4Дыбыстық әсерлер_2Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық

  • docx
  • 11.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 4Дыбыстық әсерлер_2Нұсқа_ Әдістемелік нұсқаулық.docx

Сынып: 3

3 Бөлім: Компьютер және дыбыстар.

 «Дыбыстық әсерлер» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

Сабақтын мақсаты: компьютер программасын  дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату үшін қолданады; компьютерлік программада файлдарды ашатын және сақтайтын командаларды қолданады; дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату кезіңде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Оқу мақсаты:

3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;

3.1.2.2 компьютерлік программаларда  файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

3.1.3.1 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау;

 

Сабақтын түрі: оқушылардың дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру. Бұл сабақ осы тақырыптың бір сабағы болып табылады. Осы сабақта осыған дейін меңгерілген білім қолданылады «Компьютер құрылғысы», «Файлдар мен бумалар», «Программа терезелері» «Дыбысты жазу және өңдеу».

 

Алдыңғы АКТ сабақтарында алынған материалдарды қайталау

Сабақтың басыңда психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатыңда оқушыларды ортаға шақырып бір шеңбердің ішінде CLIL технологиясын қолданып оқушылар бір-бірімен әр елдің салемдесуімен амандасады. Білімді жаңарту кезеңінде оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдерін қайталайды: компьютер программалары, қауіпсіздік ережелері, дыбысты жазу және өңдеу.

Тапсырма:

Кеспе қағазында белгіленген дыбыстық редактордың батырмаларын атаңыз

 

 

 

 

1..........................................................................................

2........................................................................................

3........................................................................................

4........................................................................................

5........................................................................................

6........................................................................................

 

Жауабы

 

 

 

 

1 Жолдын басына өту

2 Ойнату

3 Дыбыс жазу

4.Тоқтата тұру (Үзінді)

5 Тоқтату

6 Жолдын соңына өту

 

Сабақтың басында мұғалімге үлестірме кеспе қағаздарын дайындап қою қажет:

- суреттер;

- орындайтын тапсырма.

 

 Сондай-ақ, келесі сілтемелер бойынша демонстрациялық материалдарды жүктеп алыңыз:

1.      https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU – Сергіту сәті

2.      https://www.youtube.com/watch?v=UuDo131hHZU- Атамекен караоке

 

Оқушылардың осы сабақта алатын негізгі теориялық білімі.

Негізгі теориялық материал;

AUDACITY дыбыстық редакторындағы аудио файлға түрлі қызықты әсерлерді қолдануға болады.

Барлық әсерлер «Әсерлер» (эффекты) мәзірінде көрсетілген.

Кез-келген әсерді қолдану үшін дыбыстық файлдың фрагментін (немесе бүкіл файлды) бөліп алып, «Әсерлер» мәзірінен  қажетті команданы таңдаңыз.

·         «Тегіс әлсіреу» әсері.

Дыбыс деңгейін біртіндеп нөлге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Дыбыс файлының соңында қолданылады.

·         «Тегіс өсу» әсері.

Көлемді біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді. Көбінесе дыбыстық файлдың басында қолданылады.

·         Бір әннен екіншісіне біркелкі өту.

Екі әнді біріктіру өнері «Тегіс қабаттау» деп аталады. Басқаша айтқанда, бір әннің соңы екінші әннің басымен біріктіріледі.

·         «Нормалдау» әсері.

Бұл сүзгі жазылған сигнал деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.

·         «Айналым» әсері.

Фильтр сигналдың таңдалған бөлігін кері тәртіпте жазады.

Мұғалім Audacity программасын көрсетеді, командалармен таныстырып мүмкіндіктерін көрсетеді.

Сабақтың әр кезеңінен кейін оқушылар сабақтан алынған білімін айқындап және терминологияны ерекше атап өтуге тиіс.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтың ортасында шаршағандарын басу үшін сергіту сәтін ұйымдастыруға кеңес беріледі. Сергіту сәтің орындау алдында оқушылар интербелсенді тақта алдына шығып немесе мұғалім алдында орындау қажет. Мұғалім оқушылармен бірге орындайды.

 

Практикалық жұмыс

Практикалық жұмысты орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге бағалау критерилерін есіне түсіріде. Тапсырма беру үшін мұғалім дескриптор тұжырымдау ұсынады.

Дескрипторлар:

1. дыбысты өңдеуге арналған компьютерлік программаны іске қосады;

2. дыбысты ойнату үшін белгілі бір файлды ашады;

3. арнайы әсерлер арқылы дыбысты өңдейді;

4. Файлды жаңа атаумен сақтайды.

1-тапсырма:

«Атамекен» атты файлды ашыңыз. Ең жуан дауыс жиілігін күшейту әсерін қолданыңыз. Бастапқы 15 секундта дыбыстың әсерін тегіс күшеюге (наростание), ал соңғы 15 секундта әлсіреуге (затухание) қойыңыз. Жаңа атаумен сақтаңыз. Аудио жолды мұғалімге ойнатыңыз. Әннің соңындағы дыбыссыз кеуектікті алып тастаңыз.

Оқушылар  дифференциация ретінде өз дауысымен авторды әнге қосады.

2*-тапсырма: әннің авторы мен музыкасын жазған композиторды әннің соңында қосыңыз. Әсер(эффект) мәзір қолданып (удаление шума) шуды жою қолданыңыз

Жауабы:

Әнің жазған: Ескендір Хасанғалиев

Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі

Оқушылар бір-бірінің  жұмысын тыңдайды.

Бір-бірінің жұмысын бағалайды.

 

Әдебиеттер мен дереккөздер:

1)      http://audacity.ru/p1aa1.html - Audacity редакторының толық сипаттамасы

2)      https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/1054/ Атамекен әнінің авторлары

3)      https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU – Сергіту сәті

4)      https://www.youtube.com/watch?v=UuDo131hHZU- Атамекен караоке


 

5)      Скачано с www.znanio.ru