5.1 Есептер және математикалық модель (Баға)
Оценка 4.7

5.1 Есептер және математикалық модель (Баға)

Оценка 4.7
Особые потребности
docx
математика
1 кл
10.04.2019
5.1 Есептер  және математикалық  модель (Баға)
1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау 1.5.1.2 сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану Барлығы: сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдаланады, монеталармен әр түрлі іс – әрекет жасай отырып, баға туралы біледі; Көпшілігі: монеталардан қажет соманы құрастырады, түрліше төлем жасайды. Кейбіреуі: заттардың бағасына қатысты номиналдарды толық барлық монеталардан жинай алады. Сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды анықтайтын терминдерді пайдаланады; Берілген монеталармен түрліше төлемдер жасайды.
математика.docx
Пән: математика  Күні:                             Бөлімше тақырыбы: Оқу мақсаттары  (ОМ) ұзақ мерзімді  жоспардан Сабақ мақсаты  Бағалау критерийі: Тілдік мақсаттар   Құндылықтар   Ресурстар   Сабақтың жоспарлау кезеңдері Сабақтың  басы   Сынып: 1 Мұғалім: Әйткей Әлия   5.1 Есептер  және математикалық  модель (Баға) 1.1.3.6  1 тг,  2 тг, 5 тг,10 тг, 20 теңгелік   монеталармен түрліше төлем  жасау 1.5.1.2 сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын  ұғымдарды пайдалану Барлығы:  сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде  қолданылатын ұғымдарды пайдаланады, монеталармен әр түрлі іс – әрекет  жасай отырып, баға туралы біледі;  Көпшілігі: монеталардан қажет соманы құрастырады, түрліше төлем жасайды.  Кейбіреуі: заттардың бағасына қатысты номиналдарды толық барлық  монеталардан жинай алады. Сандарды, заттарды, тауар бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын  ұғымдарды анықтайтын терминдерді пайдаланады;  Берілген монеталармен түрліше төлемдер жасайды.  Пәнге қатысты лексика мен терминология: Сома, баға  Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Талқылау:  • ... көрсетілген сома қай монеталардан шығады?  • .... баға нені көрсетеді? Құны дегенді қалай түсінесіңдер?  Дұрыс әрекет құндылығының мәнін аша отырып, ойын кезінде бірін – бірі  сыйлауға, топтық жұмыста көмек көрсетуге тәрбиелеу.   “Дәмхана” деген жазуы бар үстел; орындықтар;“Дәмхана” ойынына арналған асхана   жабдықтары;   сүлгі;тағамдардың   пластмасса   модельдері   (муляждар) және   суреттері;•бағалар   жазылған   парақшалар;әртүрлі   монеталар   (қағаз монеталар).А3   ламинатталған   қағазы,   қағаздан   жасалған монеталардың әр түрінен онон бестен.    маркер, Оқыту әдістері Бағалау әдістері Саралау тәсілдері   Біздің ұранымыз: Біздер тату баламыз,   Есептерді шығарып, Өсіп алға барамыз,      Білімді шәкірт боламыз. Ширату. “Дәмхана” ойыны.  Дәмханадағы үстелдің үстінде  ас мәзірі жатады. Тағамдардың пластмасса модельдері мен  суреттеріне бағасы жазылып тұрады. ­Бүгінгі сабақта дәмханада боламыз. Сатып алған тағам  ақысын монеталармен төлейсіздер.  ­Бағасы 68 тг тұратын самсаға қандай монеталарды  пайдаланып, даяшымен қалай есептесесіздер?  ­Оқушылардың жауаптарын сыныпта талқылау барысында  белгілі соманы әртүрлі әдіспен алуға болатынына көздерін  жеткізу үшін оқушыларды сатып алушылар және дәмхана  жұмысшылары деген екі топқа бөлу керек. Сатып  алушылар ас мәзіріндегі тағам үшін дұрыс төлем жасауы  керек. Ал дәмхана жұмысшылары сатып алушылардың  дұрыс төлем жасауын қадағалауы керек. Мысалы, 30  теңгені алу үшін монеталардан мынадай комбинациялар жасауға болатынын құрастырып көрсетуі тиіс: 20 теңге, 10  теңге немесе 10 теңгелік 3 монета және т.с.с. Дескриптор: Берілген соманы әртүрлі монета арқылы  бірнеше тәсілмен жинауға болады. Оқушылардың  нұсқаларын тыңдай отырып, оқулықтағы иллюстрациялар  бойынша білімді бекіту. Белгілі бір соманы әртүрлі монеталар арқылы бірнеше  тәсілмен жинауға болады. ­Бүгінгі тақырып қандай болады деп ойлайсыңдар?  ­Не туралы білетін боламыз?  Сабақтың тақырыбы мен ОМ шығарып алу.  Белгісіз монеталар. (Ө)  ­Көрсетілген соманы қай монеталардан  шығарар едің? Олар   жауаптарын   ламинатталған   қағаздарға   жаза   алады. Өзара тексеру жасатып, қиындыққа кездескен оқушыларға тапсырманы   орындауда   нақты   шын   монеталар   немесе муляждарды қолданып орындауды ұсыну. Жауабы: а) 11 тг = 10 тг + 1 тг; 11 тг = 1 тг + 10 тг; 11 тг = 5 тг + 5  тг + 1 тг; ә) 15 тг = 10 тг + 5 тг; 15 тг = 5 тг + 5 тг + 5 тг; 15 тг = 5 тг + 5 тг + 2 тг + 2 тг + 1 тг; 15 тг = 5 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг + 2 тг. Орындап көр. (Жұппен)  ­Баға деген не? ­Дүкендегі әр заттың өз бағасы болады.  — Шырын қанша тұрады? — Шырынды сатып алу үшін қандай монеталарды  қолдану керек? — Монеталар мен төлем жасаудың қандай тәсілдерін  қолдануға болады? Жұптарға   әртүрлі   монеталарды   таратып   беріп,   осы монеталардың   көмегімен  заттың  құнын  төлеудің   бірнеше тәсілін көрсетуді талап етемін. Оқушылардың   жауабын   тыңдау   барысында   әр   жұптың соманы   қандай   монеталардың   көмегімен   төлегенін тексеріп, жауаптарын салыстыртамын. Жауабы: 80 тг = 20 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг. 80 тг = 10 тг + 10 тг + 20 тг + 20 тг + 20 тг т.с.с. Шығарып көр. (Жұппен)  ­Тиын жинағышта қанша ақша бар?  ­Қоржынның ішінде 2 теңгелік 15 монета барлығы 30 тг  ақша бар.  ­Құны бірдей монеталардан 30 тг жинаңдар.   Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік. Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық – екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадық та – үш дедік. Сабақтың  ортасы  Сергіту Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. Ойлан. ­Қымбат,   арзан   сөздерін   қалай   түсінесіңдер?   Есепте суреттелген   жағдайды   ойнату.   Оқушыларға   сомасы   90 теңге болатын монеталарды беру. Бағасы арзан альбомды таңдап   алып,   оған   қолдарындағы   монеталармен   ақша төлеуді ұсыну. (Т) Тәжірибелік жұмыс . (барлық оқушылар  5 топқа бөлінген). 1 топ– сатушылар, өздерінің түскен ақшаларын санайды 2 топ – сатып алушылар, жемістен жасалған салат  дайындайды 3 топ – сатып алушылар, көкөністен жасалған салат  дайындайды 4 топ – сатып алушылар, сүттен жасалған коктейль  дайындайды 5 топ – сатып алушылар, жемістен жасалған балмұздақ  дайындайды Жұмысты қорғаған кезде оқушылар қандай монеталар  арқылы сатып алғаны туралы айтады.  Қорытынды: баға – заттың қанша тұратынын көрсетеді.  Ақшаның құнын әр түрлі монеталардан жинауға болады. Сүт коктейлі       Барлығы:  _________ теңге «Бас  бармақ»  әдісі  Көптеген  оқушылар  өздерінің  жасайтын  заттарына  төлем жасау  картасын  құрады  ҚБ  Кері  байланыс  Оқу мақсаты: 1.5.1.2 Сандарды, заттарды, тауар  бағаларын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды  анықтайтын терминдерді пайдалану. Бағалау критерийі: Білім алушы •  Тауар бағаларын салыстыру кезінде «арзан», «қымбат»  терминдерін пайдаланады. Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану Тапсырма. Ойыншықтарды бағасына қарай «қымбат» және «арзан» ұғымдарын қолданып, салыстырып айтыңыз. Дескриптор: Білім алушы ­ ойыншықтардың бағаларын «қымбат», «арзан», «...қарағанда қымбат/арзан» ұғымдарын қолдана отырып, салыстырады. Сабақтың  соңы  “Аукцион” ойыны. Барлық оқушыларға тауар сатып алу  үшін ақша тарату. Әр оқушыға сомасы әртүрлі ақша беру  керек. Мысалы, біреуіне құны 15 тг, екіншісіне 23 тг,  үшіншісіне 26 тг т.с.с. болатын монеталар жиынын беремін. ­Аукционда (аукцион туралы алдын ала түсінік беріп кету)  әдемі ойыншық қонжық сатылады. Оның бастапқы бағасы  — 1 тг. Қонжықты кім сатып алғысы келеді?  Оқушылардың ұсынысына қарай бағаны өсіріп отыру.  Қонжықты жоғары баға берген балаға “сатамын”. Осылай  бірнеше затты саудалап, ең жоғары бағаны атап, затты  сатып алатын оқушы өзінің қолындағы ақшасының жиынын  айтады. Мысалы: менің қолымдағы монетаның сомасы 12  тг т.с.с. Оқушылар сабақтың соңында: • Оқушылардың тақырып бойынша алған білімін тексеру  мақсатында мына сұрақтарды қою: — белгілі бір соманы жинау дегенді қалай түсінесің? — Баға нені көрсетеді? — Бағасы 16 тг тұратын затты сатып алу үшін қандай  монеталарды пайдаланар едің? — Әмияныңда 80 теңге бар. Осы ақшаны пайдаланып, мына заттардың ішінен қайсысын сатып алар едің? Заттар: кітап 90 тг, қалам 50 тг, қарындаш 10 тг. (Жауабы:  қалам 50 тг, қарындаш 10 тг.) Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз­ өзін бағалау. белгілі бір соманы монеталармен төлеуді меңгереді. Блоб  ағашы    Өткізген сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы   1) ОМ жеткен  және жетпеген  оқушылар саны  2) Егер жетпесе, себебі не?  3) Жоспардан  қандай  ауытқулар  болды, неге?  Жалпы баға ОМ жету үшін қандай әдіс – тәсілдер тиімді болды?  Сабақтың жақсы өтуіне не әсер етуі мүмкін еді?  Келесі сабақта неге көңіл қою керек (сыныптың, оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері)?

5.1 Есептер және математикалық модель (Баға)

5.1 Есептер  және математикалық  модель (Баға)

5.1 Есептер және математикалық модель (Баға)

5.1 Есептер  және математикалық  модель (Баға)

5.1 Есептер және математикалық модель (Баға)

5.1 Есептер  және математикалық  модель (Баға)

5.1 Есептер және математикалық модель (Баға)

5.1 Есептер  және математикалық  модель (Баға)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.04.2019