9 сынып алгебра

  • docx
  • 16.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 9 сынып 91 сабак.docx

Оқушының маршрут парағы

Пәні

Алгебра-9

Мұғалімнің аты-жөні

 

Оқулық

Алгебра-9 сынып. ІІ бөлім. А.Е.Абылқасымова және басқалары. Алматы, «Мектеп» 154 – 157 101- бет

Сабақ №    , сабақ тақырыбы

Ықтималдықтар теориясының элементтері

Оқу мақсаты

(қысқаша)

9.3.2.1 – оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және қарама қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру

9.3.2.2- элементар және элементар емес оқиғаларды ажырату

Бағалау критерийі

- статистикалық ықтималдық анықтамасын сипаттайды.

- кездейсоқ оқиғаның салыстырмалы жиілігін пайдаланып, статистикалық ықтималдықты табады.

- статистикалық ықтималдықты өмірмен байланыстырып есептер шығарады.

Оқушының аты-жөні

(оқушы толтырады)

 

 

Іс-әрекет реті

Ресурстар

(мұғалім толтырады)

Орындалуы (оқушы толтырады)

+  белгісімен танысқан ресурстарыңды белгіле

 

Оқыңыз

(ресурс: Алгебра-9 сынып оқулығынан 101-103 бет. Ықтималдықтар теориясының элементтер3, п. 30.

 

Есіңе сақта !!!

Ықтималдықтар теориясы - кездейсоқ жағдайлардың пайда болу заңдылығын зерттейтін математиканың бөлігі.

Мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің темекі шегудің денсаулыққа зияны туралы ескертуін күнделікті өмірде темекі қорабының сыртында, жарнама тақтасында және тағы да басқа жерлерде жиі кездестіреміз. Бұл жазба қай уақытта және қашан пайда болған? Мұндай қорытындыға дүниежүзінің дәрігерлері темекі шегетін адамдардың денсаулығын бақылап, талдау жасауының нәтижесінде келген.

Статистика – мәліметтерді жинау және талдау ғылымы. Ол адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Статистиканың негізгі бөлігі өте үлкен объект жиынтықтарын сипаттау қажеттілігімен байланысты. Мұндай жиынтықты бас жиынтық деп атайды. Бас жиынтық, мысалы, Астана қаласының тұрғындары, теледидар шығаратын зауыттың айлық өнімі, мектеп оқушылары, болуы мүмкін.

Анықтама: Белгілі бір жағдайда орындалатын немесе орындалмайтын мағынасы бар құбылыстарды кездейсоқ оқиғалар деп атайды. Оқиғалар латын алфавитінің үлкен әріптерімен белгіленеді: АВС...

Берілген шарт бойынша міндетті түрде орындалатын оқиға ақиқат оқиға деп аталады.

Егер оқиға сынақ нәтижесінде міндетті түрде орындалмайтын болса, онда жалған оқиға деп аталады және Ø  деп белгіленеді.

Ақиқат оқиғаның белгіленуі:  U

Мүмкін емес оқиғаның белгіленуі:V

Берілген шарт бойынша орындалмайтын оқиғаны мүмкін емес оқиға деп атайды.

Бірнеше жай оқиғаларға бөлуге болмайтын оқиға элементар оқиға деп аталады.

Күтілетін оқиғаны беретін тәжірибе нәтижесі қолайлы нәтиже деп аталады.

Мүмкіндіктері бірдей болатын тәжірибе нәтижелері теңбе тең мүмкіндікті нәтижелер деп аталады.

Мысалдар:

Келесі оқиғалардың қайсысы «кездейсоқ оқиға», «мүмкін емес оқиға», «ақиқат оқиға» екенін анықта:
- а, к, и, т, а, м, е, т, а, м әріптерін кездейсоқ тергенде, «математика» сөзінің құрылуы.
- Сенбі күні таңертең №1 автобустың кешігуі;
- Тиынды бер рет лақтырғанда, елтаңба бетінің түсуі;
- Ойын кубигін бір рет лақтырғанда, 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандарының біреуінің түсуі;
- Үш рет ойын сүйегін лақтырғанда, 19 ұпайдың болуы.
- Кешкі серуен кезінде үш таныс адамның кездесуі.теңсіздіктерімен анықталады.

  

 

 

Қосымша қараңыз

Мақсаты: Оқушыларды  жеке жұмыс  жасауға  дағдыландыру

Нәтижесі: Оқушылар өз  бетінше  жұмыс  жасайды, алған білімін  қолданады.

·         сілтемелер : https://bilimland.kz/,

·         https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/kombinatorika-yqtimaldyqtar-teoriyasynyng-ehlementteri/lesson/yqtimaldyqtar-teoriyasy-men-matematikalyq-statistikanyng-negizgi-uhymdary

·          Басты- Пәндер-Математика-Алгебра-Комбинаторика. Ықтималдықтар теориясының элементтері-Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі ұғымдары  (Тыңда, оқы, тест орында және неше  % алғаныңды жаз)   https://bilimland.kz  сайтына өтіп, теорияны қарап, бейнетүсіндірмелерді қарап,  тапсырмаларын орында, алған % маршрут парағына жаз

·          

Жауап бер

1. Ықтималдық теориясы нені зерттейді?

2. Осы теория негізінде қандай ғылым пайда болды?

3. Қарама қарсы оқиғаға мысал келтір

 

 

Орында

1.      Практикалық тапсырма:

1.Тең мүмкінді оқиғалар тізбегін құрыңдар.

2. Ойын сүйегін лақтыру барысында жұп ұпай түсті. Осы оқиға элементар оқиға бола ма? Осы оқиғаны жай оқиғаларға жікте

2.      Оқулықпен жұмыс. 104-бет.

Дәптерге орында: № 30.2,30.4, 30.7

 

 

 

 

 

Рефлексия

Мен бүгін ... білдім

 

+ немесе – белгілерін қой

Мен енді ... білемін

 

Мұғалімнен кері байланыс

(ауызша кері байланыс немесе жазбаша ұсыныс)

 

Осы парақпен жұмыс жасап, жауаптарыңды kundelik.kz файлға жүкте немесе электрондық поштаға жіберуіңді сұраймын


 

Скачано с www.znanio.ru