№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері
Оценка 4.9

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

Оценка 4.9
Документация
docx
биология +1
Взрослым
31.03.2017
№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері
Болашақта еңбек етіп.docx
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,  Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр», — дей отырып Елбасы  Н.Ә.Назарбаев қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуды ғана емес, тарихи танымдық, саяси  экономикалық білімділік, педагогикалық­психологиялық және ақпараттық сауаттылықты талап етеді. «Баланы  оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз — ақ дамуға қабілетті ету», — дей отырып Эдгард  Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды. Өзгермелі қоғамдағы білім жүйесінің  ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше  өрлеуіне мүмкіндік тудыру екеніне көз жеткізудеміз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың  қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер  енгізілді.Дарынды және талантты балаларды оқыту барлық кезеңде де өзекті мәселе болып табылған. Барлық  мұғалімдер балаларды оқытуда барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы ортаны жасауға  тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі мәселе ойлауды, талқылауды және  мұқият жоспарлауды талап етедi. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Шығармашыл мұғалімдер білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн балаларға қолайлы  орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты міндеттер – білім саласында ойлауды,  талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен  стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады.  Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін  мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде«жалпы мектептік саясатты»және орта  буын деңгейінде«кеңейтілген»мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе  алатынын көрсетеді. (Нұсқаулық 72­ бет). Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойланатын, көп көлемде білімді меңгеретін, оны ұзақ уақыт  бойына ұмытпайтын болып келеді. Түсінігі өте жоғары, сезімтал, жоспарлаған ойын, алдына қойған мақсатын  қалайда орындауға тырысатын, түйсігі ерте дамып, моральдық қасиеттерге бай, қиялы ұшқыр, батыл әрекеті  басым болып келеді. Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін  жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады. Дарынды және талантты оқушыларды айқындаудың жолдары: 1. Даралап оқыту; 2. Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту; 3. Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау; 4. Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым  салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту; 5. Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу. Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру —  дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және  оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны  сол бағытта жетелеу ­ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның  санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан­жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық­белгілі бір  әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді  білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі  мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой­өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл  туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде  балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001).  Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын  төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы  жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл  ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден  жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы  ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес.  Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл  дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата­аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері  айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға  жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. (Нұсқаулық 72­ бет) Оқушылардың қабілетіне, ерекшеліктереріне қарай үшке бөлуге болады: ∙Шағармашылық дарындық; ∙Интеллектуалды, табиғи дарындылық; ∙Лидерлік дарындылық. В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: «Егер қабілеттіліктер  деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің  жиынтығының бірлігі деуге болады», — деп тұжырымдайды. Педагог баланың қай жағынан дарынды екенін анықтауды ерте жасынан қолға алуымыз керек. Кейбір балалар  өздерінің дарынды екендігін көрсетуге қабілетті болса, кейбіреулері өз талантын көрсетуге асықпайды немесе  өздері де байқамайды. Осындай кезде біз ата­ана, психологтармен, керек кезде сол оқушылардың  құрбыларымен, сыныптастарымен бірігіп жұмыс атқаруымыз өте қажет. Білім сапасы мұғалімдер қызметінің  сапасына тікелей байланысты. А.Байтұрсынов: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ», — деп білім  сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстазға сипаттама береді. Еліміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде  десек, сол жас ұрпақты жан­жақты, терең білімді етіп қалыптастырудың бірден­бір жолы, білімді игертудің  тиімді әдіс­тәсілдерін іздестіру ұстаз шеберлігіне байланысты. Дарынды және талантты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:  «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол­аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен  қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,­ деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән  берген. Сонымен, дарынды дегеніміз ­ адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске  сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда (оқушыларда) кездесетін  қасиетті айтамыз. Дарынды балаларды анықтау­баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы  айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары  тұжырымдалды: 1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың  іс­әрекетіне талдау жүргізу. 2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік  беретін тренингтік әдістерді пайдалану. 3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес,  сондай­ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау. 4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата­аналардың сипаттамалық  бағалары. 5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік  беретін баланың мінез­құлқы мен іс­әрекетін жан­жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім  беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан­жақты дамыған шығармашыл, рухани ой­ өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр. Осы айтылған тұжырымдарды қорыта келе, дарынды балалардың қабылетін дамытудың келесі  жолдарын іріктеп алуға болады: 1. Сабақтар, ОҚҒ­ның жұмысы; 2. Пәндік үйірмелер; 3. Тіл мерекесі; 4. Абай оқулары; 5. Олимпиадалар; 6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы; 7. Ғылыми­практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар  қорғау, жоба қорғау); 8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі адамдармен кездесу); 9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар  үйірмесі); 10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар байқауларына  қатысу. Біздің мектепте дарынды оқушылар аз емес.        Атап кетсек соның ішінде ерекше мектепте көзге түсетін мына оқушылар: Абдразақова  Жұлдызай,Айтуар Гүлзат,Жайберген Жансая,Досбол Назерке,Зәкір Айбек,Маратқызы Жанерке және  т.б. Осы оқушылар өз дарынды қабілеттерін дамыта білетін оқушылар. Адам өмірге өзіндік қасиеттері мен қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын — тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті  бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты болып қалып қоюуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің  оқушыларына дұрыс бағыт­бағдар көрсетіп, тәлім­тәрбие беру мектеп ұжымының басты міндеті деп  санаймыз. Олимпиадаға дайындық жоспар шаралары.  Тестілеу тапсырмалары Мәтінді аудару жұмысы  Өлеңді мәнерлеп оқу  Шығармаға дайындық  Мазмұндама дайындық  Грамматикалық жұмыстарға талдау жасау Дарынды балалармен жұмыс жоспары № Жұмыстың мазмұны Әрбір сыныптағы дарынды балаларды анықтау Сыныптағы оқушылардың ерекше қасиеттерін іріктеу Дарынды балалардың бейініне қарай шығармашылық ізденіс жұмысына тарту Мерзімі қыркүйек қазан қазан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Оқушылардың ойын жүйелі жеткізуге үйрету үнемі Дарынды балаларды пәндік олимпиадаға дайындау жыл бойы Дарынды балаларды мектепішілік аймақтық, қалалық, облыстық пән олимпиадасына қатыстыру жыл бойы Өз қабілеттеріне қарай үйірмелерді таңдай білу қараша Шығармашылық ұжымдық іс-шарада басты пәндерге қатыстыру үнемі Түрлі байқаулар, фестивальдарға, спорттық жарыстарға қатысуға ықпал жасау қаңтар Дарынды балаларды баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар мен таныстырып отыру үнемі Оқушы нәтижесін баспасөз беттеріне жарыққа шығару. жыл бойы №65 орта мектеп Пәндер бойынша дарынды және көмек қажет ететін                   оқушыларды анықтау,жұмыс жоспарын ұсыну.                                                                  Дайындаған:      Г.Қосанова

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері

№65 орта мектебінің жаратылыс тану пәндер бірлестігінің мұғалімдерінің жетістіктері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2017