1. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
2. Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады. Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
3. Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.
4. Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткендi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады. Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.
5. Биологияны оқытудың әдістер жүйесі. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар, принциптері. «Оқыту тәсілі» ұғымы. Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар. Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық. Сөздік тәсілдерідің түрлері, оларды биология сабақтарында түсіндіруді және суреттеуді қолданудың ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар. Әңгемелесу, оны ұйымдастырудың талаптары. Лекция баяндаудың аса күрделі тәсілі, оны құру. Мұғалімнің сөзі мен сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Көрнекі әдістердің түрлері. Табиғи, сәулет және экрандық оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері. Оқытудың көрнекі құралдарын көрсетудің жалпы талаптары және оларды пайдаланудың негізгі тәсілдері.
1. Практикалық тәсілдерідің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент т.б. Әр түрлі тәсілдерді қолдану кезінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетінің күшеюі. Өздік жұмыстарды өткізу және ұйымдастару тәсілдері. Әдістер мен әдістемелік тәсілдер. Оқутыдыңң әдістері мен әдістемелік тәсілдерді дамыту, олардың нәтижелігін көтері жолдары. Проблемалық оқыту элементтері. Әдістер мен мазмұнның тығыз байланысы, Әдістердің оқу-тәрбие міндеттерін шешудегі рөлі.
6. Биология сабақтарында оқу әрекетін ұйымдастыру формалары Сабақ – биологиядан оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формалары. Биология сабақтарына қойылатын талаптар. Биология сабақтарының түрлері, олардың құрылымы.
Оқыту формасы дегеніміз – мұғалімнің әртүрлі жағдайда өткізілетін оқушылардың оқу – танымдық қызметтерін ұйымдастыру.
Биологияны ұйымдастыру формалары
Оқыту формалары |
Өткізілетін орны |
Дамытушылық |
Сабақ |
Кабинет |
Ғылыми ұғымдарды, ойлау қабілетін, дүниетануды, еңбекке баулуды, этикалық, эстетикалық қарым – қатынастарды дамыту |
Экскурсия
|
Ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат |
|
Үй жұмыстары |
Үйде |
|
Сабақтан тыс жұмыстар
|
Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы |
|
Сыныптан тыс жұмыстар |
Кабинет, ауыл шаруашылық өндіріс, табиғат, мектеп мүйісі, оқу – тәжірибе участогы |
|
Қоғамдық жұмыстар |
|
Биологияны оқыту формалары: сабақ, экскурсиялар (топсеруендер), үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстар (жеке, топпен, көпшілік).
Экскурсиялар, үй жұмыстары және сабақтан тыс жұмыстары міндетті түрде өткізілуі керек.
Биологияны оқытудың ұйымдастыру формалары.
Биологиядан оқу процесінің негізгі формасы сабақ болып табылады. Ол белгілі бір ұйымдастыру белгілерімен сипатталады: оны мұғалім тұрақты оқу кестесі бойынша құрамы тұрақты оқушылар тобымен арнайы жабдықталған биология кабинетінде немесе класс бөлмесінде өткізеді.
Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар қайталау сұрақтары белгіленеді, экскурсия мен сыныптан тыс жұмыстар жоспарланады.
Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Білімді жақсы меңгеру және бекіту үшін қажет болған жағдайда кейбір тақырыптардың сағат мөлшерін 1 – 2 сағатқа көбейтуге болады. Мұндайда кейбір тақырыптардың сағаты қысқартылады және бағдарлама толық орындалу керек.
Тақырыптың өзара орынын ауыстырған дұрыс емес.
Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады.
|
|
|||||||
|
|
Биология пәнінен оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудағы деңгейлік тапсырмалардың сипаты
Қазіргі кездегі педагогика өкілдерінің пікірі бойынша дидактикадағы негізгі мәселе оқу үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру болып табылады. Бұл үшін оқыту саналы, ерікті негізде жүргізіліп, оқытуда дайын білімді беру, есте сақтау, қабылдау ғана емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке тәжірибесі мен іс жүзіндегі іс-әрекеті шығады. Білім, білік, дағды оқушыда өзіндік белсенділік негізінде, ал бұл қабілеттер оқушының психикалық белсенділігі нәтижесінде пайда болады. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру жұмыстары сабақ үрдісінде жүреді.
Оқушының танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру, жұмыс жасауға үйрету сияқты міндеттерді тек қана сабақ барысында орындау мүмкін емес, бұл үшін оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына ерекше назар аударылуы керек.Оқушылар мектепте өзінің жас ерекшелігіне сай берілген білімді тиянқты меңгеріп, алынған білімді, қорытындыларды талдай білуі тиіс. Оқушыларды сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта өз бетінше орындайтын жұмысын кеңейтіп, оны белгілі бір жүйеге келтіру арқылы мұғалім оқушыларға білім негіздерін берік игертеді және өз бетінше тапсырмалар орындауда қажетті ұғымдарды сапалы, еркін қолдана білуге үйретеді.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда дидактикалық тапсырмалардың орны ерекше.
Оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып, осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындаған тапсырма үшін қуану кейінгі тапсырманы орындауға түрткі болады. Мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі:
1) Берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді.
2) Тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру біліктерінің қалыптасуына тапсырмаларды шешудің маңызы зор.
Оқушы оқу танымдық іс-әрекеті арқылы қоршаған ортаны ғылыми түрде түсінуге тырысады, осының негізінде ізденімпаздықпен айналысады. Оқыту үрдісінде М.Данилов танымдық тапсырмаларды беруде мұғалімдерге мынадай қағидаларды ұсынады:
-танымдық тапсырмалардың пән мазмұнынан бастау алуы;
-маңызды тапсырманы орындауға нақты жағдайларды құру үшін оқушылардың даму деңгейін, олардың дайындығын ескеруі;
-тапсырмалар мазмұны оқушылардың ойын, елестетуі мен қабылдауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті ақпараттардан тұруы;
-оқушылардың оқу қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қалыптастыруы;
-оқушыларды тапсырмаларды шешуге үйрету, оларды алдымен мұғаліммен, одан кейін ұжыммен жұмыста бірте-бірте өз бетінше жеке қызмет жоспарына ауыстыруға қажетті тәсілдермен қаруландыруы.
10 сыныптарда баланың логикалық ойлау, ес, жады және т.б. қасиеттерін дамыту мақсатаныда шытырмандар, анаграммалар, иннвордтар, лото деген танымдық ойындарын ұйымдастырамын. Мысалы,
№ 4. БИОЛОГИЯЛЫҚ ШЫТЫРМАН
У.1.
Мендельдің бірінші заңы – біркелкілік заңы
|
О.8. Генетикалық зерттеулер қолайлы жүргізетін жәндік – шаян |
Ц.15. Басым гендер доминантты деп аталады |
Ы.22. Мендель тәжірибені асбұршаққа жасады |
||||
Ия -3 |
Жоқ -7 |
Ия -4 |
Жоқ -5 |
Ия -18 |
Жоқ — 16 |
Ия -24 |
Жоқ -17 |
Б.2. Бірінші ұрпақта ажырау арақатынасы фенотипі бойынша 3:1, ал генотипі бойынша 1:2:1 болады |
А.9. Екі қабатты ұрықты гаструла деп атайды |
Ф.16. Екі жұп белгілері арқылы будандастыруды – моногибридты будандастыру дейді |
В.23. Қайталап таруды оқы! |
||||
Ия -1 |
Жоқ — 4 |
Ия -14 |
Жоқ — 8 |
Ия -17 |
Жоқ -20 |
|
|
А.3. Жыныссыз көбею – гаметалар арқылы жүреді |
У.10. Ұрықтану деген –гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық пен аталық жыныс жасушаларының ядроларының қосылуы |
Ц.17. Гендердің өзара әрекеттесуін төрт түрі бар:комплементарлық, эпистаз, полимерия, көпаллельдік |
Қ.24. Цитоплазмалық тұқым қуалауды Т. Морган ашты |
||||
Ия -2 |
Жоқ -6 |
Ия -12 |
Жоқ -11 |
Ия -20 |
Жоқ — 23 |
Ия -17 |
Жоқ — 26 |
Э.4. Мутация деген фенотиптің өзгеруі
|
Ш.11. Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи және қолдан |
Қ.18. Генетика атасы де Фриз болып есептеледі |
Н.25. Т. Морган дрозофила шыбынына тәжірибе жасады |
||||
Ия -6 |
Жоқ -8 |
Ия -1 |
Жоқ – 13 |
Ия -12 |
Жоқ -21 |
Ия -20 |
Жоқ — 27 |
Ю.5. Тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын генетикалық карталар дейді |
М.12. Тригибридті будандастыруда сегіз түрлі фенотип түзіледі |
К.19. Цитоплазманың құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалауды цитоплазмалық тұқым қуалау дейді |
Ұ.26. Эпистаз деген бір ген екінші генді басып, белгісін жойып жібереді |
||||
Ия -6 |
Жоқ -7 |
Ия -10 |
Жоқ — 15 |
Ия -20 |
Жоқ — 21 |
Ия -19 |
Жоқ -28 |
Л.6. Қосарлы ұрықтануды С.Г. Навашин ашты
|
Е.13. Телу деген бір өсімдіктің бөлігін екінші өсімдікке ұластыру |
Ч.20. Партеногенез – ұрықтанбаған жасушалардан аталықтар дамиды |
М.27. Ген деген терминді Г. Мендель енгізді |
||||
Ия -9 |
Жоқ -7 |
Ия -11 |
Жоқ — 15 |
Ия -21 |
Жоқ — 27 |
Ия -12 |
Жоқ — 26 |
Г.7. Жасыл асбұршақ сары асбұршақты басып қалады |
У.14. Генетика тұқымқуалаушылықты зерттейді |
М.21. Гибридологиялық әдісті адамға қолданады |
Т.28. Генотип – гендердің жиынтығы |
||||
Ия -8 |
Жоқ — 14 |
Ия -18 |
Жоқ -16 |
Ия -13 |
Жоқ — 22 |
|
|
Бұл тапсырмалар өте күрделі емес, сондықтан оқушылардың барлық деңгейлерін қамтиды. Тек оқушы тезистерді білу қажет.
Немесе осы сыныптарда мынадай тапсырмалар түрлері;
АНАГРАММА — 1: «ГЕНЕТИКА»
|
11 сыныптарда ҰБТ дайындықтарына қажетті тапсырмалар түрлері бар.
Терминдік тест. 11 сынып (кілті)
№ |
Анықтама |
Сілтеме бас әрпі |
Терминдер
|
1 |
Бір түрге жататын организмдердің кейбір даралырында арғы ата тектерінде болатын жеке мүшелердің оқта-текте пайда болуы. |
А |
атавизм |
2 |
Организмдердің қарапайымнан күрделіге қарай дамуы, эволюцияның негізгі бағыты. |
А |
ароморфоз |
3 |
Өздігінен қорғана алмайтын организмдедің қорғанышы бар (айқын түс, жағымсыз иіс) организмге електеуі. |
М |
мимикрия |
4 |
Құрылым деңгейі күрделенбей, өзгермей, тек өзіне пайдалы орта жағдайында организмдердің бейімделуі. |
И |
идиоадаптация |
5 |
Бір-біріне туыс емес топтардың ұқсас белгілерге ие болуы, белгілердің үйлесімділігі (ұқсастығы), әр түрлі систематикалық топтың жануарларының тіршілік ету жағдайы бірдей болса, олардың сол ортаға бейімделуі де ұқсас болады. |
К |
конвергенция |
6 |
Туыстық формалар белгілерінің ажырауы, түрлердің ішінде тіршілік ету жағдайының өзгеруінен түр белгілері ажырап, даралардың жаңа тобы түзіледі. |
Д |
дивергенция |
7 |
Организмдердің жыныстық жағынан ерекшеленуі
|
Д |
диморфизм |
8 |
Организмдердің кейбір мүшелерінің жойылып, биологиялық маңызын жоғалтуы. |
Д |
дегенерация |
9 |
Организмдердің жеке жүйелік топтарының (дүние, тип, класс, отряд, қатар, тұқымдас) тарихи даму кезеңі. |
Ф |
филогенез |
10 |
Кейбір организмдерің этностық белгілерінің әр түрлі болып ерекшеленуі |
П |
полиморфизм |
11 |
Бір жақты тітіркендіргіштердің әсеріне организмдердің қозғалу арқылы жауап қайтару процесі |
Т |
таксис |
12 |
Атқаратын қызметі жағынан бір-бірімен ұқсас болғанымен құрылысы, шығу тегі, дамуы әр түрлі мүшелер |
А |
аналогиялық мүшелер |
13 |
Мәдени өсімдіктерден тұратын биоценоздар
|
А |
агроценоз |
14 |
Шығу тегі мен құрылысы бірдей ұрық бастамасынан дамыған әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің мүшесі. Мүшелердің атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен шығу тегі бірдей. |
Г |
гомологиялық мүшелер |
15 |
Организмдердің тарихи даму кезіңде өзінің бастапқы маңызын жойған әрі толық жетілмеген қалдық мүшелер. |
Р |
рудимент |
16 |
Сыртқы жұқа су қабықшасымен қапталған көп молекулалы тамшы тұріндегі жиынтық. |
К |
коацерват
|
Тест жұмыстырымен қызығып кетіп қазіргі таңда оқушылар сөйлеуді ұмытып бара жатыр, сондықтан баланың сөйлеу қабілетін дамыта мақсатында мынадай тапсырмалар ұйымдастыруға болады. Бұл тапсырма баланың ең басты сөйлеу қабілетін дамытады және оқушының материалды қабылдауы 80-90 пайызы көру арқылы жүреді.
Тест 10 сынып (генетика)
Сұрақ |
Анықтама |
термин |
Ал тапсырмаларда көрнекі суреттер көптеу болса сол ғұрлым баланың танымдық және қызығушылығы арттады. Мысалы, биологиялық лото ойынды барлық сыныптарда жасақтап көрсетуге және пайдалануға болады.
Сабақ барысында оқушының іс-әрекетін сипаттайтын кезеңдер:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқытудың дамытушылық негізін арттыруда стандарт деңгейінде оқу бағдарламасын , оқу материалының мазмұнын меңгерту, міндетті деңгейден мүмкіндік деңгейге жеткізу. Саралап, деңгейлеп оқытуда оқушы өзін-өзі жүзеге асыру бағыттылығын, мүмкіндігін, қабілеттілігін анықтайды. Білім деңгейлері жылжымалы және ауыспалы (А-төмен,В-орташа,С-жоғары) болады, себебі оқушы үнемі жетіліп отырады. Үштік деңгей мүмкіндігінше сыныптағы барлық оқушыларды қамтиды
Қорытынды
Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс әрекетін белсендірудің теориялық негіздері тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан айқындалуына сүйене отырып, «оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру» ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда оқу-танымдық білімнің құндылық рөл атқаратыны анықталды.
№65 орта мектеп
Биология пәнінен оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытудағы деңгейлік тапсырмалардың сипаты
Дайындаған
Биология пәнінің мұғалімі: Г.Қосанова
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.