6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"
Оценка 4.8

6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
биология
6 кл
04.04.2017
6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"
Биология пәнінен ашық сабақ ашық тұқымды өсімдіктер класы бойынша өткізілген. БИС технологиясының "Ауызша бір" картасы бойынша жүргізілді. Сабақта барлық бала бағаланады. барлық бала сұрақтарға жауап береді. Ашық тұқымды өсімдіктердің түрлері, таралуы пайдасы мен маңызы тұуралы толық қамтылған. Слайд сабақта қолданылған.6 сыныпқа биология пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы "Ашық тұқымды өсімдіктер".
6кл биология Сабақ жоспары..docx
Сынып: 6                                                 Күні: 27.01.2017ж Пән мұғалімі: Л. Карипбаева. Тақырыбы: Қарағай және оның тұқым арқылы көбеюі.   Мақсаты:  Жоғары   сатыдағы   тұқымды   өсімдіктермен   таныстыру.   Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін, түрлерін түсіндіру. Міндеттері Дамытушылығы:  тұрақты   түрдегі   ерікті   зейін   қоюды   дамыту.   Білім алушылардың   анализ,   синтез,   салыстыру,   қорытындылау,   нақтылау,   жіктеу қабілеттерін дамыту Білімділігі:  Ашық тұқымды өсімдіктермен таныстырып, олардың маңызын, ерекшеліктерін   түсіндіру,   көбею   жолдарымен   таныстырып,   сүрек,   ашық тұқымды өсімдіктерге анықтама беру. Тәрбиелілігі:  алушылардың   диалектикалық­материалистік көзқарастарын қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу Құрал­жабдықтар:  кеппе   шөптер,   суреттер,   электронды   көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар Сабақ типі: жаңа сабақ БИС технологиясы, Ауызша­1 картасы. Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме­сұхбат,  тақтамен жұмыс І.   Ұйымдастыру   кезеңі:  амандасу,   түгендеу,   журнал   толтыру.   Білім алушылардың көңіл күйін сұрау. Сабақ жоспарымен таныстыру  ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру: білім   1. ҚС (үй тапсырмасынан қарама – қарсы сұрақтар) 2. ТСЕС (тірек сөздерді есте сақтау) 3. ҚС (қиылыс сұрақтар) 4. СС (сыни сұрақтар) 5. ТСҚ (тақырыптық сөздік қоры).        ҚС  1. Тұқымды   өсімдіктер   қандай   екі   үлкен   бөлімнен   тұрады: ашықтұқымды және жабық тұқымды. 2. Қылқан   жапырақты   өсімдіктерді   ата:   қарағай,   шырша,   самырсын, арша. 3. Неге   өсімдіктер   қылқанжапырақты   деп   аталған:   жапырақтары   ине тәрізді жіңішке, кей түрінде ұшы үшкір болады. 4. Алып секвойяның биіктігі қанша: 110­112м. 5. Ашықтұқымдылардың қанша түрі бар: 650 түрі. 6. Жапырағын түсіретін қылқанжапырақты өсімдік: балқарағай. 7. Кәдімгі қарағайдың қылқаны қалай орналасқан: екі­екіден. 8. Екіүйлі қылқанжапырақты бұта: Кәдімгі арша. 9. «Бүржидек» деген не? Кәдімгі аршаның бүрі. 10.Жатаған шырша қандай өсімдік? Бірүйлі өсімдік. 11.Биіктігі 5­10м біршама жуан діңді, мәңгі жасыл, қылқанжапырақты ағаш: зеравшан аршасы. 12.Сәндік қылқанжапырақты өсімдік: арша мен бозарша. 13.Ашықтұқымды өсімдіктердің барлығы шөптесін өсімдіктер ма? Жоқ сүректі, ағаштар. 14.Спора   мен   тұқымның   айырмашылығы   неде?   Спора   біржасушалы, тұқым көпжасушалы түзіліс. 2. ТСЕС  БІРҮЙЛІ,   ДІҢ,   ҚАРАҒАЙ,   БҮР,   ТҰҚЫМБҮРШІК,   МИКОРИЗА, ШАЙЫР. 3. ҚС  1. Жер шарында қанша қылқанжапырақты өсімдік бар: 700. 2. Қарағай түрлерінің саны: 100 3. Кәдімгі қарағай қандай өсімдік? Бірүйлі өсімдік. 4. Кәдімгі қарағайдың биіктігі: 20­40м. 5. Микориза дегеніміз не? Қарағай тамырымен саңырауқұлақтың селбесуі. 6. Ағаш сабағы қалай аталады? Дің 7. Қылқан жапырақтылардың қабығында не болады? Шайырлы жолдар. 8. Қарағайдың бүрлері қайда орналасқан? Жас өркеннің ұшында. 9. Тұқым неден тұрады? Ұрықтан, эндоспермнен, тұқымқауызынан. 10. Қарағайдың тұқымында не болады? Қанатша. 4. СС 1. Кәдімгі қарағай екіүйлі өсімдік: (жоқ бірүйлі өсімдік) 2. Жер шарында 800ге тарта қылқанжапырақты өсімдік бар (жоқ 700ге) 3. Кәдімгі қарағайдың биіктігі 25­50м (жоқ 20­40м) 4. Ағаш сабағы «дің» деп аталады (иә дің деп аталады) 5. Діңнің қабығы, сүрегі бар. (иә сонымен қатар өзегі болады) 6. Сүректе өлі жасушасы өткізгіш ұлпалар 90­80пайыз. (90­95 пайыз) 7. Қылқанжапырақтылардың қабығында, сүрегінде эфир майлы жолдары бар. (жоқ шайырлы жолдары бар). 8. Қарағай бұтағында бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады: (иә) 9. Аталық бүрде 3 тозаңқапшықтары болады: (жоқ 2) 10. Тұқымбүршікте қоректендіруші ұлпа эносперм болады( иә) 11. Зиготадан тұқым дамиды: (жоқ ұрық дамиды). 12.   Тұқым   ұрықтан   ,   эндоспермнен   тұрады:   (иә   сонымен   қатар   тұқым қауызынан). 13. Қарағай бүрінің ұзындығы: 4­5см ( жоқ 4­6 см) 14. Түзілген тұқымның сыртқа шашылуы үшін 1 жыл қажет (жоқ жарты жыл) 15. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр қоңыр түске ауысады (иә). 6. ТСҚ (тақырыптық сөздік қор жазу). 7. Бағалау .

6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"

6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"

6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"

6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"

6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"

6 сыныпқа биология пәнінен ашық сабақ. "Ашық тұқымдылар класы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.04.2017