1СЖұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Жұп және тақ сандар САБАҚ ЖОСПАРЫ
Оценка 4.7

1СЖұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Жұп және тақ сандар САБАҚ ЖОСПАРЫ

Оценка 4.7
docx
24.04.2020
1СЖұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Жұп және тақ сандар САБАҚ ЖОСПАРЫ
1СЖұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Жұп және тақ сандар САБАҚ ЖОСПАРЫ.docx

Сабақ жоспары

 

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:2A бөлім: Сандардың  заңдылықтарын зерттеу

Мектеп:

Күні: 4.11.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

 

Сабақтың тақырыбы

Жұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Жұп және тақ сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

СШ1.6 Жұп/тақ сандарды білу

 

Сабақтың мақсаттары

Екіден санауды, 20-ға дейінгі жұп/тақ сандарды біледі;

Көлемінде бір таңбалы сандардың жұптарын құру;

Екі бірдей бөлікке бөлу және көбейту арасынадағы өзара байланысты түсіну

Жетістіккритерийлері

Дүниетану. Оқулықтағы суреттен қандай құстардың саны жұп не тақ санмен көрсетілгенін анықтату тапсырмасы дүниетану пәнімен байланысты.

Сөздікқор

 

Тақ сан, жұп сан, кептер, қоқи қаз, қарлығаш, үйрек.

Құндылықтардыдарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Құстардың атауларын атап, құстарға қамқорлық тақырыбында қысқаша әңгіме өткізу.

Алдыңғы меңгерілген білім

 

1-ден 100-ге дейінгі сан кестесінде сандардың орналасуын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

1.Оқушылардыңзейініншоғырландыру.

2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

 

Сабақтыңортасы

 

(Ұ,ЖЖ,МК) Сабақты сынып бөлмесінде оқушылармен ойын ұйымдастырудан бастау. Оқушыларға өзіне серік таңдап, бір сызық бойымен қатарласып тұруды ұсыну. Оқушылар әр жұп болып солдан оңға қарай нөмірленеді. 1-жұп – бірінші, екінші; 2-жұп – үшінші, төртінші болып жалғаса береді. Жұптың оң жағында тұрған оқушыларға өз нөмірлерін айтып, бір адым алға шығуды өтіну. Олар: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20. Аталған сандар жұп сандар деп аталатыны туралы айту. Орнында тұрған оқушыларға өз нөмірлерін айтуды өтіну. Жұптың сол жағында тұрған оқушылар – 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19 сандарын айтады. Бұл сандар тақ сандар екенін түсіндіру.Оқушыларсандардың реті қалай  жалғасатынын туралы ойланатынын анықтау үшін «Келесі сан қандай болады?» деген сұрақ қойып, алдымен жұп қатарындағы келесі үш санды, содан соң тақ сандар қатарындағы келесі үш санды атауды сұрау.Біз күнделікті өмірде жұп және тақ сандарды кездестіреміз. Мысалы, көшенің бір жағындағы үйлер жұп сандарымен, ал көшенің қарама-қарсы бағытындағы үйлер тақ сандармен нөмірленеді.

(Ө,Қ, Ұ) Оқушыларға алғашқы 20 жұп санды ретімен жазып алуды ұсыну. Қандай заңдылықтарды байқадыңдар? Енді алғашқы 20 тақ санды ретімен жазуды ұсыну. Не байқадыңдар? деп сұрау.Оқушылардан сандар арасындағы байқаған заңдылықтарын   түсіндіріп айтуын сұрау. Жұп сандар әрқашан 2, 4, 6, 8, 0-ге,тақ сандар 1, 3, 5, 7, 9-ға аяқталатынына көңіл аударту. Сандарды кеспеқағаздар арқылы көрсете отырып, ауызша бірнеше рет қайталату.«Менің отбасым және достарым» тақырыбының  аясында жұп және тақ сандарды зерттеу үшін шеңбер құрып, «Менің отбасымда ... адам бар. ... – ол тақ/жұп сан» деп айтып шығуды ұсыну.

Оқушылардың назарын суретке аударту. Оқушыларға суреттегі шарда жазылған жұп пен тақ сандарды атауды ұсыну. Мұндағы  жұп сандар – 2, 4, 6. Шарда жазылған тақ сандарды атауды сұрау. Тақ сандар – 1, 3, 5, Тапсырманы орындау кезінде оқушыларға «Сендер қалай ойлайсыңдар? Шардың келесі жағында қандай сандар жазылуы мүмкін?» - деген  сұрақ қойып, ойын білу. Оқушылар жауап бере алмаған жағдайда, оларға бағыт бере отырып, шардың келесі жағындағы жұп және тақ сандарды табуға көмектесу (8, 10, 12... 7, 9, 11)

(Ұ) Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудартып, қандай құстардың саны жұп не тақ санмен көрсетілгенін анықтату (жұппен отырған құстар: кептер, қоқи қаз. Тақ сандармен отырған құстар: қарлығаш, үйрек. Оқушыларға тапсырманы орындата отырып, өз ойларын дәлелдеумен айта білуге үйрету.

(Ө) Содан соң әрқайсысына берілген кестедегі сандар арасынан(13 5 7 19 14; 12 8 7 10 20) бұл топқа жатпайтын артық санды әрбір оқушыға жеке тапқызу. Ол үшін оқушылар артық санды қоршап қояды, біраз уақыттан соң, орындаған тапсырманы көтеріп көрсетуді сұрау. Оқушылардың тапсырманы орындағанын, көмекке келген мұғалімнің көмегімен бақылау арқылы түртіп алу. Не себепті санның артық болып тұрғанын түсіндіруді сұрау, өз ойын дәлелдеп айтып беруге жетелеу. Тапсырма қиындық туғызған жағдайда жетелеу сұрақтарын қоя отырып, артық санды өзі табуға көмектесу (1-топта: 14, 2-топта: 7)

.

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында  жұмбақты жасырып, тақ және жұп сандарды тауып, айтқызу:

Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Конбады оның нешеуі?

Қане, кім тез шешеді? (5 қаз)

7 – тақ сан, 2 – жұп сан, 5 – тақ сан.

(Қ) Сандар кестесін әр оқушыға ұсынып, ондағы 1-100-ге дейінгі сандардан тек жұп сандарды қоршап сызуды ұсыну.Тапсырманы қиындықсыз орындай алған оқушы тақырыпты жақсы түсінгенін көрсетеді.

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

80

81

82

83

84

85

86

87

88

89

90

91

92

93

94

95

96

97

98

99

100

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кестедегі сандар арасынан (13 5 7 19 14; 12 8 7 10 20) бұл топқа жатпайтын артық санды әрбір оқушыға жеке тапқызу барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, артық санды өзі табуға көмектесу 

Оқушылардың алғашқы 20 жұп сан  мен 20 тақ санды ретімен жаза алғандарын бақылау арқылы бағалау.1-100-ге дейінгі сандардан тек жұп сандарды қоршап сызуды парақта орындағандарын байқап бағалау

Сергіту сәттерін өткізу.

 

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Сабағымның оқу мақсаты оқу Бағдарламасы мен сабақтың тақырыбына сәйкес алынып, дұрыс қойылған. Сабақта оқу мақсатына барлық оқушыларым жетті. Сабақта  дифференциацияға көңіл бөлдім. Ол үшін кестедегі сандар арасынан бұл топқа жатпайтын артық санды әрбір оқушыға жеке тапқызу барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, артық санды өзі табуға көмектестім. Оқушыларға: «Жұп/тақ сандардың жалғасын тап», «Шардың артқы жағында қандай сан болуы мүмкін» деген тапсырмалар ұсыну арқылы ойлау қабілетін белсендіруге мүмкіндік бердім. Сабақтың уақыттық кезеңдерін дұрыс сақтадым.

Сабақ жоспарынан ауытқушылық орын алды. Себебі бірінші қалыптастырушы бағалаудан соң оқу мақсатына екі ғана оқушы жеткенін байқадым, сондықтан жоспардан тыс кестемен жұмысты ұйымдастырдым. Екінші қалыптастырушы бағалаудан соң, бір оқушы ғана оқу мақсатына жетпегенін байқап, сабаққа енгізілген өзгерістің орынды болғанына көзім жетті.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

«Менің отбасым және достарым» тақырыбының  аясында жұп және тақ сандарды зерттеу үшін шеңбер құрып, «Менің отбасымда ... адам бар. ... – ол тақ/жұп сан» деп айтып орындаған жұмыс оқу мақсатына жетуге ықпалы болды.

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушыларға топтасып жұмыс жасаудың жолын үйретуді жетілдіру қажет.

2:Оқушыларға өз іс-әрекеттеріне, жұмыстарына рефлексия жасауды үйретуді жетілдіру қажет.

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қалыптастырушы бағалау нәтижесінде анықталған оқу мақсатына жетпеген оқушыға жеке түсіндіріп өтуді және қалыптастырушы бағалауды қайта ұйымдастыруды жоспарлаймын.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Сабақ жоспары Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім:

Сабақ жоспары Пән: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім:

Орнында тұрған оқушыларға өз нөмірлерін айтуды өтіну

Орнында тұрған оқушыларға өз нөмірлерін айтуды өтіну

Сандар кестесін әр оқушыға ұсынып, ондағы 1-100-ге дейінгі сандардан тек жұп сандарды қоршап сызуды ұсыну

Сандар кестесін әр оқушыға ұсынып, ондағы 1-100-ге дейінгі сандардан тек жұп сандарды қоршап сызуды ұсыну

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? «Менің отбасым және достарым» тақырыбының аясында жұп және тақ сандарды зерттеу…

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? «Менің отбасым және достарым» тақырыбының аясында жұп және тақ сандарды зерттеу…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.04.2020