"Өзін-өзі тану" мұғалімдеріне көмек ретінде күнделікті сабақ жопарларн жлодап отырмын.Кемшін тұстары болса өздеріңіз толықтырып пайдаларыңзға жаратсаңыздар,рахмет айтсаңыздар болады. Маған қолдарында бар кісіілер болса,5-сынып математикасынан 3-оқу тоқсаны бойынша сабақ жоспарларын салып жіберсе екен деймін.Менің почтама -raya.61.59@mail.ru Ескеріп салып жіберетін кісілер болса алды ала рахмет"Өзін-өзі тану" пәнінің 5-сыныбы бойынша күнделікті сабақ жоспарларымдысалып отырмын.Бір пайдаға жаратарсыздар деген оймен.Алды-ала рахмет.
5сынып.docx
Өз
i нөз
i тану сабағының жоспары
Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)
Қарындаш,
қалам,оқулық,
жұмыс дәптері.
Бейне материалдар.
Бекітемін:
Мерзімі: 07.09.2016Ж
Тақырып: «Өзімді өзім танумен өсіп келем»
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: шынайылық, адамгершілік, саналылық
Мұғалiм: Әлиева Р
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі
өзінөзі тану туралы түсініктерін кеңейту. Өзінөзі бағалау
түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары
арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін
дамыту;
Өзінөзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар
көзі халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
1. Ұйымдастыру кезеңi.
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізу. (Әуен ойналады)
Сабақ барысы:
* Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.
Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің
жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап жарық
сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы
аузымызға да кірді ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді
естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға,
отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей
жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай
тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап
көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4.Дәйексөз.
Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе – өзіңдіөзің түсіну. ӘлФараби
Бәріміз қосылып айту.
2рет ұлдарға ,2рет қыздарға
5.Әңгiмелеу «Мұғалім сыйы»
(сұхбат).
аңыз әңгіме
Ертеде екі данышпан өмір сүріпті.
Біреуі өз шәкірттеріне: «Көп затты танып білу үшін қиындықтарды жеңе білу
керек, шыңға өрлеп, биік асудан өтіп үйрену қажет», дейді екен. Ол өз
шәкірттерін адам аяғын баспаған құзды шыңдарға апарып, биік асулардан, тар
соқпақтардан өтуге үйретеді.
Екіншісі болса: «Ақылды адам шыңға өрмелейді, оңай жолын іздейді»,
деуден жалықпайды. Ол өз айтқанынан қайтпай, шәкірттерімен сол шыңды
айналып, жеңіл де оңтайлы жол іздеуден танбайды.
Алғашқылары қиындықты жеңе отырып, өмірден көп нәрсені үйренеді,
өздерінің мүмкіншіліктерін, қабілеттерін дамытып, шыңды бағындырады.
Сөйтіп, айналсындағыны алыстан көруін үйренді. Соңғылары қиындықтан қаша жүріп, асуды айналып өтеді, жолда не іліксе, соған риза болады. Олар
тек жанындағыны ғана көргендеріне мәз болады.
Өзіңді, өмірді танып білу үшін қиындықтан жасқанбай, «тар жол, тайғақ
кешуден» тайсалмау керек.
Оқушылар сабақтағы шындық туралы алған білімдерін толықтыра түсу үшін
төмендегі сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:
• «Алыстан көруін үйренеді» дегенді қалай түсінесіңдер?
• Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер? Неге?
• Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауды үйретеді?
Неліктен?
6.Шығармашылық жұмыс.
Абайдың қара сөзінен берілген үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап жаз. Абай
атамыздың «Өзіңнен –өзің әр күн сайын есеп ал» деген сөзін қалай
түсінесіңдер? Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет? Қара сөздің
мазмұнына орай «Менің түсінігімдегі есті адам » атты шығарма жазу.
7.Топпен ән айту
«Менде өсіп келемін» әнін орындаймыз. Ә. Орманшина
8.Үй тапсырмасы
Ж.Қалжанованың Өзімді –өзім танумен өсіп келем. . . өлеңін жаттап келу.
2. Келесі сабақ: Б. Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» мәтінін оқып келу.
9.Соңғы тыныштық сәтi
Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің
көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, бен сөзіміз ойымыздай, болатынына
сенімдімін.
Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде
сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік,
жақсы іс жасайық! жақсыны көріп, ізгі істер жасау әр адамның өзіне
байланысты болады.
түйсініп,
мейірімділікпен қамқор бола білгенімізде өзімізге қайта оралатынын
ұмытпайық.Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан
тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Айналамыздағы жақсыны көріп, Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)
Қарындаш,
қалам,оқулық,
жұмыс дәптері.
Бейне материалдар.
Бекітемін:
Мерзімі:14.09.2016ж
Тақырып: «Өзімді өзім танумен өсіп келем»
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: шынайылық, адамгершілік, саналылық
Мұғалiм: Әлиева Р
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына жаңа тәсілдер
арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардың өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына оқу материалдары
арқылы ықпал ете отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігі туралы түсініктерін
дамыту;
Өзінөзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар
көзі халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.
1. Ұйымдастыру кезеңi.
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізу. (Әуен ойналады)
Сабақ барысы:
* Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.
Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің
жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап жарық
сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы
аузымызға да кірді ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді
естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға,
отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей
жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай
тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап
көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Ж.Қалжанованың Өзімді –өзім танумен өсіп келем. . . өлеңін жаттап келу.
2. Келесі сабақ: Б. Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» мәтінін оқып келу
4.Дәйексөз.
«Егер сен есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір рет, ең болмаса
жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал!» Абай.
Бәріміз қосылып айту.
2рет ұлдарға ,2рет қыздарға
5.Әңгiмелеу «Мұғалім сыйы»
(сұхбат) Таным тағылымы
1 Егер сендер сиқыршы болсаң,дар қандай үш тілек тілер едіңіз?
2 Сендерде көп ақша болса, не нәрсеге жұмсар едіңіз?
3 Егер сендер атаанаңыздай үлкен болсаңдар, бірінші кезекте не істер едіңіз?
4Жаныңдағы достарыңа не үйрете аласыңдар? 5 Сендер өскенде қандай адам боламыз деп есептейсіңдер?
6.Шығармашылық жұмыс.
«жақсы мен жаман» туралы Венн диаграммасы арқылы салыстыру жүргізеді.
постермен қорғау.
Өзінөзі тәрбиелеп үйрену үшін дәптеріне бір күніне есеп беретіні туралы эссе
жазады.
7.Топпен ән айту
«Бақытты баламыз» әнін орындаймыз.
8.Үй тапсырмасы
Дәптермен жұмыс
2 тапсырма: өлең жаттау
3тапсырма: криптограмма шешу Криптограмманы шешу нәтижесінде «Өзін
өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзі оқылады.
9.Соңғы тыныштық сәтi
Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің
көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, бен сөзіміз ойымыздай, болатынына
сенімдімін.
Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде
сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік,
жақсы іс жасайық! жақсыны көріп, ізгі істер жасау әр адамның өзіне
байланысты болады.
түйсініп,
мейірімділікпен қамқор бола білгенімізде өзімізге қайта оралатынын
ұмытпайық.Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан
тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Айналамыздағы жақсыны көріп, Ресурстар:
( материалдар,
дереккөздер)
Интерактивті тақта,
слайд , дәйексөз,
жазушыларымыздың ой
пікірлері, мақал
мәтелдер жазылған
плакаттар
Ескертулер
«Бекітемін»
Мерзiмі: 21. 09. 2016 ж
Тақырыбы: Адам мінезімен танылады
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: сенімділік, түсінушілік, тапқырлық
Мұғалiм: Р.Әлиева Класс: 5
Мақсаты: адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның
мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Жақсы – жаман мінез – құлықты ажырата білуге үйрету;
Оқушылардың бойында жақсы мінез – құлық дамытуға ықпал
ету;
Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға
бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 10 беттегі
Б. Тұрсынбаевтың әңгімесі «Әлім мен Жанар» әңгімесін сұрау,
түсінгендерін сұрақтар беру арқылы қорытындылау.
1. Жанардың Әлімге ренжуі дұрыс па?
2. Жанардың орнында сендер болғанда не істер едіңдер?
3. Балалардың қандай қасиеттерін өз бойыңнан көргің келеді?
Оқушылардың ойын толықтыру мақсатында: оқушылар жанардың
ренжіп қалу себебі мінезінің нашарлығынан емес, Әлімнің ойын
түсінбей қалуында деп айтып өтемін.
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы».
Х. Досмұхамедұлы
4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы)
«Тапқырлық» өсиет әңгіме
Хазрет Хасан мен Хусейннің бала кезі болатын. Олар өз
қатарластарымен бірге бұлақ басында ойнап жүрген еді. Бір уақытта
олардың жанына бір қария келіп, дәрет алады. Пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) немерелері қарттың дәретті дұрыс алмағандығын байқап,
қасына жақындайды. Алайда қателігін бетіне басып, ұялтқанды жөн
көрмеді. Екеуі біраз ойланып, Хасан былай деп сөз бастайды:
– Ата, мынау менің бауырым. Бұл маған: «Сен дәретті дұрыс
алмайсың», – дейді. «Екеуміз сіздің алдыңызда дәрет алып көрсетейік.
Сіз дұрысын айтыңыз,» – дейді. – Жарайды, балаларым! Ал, бастаңдар,
– деп келісімін білдіреді. Екеуі ақсақалдың алдында дәрет алады.
Қария оларға қарап: – Балаларым! Екеуіңнің де алған дәреттерің
дұрыс… Сендерге қарап, өзімнің дұрыс дәрет алмағанымды сезіп отырмын. Кішіпейіл де көркем мінездерің мені таңқалдырды.
Өркендерің өссін, қарақтарым. Аллаһ сендерге разы болсын!– деп риза
болыпты.
5.Шығармашылық жұмыс жеке. «Өзін – өзі тану» туралы
Сократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау тапсырылады.
6.Топпен ән айту. «Балалығым – бал дәуренім»
Әні: Қ. Сақай , сөзі: А. Айтбай
Жерім бар ертегінің жұмағындай,
Елім бар нұр сәулелі шырағындай.
Сал – сері, батырлардың ұрпағымын,
Жайқалған жасыл желек құрағындай
Қайырмасы:
Бал дәуренім тәтті балдай,
Өмір деген жақсы қандай.
Еркін елім мәпелеген,
Ұланыңмын жазық маңдай.
Орындап ата – ананың өсиетін,
Баламын жасы үлкенге бас иетін.
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 13 беттегі Іңкәр Тоқаштың әңгімесі
«Жақсылық шарапаты» әңгімесін оқып келу тапсырылады.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен
бөлісіп, бір – біріне жақсы тілектер айтып , сабақты аяқтаймын. «Бекітемін»
Мерзiмі: 28.09.2016ж
Тақырып: Адамның жан сұлулығы
Құндылық: Жан тыныштығы Қасиеттер: кішіпейілділік, имандылық, адалдық
Мұғалiм: Әлиева Р
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты:
Балалардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктері кеңейеді.
Адамдардың жақсы қасиеттерін бағалап, құрметтеуге дағдыланады
Сабақтың міндеттері:
– адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
– адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы
қасиеттерін дамыту;
– жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ресурстар:
(құралдар,
мәлiметтер)
Қарындаш,
қалам,оқулық,
жұмыс дәптері.
Бейне материалдар.
1. Ұйымдастыру кезеңi.
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» тыныштық сәтін өткізу. (Әуен ойналады)
* Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық.
Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің
жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап жарық
сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы
аузымызға да кірді ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді
естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға,
отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей
жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай
тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап
көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
3.Үй тапсырмасын тексеру. Л. Бжисканың «Сұлулық сыры» әңгімесін
мәнерлеп оқу;
Сұрақтар арқылы талдау, қорытынды жасау (Жан сұлу адам болу әр
адамның өз қолында)
4.Дәйексөз.
«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандануы керек»
Виктор Гюго Адамның сыртқы сұлулығы толық болуы үшін адалдық, мейірімділік,
сезімталдық, сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттерден бастау алатынын
ұғынады
Бәріміз қосылып айту.
2рет ұлдарға ,2рет қыздарға
5.Әңгiмелеу «Мұғалім сыйы»
(сұхбат).
1 сұрақ: Ішкі сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?
2 сұрақ: Сыртқы сұлулық пен ішкі сұлулықтың қандай айырмашылығы бар?
3 сұрақ: Ішкі сұлулықты қалай көруге болады? Жаны сұлу адамның бойында
қандай қасиеттер болуы қажет екенін түсінеді.
6.Шығармашылық жұмыс.
Бейнеролик көрсету:
«Барлық әлемді жылатқан бала »
Сабақтан алған білімдерін бейнероликпен байланыстыра отырып тұжырымдау
7.Топпен ән айту
«Бақытты балалық шақ»
Сөзі: Ж.Тұрбековтікі
Әні: Ә.Есбаевтікі Музыка қосылады, балаларға ыңғайланып отыруға
мүмкіндік беріледі.
8.Үй тапсырмасы
«Менің көңіл күйіме әсер ететін оқиғалар» сызба жұмысы
№ 5 сабақ мәтінін оқу, дәптермен жұмыс орындаймыз
9.Соңғы тыныштық сәтi
Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің
көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, бен сөзіміз ойымыздай, болатынына
сенімдімін.
Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде
сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік,
жақсы іс жасайық! жақсыны көріп, ізгі істер жасау әр адамның өзіне
байланысты болады.
түйсініп,
мейірімділікпен қамқор бола білгенімізде өзімізге қайта оралатынын
ұмытпайық.Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан
тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Айналамыздағы жақсыны көріп, «Бекітемін»
Мерзiмі: 05.10. 2016 ж № 5
Тақырыбы: Жақсы көңіл күй – жан шуағы
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: бауырмалдық, жанашырлық, сабырлылық
Мұғалiм: Р.Әлиева Сынып: 5
Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым – қатынаста алатын орны
туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге
үйрету;
Өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу
қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға
бауырмалдық, жанашырлық таныта білуге және жақсылық
нұрын себе білуге тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар,
дереккөздер)
Интерактивті тақта,
слайд , дәйексөз,
жазушыларымыздың ой
пікірлері, мақал
мәтелдер жазылған
плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Нұрға
бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 22 беттегі «Қуаныш»
мәтінін сұрау, түсінгендерін сұрақ – жауап беру арқылы
қорытындылау.
1. Ваняның қуаныштарының ерекшеліктері неде?
2. Ваняның қоршаған ортаны қуанышпен қабылдауының себебі неде?
3. Сендерді нелер қуантады?
3.Сабақтың дәйексөзі.
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.
У. Гэзлит
●
4.Оқиға айту. ( Мұғалім сыйы)
Осы нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қызғаныш пен ашу туралы өсиет әңгіме
Жапон елінің бір қалашығында қарт самурай тұратын. Ол өз
шәкірттерін білімді, ақылды етіп тәрбиелейді. Бір күні сабақ барысында өзінің тәртіпсіздігі мен қатігездігімен елге аты жайылған
жауынгер келеді.
Оның өзіндік әскери тактикасы болатын. Ол қарсыласына ауыр сөздер
айтып, ашуландырады. Ызаланған қарсыласы жекпежекке шығып,
ашудың салдарында қателіктер жіберіп, жеңілетін.
Бұл жолы да жауынгер қарт самурайды ашуландыру үшін ауыр,
балағат сөздерін жаудырады. Алайда самурай оған қалт етпейді. Әлгі
жігіт үш рет қайталап көреді. Самурай сабағын жалғастыра береді.
Ызаланған жауынгер есікті теуіп, кетіп қалады.
Мұны бақылаған шәкірттері самурайдан: «Ұстаз, неге оның мұндай
тәртіпсіздігіне жауап бермедіңіз? Оны жекпежекке шақыру керек
еді!» деп ызаланады.
Дана самурай:
Сізге біреу сыйлық алып келіп, сіз қабылдамасаңыз, ол кімнің
қолында қалады? деп сұрайды.
Өзінің иесінде, деп жауап береді шәкірттері.
Бұл қызғаныш, ашу, кемсіту мен мысқылға да қатысты. Оларды
қабылдамағанша, барлығы өз иесінде қалады, деп айтады самурай.
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық.
І – топқа «Жақын адамдарыңмен кездесу кезіндегі қуаныш»
ІІ – топқа «Өз достарыңның жеңісіне деген қуаныш» сезімдерін
сахналап көрсету ұсынылады.
6.Топпен ән айту. «Қуанамын»
Сөзі: А. Махамбетов,
Әні: М. Жәутіков
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 25 беттегі жағдаяттардың шешімін
табу. Оқушы дәптеріндегі 1 тапсырманы орындап келу.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың бір – біріне жүрекжарды
тілектерін айтқызып, сабаққа қатысып, өз пікірлерін білдірген
балаларды мадақтау. «Бекітемін»
Мерзiмі: 12.10.2016 ж № 6
Тақырыбы: Жақсы көңіл күй – жан шуағы
Құндылық: Дұрыс әрекет, Қасиеттер: бауырмалдық, жанашырлық, сабырлылық
Мұғалiм: Р.Әлиева Сынып: 5
Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым –
қатынаста алатын орны туралы оқушылардың
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау
Өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін
жасай білуге үйрету;
басқара білу қабілеттері мен дағдыларын
дамыту;
Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне
білуге, адамдарға бауырмалдық,
жанашырлық таныта білуге және жақсылық
нұрын себе білуге тәрбиелеу;
Ресурстар:
( материалдар,
дереккөздер)
Интерактивті тақта,
слайд , дәйексөз,
жазушыларымыздың
ой пікірлері, мақал
мәтелдер жазылған
плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті.
«Нұрға бөлену» 2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 25 беттегі
жағдаяттардың шешімін табу. Оқушы дәптеріндегі 5
тапсырманы орындап келу.
3.Сабақтың дәйексөзі.
Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы.
У. Гэзлит
4.Оқиға айту. ( Мұғалім сыйы) «Құнды сурет»
Еуропаның бір қаласындағы атақты көркемөнер орталығында
кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнердің бұл
туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған
витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады.
Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді. Қанағат деп жеген
кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды. Бір жылдан
кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп
қуанады да, дүкенге сеніммен кіріп суреттің авторына “Сіз
салған суретті ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинап
келдім. Суретті маған сатыңызшы”, – деп бір уыс ақшасын
суретшінің алдына төгеді.
Суретші біраз ғана ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны
сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай,
алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа
суретшілер таңданып: “Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға
кетер еді. Неге су тегінге саттың?” – деп сұрап еді, суретші: “Иә,
бұл суретті көп адамға миллионға не одан да қымбатқа сата
алар едім. Алайда солардың ішінен бұл суретті сатып алу
үшін бір жыл бойы жиған ақшасының бәрін бере алатын
қанша адам шығар еді?” – дейді.
5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Оқушылардың
өмірінде болған ең қызықты күндерін естеріне
түсіріп, «Менің көңіл күйіме әсер еткен
оқиғалар» тақырыбына әңгіме құрастыру
тапсырылады.
6.Топпен ән айту. «Көңілді күн»
1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қсы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым! 2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп келгенімде
Қуандың ау балаша мені көріп.
Қсы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 27 беттегі
«Жақсылыққа жақсылық» ертегісін оқып келу.
Оқушы дәптеріндегі 2- тапсырманы орындап келу.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың
сабаққа қатысып, өз пікірлерін білдіргендері үшін
балаларды мадақтап, «Ертегі Сарай» әнін
айтқызып, сабағымызды аяқтаймыз.
«Бекітемін»
Мерзiмі: 19.10.2016ж ж № 7
Тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: Ішкі тыныштық, Қасиеттер: өзіңді өзің алдамау, шыдамдылық, байсалдылық
Мұғалiм: Р.Әлиева Сынып: 5
Мақсаты: жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы
жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық
ретіндегі мәнін ұғындыру..
Міндеттері:
Оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы
білімдерін кеңейту;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
Мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуға тәрбиелеу;
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті.
«Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 27 беттегі «Жақсылыққа
жақсылық» ертегісін сұрау түсінгендерін сұрақ беру арқылы
қорытындылау. Оқушы дәптеріндегі 2 тапсырманы тексеру.
Ресурстар:
( материалдар,
дереккөздер)
Интерактивті тақта,
слайд , дәйексөз,
жазушыларымыздың ой
пікірлері, мақал
мәтелдер жазылған
плакаттар 1.Сендердің риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?
2.Байсалдылық, шыдамдылық болса, адамның ішкі дүниесінде не
орнайды?
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Жақсы сөз – жарым ырыс».
Халық мақалы.
Оқушылар бірнеше рет қайталайды. Өз ойларын ортаға салады.
Мұғалім қорытындылайды.
4.Әңгімелесу. ( Мұғалім сыйы).
«Жақсылық жасасаң да өзіңе, жамандық жасасаң да өзіңе» аңыз
әңгімесін айтып беру.
Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Аяқталмаған ертегілер
беріледі, жалғасын өз ойларымен аяқтау.
І – топқа «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі
ІІ – топқа «Арыстан мен тышқан» ертегісі
6.Топпен ән айту. «Біз өмірдің гүліміз»
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев
Әні: Б. Ғизатов
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 32 беттегі С. Аронұлының «Жақсы
мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін жаттап келу. Оқушы
дәптеріндегі 1 тапсырманы орындап келу.
8.Сабақтың қорытынды сәті. Оқушылардың сабаққа қатысып, өз
пікірлерін білдіргендері үшін балаларды мадақтап, А. Асылбековтың
«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін айтқызып, сабағымды аяқтаймын.
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!
«Бекітемін»
Мерзiмі: 26.10.2016ж № 8
Тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос
Құндылық: Ішкі тыныштық, Қасиеттер: сабырлылық, шыдамдылық, байсалдылық
Мұғалiм: Р.Әлиева Сынып: 5
Мақсаты: Өмірде жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі
тыныштық құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
оқушыларды өміріндегі қиыншылықтарды
шыдамшылықпен жеңуді ұғындыру;
іс әрекетті сабырлықпен, байсалдылықпен шешуге
Ресурстар:
( материалдар,
дереккөздер)
Интерактивті тақта,
слайд , дәйексөз,
жазушыларымыздың
ой пікірлері, мақал үйрету;
жақсылыққа ұмтылып, өзіңдіөзің алдамауға тәрбиелеу ;
мәтелдер жазылған
плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті.
«Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушы дәптерін тексеру.
Оқулықтағы 32 беттегі С. Аронұлының «Жақсы мен жаман
адамның қасиеттері» өлеңін жатқа сұрау.Оқушыларға сұрақтар
беру.
1. Ақын өлеңде адамның қандай қасиеттерін мадақтаған?
2. Өлең жолдарынан адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді
қалай байқауға болады?
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа
өкінбе!».
Кабуснамадан.
4.Әңгімелесу. ( мұғалім сыйы).
Жақсылық пен Жамандық
Ертеде Данышпан ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына
жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты.
Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме”
деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет
басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз
жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына
шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны
ашып:
Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, десе, Жамандық:
Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды.
Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады.
Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып
жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп,
құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді.
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара
жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса,
кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен.
Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны
көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт
болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой,
дейді.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Данышпан ата
ұрпағын алдына шақырып алып:
Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа
ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де
өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа
қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол,
деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді
екен. 5.Шығармашылық жұмыс. Топтық. Жақсылық пен жаным
дос өленің құрастырып көріңдер?
6.Топпен ән айту. «Жақсылықпен жаным дос!
(Ақ көгершін әніне салып орындау) сөзі: Ғазез Ж.С
1.Жақсылықпен жаным дос,
Бауырмалмыз бәріміз.
Үлкенге де, кішіге,
Жақсылық жасаудан қалмаймыз.
Дұрыс жолды таңдаймыз,
Самғап ұшып талмаймыз.
Жанашырлық білдіріп,
Көмек беруге дайынбыз.
Қайырмасы:
Жақсылықтың жолында,
Мейірімді жүрекпен.
Жақсыжақсы сөздермен,
Нұр төгейік баршаға.
2.Жақсылықпен жаным дос,
Арамдықты білмейміз.
Адамдарды алалап,
Кемсітуді білмейміз.
Кішіпейіл танытып,
Қол созамыз баршаға.
Риясыз ақ көңілмен,
Жақсылық жаса адамға! »
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 36 беттегі Р.
Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін жаттап келу.
Дәптермен жұмыс.
8.Сабақтың тыныштық сәті. Баяу музыка қосылады.
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік.
Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы
нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық.
Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.
Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін
сіздерге көп рахмет!
«Бекітемін»
Мерзiмі: 09.11.2016ж ж № 9
Тақырыбы: Махаббат өмір өзегі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: кішіпейілділік, жомарттық, ізгілік
Мұғалiм: Р.Әлиева Сынып: 5
Мақсаты: оқушылардың сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін
кеңейту.
Ресурстар:
( материалдар, Міндеттері:
Білімділік:өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат,
сүйіспеншілік екендігін түсіндіру;
Дамытушылық:қоршаған ортаны, адамдарды, Отанды, өмірді
сүйе білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік:сүйіспеншілікті, махаббатты бағалай білуге
тәрбиелеу;
дереккөздер)
Интерактивті тақта,
слайд , дәйексөз,
үшін
түбіне
теңіз
үнсіз
саяхат
бірнеше
секунд
ризашылық
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. «5Т тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық» ережесін еске түсіру.
Жағымды көңіл күй. Тыныштық сәті. «Теңізге саяхат»
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан
соң
жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың
шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп
тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.
Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап
ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында
жүзу қандай керемет. Жанжағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлыберлі жарқырай
қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда
тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау
жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір
нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
(Мұғалім
қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап
түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай
әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға
жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа
апарғаны
білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы
түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқулықтағы 36 беттегі
Р. Рождественскийдің «Махаббат шуағы» өлеңін сұрау. Сұрақ беру арқылы оқушылардың
пікірін тыңдау. Оқушы дәптерін тексеру.
1. «Бәрінің бастауы – Махаббат!» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Махаббат неліктен адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді?
3.Сабақтың дәйексөзі.
«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы
өзге дүниелер әлсіз келеді».
В. Г. Белинский
4.Оқиға айту. ( мұғалім сыйы). «Ана махаббаты» (аңыз әңгіме)
Төле бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді. Екеуі де «бала менікі» деп
бет бақтырмайды. Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді.
Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі «Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай
көтеріп тапқан ұлым» десе керек.
Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе ақ бөліп берейін» деп баланы қақ
бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса,
«ұрлатып алдым» деген әйел «Ойбайай, шаппаңыз! Қайда жүрсе де аман жүрсін!» деп жер
тізерлеп отыра кетеді. Сөйтіп би баланы өз анасына қайтарып береді.
Сұрақтар:
1) Екі әйел Төле бидің алдына не үшін таласып келеді?
2) Төле би қолына ұылыш алған кездегі мақсаты не еді?
3) Ақыр сонында кім жеңеді?
5.Шығармашылық жұмыс. Жеке. Табиғатқа деген сезімдерін сурет арқылы бейнелеу.
6.Топпен ән айту. «Ана туралы жыр»
Сөзі: Ғ. Қайырбеков Әні: Ш. Қалдаяқов
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен берген құстардың қанатын самғаған
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей, көзіңнен танимын.
Өтеуге борышын, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін, әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай күнін, қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Ете гөр қанағат, әзірге берерім.
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза, анашым, қолдағы осы бар.
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.
Қайырмасы:
7. Үй тапсырмасы. Оқулықтағы 38 беттегі Ә. Табылдының «Қасиетті туған жерді қастерле»
үзінді әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.
8.Соңғы тыныштық сәті. Қолдарыңды тізелеріне немесе үстел үстіне қойыңдар, аяқтарыңды
айқастырмаңдар. Арқаларыңды тік ұстаңдар... Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Менің
айтқанымды іштей қайталаңдар.
Бүгінгі сабақта қандай қасиеттер туралы айтылды? Жақсы көру және кішіпейілдік, жомарттық,
аянбай қызмет ету, ізгілік. Ал бұл қасиеттерді біз жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншіліктен аламыз.
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
5-сынып сабақ жоспарлары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.