Сынып: 3
6 Бөлім: Әлемнің барлығы Ғаламторда.
«Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік» сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақтын мақсаты:
· интернеттен белгілі бір сұрақтарға жауап табу үшін іздеу жүйелерін пайдаланады;
· сөйлемдерді теру және өңдеу үшін мәтіндік редакторды пайдаланады;
· Интернет желісіндегі тәуекелдерге мысалдар келтіреді.
· Интернет желісінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды
Оқу мақсаты:
3.3.3.1 Ғаламтор желісіндегі қажетсіз байланыстың қаупін түсіну
3.3.2.1 желіде ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру
3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
Сабақтын түрі: жаңа тақырыпты үйрену. Осы тақырып бойынша 2 сабақ қарастырылған. Оқушылар алдынғы сабақта қарастырған тақырыптар бойынша «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері», «Ақпаратты іздеу» .
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау.
Оқушылар өткен тақырыптардан алған білімдерін еске түсіреді, оқушылар атақты тұлғалар туралы ақпаратты іздестіруге назар аударады, осылайша «Атақты тұлғалар» тақырыбына пәнаралық қарым-қатынас жасайды.
Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру мақсатында олармен сабақ басында амандасу ұйымдастырылады.
Оқушыларды сабақ тақырыбына жетілдіру мақсатында жаңа тақырыпқа уәждеме ұсынылады: «Сақтансаң-сақтаймын».
«Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыз.
Сақтық – деген әрқашан
байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Осы сөздің мәнін қалай түсінеміз? Оқушылар Ребус шешіп, сұраққа жауап беріп өз ойларын білдірту арқылы тақырыптың атауы мен сабақ мақсатын тұжырымдайды.
Оқушылар топтасып «Қауіпті-Қауіпсіз» - ойынын ойнайды. Берілген кеспе қағазды екі топқа бөледі «Қауіпті - қауіпсіз».
Өзі туралы ақпаратты жасыру |
Әлеуметтік желіде біреуді ренжіту |
Интернетте берілген сауалнаманы үлкендердін рұқсатысыз толтыру |
Күдікті хаттарды ашып, жіберуге |
Ақылы ойындарда, конкурстарда, лотереяларда қатысу |
Шынай адрес, аты жөнің көрсету |
Бейтаныс адамдармен әлеуметтік желі арқылы сөйлесу |
Достарға хат жазу |
Күдікті хабарламаларды ашу |
Әлеуметтік желіде әдептілік сақтау |
Вирусқа қарсы программаны жаңарту |
Құпия сөзді ешкімге айтпау |
Дұрыс емес сайттардан шұғыл түрде шығып кету |
Өзіне қатысты ақпаратты жария ету |
Жауабы
Қауіпті |
Қауіпсіз |
Әлеуметтік желіде біреуді ренжіту |
Өзі туралы ақпаратты жасыру |
Интернетте берілген сауалнаманы үлкендердін рұқсатысыз толтыру |
Вирусқа қарсы программаны жаңарту |
Ақылы ойындарда, конкурстарда, лотереяларда қатысу |
|
Бейтаныс адамдармен әлеуметтік желі арқылы сөйлесу |
Достарға хат жазу |
Күдікті хабарламаларды ашу |
Әлеуметтік желіде әдептілік сақтау |
Күдікті хаттарды ашып, жіберуге |
Құпия сөзді ешкімге айтпау |
Өзіне қатысты ақпаратты жария ету |
Дұрыс емес сайттардан шұғыл түрде шығып кету |
Шынай адрес, аты жөнің көрсету |
|
Тапсырма орындалып болған соң оқушылармен бірге талқылау қажет.
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде келесі материалдарға назар аудару қажет.
Интернет бізге қарым-қатынас жасауға, жаңа нәрселерді үйренуге, сатып алуға, мәлімдеме жасауға көмектеседі.
«Интернеттің қауіпті болуы мүмкін бе?» Ол біздің досымыз немесе жауымыз ма? талқылаңыз.
Оқушыңың туған күніне ата – анасы компьютер сатып әкелді. Ол енді күні бойы компьютер алдында отырады. Бірнеше күннен соң оқушының көзі жасаурап, саусақтары ауыра бастады. Оқушы не істеу керек?
1) енді ешқашан компьютермен жұмыс жасамау
2) компьютер алдында қауіпсіздік сақтау
3) компьютер алдында жұмыс жасауды жалғастыру.
Жауабы:
2) компьютер алдында қауіпсіздік сақтау
Практикалық бөлікті өткізу
Практикалық жұмыс
Оқушылар компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелеріне нұсқама алады.
Оқушылар практикалық тапсырманың шартын талқылауға кіріседі:
Тапсырма
Интернет желісін қолданып, келесі сұрақтарға жауап қарастыру
Сұрақ |
Жауап |
Вирус дегеніміз |
|
Ақпараттар көзі |
|
*** Авторлық құқық |
|
Саралау ***дан басталады.
Дескрипторлар үлгісі:
1) Іздеу жүйесін қолданады
2) Ақпаратты файылға көшіріп алады
3) Файылды сақтайды
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1. https://www.youtube.com/watch?v=kt6Hnr61Gm0 - фиксики
2. https://www.tarbie.kz/23210 Сергіту сәті
3. http://adebiportal.kz/kz/authors/view/1180 Шәкәрім Құдайбердіұлы
4. Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.