарғылар жаңа капиталистік қатынастар дами бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Реформа жүргізудің негізгі мақсаты:
Сұлтандар тобын өкімет билігінен біржола ығыстырып, жалпыимпериялық басқару тәртібін енгізу еді.
ХІХ ғасырдың 60ж. қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін статс-хатшы И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Бутков бүкіл қазақ даласын екі облысқа бөлуді ұсынды: Батыс Шығыс Орталығы-Торғай орталығы- Сергиополь немесе Қарқаралы Комиссия ұсынысы Орынбор генерал-губернаторы А.П.Безакқа тапсырылды. 1864ж. 29 қыркүйегінде Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасына қажетті мәліметтерді жинастыруды тапсырды. 1865 ж. Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н.А.Крыжановский тағайындалып, Бутков комиссиясының бұл ұсыныстары қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау үшін « Дала комиссиясы » құрылды. Дала комиссиясын
Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарды Оның құрамы: - Бас штабтан- полковник Ф.К.Гейнс - Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский - Батыс Сібір ген-губ. Капитан А.П.Проценко 1865ж. 5 маусымда ІІ Александр патшаның әмірі бойынша қазақ өлкесін зерттеп білу мәселелері дайындалды. Алайда реформаны әзірлеуде бұқараның талап-тілегі ескерілмеді. Қазақтың ғалымы Шоқан Уәлиханов: - Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды; - Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізуді талап етті. Қазақ жерінде реформаны тезірек асыруды көздеген комиссия феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады. Батыс Сібір генерал губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сейдәліұлынан т.б. ауқатты ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сенім артты. Сөйтіп : - 1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша « Сырдария мен жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» - 1868 жылы 21 қазанда « Орынбор және батыс Сібір генерал губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару турлы уақытша ережені» бекітті.
Бүкіл қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді:
Түркістан Орынбор Батыс Сібір
Жетісу Сырдария Орынбор Торғай Ақмола Семей
Сергиополь Қазалы Орал Елек Көкшетау Баянауыл Қапал Перовск Атырау Қостанай Омбы Зайсан Верный Түркістан Калмыково Ырғыз Петропавл Көкпекті Ыстықкөл Шымкент Жем Торғай (Атбасар, Қарқаралы Тоқмақ Әулиеата Сарысу) (кейінен Ташкент Павлодар Ходжент Өскемен) Жизақ
1867 – 1868 жылдардағы реформа бойынша құрылған сот жүйесі
Уездік сот Әскери сот
Қазылар соты Билер соты
Қазақстанның 1867 – 1868 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Генерал-губернаторлық
Облыс
Уезд
Болыс
Ауыл
Реформа бойынша басқару жүйесі
Генерал-губернаторлықты Генерал губернатор басқарды
Облыстарды Әскери губернатор басқарды
Уездерді Уезд бастығы басқарды
Болыстарды Болыс сұлтандары басқарды
Ауылдарды Ауыл старшыны (ауылнай) басқарды
Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды.Ол 3 бөлімнен тұрды:
Облыстық басқармалар
Шаруашылық Жарлықты жүзеге асыру Сот істері
Генерал- губернаторлар тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына
Полиция Уездегі Бекіністер Әскери бөлім Мекемелер
Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиынында 3 жылға сайланатын. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген нң төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді. 1.Әскери билік қолында болды. Генерал –губернатордың 2.Азаматтық билік қолында болды Құзырында 3. Болыстарды,уезд бастықтарын тағайындады.
1. Сол аймақтағы казак әскерінің үкімет Әскери губернатор тағайындаған атаманы болып есептеледі. Құзырында 2. Билер мен қазылар сотын бекітті. 3. Ақсақалдарды бекітті
Реформаның жағымсыз жақтары: 1. Қоғамның қайшылықтарын шеше алмады; 2. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды; 3. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын,үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді; 4. Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті; 5. Қазақстанның кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті; 6. Патша үкіметі енді қазақтардың құнарлы жерлерін кез-келген сылтаумен тартып ала беретін болды; 7. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді; 8. Патша өкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.
Реформаның жағымды жақтары: - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды; - Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты; - Әлеуметтік,шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады; - Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті; - Кедейленген қазақтардың қалаларға,алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы. Осы реформаның куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы сияқты ойшылдар оның теріс жақтарын өз шығармаларында талай мысқылдаған. Мысалы Абайдың « Күлембайға» арнаған өлеңі.
|
Оқушылар өз ойларын айтады.Жаңа тақырыпты мұғалімнің бағдарымен өз бетінше меңгереді. Жұппен жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты талдайды
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақты бекіту:
|
Қажетті датаны қойыңдар 1. Қазақ даласын зерттеуге байланысты сұрақтар тізімі қай жылы құрастырылды? ( 1865 ж. 5 маусым) 2. «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы бекітілді? (1868 жылы 21 - қазан) «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қай жылы бекітілді? 1. (1867 жылы 11 шілде) Есімдерді жазыңдар 1. ХІХ ғ. 60 жылдары қазақ өлкесін басқаруды өзгертудің жобасын жасау жөніндегі комиссияны басқарған статс - хатшы кім? (И. И. Бутков) 2. 1867 – 1868 жылы. Реформа кезеңінде өз жобасын ұсынған қазақ ғалымы. (Ш. Уәлиханов) 3. 1865 жылы А.П.Безактың отставкаға кетуіне байланысты оның орнына келген жаңа губернатор кім? (Н.А.Крыжановский)
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқуға арналған тапсырмалар: |
Тақырыпты мұқият оқып, келесі сабақта ауызша мазмұндауға дайындалып келу. Мына сұрақтарға жазбаша жауап жазып келу: 1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді? 2. Реформаны дайындай отырып патша үкіметі қандай мақсатты көздеді? 3. Реформаның мәні қандай? 4. «Ереже - реформаның» әлеуметтік - экономикалық дамудағы рөлі қандай болды?
|
Оқушылар үйден тақырыпты мазмұндап оқып келеді |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Мұғалім оқушыларды бағалайды, бұл кезде оқушылар оқулықпен және дәптерлерімен жұмыс жасайды |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.