4_АКТ_3сынып_4Бөлім_Суретті өңдеу_2сабақ_1 нұсқа_Әдістемелік нұсқаулық

  • docx
  • 11.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 4_АКТ_3сынып_4Бөлім_Суретті өңдеу_2сабақ_1 нұсқа_Әдістемелік нұсқаулық.docx

Сынып: 3

4 Бөлім: Компьютерлік суреттер.

 «Суретті өңдеу» сабағына әдістемелік нұсқаулық.

 

Сабақтын мақсаты: графикалық редактор арқылы  мәтінмен жұмыс құралдарын қолдану,  графикалық редакторда нысанды белгілеп орындарын ауыстыру, графикалық редакторда файлды ашу және сақтау командаларын пайдалану.

Оқу мақсаты:

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану

3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану

3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру 

Сабақтын түрі: білімді жүйелеу. Бұл сабақ осы тақырып бойынша екінші сабақ болып табылады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері». Графикалық редакторда оқушылар алдынғы сабақта танысқан. Сабақ барысында дамыта оқыту, бақылау бағалау, ақпараттық оқыту және интерактивті технология қолданылады.

Берлген технологияны іске асыру үшін іздену, өзін өзі бағалау, білім мен тәжірибені байланыстыру әдістері қолданған

 

Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау

 Оқушыларға екі сурет ұсынылады. Біреуі қолдан салынған, екіншісі компьютерде салынған. Суреттер айырмашылығын талдатыңыз. Онда компьютерлік программаның қажеттілігін анықтатыңыз.

! Қолдан салынған суретті оқушылардың сурет сабағында салған суреттерін пайдалансаңыз болады.

Суретте не көріп тұрсыз?

·                  Олар туралы не айта аласыз?

·                  Қайсысы биік немес аласа?

·                  Қайсысы ескі немесе жаңа?

 

Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:

- командалар бейнеленген суреттер;

 

 Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:

1.    http://bilimland.kz/  графикалық редактор

 

Оқушылардың осы сабақта алатын практикалық дағдылары.

Графикалық редакторда мәтіннің  қарпін, түсін, өлшемін өзгертеді сонымен қатар графикалық редакторда файлды ашады

Тапсырма

Тапсырма.

Графикалық редакторда өз ойыңдағы үй кескінің сал. Суретке арнайы мәтін жаз. Суретті компьютерде сақта.

! Қажетінше оқушыға қолдау көрсетіңіз. Ол үшін Қосымша 1 ұсынсаңыз болады. НЕМЕСЕ оқушыларға өз суреттерін салғызыңыз. Ол үшін сурет салу пән мұғалімімен алдын ала келісіп алыңыз.

Тапсырманы тексеру критерийлер

Оқушылармен тексеру критерийіне дескрипторлар құрып алыңыз.

Мысалы:

·                   үйдің суретін салды;

·                   суретке мәтін жазды;

·                   суретті сақтады.

Оқушылар қаншалықты тапсырманы дұрыс орындағаның өзара бағалау арқылы қарап тексереді.

Критерий бойынша жұпта жұмыстарын бағалату. Кейін ерекше суретті анықтатыңыз және неге ерекше екеніне сипаттама бергізіңіз.

! Қажет жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіңіз.

Әр топқа әр мамандық иегері ретіңде рөлді бөлу. Компьтерлік программаны қалай қолданатындықтарын талқылап, ортақ ойды басқалармен бөлісу керек.

Мысалы:

Фотограф, компьютерлік ойын құрушы, дизайнер.

 

Әдебиеттер мен дереккөздер:

 

1.      https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym grafikalyq-redaktor    - «Қарапайым графикалық редактор» интерактивті сабақ

2.      https://avatars.mds.yandex.net/get-pdb/69339/911f19b8-f422-48bd-b841-1dbb139fbab4/s1200 - картинка


 

Скачано с www.znanio.ru