Сынып: 3
6 Бөлім: Әлемнің барлығы Ғаламторда.
«Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
ü белгілі бір сұрақтарға жауап табу үшін интернет іздеу жүйелерін пайдалану;
ü сөйлемдерді теру және өңдеу үшін мәтіндік редакторды пайдалану;
ü Интернеттегі тәуекелдер мысалдары.
Оқу мақсаты:
3.3.3.1 Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну
3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру
3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты үйрену. Осы тақырып бойынша 2 сабақ қарастырылған. Оқушылар алдынғы сабақта қарастырған тақырыптар бойынша «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері», «Ақпаратты іздеу» .
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау.
Оқушылар өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіреді, оқушылар атақты тұлғалар туралы ақпаратты іздестіруге назар аударады, осылайша «Атақты тұлғалар» тақырыбына пәнаралық қарым-қатынас жасайды.
Оқушыларға сызбаларды таратады.
Жетекші сұрақтармен ми шабуылы:
- Слайд ортасында қандай негізгі сөз жасырылған?
- Неліктен солай ойлайтыныңызды түсіндіріңіз?
Жауабы: Қауіпсіздік.
Материалды түсіндіргеннен кейін оқушыларға талқылауға арналған сұрақтар қойылады:
- Интернет дегеніміз не?
- Қажетсіз контактілердін тәуекелділігін атап беріңіз
- Компьютерді вирустан қалай сақтауға болады?
Төмендегі терминдер мен негізгі білімдерге назар аудару ұсынылады.
1. Компьютерінді сақта
ü Вирусқа қарсы программаны пайдаланыңыз.
ü Маңызды файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
ü Ақпаратты жүктеген кезде абай болыңыз.
2. Интерентте өзінді сақта
ü Жеке ақпаратты ашу кезінде абай болыңыз.
ü Сіз кіммен сөйлескеніңіз туралы ойланыңыз.
ü Интернетте барлық ақпараттың сенімді емес екендігін және барлық пайдаланушылардың ашық болмайтынын ұмытпаңыз.
3. Ережелерді сақта
ü Заң интернетте де орындалуы керек.
ü Интернетте жұмыс істегенде, өзіңізге секілді, қалғандарға да қамқорлық жасауды ұмытпаңыз.
Материалдың бастапқы шоғырлануы үшін оқушыларға тест сұрақтары беріледі.
Тест «Абайлаңыз, Интернет!»
1. Интернетте қандай ақпарат жарияланбайды?
2. Әлеуметтік желілер қаншалықты қауіпті?
3. Виртуалды әңгімелесуші кездесуді ұсынады, не істеуім керек?
4. Интернетте заңмен тыйым салынады?
A. Өзіңіз туралы ақпаратты жіберу.
B. Өздерiнiң келiсiмiнсiз басқалардың ақпаратын беру.
C. Жеке қолдануға арналған файлдарды көшіру.
5. Интернеттегі этикеттің ережелері бар ма?
A. Интернет - бұл ережелерден бос орын.
B. Ерекше жағдайларда.
C. Иә, нақты өмірде болғандай.
Жауабы:
1 – 3;
2 – 3;
3 – 1;
4 – 2;
5 – 3.
Материалды қайталау үшін ойнауға ұсынылады.
«Дұрыс – бұрыс» ойынын өткізу.
Интернет туралы деректер экран бетінде көрсетіледі.
a) Интернеттің көмегімен белгілі тұлғалар туралы ақпаратты таба аласыз.
b) Интернет балаларға қауіп төндірмейді.
c) Егер 1 000 000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын.
d) Файлды жүктеген кезде, вирусымды компьютерге жүктей аламын.
Жауптары:
a) Интернеттің көмегімен белгілі тұлғалар туралы ақпаратты таба аласыз. (дұрыс)
b) Интернет балаларға қауіп төндірмейді. (Бұрыс)
c) Егер 1 000 000 теңге женімпазы деген хабарлар алсам, мен ұтысты ала аламын. (Бұрыс)
d) Файлды жүктеген кезде, вирусымды компьютерге жүктей аламын. (Дұрыс)
Практикалық тапсырма
1 тапсырма
- Firefox браузерін (немесе компьютерді орнатылған кез келген браузерді) іске қосыңыз.
- Мәтіндік редактор MS Word-ті (Блокнот) іске қосыңыз.
- «Интернет желісіндегі қауіпсіздік нұсқаулығы» мәтінің теріңіз. Келесі жолда «бірінші ереже» мәтінің теріңіз.
- Ақпаратты іздеу жүйесін ашыңыз.
- Келесі сұрақтардын жауабын іздеп табыңыз:
Сұрақтар |
Жауаптары |
- Интернет желісінде жұмыс жасаған кезде қандай ақпаратты жарияламау керек? |
|
- Әлеуметтік желіде бір бейтаныс адам сізді аулаға кездесуге шақырды. Осындай жағдайда не істеу керек? |
|
- Интернетте балалар қанша уақыт отыра алады? |
|
Жауабы
Сұрақтар |
Жауаптары |
- Интернет желісінде жұмыс жасаған кезде қандай ақпаратты жарияламау керек? |
Жеке мәліметтер: мекен жай, Т.А.Ж., телефон номері және басқа
|
- Әлеуметтік желіде бір бейтаныс адам сізді аулаға кездесуге шақырды. Осындай жағдайда не істеу керек? |
Бейтаныс адам жазған хабарлама туралы ата ананы хабардар ету, кездесуге өзін бармай ата-анаңды ертіп бару қажет |
- Интернетте балалар қанша уақыт отыра алады? |
15-20 минуттан артық емес |
Табылған ақпаратты кесте арқылы жұмыс үстеліне өз атыңызбен сақтап қойыңыз.
***2 тапсырма
Кестеге интернет арқылы жұмыс жасағанда орындалатын тағы екі ереже қосыңыз. Өзгерісті сақтаңыз.
Қалыптастырушы бағалау өткізу
1 тапсырма:
Компьютерлік программалардын түрін анықтаңыз.
1 |
|
|
|
||
2 |
|
|
3 |
|
|
Жауабы
1 |
|
Іздестіру жүйесі |
|
||
2 |
|
Браузер |
3 |
|
Мәтіндік редактор |
Дескрипторлар
1) 1 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды
2) 2 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды
3 номерлі суретте ұсынылған программаны анықтайды
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1) Информатика 5-6 кл. Начальный курс./ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб: Питер, 2008.
2) Тур С.Н., Бокучава Т.П. Первые шаги в мире информатики. Методическое пособие для учителей 5-6 кл. – СПб: БХВ-Петербург, 2009.
3) Л.Л.Босова Информатика: Учебник для 5 класса ФГОС/ Л.Л. Босова, А.Ю. Босова.– М.:БИНОМ. Лаборатория знаний, 2013. – 184 с.:ил.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.