3Графикалық редактордың құрал жабдықтары_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық

  • docx
  • 11.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 3Графикалық редактордың құрал жабдықтары_1Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық.docx

Сынып: 3

4 Бөлім: Компьютерлік суреттер.

 «Графикалық редактордың құрал жабдықтары» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 

Сабақтын мақсаты: күнделікті өмірде әр түрлі мамандықтар графикалық редактор қолданатынына мысал келтіреді,  графикалық редактордың құрал жабдықтарын қолдана отырып компьютерлік сурет салады, салынған суретті сақтайды.

Оқу мақсаты:

3.1.2.1  компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу мен сақтау командаларын пайдалану.

Сабақтын түрі: жаңа тақырып меңгеру. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ болып табылады және оқушылар зерттеу әдісін қолданып тақырыпты меңгереді. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері».

 

Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау

Сабақтың басыңда психологиялық ахуал қалыптастыру оқушылардың зиінің сабаққа аудару. Проблемалық мәселе тудыру мақсатыңда оқушыларға суреші қағазға және скомпьютерге сурет салып отырған  бейнелерді ұсынып; сурет салу үшін суретші қандай құрал қолданатының сұрау. Оқушылар проблемалық тапсырма ретінде екі суретшінің құралдарын салыстырады.

 

 

Нәтижелерді талқылау. Компьютер көмегі арқылы сурет салу туралы әңгіме құру. Алдыңғы тақырыптармен   біріктіру үшін  суретті құрастыратын (дигитайзер) құрылғысына назар аудару қажет.

 

Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:

- суретші бейнеленген сурет;

- орындайтын тапсырма.

 

 Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:

1.                  https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym grafikalyq-redaktor    - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ

Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

Негізгі теориялық материал  негізгі теориялық білімді оқушылар интерактивті сабақты оқып, қарап алады.

Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс. Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады:

-  қиындықтарды анықтап қолдау мақсатыңда оқушылардың жауптарын қадағалау;

- теориалық материалды түсінуін бағалау кезеңінде интерактивті тапсырмалар қолданылады;

- практикалық жұмысты орындау кезінде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады.

- өзін-өзі реттеу мақсатыңда, кері байланыс ретінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды. 

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтың ортасында шаршағандарын басу үшін сергіту сәтін ұйымдастыруға кеңес беріледі. Сергіту сәтің орындау алдында оқушылар мұғалім алдында орындау қажет. Мұғалім оқушылармен бірге орындайды.

Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысыңда топтық жұмыс, физминутка қарастырылған.

Компьютермен жұмыс жасап отырған кезінде оқушылар дене мүсінінің дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көніл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды.

Практикалық жұмыс

Практикалық жұмыс орындаған кезде «Математика» пәнімен байланысады. Оқушылар геометриялық фигуралардың түрлерін еске түсіреді.

Практикалық тапсырма орындау кезінде саралау  шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады:  тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасының қадамы бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді. 

Барлық оқушылар:

•          графикалық редактордын тағайындалуын түсіндіреді, өмірде оның қолдануына мысал келтіреді;

•          геометриялық фигураларды және әр түрлі құралдарды қолданып компьютерде сурет салады;

Бірінші тапсырма бойынша бірнеше геомериялық фигура құрады.

Оқушылардың көбісі

• құрған суреттерін сақтайды;

• «Жиек» және «Сызықтың жуандығы» құралдарының баптауларын қолданады

• қүйю құралын қолданып әр түрлі геометриялық фигуралардың суретің салады.

Кейбір оқушылар:

• «Саяжайдағы үй» тақырыбына сурет салады.

Практикалық жұмысты орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге бағалау критерилерін есіне түсіріде. Тапсырма беру үшін мұғалім дескриптор тұжырымдау ұсынады.

Дескрипторлар:

1. геометриялық фигуралардың суретің салуға «Фигуралар» тобының құралдары қолданылды;

2. суретті бояу үшін «Құю» құралы қолданылды;

3. «Жиек» және «Сызықтын қалындығы» құралдарының баптаулары қолданылды;

4. өшіру үшін «Өшіргіш» құралы қолданылды.

«Графикалық редактордың құрал саймандары»

Мақсаты: сурет салу барысында графикалық редактордың құрал саймандарың қолдану.

1 Тапсырма.

Графикалық редактордың әр түрлі құралдарын қолданып, жиек пен құю құралдарын баптап фигуралардың суретін салыңыз.

 

2 Тапсырма.

Графикалық редакторда келесі суретті салу үшін қолданылатын құралдарды атаңыз.

Осы суретті графикалық редакторда салыңыз.

Суреті бөлшектермен толықтырыңыз.

Дайын суретті компьютерде сақтаңыз.

 

3* Тапсырма.

Графикалық редактордың құралдарын қолданып «Саяжайдағы үй» тақырыбына сурет салыңыз.

Суретті толықтырыңыз. Компьютерде сақтаңыз.

Оқушылар бір-бірінің  жұмысын тыңдайды.

Бір-бірінің жұмысын бағалайды.

 

Әдебиеттер мен дереккөздер:

 

1.      https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym grafikalyq-redaktor    - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ