2Мәтінді теріп өңдеу_1 сабақ_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық

  • docx
  • 10.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 2Мәтінді теріп өңдеу_1 сабақ_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық.docx

Сынып: 3

2 Бөлім: Сөз артында сөз.

 «Мәтінді теру және өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

Сабақтын мақсаты: оқушыларды компьютерлік кластағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру және компьютердің негізгі құрылғыларымен таныстыру енгізу және шығару құрылғыларын ажырата білу.

Оқу мақсаты:

3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан.

 

Сабақтын түрі: жаңа тақырып менгеру. Бұл сабақ осы бөлім бойынша бірінші сабақ болып табылады, және бұнда қарастырылатын мәтіндік редактор алдынғы сабақтарда қарастырылмады.

 

Бұл сабақты оқып-үйрену үшін қажетті алдын-ала білім.

1-бөлімде оқыған білімдерін жаңарту ұсынылады, оқушылар компьютерлік программаны пайдалана отырып файлдарды ашу және сақтау командаларымен таныс және программаны ашуға және жабуға қабілеті бар.

 

Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

Сабақ барысында оқушылар жаңа программамен танысады, оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде біріктіреді.

Мәтін редакторы мәтін теру үшін;

Файл - компьютерде сақталатын ақпарат;

Ашу пәрмені файлдың мазмұнын көру үшін арналған;

Сақтау пәрмені файлды белгілі бір атаумен сақтау үшін пайдаланылады.

Өңдеу - аудару, қосу, жою арқылы терілген мәтінді модификациялау.

Мәтінді редакциялау әдістері:

1) қателерді түзету;

2) таңбалар қосу;

3) мәтіннің үзінділерін беру.

 

Сабақтың басында мұғалімге үлестірмелі материалдарды дайындауға кеңес беріледі:

- суреттер;

- практикалық тапсырмалар.

Жас ерекшеліктеріне қарай, оқушылар шаршағанын босу үшін сабақтың ортасында сергіту сәтін өткізу ұсынылады. Сергіту сәтін орындау кезінде оқушылар мұғалімнің алдына біркелкі бөлінуі керек.

 

Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар алдыңғы білімдерін қорытындылауға және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс, мысалы:

1) өңдеу;

2) жиынтық;

3) мәтін;

4) мәтіндік редактор;

5) мәзір;

6) курсив.

Практикалық тапсырманы орындау

Аталған ұғымдарды сәйкесінше жазып отырыңыз.

918171615141312 11

1 Стандарт саймандар жолы

2 Мәзір жолы

3 Терезе атауы

4 Пішімдеу жолы

5 Тік және көлденен сызғыш

6 Саймандар жолы

7 Қалып жолы

8 Жұмыс аймағы

9 Жылжыту жолағы

 

Берілген терминдерді анықтамасымен сәйкестендіріңіз

Enter

 

 меңзердің пернелері (солға, жоғарыға, оңға, төмен)

CapsLock

жаңа жолға ауысу (ақпаратты енгізу)

Backspace

меңзердің оң жағындағы таңбаны жояды

Delete

сөз арасындағы бос орындарды реттейді

БОС ОРЫН

Батырма үлкен әріптер режиміне ауысады - барлық әріптер бас әріппен жазылады. Режимді өшіру үшін батырмны қайтадан басыңыз.

←↑→↓

меңзердің сол жағындағы таңбаны жояды

 

Мәтінді тер!!!

1.      Аты- жөніңді тер.

2.      Туған жылыңды тер

3.      Өзің туралы қысқаша мәлімет бер

4.      Құжатты сақтап қой

·         Жұмыс столына бума құрыңыз

·         Оның атын өз тегіңізбен атаңыз

·         Мәтіндік редакторда құрған құжатты осы бумаға сақтаңыз

 

Диференциациялау

Тегіңді ағылшын тілінде тер

 

 

 

Әдебиеттер мен дереккөздер:

1)      Ломаковская А.В., Проценко Г.О., Ривкинд И.Я. Ступеньки к информатике, 3 класс 2013

2)      Рудченко Т. А., Семенов А.Л. Информатика. Рабочая тетрадь. 3 класс. 2013.

3)      Информатика. Учебник для 3 класса. В 2 ч.  Матвеева Н.В., Челак Е.Н. и др. 2013.

4)      Учебник Информатика и ИКТ 3 класс Горячев. 2010.

5)      http://www.proshkolu.ru/user/nazarovaNS/file/64185/

6)      https://bilimland.kz/ru/courses/informatika-ru/5-klass/lesson/interfejs-tekstovogo-redaktora

7)       


 

Скачано с www.znanio.ru