1Мәтінді теріп өңдеу_1 сабақ_1Нұсқа_Сабақ жоспары
Оценка 5

1Мәтінді теріп өңдеу_1 сабақ_1Нұсқа_Сабақ жоспары

Оценка 5
docx
10.05.2020
1Мәтінді теріп өңдеу_1 сабақ_1Нұсқа_Сабақ жоспары
1Мәтінді теріп өңдеу_1 сабақ_1Нұсқа_Сабақ жоспары.docx

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді теру және өңдеу

Осы сабақ  арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар...

·         мәтіндік редактордың қызметін түсіндіреді;

·         мәтіндік редакторды іске қосады;

·         компьютерлік мәтінді өндейді;

·         арнайы батырмаларды қолданады;

·         құжатты сақтайды.

Бағалау критерийлері

·         мәтіндік редактордың қызметін түсіндіреді;  

·         мәтін терген кезде арнайы батырмаларды қолданады;

·         құжатты сақтайды;

·         құжатты өңдейтін пернені қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар …

·         мәтін теру ережесін сақтай отырып мәтін тереді;

·         мәтінді өңдейді;

Пәндік лексика және терминалогия:

·         өңдеу, мәтіндік редактор, меңзер, тінтуір көрсеткіші, «ыстық перне», пернелер комбинациясы.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

·         Мәтіндік редактор … қажет

·         Өндеу дегеніміз ол …

·         Меңзер алдында тұрған таңбаны өшіріп тастау үшін ... ;

·         Меңзерден кейін тұрған таңбаны өшіріп тастау үшін ... ;

·         Пунктуация белгісі алдында …

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы  академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды –ашықтық.

Пәнаралық байланыс

 Қазақ тілі - мәтін. Мәтіндік редакторда мәтін теру.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар Файл,бума тақырыптарымен таныс. Терезенің негізгі пішімдерімен таныс

Жоспар:

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

 

0-5

 

Сыныптың сабаққа дайындығын қарау

1.      Қайталау

·Файл – дегеніміз …

·Бумада бір атаумен аталған екі файл орналаса ма?

·Файлдың аты қайдан пайда болады?

 

Проблемалық сұрақ

Мұғалім қағаз бетіне шыққан мәтіндік құжат көрсетіп:

-          қағаз бетіне хатты теріп басып шығару үшін не қажет?

 

2.      Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. Бағалау критерийлерін оқушылармен біріге отырып тұжырымдайды

 

Презентация

 

 

Сабақтың ортасы

6-14

 

 

 

 

 

15-25

3. Миға шабуыл

Тақтаға пернетақтаның суретін шығарып

- Бұл қандай құрылғы екенің атаңыз?

- Ол не үшін қажет?

- Мәтін дегеніміз не?

(Мәтін   мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады).

 

4. Мұғалімнің түсіндіруі

- Мәтінді теру үшін оған арнайы бір программа қажет (Мәтіндік редактор)

Оны іске қосып көрейік.

(Оқушылар программаны іске қосады)

 

ПУСК-ПРОГРАММЫ-Microsoft office-Microsoft Word

 

Оқушылар Microsoft Word редакторын іске қосады.

Іске қосып болған соң, мұғалім редактор терезесін түсіндіреді, оқушылар іске қосқан программасы арқылы бақылай отырып, мұғалім таратқан кеспе қағазына  аттарын жазып отырады. Осы кеспе қағазын  кейін оқушылар өз дәптерлеріне жабыстырып қояды.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп- кішкентай ағаштар,

Үп- үлкен боп өседі.

 

«Тауып ал»   ойыны

Мұғалім пернетақтаның батырмаларын атайды, ал оқушылар оны тауып алады. Әр батырмаға  мұғалім түсініктеме береді.

·         Enter

·         CapsLock

·         Backspace

·         «БОС ОРЫН»

 

4. Тақырыпты бекіту

Оқушыларға кеспе қағазы  таратылады, берілген терминдерді анықтамасымен сәйкестендіру.

Презентация

 

26-36

5. Практикалық  жұмыс.

Компьютер алдына қалай отырғандарына назар аударыңыз.

Оқушылар мәтінді тереді.

Дифференциация

Тегіңізді ағылшын тілінде теріңіз

 

Дескрипторлар:

·                   Мәтінді тереді

·                   Бас әріпке арналған батырма қолданады

·                   Бос орынға арналған батырма  қолданады

·                   Меңзердің оң жағында орналасқан қатені дұрыстайды

·                   Меңзердің сол жағында орналасқан қатені дұрыстайды

·                   Азат жолына көшеді

 

Сабақтың соңы

37-40

6. Рефлексия.

Алған әсеріңіз қандай?

 

 

Презентация

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бағалау  кезеңінде оқушыларға тапсырма ұсынылады.

Практикалық жұмыс орындаған кезде тапсырманы тез орындаған оқушылар саралау жұмысына кіріседі.

 

Оқушылар тапсырмаларын орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қосымша

Аталған ұғымдарды сәйкесінше жазып отырыңыз.

 

2 Қосымша

Берілген терминдерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз

Enter

 

 меңзердің пернелері (солға, жоғарыға, оңға, төмен)

CapsLock

жаңа жолға ауысу (ақпаратты енгізу)

Backspace

меңзердің оң жағындағы таңбаны жояды

Delete

сөз арасындағы бос орындарды реттейді

БОС ОРЫН

Батырма үлкен әріптер режиміне ауысады - барлық әріптер бас әріппен жазылады. Режимді өшіру үшін батырмны қайтадан басыңыз.

←↑→↓

меңзердің сол жағындағы таңбаны жояды

 

3 Қосымша

 

Практикалық жұмыс

Мәтінді тер!!!

1.      Аты- жөніңді тер.

2.      Туған жылыңды тер

3.      Өзің туралы қысқаша мәлімет бер

4.      Құжатты сақтап қой

·         Жұмыс столына бума құрыңыз

·         Оның атын өз тегіңізбен атаңыз

·         Мәтіндік редакторда құрған құжатты осы бумаға сақтаңыз

 

Диференциациялау

Тегіңді ағылшын тілінде тер

 

Дескрипторлар

·                   Мәтінді тереді

·                   Бас әріпке арналған батырманы қолданады

·                   Бос орынға арналған батырманы қолданады

·                   Меңзердің оң жағында орналасқан қатені дұрыстайды

·                   Меңзердің сол жағында орналасқан қатені дұрыстайды

·                   Азат жолына көшеді


 

Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың ортасы 6-14 15-25 3

Сабақтың ортасы 6-14 15-25 3

Аталған ұғымдарды сәйкесінше жазып отырыңыз

Аталған ұғымдарды сәйкесінше жазып отырыңыз

Дескрипторлар ·

Дескрипторлар ·
Скачать файл