1Программалық қамтамасыз етуді жіктеу_Презентация

  • pptx
  • 10.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 1Программалық қамтамасыз етуді жіктеу_Презентация.pptx

10.1А бөлім: Компьютерлік жүйелер Программалық қамтамасыз етуді жіктеу

Сабақтың мақсаттары
10.1.2.1 қолданбалы программалық қамтамасыз етудің түрлері бойынша, таратылу тәсілі бойынша жіктеу;
10.1.2.2 түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау.

Қайталау…

Бағдарламалық қамтамасыз ету …

Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жанжақты даму үстінде.

Қайталау…

Бағдарламалық қамтамасыз етудің қандай түрлерін білесіндер?

1. Жүйелік программалық жасақтама
2. Амалдық жүйе
3. Қолданбалы программалық жабдықтама

Жүйелік ПЖ

дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама.

Қолданбалы ПЖ

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

Венн диаграммасын құрындар

Жүйелік және қолданбалы программалық қамтамасыз ету жүйелерін ажыратып, Венн диаграммасын құрындар.

Дескриптор:
Жүйелік және қолданбалы программалық қамтамасыз ету жүйелерінің айырмашылықтарын және ұқсаздықтарын біледі

Жұппен жұмыс

Қолданбалы программалық жабдықтаманың түрлері

*Өз мысалдарынды келтіріндер

Зерттеу жұмысы

1. Жобаларды дайындау барысында қолданатын программалық жабдықтама мысалдарын келтір.
2. Компьютерлердегі бағдарламалардың тізімін қарап шығып төмендегі кестені толтыр:

Дескрипторлар:
Бағдарламалық қаматамасыз етудің түрлерін біледі.
Бағдарламалық қаматамасыз етудің әр түрлерін қандай жағдайларда және қалай пайдаланатынын біледі.

ОМ: 10.1.2.1 қолданбалы программалық қамтамасыз етудің түрлері бойынша, таратылу тәсілі бойынша жіктеу

Өзіндік жұмыс

Программаның атауы

Нұсқа/шығарылған жылы

Лицензия түрі (еркін, проприетарлық)

Мақсаты (қай программа түріне жатады)

 

Программалық қамтамасыз етудің таралу бойынша классификациясы

Ашық программалық қамтамасыз ету - негізгі кодты ашық программалық қамтамасыз ету.

Жабық программалық қамтамасыз ету - негізгі кодты жабық программалық қамтамасыз ету.

Еркін программалық қамтамасыз ету - қолданушыға көп жағдайда шектеулі жұмыс істеумен беріледі.

Коммерциялық программалық қамтамасыз ету - коммерциялық сатуға арналған программалық жабдықтама.

Белсенді оқыту әдістері

Нұсқау:
1. Сынып 4 топқа бөлінеді.
2. Топта бір программалық жасақтама түрін зерттейді:
1 топ: Ашық программалық қамтамасыз ету
2 топ: Жабық программалық қамтамасыз ету
3 топ: Еркін программалық қамтамасыз ету
4 топ: Коммерциялық программалық қамтамасыз ету
3. Әр бір топтан бір оқушы шығып зеттеген тақырыбымен таныстырады. Таныстырылым барысында әрбір топ сөйлеушілерге бір-бір сұрақтан дайындайды. Таныстырылым аяқталғаннан кейін жұмыстарын ұсынатын оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Топтық жұмыс

Дескриптор:
Программалық қамтамасыз етудің таралу бойынша классификациясын біледі

Жүйелік программалық жасақтама: «Операциялық жүйелер»

Оқу мақсаты:
10.1.2.2 түрлі операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атау

Операциялық жүйелер — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.

Топтық жұмыс

Жұпта төменгі танымал ОЖ-лардың бірін зерттеп, әрбір операциялық жүйенің артықшылықтары мен кемшіліктерін жарнамалық баннер арқылы атап көрсетеді:
Windows;
MacOS;
Linux;
Android;
iOS

Дескриптор:
Операциялық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетуді біледі

Қолданбалы программалық жасақтаманың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттендер. Нәтижесін Word мәтіндік редакторында кесте түрінде толтырындар:

Ұй тапсырмасы

Қолданбалы программалық жасақтама

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Жалпы мақсатты

Арнайы мақсатты

Тапсырыс бойынша (кәсіби деңгей)

Кестені мұғалімнің электронды поштасына жіберіндер

Рефлексия

Осы сабақтың барысында қандай ақпарат алдын?
Барлығы түсінікті болдыма?
Нені түсіну қыйын болды?