"Ғ дыбысы мен әрпі"
Оценка 5

"Ғ дыбысы мен әрпі"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Детсад
01.04.2017
"Ғ дыбысы мен әрпі"
Сабақтың мақсаты: • Ғ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету; • Ғ дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой - өрісін, тілін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру; • Сабаққа қызығушылын арттырып, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, болжау. Сабақтың көрнекілігі: әріп жазылған текшелер, С а б а қ т ы ң б а р ы с ы 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылардың назарын сабаққа аудару; - Үй тапсырмасын тексеру; ( 40-41 бет оқу) 2. Психологиялық дайындық: - Балалар, көңіл-күйлерін қалай, сабаққа әзірміз бе? Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, жаттығу жасап алайық та, әліппе сабағын бастайық.Сабақтың мақсаты: • Ғ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету; • Ғ дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой - өрісін, тілін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру; • Сабаққа қызығушылын арттырып, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, болжау. Сабақтың көрнекілігі: әріп жазылған текшелер, С а б а қ т ы ң б а р ы с ы 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылардың назарын сабаққа аудару; - Үй тапсырмасын тексеру; ( 40-41 бет оқу) 2. Психологиялық дайындық: - Балалар, көңіл-күйлерін қалай, сабаққа әзірміз бе? Ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып, жаттығу жасап алайық та, әліппе сабағын бастайық.
ғ дыбысы мен әрпі.docx
Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі.  Сабақтың мақсаты:    Ғ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету;  Ғ дыбысына қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой ­ өрісін, тілін дамыту, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;  Сабаққа қызығушылын арттырып, сауаттылыққа тәрбиелеу.  Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдіс­тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, болжау. Сабақтың көрнекілігі: әріп жазылған текшелер,  С  а  б  а  қ  т  ы  ң     б  а  р  ы  с  ы   1. Ұйымдастыру кезеңі:  ­ Оқушылардың назарын сабаққа аудару;  ­ Үй тапсырмасын тексеру;  ( 40­41 бет оқу) 2. Психологиялық дайындық:  ­   Балалар,   көңіл­күйлерін   қалай,   сабаққа   әзірміз   бе?   Ендеше   барлығымыз   орнымыздан   тұрып, жаттығу жасап алайық та, әліппе сабағын бастайық.  Ұзын құлақ сұр қоян,  Естіп қалып сыбдырды.  Ойлы – қырлы жерлермен, Ытқып­ытқып жүгірді. Қарап еді артына,  Қиығын салып көзінің.  Келе жатқан томпандап, Көжегі екен өзінің.  3. Өткенді еске түсіру:  ­ Ойын «Сиқырлы текшелер». Әр партада әріп жазалған текшелер жатады. Осы текшелерге қарап оқушылар әріпке сөз, сөзге сөйлем құрау керек.  Айтылған сөздерден   ғ  дыбысын табу көделеді.  ­ Ғ дысыбы қандай дыбыс? ­ Ғ дыбысы дауыссыз дыбыс. Ғ дыбысының бірінші сағатында берілген сөздерді 3­4 оқушыға оқыту.  Ғарыш  Ғарышкер Шалғы  Ғ Балға  Аға Шаңғы        4. Жаңа сабақ: Оқулықтың   41   бетіндегі   сурет   бойынша   әңгімелеу.   Яғни   Т.Әубәкіров   пен   Т.Мұсабаев жайлы.  Т.Әубәкіров  ­ Егеменді  де тәуелсіз Қазақстынның ғарыш беттерін алғаш рет ашқан тұңғыш қазақ ғарышкері. Тоқтар 1946 жылдың 27 шілдесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1­ Май колхозында ұстаның үйінде дүниеге келген. Ол жас кезіне ұшқыш болуды армандаған. Ол осы арманына жету үшін бәрін жасайды. Көп оқып, көп ізденеді. Ол өзінің ізденісінің арқасында 50 ден астам ұшақ түрін меңгерген. Тоқтарға орасан зор еңбегң үшін «Кеңес одағы батыры» жұлдызымен, «Халық қаһарманы» жұлдызымен, «Құрмет белгісімен» марапатталған.  Т.Мұсабаев –  Т.Әубәкіровтен  кейінгі   ғарышқа   ұшқан   екінші  қазақ   ғарышкері.   Ол  1951 жылы 7 қаңтарда туған. Ол да ұшқыш болуды бала кезінен армандап, сол арманының жолында қызмет етті. Оның қазақ хылқына жасаған бағаланбас еңбегң үшін «Ресей батыры», «Қазақстанның халық қаһарманы», «Ресейдің ұшқыш ғарышкері», «ҚР­ның ұшқыш ғарышкері»  атағы берілген.  Дыбыстық текшемен жұмыс:   Ғарыш, аға, ғарышкер сөздерін текшемен жазу. (Әр оқушы жеке және тақтада бір оқушы орындайды) ғарыш аға  ғарышкер  5. Оқулықпен жұмыс:  ­ Әліппе бағандарындағы берілген сөздерді оқыту. Бірге оқыту, жеке оқыту. 1­2 буынды сөздерді  тез оқуға машықтандыру.  «Мен ғарышкер боламын» өлеңін оқып, оның не туралы айтылғанын айтқызу.   Аспан, аспан, арайлым, Саған жиі қараймын.  Сені көзбен шоламын.... Мен ғарышкер боламын!  Ғарышкер мен боламын,  Болам десем, боламын.  Таудай үлкен талабым,  Мен бармақтай баламын,  Көктің жүзін барлайтын Үлкен ғалым боламын. Үлкен ғалым боламын,  Болам десем боламын! ­ Балалар, өлең не туралы? ­ Сендер ғарышкер болғыланы келе ме? Неге?  6. Сергіту сәті:  Бір, екі, үш, Бойға жинап күш. Қолға қалам аламыз, Әдемілеп жазамыз. 7. Дәптермен жұмыс:   Ғ  әріпінің жазылу жолын еске түсіру, сөздер жазу, сөйлем жазу.  Ойын «Қай әріп жоғалған?»          ­ Ойынның мақсаты:  тақтады жазылған сөздерге жоқ әріпті оқушының дұрыс жазуы көзделеді. ...арышкер,  ... арыш, а ... а,  та ... а, па ... а, а ... та, а ... а. ­ № 1 жазу дәптерімен жұмыс. 8. Сабақты қорытындылау:  ­ Ғ дыбысы қандай дыбыс? ­ Ғ дыбысына келетін сөздер айт. ­ Таға сөзінде неше дауысты дыбыс бар? ( 2  дауысты дыбыс бар)  9. Үйге тапсырма.  ­  40­41 бет, оқып келу. ­ жазуды аяқтау.  10. Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

"Ғ дыбысы мен әрпі"

"Ғ дыбысы мен әрпі"

"Ғ дыбысы мен әрпі"

"Ғ дыбысы мен әрпі"

"Ғ дыбысы мен әрпі"

"Ғ дыбысы мен әрпі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017