Сынып: 3
4 Бөлім: Компьютерлік суреттер.
«Суретті өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық.
Сабақтын мақсаты: графикалық редактор арқылы мәтінмен жұмыс құралдарын қолдану, графикалық редакторда нысанды белгілеп орындарын ауыстыру, графикалық редакторда файлды ашу және сақтау командаларын пайдалану.
Оқу мақсаты:
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану
Сабақтын түрі: білімді жүйелеу. Бұл сабақ осы тақырып бойынша бірінші сабақ болып табылады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері». Графикалық редакторда оқушылар алдынғы сабақта танысқан. Сабақ барысында дамыта оқыту, бақылау бағалау, ақпараттық оқыту және интерактивті технология қолданылады.
Берлген технологияны іске асыру үшін іздену, өзін өзі бағалау, білім мен тәжірибені байланыстыру әдістері қолданған
Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау
Қазақ елінің бас қаласы Астанада орналасқан 4 ғимараттың суреті ұсынылады. Сұрақтар бойынша оқушылар талқылау ұйымдастырады.
· Суретте не көріп тұрсыз?
· Олар туралы не айта аласыз?
· Қайсысы биік немес аласа?
· Қайсысы ескі немесе жаңа?
Оқушылардың ойын суретке жазба жазу қажеттігіне алып келіңіз. Суретке қандай жазба жазу қажет екенің талқылаңыз. (Мысалы, ғимарат атауы, биіктігі, жылы).
Жауабы: Мәңгілік ел қақпасы 2011жылы биіктігі 21 м; Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы биіктігі 62 м, Хан шатыр 2010 жылы биіктігі 150 м, Бәйтерек монументі 2002 жылы биіктігі 97 м
Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:
- командалар бейнеленген суреттер;
Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:
1. http://bilimland.kz/ графикалық редактор
Оқушылардың осы сабақта алатын практикалық дағдылары.
Графикалық редакторда мәтіннің қарпін, түсін, өлшемін өзгертеді сонымен қатар графикалық редакторда файлды ашады
Тапсырма
“Қосымша 1” атты файлды аш. Оған жазба еңгіз. Жазбаға Times New Roman қарпін қолдан. Ғимарат атауларына Ж (полужирный) стилін, биіктігі туралы мәтінге К (курсив) стилін, ал жазылған жылға Ч (подчеркнутый) стилін қолдан. Әр ғимарат астындағы жазбаны әр түсте орында.
Тапсырманы тексеру критерилер
Оқушылар тексеру критерилеріне дескрипторлар құруға ат салысады.
Критерий |
Дескриптор |
мәтін қарпін, түсін, өлшемін өзгертті; |
Жазбаға Times New Roman қарпін қолданды |
Ғимарат атауларына Ж (полужирный) стилін қолданды |
|
биіктігі туралы мәтінге К (курсив) стилін қолданды |
|
жылына Ч (подчеркнутый) стилін қолданды |
|
жазбаны әр түсте жазды |
|
графикалық редакторда файлды ашты |
Жұмыс үстелінен файлды таңдап алды |
Файлды графикалық редакторда ашты |
Оқушылар құрылған критерилер бойынша өзінің жұмысын бағалайды.
Мұғалім оқушылардың орындаған әр тапсырмасын қолдап қажет болса көмек көрсету керек.
Тапсырма
“Қосымша 2” атты файлды аш. Бөлме сызбасы және бөлмелер атаулары берілген. Қажетті атауларды орнына орналастыр. Файлды сақта.
2 тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әуелі тапсырманы талдап алу қажет:
· Қосымшаны бермес бұрын оқушылармен талдап алың
Жылжытпас бұрын белгілеп алуды естеріне салыңыз.
Әдебиеттер мен дереккөздер:
1. https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym grafikalyq-redaktor - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.