Оқу мақсаты
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;
3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
1 Таспырма
Жауабы
Техникалық диктант
Paint бұл _графикалық_ редактор. Paint графикалық редакторында екі түспен сурет салынады. Олар негізгі және фондық түстер. Paint графикалық редакторында 16 сайман бар. Paint графикалық редакторының тақырып жолында терезені жабы, жасыру, үлкейтіп кішірейту батырмалары орналасқан.
Бағалау критерийлері
Графикалық редакторды іске қоса алады;
Іске қосу жолдарын атайды;
Графикалық редактордың элементтерін көрсете алады;
копьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтайды..
Қауіпсіздік ережелерін еске түсір
Тапсырма
Орындауға болатын ережелерді – жасыл түспен немесе орындауға болмайтын ережелерді қызыл түспен боя.
Практикалық тапсырма
1 Тапсырма: Сурет салу үшін сызық құралын, қисық құралын қолданыңыз.
Суретті Қисықтар деп атап сақтап қойыңыз.
Практикалық тапсырма
2 Тапсырма: Paint графикалық редакторында сурет салу үшін жаңа аймақ жасаңыз.
Сурет салу үшін сызық, көпбұрыш, эллипс (сопақ) құралдарын пайдаланыңыз
Суретті өз бумаларыңызда Өрмекші деп атап сақтап қойыңыз.
Практикалық тапсырма
3 Тапсырма: Paint графикалық редакторында сурет салу үшін жаңа аймақ жасаңыз.
Сурет салу үшін сызық, эллипс (сопақ), қисық құралын пайдаланыңыз.
Суретті өз бумаларыңызда Глобус деп атап сақтап қойыңыз
Бағалау критерийлері
Қарапайым графикалық редактордың құрал жабдықтарын қолданады;
Графикалық редактордың мәзір командаларын қолданады;
Компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.