Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері
Оценка 5

Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері

Оценка 5
docx
29.11.2020
Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері
docx1568657696.docx

  Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері

Алаш қашан да алаш болып қалды. Өзінің тілін, ділін, дінің және терең мәдениетін сақтай білген бірден бір халық. Дүлдүлдер өткен, жақсылар келген, жайсаңдар жыр тербеткен жер - бұл біздің Отанымыз, дархан жеріміз, асқақ еліміз – Қазақстан. Сол елдің егемендігі үшін талай тұлғалар тер төкті. Алаш ақтаңдықтарының есімдері құрметті тарих иелері. Алаш үкіметін алға бастап, ұран тастап, ұйқыда жатқан ұлтты дір сілкіндіріп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ұлттың қамын жеп, талай ерлік пен өрліктің иесі атанғандар тарих сахнасынан мәңгілік өшпес орын алды. Олардың қатарында Ғұмар Қараш та бар болатын тұғын. Бірі білсе, бірі білмейтін бұл ғұламаның атқарған еңбегі зор. Алғашқылардың бастаушысы болып, өзінің тегеурінді отты сөздері арқылы халық санасына рухты ой тастады. Патша үкіметі қанша жерден қыспаққа алып, өзінің билігін үдетсе де ал ақын ағамыз өз рухың жойған емес. Алаштың кең етек жайған әдеби бәйтерегі өзінің тамырын тереңнен қалады. Алаш туы әркез көкте ілініп, тіл мәдениетін асқақтатқан бірден бір халық еді.   

«Бір адамды бір адамнан ерекше еткен – ғылым» екенің ең алғаш болып Ғұмар Қараш өзінің философиялық ойларын тереңінен дәріптей білді. Әр адам, әр ұлт, әр халық өз келешегіне қожа болу үшін ең алдымен өздеріне сену керек. Оқыған адамдарымыз теріс пікірлерге ілеспей, халықты дұрыс жолға бастаса, ұлт басшылығы үшін жақсы іс болары сөзсіз.

Ақынның мақалалары ХХ ғасырдың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы», «Шора», «Абай» сияқты газет-журналдарда жарияланып тұрды. Өз ғасырының қуатты ақыны бүгінгі күнге дейін өз сиясын құрғатпаған мына бір «Неден қорқам?» атты ақын өлеңі жүректен жүрекке жететін шоқтығы биік туындылар қатарына жатқызамыз.

Аждаhа алты басты жаудан қорқам,
Бүлдірген ел арасын даудан қорқам.
Күлімдеп кіріп, ішкі сырыңды алып,
Құрылған аяқ асты аудан қорқам, - деп сол кездегі алаштың бірден бір жауына айналған орыс патша үкіметін ашық бейнелеп отыр. Мұның өзі алаш тұлғалары үшін үлкен қорқынышпен тең еді. Аяқ асты қанау, баж және түтін салығы бұрын соңды мал жайып жәй жатқан елдің саябырлаған тыныштығын ұрлады. Құнарлы жерлерден ысырып, мал жаюға мүмкіндігін азайтты. Ақыр соңы аштықпен аяқталды. Бір ұлттың, бір халықтың тыныштығын Ғұмар өлеңдерінен байқауға болады. «Қарлығашпен сөйлескенім» өлеңінде жәй ғана емін еркін жүрген адамның жанынан сабырлық пен саябырлаған тыныштықтың кетпейтіндігін меңзейді.

Келемін кештіғұрым елге қарап,

Қалмайды бір қарлығаш алдымды орап.

Ұмтылып желе жортқан маған еріп

Ұмытты балаларын, кетті ұзап.

Тамаша қарлығашқа қалып қайран,

Анықтап білгім келді жайын сұрап.

Қарлығаш! Не қыл дейсің, неге менен

Қалмайсың, кешке дейін жанамалап?, - деп ақын жәй жүрген тіршілік иесі құспен тілдесіп, сабырлы заманның тыныш уақыттарымен үндескенің ашық байқауға болады. Алайда бұл тыныштық алаштың бойына ұзақ уақыт қонақтамады. Кенеттен тегеурінді саясат талай жанның тағдырын тәлк етіп, сенімін ұрлай түсті. Сол сәттің ең өкінішті тұсы алаштың ұйқылы ояу жалқаулыққа салынып, патша үкіметіне көндігіп жүргенің мына бір өлеңнен-ақ дәлел таба көре аламыз.

Ерініп жалқаулықта өткен өмір,

Біразы бос жүріске кеткен өмір.

Қазқу деп жөнді басты бір іс етпей

Аяңдап ақырына жеткен өмір.

Өз жайын әлі күнге өзі білмей

Еттім деп бір іс үміт еткен өмір.

Жайы бар ажал күтіп жататұғын

Сонда да қайтпас тауы неткен өмір?,- деп сол сәттегі өмір жалқаулықпен, бос жүріспен өтіп жатқан есіл ғұмырдың қайран уақыттары деп ақын күрсінісін байқауға болады. Өз халқына жаны ашып, көңілі толмаған өмір парағын жырмен сабақтады. Бұл жердегі өлең жолдарын қазіргі ХХІ ғасырдағы жастардың да бос жүріп, текке тұрғысыз нәрселермен уақыт өткізіп жатқандығын салыстырмалы түрде сол надандық жайлаған заманның қайта келіп қалғаны ма деп іштей жабырқап, күйінетініміз жасырын дүние емес. Мына бір өлең жолдарыммен ойымды сабақтап өтейін.

Бос жүріс, жалқаулықтар басып озған,

Жақсылық иісі кетіп, құрғап қалған.

Бір-бірін қатын дейтін ерлер туып

Батырларын тар жерге байлап қойған.

Еркіндік, егемендік болса-дағы,

Тәуелсіз сезіне алмай надан жағы.

Мүмкіндік бермеді деп налиды көп

Қашанғы басын шайқап өтер таңы, - деп өзімнің жеке пікірімді осылай сабақтауды жөн көрдім. Әрмен қарай жалғанатын ой көрінісі

Тыныштық заманды бұл әперсе де

Сабырлық  дүйім жұртқа қона алмады.

Ақымақ билеп, төстеп жүрсе-дағы

Кейбіреу ащы жайтты ұғынбады.

Зар заман ақындары қайта келсе

Қалайша бұл қоғамды жырлар еді?!

Жасында ақылы аз, таязып тұр

Үлкені бір батаға келе алмады.

Әдептен бұрын туған ұят қайда?

Қыздарым бара жатыр шетел асып.

Мұсылман өсиеті тапталуда,

Имамдар қала берді уағыз айтып.

Пайғамбар сүннетіне илана алмай

Кей адам өз дінінен жүр ғой қашып.

Қоғамда сауатсыздар қаптап кетті

Ақылын билікке айтып маздануда.

Таразы бастары тұр тең келе алмай

Ғұмырдың бейнесіне имене алмай.

Жасына үлгі болар ақсақал аз

Ақылдың биік шыңын ұқтыра алмай, - деп кешегі мен бүгінгінің арасындағы ашық ойды суреттеуді өзімнің авторлық өлеңіммен жалғай түсуді құп көрдім.

Бүгінгінің заманы,

Кешегіден жақсырақ.

Кешегінің дәурені,

Бүгінгіден азырақ.

Азаттықтың қадірін

Жастары аз ұғынбақ, - шыныменде азаттықтың ақ таңын қанша ғасырлар бойы армандаса да бүгінгі тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпағы тәтті кездің тәтті шағын дұрыс жағынан бағаламай жүргені ащы шындық. Бұл қоғамда өз тыныштығын өзі бұзып жатқан жандар қарасы өте көп. Мұның өзі кешегі тарихпен салыстыруға мүлдем келмейді.

 

                   Алашқа 

 Ау, Алаш, көзіңді бүгін ашар күнің!

 Қарманып ілгері аяқ басар күнің!

 Шығарып бір жеңнен қол, бір жерден сөз,

 Адымдап асқар белден асар күнің.

 Теңізім, телегейім – қайран елім,

 Кемерлеп толқын атып, тасар күнің!

 Ақ күміс, қызыл алтын жиғаныңды,

 Құрбан қып осы жолға шашар күнің!

 Терезең теңгеріліп қатар тұрса,

 Осы!- деп сонда жүрек басар күнің!

 Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе?

 Құлаққа айтқан сөзді іліміз бе?

 Заманның ыңғайынша ғамал қылып,

 Зырлаған желмаяға мінеміз бе?

 Өнерлі, білімдінің қылған ісі

 Майданда мұны байқап көреміз бе?

 Күш қосып, құралданып бас қорғаудың

 Жолына белді буып кіреміз бе?

 Болмаса күнде бір ел қырғын тауып,

 Жылаулап бастан-аяқ жүреміз бе?

Ақын өлеңдері арқылы заман жайының мәз еместігін, фәнидің қай бағытта кетіп бара жатқаның және бар қазақты рухшылдыққа шақырып үндеу тастауы қазіргі кездегі батырлардың іс-әрекетімен теңбе тең еді. Халық жауы болып танылып, өз туған жерінде қаза тапса да, кітаптарын қасақана өртетіп жойса да санаулы еңбегі әлі күнге алтын қордан үлкен орын алып, тарих сахнасында ғасырда бір туатын ғұламалар санатынан орын алды. 

Келеді надандықтан әдепсіздік

Болмайды, одан құр надан күймен.

Біледі жамандықты жақсылық деп,

Көзі жоқ надан соқыр нені көрген?!

Наданның исі шығып білінеді

Сәлемді жетіп келіп берген  жерден, - сол кездегі өз ұлтымыздың көзін ашу, санасын ояту, кеудесіне рух сыйлауды басты мұрат еткен ақын өлеңі күллі алаш баласына тәтті иіс болып сінетіндей құнды мұралы сөздер еді. Ал оны уақытында түсінген бар, уақытында құлақтан шығарған да бар. Сол сәттегі надандықтың кең етек жайып, «келеді надандықтан әдепсіздік» деп бірінен кейін бірі орын алатын адам бойындағы ең жаман қасиеттерді моншақтай тізіп көрсеткен тұғын. Надан болу деген сауатының төмендігі, жаңа ақпараттардан  мақрұм қалып отыруы және ілім, ғылымға деген ықыласынан ада қалып қоюының өзі де келесі бір жаман қасиетке жол ашатының меңзейді. Ал «Біледі жамандықты жақсылық деп» бұл жерде жамандыққа деген көзжұмушылықпен қарау болып табылады.

Тұрады ұят тұрған жерде иман,

Әдебі пайғамбардың бұған илан.

Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты

Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған.

Алаш  азаматтары кешегі сәттен бүгінгі күнге дейін «Керегеміз ағаш, ұлтымыз алаш» сөзінің шыққан төркіні құрдан құр емес екенін ашып айтқан болатын. Алаш қашан да алаш болып өзінің ұлттық болмысын, тілін, дінің, менталитетің, ділінің қасиеттерің жойған емес. Алаш ұлтының ұлт азаттығын көтере білген, баянды ғұмырдың тереңдігіне жете білген. Өмір хиһметінің пәлсапа жиынтықтары мол үзінділерге ие.

Ғұмардың ғұмыры терең зерттеуден мол ізденістен құралды. Айғақ пен дәлелдеуді мол қажет еткен бұл ғұмыр алаш әдебиетінің алға озып, діни сауаттылықтың жаңаша парағын ашуға сеп болды. Абайдан кейінгі философ, сөз құдіретінің майталманы, діндар, қайталанбас ұстаз бейнесі небәрі жарты ғасырға жетер жетпес өмірмен –ақ өлшенді. Осынау қамшының сабындай қысқа фәнидің бояуы, терең әлемнің тұңғиығы, саф сезімнің кәусарлығын ашық түрде айшықтай білді. Поэзияға жаңаша серпін, дінге шариғи негіздегі мағыналы ойлар, білім беруде жаңа әдісті тиімді қолдана білген шырақ тұғын. Алаш көсемдерінің арасында жеті қырлы, бір сырлысы да осы бір атамыз еді. Руласым, жерлесім ноғайдан шықса да алаш деп көз жұмып, өз Отаның сауатты ел ретінде көргісі келді. Сол арманға бір қадамы жетсе, бір адымы жетпей жатты. Алайда сөз құдіретінің шыңына шыға біліп, талай жастың көзін ашты. Жас буынның әрбір арайлы таңын азаттықта әрі сауаттылығы кең тұлғалар санатынан көргісі келді. Орыс патша үкіметіне бір ғана нәрсені дәлелдегісі келді. Ғұмар Қараш ноғай қазақтың ішіндегі қоясы. Қазіргі таңда шөбересі Надежда Карашева Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласының тұрғыны. Атасы жайлы көп еңбектерді көзінің ағы мен қарасындай сақтап отыр. Қояс руы тамыры тереңге жайылғандықтан да оның құрамынан көптеген алып тұлғалар тарих сахнасын жаңғыртып отырған. Ғұмар ноғай бола тұра алаштың тегін халық еместігін, әдеби мұрасының қайталанбас терең қазына екендігін айрықша түсіндіргісі келді. Тіл мен дін, сана мен ой тақырыбында ғұмырлық ізденісін мұраға қалдырды. Өмірдің суармалы толқыны біресе ақырын, біресе шапшан тиіп жатты. Мұндағы сөздің төркіні ілім жолының беталысы еді. Бірде баяу артта қалып, енді бірде алға тартып, талайды таңдай қақтырған шақтары еді.

 Жарық күн туар ма екен бізге дағы?

 Жарық күн бізге дағы болар ма екен?

 Ішінен өнер білген жандар шығып,

 Басылған халықтың көңілі толар ма екен?

Оқытып жас баланы тегісінен,

 Жемісін еткен азап орар ма екен?

 Жетісіп, оқып шығып жас балалар

 Қазақтың көзі ашылып оңар ма екен?

         Ақын мұрасын зерделей отырып байлық неден туатының, ақыл кімнен қонатының ұқтым. Құмырсқа қанша жұмыскер болса да оның нәпақасы бір қыстан артылмайтының, қарлығаш қанша жоғары ұшса да жемтігі жерде екенің, аспан қандай ашық болса да, бұлтпен тарылып тұратының, адам қанша кең болсада өлгенде тар қуысты пана ететіндігі, тұрған тастың да түсінің өзгеретіндігін ұқтырғандай болды. Ақын адам бойындағы ең жаман қасиеттер мен ең жаман шырақтарды жіпке тізіп ашық айта білді. Өмір ағысының толқыны қанша ағынды болса да  әрбір сұрақтың ұтымды жауабын таба білді. Сол тереңдікке баулай білген ақыл мен ғылымның, сана мен ақылдың көрінісін болашақта көргісі келгені мына өлең жолы сөзіме дәлел бола алар еді.

Өлмей де тірі кім қалар?!

Жаманнан көйлек бөз қалар,

Жақсыдан асыл сөз қалар, -дей келе ұлы Ғұмардың сөз құдіретін, дейінгі жас ұғынып, кейінгі жасқа жолдаса нұр үстіне нұр болар еді. Алаш көсемі, қоғам қайраткері, бірі білсе, бірі білмес ақын еңбегі өмірлік өлмес мұра, бітпес руханият, сарқылмас құндылық, таусылмас ризыққа балайық. Алаштың көзін ашып, надандықтан уақытында құтқара білген бірден бір а    йтулы азамат. Аз ғұмырдың басым көпшілігін ізденіспен, ағарту жұмыстарына арнап, халықтың діндары атанған  Ғұмардың ғұмыры салихалы жолдарға тең. Жаратқан өзі саналы ой берді, өшпейтін иман берді, сөзді кесер тіл берді, рухшылдыққа үндейтін сезім берді. Алашқа біткен дара тұлға есімін тарих сахнасында кеңейте түсейік. Алаш айбыны, алаш қайраткері, алаш діндары атанған ақын атамыз бүгінгі күннің алып бейнесі, тау тұлғасы. Осындай тұлғаларымыздың есімдерін асқақтатып, еңбектерін тереңдетіп, тарих қойнауымен теңестіре берейік. Замананың заманы тыныш, келешегі айқын, тарихы терең, бояу қанық ел болайық...

 

                            Хасанова Аида Жантурина

Орал гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистранты, «ZEREK» балалар журналының редакторы, әдеби, тарихи кітаптар авторы, жас ақын (8705 567 14 37)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   Ғұмар Қараштың руы ноғайдың ішіндегі қоясы

                                               Ақын шежіресі

 


 

Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері

Алаш қайраткерлерінің түркі әлемінің генезисі туралы зерттеулері

Не қыл дейсің, неге менен Қалмайсың, кешке дейін жанамалап?, - деп ақын жәй жүрген тіршілік иесі құспен тілдесіп, сабырлы заманның тыныш уақыттарымен үндескенің ашық байқауға…

Не қыл дейсің, неге менен Қалмайсың, кешке дейін жанамалап?, - деп ақын жәй жүрген тіршілік иесі құспен тілдесіп, сабырлы заманның тыныш уақыттарымен үндескенің ашық байқауға…

Зар заман ақындары қайта келсе Қалайша бұл қоғамды жырлар еді?!

Зар заман ақындары қайта келсе Қалайша бұл қоғамды жырлар еді?!

Күш қосып, құралданып бас қорғаудың

Күш қосып, құралданып бас қорғаудың

Руласым, жерлесім ноғайдан шықса да алаш деп көз жұмып, өз

Руласым, жерлесім ноғайдан шықса да алаш деп көз жұмып, өз

Жаратқан өзі саналы ой берді, өшпейтін иман берді, сөзді кесер тіл берді, рухшылдыққа үндейтін сезім берді

Жаратқан өзі саналы ой берді, өшпейтін иман берді, сөзді кесер тіл берді, рухшылдыққа үндейтін сезім берді

Ғұмар Қараштың руы ноғайдың ішіндегі қоясы Ақын шежіресі

Ғұмар Қараштың руы ноғайдың ішіндегі қоясы Ақын шежіресі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020