Сабақ
Пән: Қазақстан тарихы
Күні:
Сынып: 8
Тақырыбы: Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы
Мақсат-міндеттері:
Білімділік: 1812 жылғы соғыс туралы хабарды қазақтар қалай қарсы алғанын айтып түсіндіру.Ұрысқа қатынасқандары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан-жақты іздене білуіне, еркін сөйлеп, тарихи таным қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыра отырып, өз халқының тарихы үшін мақтаныш сезіміне,қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карточка, тест тапсырмалары
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, өз бетінше қосымша әдебиеттермен жұмыс
Сабақ барысы
Кезең |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
І |
Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру. |
Сабаққа дайындалу |
ІІ |
Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар өздері дайындап келген сұрақтарға жауап береді? 1.Реформаны өткізуге себеп болған алғышарттар қандай? 2. Реформаны жасауға қатысқан кім? 3. Сот жүйесіндегі қандай өзгерістер болды? 4. Кіші жүзде жүргізілген реформа және өзгерістер туралы айтыңдар. 5. Реформаның туғызған зардаптар қандай? 6. «Жарғының негізгі мақсаты қандай? |
«Сен маған,мен саған» ойыны
«Бәйге» ойыны |
ІІІ |
Негізгі бөлім. Сынып оқушылары топтарға бөлінеді. 1.Оқулық мәтінінен, орыс халқына Отан соғысы кезінде қазақ халқының қандай көмек көрсеткенін анқытап,қысқаша тұжырымдау. 2. Осы тақырыпқа байланысты оқулық мәтінін аяғына дейін оқып және құжат материалдарын пайдаланып, тақтадағы кестеге толтырыңдар. -Қазақстандықтардың 1812 жылғы Отан соғысына қатысуы екі халықтың өзара қарым-қатынасына қалай әсер етті. Осы тақырыпқа байланысты негізгі даталарды тақтадан өшіру |
І-топқа арналған тапсырма Жобаны қорғау
ІІ-топқа тапсырма арналған тапсырма
«Таза тақта» ойыны арқылы тексеру |
ІV |
Сабақты бекіту сұрақтары: Осы бөлімді қайталауға арналған тест тапсырмаларын орындату арқылы бекіту. |
Тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын белгілейді. |
V |
Үйге тапсырма: Параграф 9оқып, сұрақтарға жауап беру. Өзін-өзі тексеру сұрақтарын дайындау. Оқушылардың білімдерін бағалау. Сабақ аяқталды. |
Күнделікке баға қойдырту. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.