Сабақтың мақсаты:
• Ғ дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
• Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
• Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.
• Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе әріптер, ермексаз, тақтаға ілетін құралдар, бор.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Психологиялық дайындық. Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
-Жарайсыңдар, балалар! Өткенді қайталау.
-Қандай дыбыспен таныстық? (Н н дыбыспен)
-Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
-Н н дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалы: Нан, наубайхана,т.б.
• басында
• ортасында
• барлық буында
II. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. Көп әріп ішінде,-
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)
-Дұрыс, балалар! Бүгінгі біздің сабағымызда Ғ ғ әрпімен танысамыз.
Ғ әрпін жазуды үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін жазамыз. (Баспа және жазбаша түрлерін жазып көрсету)
Ғ ғ - дауыссыз дыбыс. Ғ ғ дыбысын көк дөңгелек текшемен белгілейміз.
-Жарайсыңдар, балалар!
IV. Сергіту сәті: Біз жаздық, біз жаздық,
Қолымыз шаршады.
Ақырын демалып
Қайтадан жазамыз.
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашып-жұмамыз (қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі ғ дыбысы
ның орнын тап.
IY.Сергіту сәті.
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Шарты: « Ғ ғ» әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар бір-біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы ретпен жалғаса береді.
Суретпен жұмыс. Мысалы: ағаш сөзіндегі ғ дыбысының орнын тап.
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашып-жұмамыз(қатты-жәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Оқулықпен жұмыс. Сөздерді аяқтау, буындарды оқыту.
Та-ға, ға-лам, са-ғат, ға-рыш, т.б
Әліппе дәптермен жұмыс. Ғ әрпін бастырып жазады. -ҒА,-ҒО,-ҒУ.
А-ҒА, А-ҒАШ, ТА-ҒА, буындарын айтқызу.
IY.Сергіту сәті.
IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,оқу құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Ғ әріпін үзік сызықтар арқылы сызып үйрену. Ғ-ғ-ғ-ғ-ғ қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла»
Ойын: "Ғ" дыбысын тап.
АӘБИҒШЗТНКҒ
V. Бекіту.
«Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды тауып магниттік тақтаға ілгізу.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жеке-жеке мадақтау.• Ғ дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
• Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
• Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.
• Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: «Ғ ғ» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Ғ дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз
құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту,
қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.
Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақжауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе әріптер, ермексаз, тақтаға
ілетін құралдар, бор.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу
құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Психологиялық дайындық. Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Жарайсыңдар, балалар! Өткенді қайталау.
Қандай дыбыспен таныстық? (Н н дыбыспен)
Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
Н н дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалы: Нан, наубайхана,т.б.
басында
ортасында
барлық буында
II. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. Көп әріп ішінде,
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)
Дұрыс, балалар! Бүгінгі біздің сабағымызда Ғ ғ әрпімен танысамыз.
Ғ әрпін жазуды үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін
жазамыз. (Баспа және жазбаша түрлерін жазып көрсету)
Ғ ғ дауыссыз дыбыс. Ғ ғ дыбысын көк дөңгелек текшемен белгілейміз.
Жарайсыңдар, балалар!
IV. Сергіту сәті: Біз жаздық, біз жаздық,
Қолымыз шаршады.
Ақырын демалып
Қайтадан жазамыз.
II аптаСабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу
құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашыпжұмамыз (қаттыжәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ
дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі ғ дыбысы
ның орнын тап.
IY.Сергіту сәті.
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Шарты: « Ғ ғ» әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар
бірбіріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы
ретпен жалғаса береді.
Суретпен жұмыс. Мысалы: ағаш сөзіндегі ғ дыбысының орнын тап.
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,
оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашыпжұмамыз(қаттыжәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Оқулықпен жұмыс. Сөздерді аяқтау, буындарды оқыту.
Таға, ғалам, сағат, ғарыш, т.б
Әліппе дәптермен жұмыс. Ғ әрпін бастырып жазады. ҒА,ҒО,ҒУ.
АҒА, АҒАШ, ТАҒА, буындарын айтқызу.
IY.Сергіту сәті.IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,оқу
құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Ғ әріпін үзік сызықтар арқылы сызып
үйрену. Ғғғғғ қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла»
Ойын: "Ғ" дыбысын тап.
АӘБИҒШЗТНКҒ
V. Бекіту.
«Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім
тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды
тауып магниттік тақтаға ілгізу.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жекежеке мадақтау.