Әдістемелік құрал
1 Қосымша
Жұмбақтар
Бар ойынды жиямын,
Ақ қағазды бояймын . (Бояу)
Қабы сояу,
Дiнi – бояу. (Қарындаш)
Қылқалам,
2 қосымша
Практикалық жұмыс
1 Тапсырма
- Paint графиктік бағдарламасын іске қосу.
- Үшбұрыш, төртбұрыш, қисық сызық, эллипс құралдарын пайдаланып, әртүрлі 5 сурет салу.
- Бояу тақтасын пайдалану.
1 сурет 2 сурет
3 сурет 4 сурет
![]() |
![]() |
||
5 сурет
![]() |
*2 Тапсырма
Paint графиктік программасында жұмбақтың жауабын тауып, суретін салу және бояу.
Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы. (Қауын-қарбыз)
Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
Самаурын қасында тұрағы бар. (Шәйнек)
Салынған суретке ат беріп, сақтау
3 ** Тапсырма
Мақсаты: өлеңге
иллюстрация жасау.
Қыс суреті
Жапалақтап аулада,
Тұрды таза ұлпа қар.
Қызықтайды бар бала,
Шақырады қырқалар.
Қарашы аппақ далаға
Жылынсын деп денеміз.
Отырып ап шанаға,
Біз сырғанақ тебеміз
Дескриптірлер
- сурет салуда әртүрлі құралдарды пайдаланады.
- суретті түстер палитрасын пайдаланып бояйды;
- файлды мәзір командасы арқылы сақтап қояды.
3 Қосымша
Қалыптастыру бағалау
Paint графиктік программасында жиегі басқа түспен фигура көрсетілген.
1. Тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы қандай түс таңдалды? (қызыл, көк, жасыл, сары, қара, ақ, қоңыр, қызғылт-сары)
|
|
2. Тінтуірдің сол жақ батырмасы арқылы қандай түс таңдалды? (қызыл, көк, жасыл, сары, қара, ақ, қоңыр, қызғылт-сары)
|
|
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.