ШҚО, Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы№43 мектеп- лицейі»коммуналды мемлекеттік мекемесі,тәрбие ісі меңгерушісі,
тарих пәні мұғалімі
Жаксыбаева Мадина Солтаншариповна
АБАЙ МҰРАСЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ҚАЙНАР КӨЗ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығын атап өтті. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселе.Сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.Сондықтан Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтпай,жас ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастырып, адамды адам етіп тәрбиелеудің қайнар көзі екені осы мақалада қарастырылады.
Түйін сөздер: рухани жаңғыру, Ұлттық сана, Абай, дамыған тұлға
Аннотация
Елбасы Н.А.Назарбаев в статье «Взгляд в будущее: рухани жаңғыру» отметил важность возрождения общественного сознания. Вопрос национального сознания и государственного значения, ее адаптации современным требованиям здравоохранения.Благодаря возрождению сознания мы открываем путь к динамичному развитию нашей страны в ХХІ веке.Поэтому я считаю, что наследие Абая очень полезно. В этой статье рассматриваются произведения великого поэта,которые сегодня не теряют актуальности, формируют молодое поколение как разносторонне развитая личность и являются источником воспитания человека.
Ключевые слова: духовная модернизация, Национальное сознание, Абай, в развитых лицо
Annotation
Elbasy N.A. Nazarbayev in his article “Looking into the future: Ruhani Jagyru” noted the importance of the revival of public consciousness. The issue of national consciousness and national importance, its adaptation to modern health care requirements. Thanks to the revival of consciousness, we open the way to the dynamic development of our country in the 21st century. Therefore, I believe that the heritage of Abay is very useful. This article discusses the works of the great poet, which today do not lose relevance, form the young generation as a diversified personality and are a source of human education.
Key words: spiritual modernization, National consciousness, Abay, in developed face
Қазақстан Республикасы қоғамдық сананы жаңғырту ұстанымын алға қойған прогрессивті даму жолымен келеді. Қазіргі қоғамға ұлттық бірегейліктің аса маңыздылығын, мәдени контекстің, өздігінен даму, өзін-өзі тәрбиелеу және жоғары кәсіпқойлық, құзыреттілік пен тәрбиелілік, отбасы әлеуетінің рөлін арттыру негізінде табысты шығармашылық тұлға ретінде Қазақстан азаматтары мінез-құлқының жаңа әлеуметтік-психологиялық эталонын қажет етеді.
Абай мұрасы – адамды адам етіп тәрбиелеудің жан-жақты дамыған тұлға қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады.Абайдың мұраларын танымдық-тағылымдық, рухани құндылықтарының мәнін қарау өзекті мәселелердің бірі.
Абай тағылымы арқылы жүргізілетін тәрбиенің өзі ол жырлаған «Адам» айналасынан бастау алуы керек. «Мен-адаммын», «Абай және Тұлға», деген тақырыптар жас ұрпақтың үлкенге деген құрметі мен түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді. Шебер ұстаз білім мен тәрбие үрдісін олардың өзін Тұлға ретінде түсінуі мен оған деген мақтан сезімін қалыптастырудан бастағаны жөн. Жас ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын бірден-бір жол. Оны жүзеге асыру мақсатында бұл тақырыптың қажеттілігі маңызды , аса өзекті деп санаймын. Хакім Абай мұрасындағы имандылық идеяларына тарихи- танымдық,рухани мәдени талдау жасай отырып, оның мұрасы арқылы, оқушыларға Адамды сүю, оны құрметтеу, биік адамгершілік, елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі ету. Соның негізінде жеке тұлға болып қалыптасуына түрткі болу. Өзін-өзі тануларына, бір-бірін тәрбиелеуге ықпал ету, тәлімдік мүмкіндік туғызу заман талабы.
Абай шығармаларындағы зерттеу нысанасы- адам. Ол «Толық адам» ұғымын талдай келіп, оның мәнін үш сипатта көрсеткен. Хакім Абай көтерген «Толық адам» қағидатының «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиесінің қағидатымен үндесетінін байқауға болады.
Біз оның шығармаларын үш жүйеге бөліп қарастырамыз: бірі- өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі- қара сөздері прозасы; үшіншісі- өзге тілдерден , әсіресе, орысшадан аударған өлеңдері[1].
Оның өскен ортасы мен шығармашылығын жүйелеп, тұңғыш рет бір ізге салған Абайтанудың іргесін қалаушы - Әлихан Бөкейханов. Абай өмірінің шығармашылық жолын бір жүйеге негіздеп, Абай туралы деректерді Әлиханға жинақтап берген – Кәкітай Ысқақов болып табылады. Абайтану ғылымының басталуына Михаэлес, Гросс сияқты достарының септігі тиген.
Абай шығармаларының ішінде тәлімдік- тәрбиелік мәні зор өлеңдерінің бірі - «Дүние де өзі, мал да өзі ». Абай поэзиясының көкейкесті мәселесі 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінде анық көрінеді. Бұл - санаға ойтүрткі салар нақыл, өсиет, тағылым айту тақырыбындағы тұңғыш шығармасы болуымен қатар ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де көрсетеді. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым- білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын түсіндіреді.Сол арқылы жас ұрпақты ғылым, білімді сүюге, білімге деген құштарлықты оятуға шақырады.Бұл дегеніміз бүгінгі бәсекеге қабілетті қоғамда өз өзектілігін қаншама ғасыр уақыт өтседе жоймағандығының дәлелі.
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба!», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ақынның кейінгі ұрпаққа өсиеті түрінде жазылған . Бүкіл өлең бойына ақын «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы – ғалым болу керектігін түсіндіреді. Білімнің адам үшін таусылмас кені,бақытқа апарар жолдың жас ұрпақтарына сенім мен үміт қоса ұран тастайды.
Өзі билеуші тап ортасынан шықса да, тарихи дамудың беталысы мен қоғамдық шындықты түсінген ол қарапайым халыққа шындап бет бұрғанын байқатады. Оларды «елім», «жұртым», «халқым» деп, дос тұта сөйлейді. Мұның өзі ақынның жас ұрпақты кішіпейіл, қарапайым болуға, менменшілдікті қойып, бос кеудені көтеруді сынап,барлығына достық,әділдік тұрғысынан қарауға шақырғынын айқындайды. Бас- басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?- деп , ол ел ішіндегі адамгершілік жағынан да, мінез- құлық жағынан да татымсыз топты бөліп көрсетеді. Ондай қасиеттерден аулақ болуды насихаттайды.
Елінің болашағын ойлап егілген, сол үшін қоғамдағы жағымсыз үрдістерді аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, ілімі де аз болған жоқ. Соның бірі-достық мәселесі. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ол тіршілікте өзі көрген , халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шыншылдық, адамгершілік жолға, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, алдамшы мінез, екіжүзділіктен сақтандырады.
Хакім Абай ел тарихына, тұрмыс салтына, әдет-ғұрпына ерекше сын көзбен қараған. Сонымен бірге өз халқының өмірін , түп тамырын танып білуді міндет деп санаған. Сондықтан да ол халықымыздың тарихына байланысты ғалым ретінде мақала жазып қалдырған. Бұл мақала – «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы » деп аталатын, «Қырық алтыншы қара сөзі». Бұл еңбектен Абайдың араб, парсы, қытай, орыс тілдерін де жазылған әдебиеттерді терең оқып, зерттегенін , қазақтың шығу тегіне қатысты тарихи деректерді пайдаланғанын анық байқауға болады. Ұлы кемеңгердің ақын,жазушылық қасиетімен қатар, ғалым,тарихшы,зерттеуші де болғанын аңғаруға болады. Абай атамыз халқымыздың шығу тегін қарастырған осы мақаласында ислам дініне байланысты деректерді де ұсынған.
Қорытындылай келе, ұлы ақынның жеке тұлғаны қалыптастырудағы қайнар көзі ретінде, өлеңдерін былайша топтастыруға болады:
1 « Қалың елім,қазағым,қайран жұртым» , «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінде, « Бірінші қара сөзінде » білім- ғылымға қатысты ақыл- ой тәрбиесі айтылады.
2 «Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Қартайдық, қайрат қайтты , ұлғайды арман », «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы.», «Адамның кейбір кездері» ,7.13.17.19 қара сөздерінде адамгершілік тәрбиесі сипатталған.
3 «Жүрегім нені сезесің?», «Не іздейсің көңілім, не іздейсің ?», «Жүрегім,ойбай, соқпа, енді», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» өлеңдерінде эстетикалық тәрбие жайлы айтылған.
4 « Сабырсыз, арсыз, еріншек », «Шегіртке мен құмырсқа », «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Жаз», «Жазғытұры» , «Қыс» өлеңдерінде еңбек, экология тәрбиелері көрінеді.
5 «Тұтқындағы батыр», «Туғызатын ата- ана жоқ», «Адамның кейбір кездері» , «Кешегі Оспан ағасы », «Кешегі өткен ер Әбіш», «Ата- анаға көз қуаныш» өлеңдерінде отбасы тәрбиесі сипатталған [2].
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының шеңберінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мазмұнын жаңартудың әлеуметтік маңызын өзектендіру: бәсекеге қабілеттілік, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы бағыттарының жүзеге асуын қамтамасыз ету жолында Ұлы ақынның мұрасы таптырмас құрал болып табылады. Абай шығармашылығы уақыт озған сайын дәуір талабына сай әр қырынан өсіп, өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасында орын алады. Абай арманындағы жас ұрпақ өнерлі ,білімді, еңбекқор, адал, әділ , жылы жүректі , ыстық қайратты , ғылым жолына түскен іздемпаз болуы керек. Ал махаббатпен сүю, адамды сүю, әділетті сүю- Абай шығармаларының биік мұраты.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қ. Бітібаева. Абай шығармашыларын оқыту. Алматы: Атамұра, 2003.
2. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. А, 2006ж.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.