Сынып: 3
4 Бөлім: Компьютерлік суреттер.
«Графикалық редактордың құрал жабдықтары» сабағына әдістемелік нұсқаулық.
Сабақтын мақсаты:
• мәзір командаларымен жұмыс жасау, графикалық редактордағы файлдарды ашу және сақтау дағдыларын қалыптастыру;
• сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;
• графикалық редактордың құрал жабдықтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу мақсаты:
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу мен сақтау командаларын пайдалану.
3.1.2.4 компьютерлік программада меню командаларын қолдану
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
Сабақтын түрі: білімді жалпылау және жүйелеу. Бұл сабақ осы сабақтың екінші сабағы (1 нұсқа).
Оқушылар осы сабақта жаңартылған негізгі теориялық білімдер
Сабақ барысында оқушылар төмендегі терминдер бойынша теориялық білім алады.
Графикалық редактор - компьютерлік кескіндерді жасауға арналған компьютерлік программа. Paint графикалық редакторы графикалық деректерді өңдеудің ең қарапайым тәсілі болып табылады.
Графикалық редактор Paint келесі командалар арқылы іске қосылады:
Пуск (Бастау)> Программа (программалар) >Стандартные (стандартты) > Paint графмкалық редактор.
Paint графикалық редактор терезесі келесі элементтерді қамтиды:
Бөліп алу, осы құралдың көмегімен суреттің үзіндісін контур (нүктелі сызық) арқылы көрсетуге немесе бөліп алуға болады. Содан кейін бөліп алған үзіндімен әртүрлі әрекеттерді орындауға болады.
Өшіргіш фондық түсімен сызылған суреттің бөліктерін бояйды.
Құю, бұл құралдың көмегімен кез-келген жабық сурет негізгі түспен боялуы мүмкін. Егер боялған аумақтың шекарасы үзілсе, онда «бояу» бос орыннан өтеді және қалған жұмыс өрісін толтырады (бұл жағдайда толтыруды болдырмауға болады). Боялған аймақтың шекарасындағы шағын бос орындар масштабтау режимінде «тығыздалған» болуы мүмкін.
Түстерді таңдау - бұл құрал объектінің түсін көшірмесін жасауға мүмкіндік береді. Мұны істеу үшін, оны құралдар терезесінде таңдаңыз, түстің көшірілетін нысанын көрсетіп, түсі өзгерткісі келетін аймақты көрсетіңіз.
Масштаб, масштабты таңдаған кезде, жұмыс алаңын 2, 6, 8 есеге ұлғайтуға болады, бұл сызбаның кішкене бөліктерін редакциялау кезінде ыңғайлы.
Қарындаш пикселмен жұмыс жасайды, тінтуірдің сол жақ батырмасын басқаннан кейін пиксель негізгі түспен жабылады. Бұл құрал қарапайым қарындашқа ұқсас, яғни. ол қолмен сурет салу үшін арналған.
Қылқалам суретші щеткасы ретінде де қолданыла алады. Желінің қалыңдығы мен түсі таңдалған желінің қалыңдығы мен бастапқы түсімен анықталады.
Геометриалық фигураларды салу үшін: түзу, қисық, тіктөртбұрыш, бұрыштары домалатылған тіктүртбұрыш, көпбұрыш, элипс құралдары қолданылады.
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:
- топтар арасында жұмыс жасайтын кескін;
- қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма;
- мәселе тудыратын сұрақтар
Сабақтын әр бөлігінде терминалогияға назар аудару қажет. Мысалы:
- Енгізу құралдары;
- Шығару құрылғылары;
- Сандық құрылғылар;
- Мәзір;
- Компьютерлік программа;
- Графикалық редактор;
- Бейне;
- Құрал жабдықта
Осы сабақта оқушылар тілдік мақсаттарды жазу арқылы, шыққан нәтижені талқылау арқылы,қауіпсіздік ережесі тапсырмаларын орындаған кезденәтижені көрсеткен кезде жетеді.
Сергіту сәтін сабақтын ортасында өткізуге кеңес беріледі
Білімін жаңарту мақсатында оқушылар сәйкестендіруге тапсырма орындайды.
Жауабы:
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау оқу мақсатын тексеру үшін
Информатика кабинетінде орындауға қажет қауіпсіздік ережелерін құрастыр атты тапсырма орындайды
Жауабы
Тиым салынады:
Желілік кернеу қосылып тұрған кезде, компьютердің түрлі құрылғыларын жалғайтын кабельдерді жалғауға.
Монитордын экранына қол тигізуге
Пернетақта батырмаларын қатты басуға немесе ұрып соғуға.
Кабинетке басқа заттар алып келуге, кабинетте жолдарды сумкемен жауып тастауға
Кабинеттеке мұғалімнің рұқсатысыз кіруге, жүгіріп ойнауға
Мұғалімнің рұқсатысыз компьютерді іске қосып, өшіруге.
Компьютер алдында тамақ ішуге.
Лас немесе дымқыл қолдармен жұмыс жасауға.
Материалды қорытындау мақсатында сұрақтар қойылады
Сұрақтар
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
- Суреттерді салып, өңдейтін компьютерлік программа қалай аталады?
- Paint программасын қалай іске қосады?
- Суретті компьютерде қалай сақтайды?
Практикалық жұмыс
1 Тапсырма: Paint графикалық редакторын іске қосыңыз. Мәзірдің көмегімен «Үйшік» файлын ашыңыз.
2 тапсырма: берілген үйді бояп күннің суретін салыңыз.
3тапсырма: суретті «Түсті үй» деп сақтап қойыңыз. Мұғалімге нәтижесін көрсетіңіз.
Компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтауға оқушылардың назарын аударыңыз
Мұғалім қушыларға бағалау критерийлерін тұжырымдауға усыныс береді. Оқушылар қиналған кезде оларға көмек көрсетіп экранға үлгі өлшемдерді көрсетеді.
Бағалау критерийлері:
1. Қарапайым графикалық редактордың құралдарын қолданылады;
2. Графикалық редактордың мәзір командаларын қолданылды;
3. Суретті толайымен бояу, құю арқылы толтырады;
4. Компьютерлік программада ашу және сақтау командаларын қолданады;
5. Масштабтау және үлкейтубатырмаларын қолдана алады;
6. Компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym grafikalyq-redaktor - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ
2. http://paintnet.ru/ тегін графикалық редактор
3. http://www.tuxpaint.org/- графикалық редактор
4. http://learningapps.org/516050 - интерактивты тапсырма «Инструменты графического редактора»
5. http://learningapps.org/1117193 - - интерактивты тапсырма «Айрмашылығын тап»
6. https://www.youtube.com/watch?v=7M7Qv8pGPNM- көзге арналған жаттығу
7. https://sites.google.com/site/virtualnaaitskolaucitela/grafika-v-programme-paint-net
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.