Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани
Оценка 5

Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани

Оценка 5
Разработки уроков
docx
математика
6 кл
17.05.2017
Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани
Оқушыларға алгебралық өрнектің қабылдай алатын мәнін білу, алгебралық өрнектің мәнін және қосындысын білу. Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Алгебралық өрнектің мәні өрнектегі әріптердің мәндеріне тәуелді. Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің мәні өзгергенде өрнектің мәні де өзгереді. Сондықтан мұндай алгебралық өрнек айнымалысы бар өрнек деп те аталады, ал өрнектің жазылуындағы әріп «айнымалы» деп аталады. Алгебралық өрнек формулаларды жазу үшін де пайдаланылатындығы жөнінде түсінік беруАлгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани
Алгебралық қосынды. Алгебралық өрнектің мәні..docx
Күні: __________ Пән:  математика Сынып:  6  Сабақтың тақырыбы: Алгебралық қосынды.   Алгебралық өрнектің мәні.  Сабақтың мақсаты:                                                  Оқушыларға алгебралық өрнектің қабылдай алатын  мәнін білу, алгебралық өрнектің мәнін және  қосындысын білу.                                          Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге  үйрету.  Оқушыларды ұқыптылыққа,еңбекке баулу. Көрнекілік:                                          Үлестірме материалдар. Картотека № Сабақтың типі:   Оқушылардың білім, білгін және дағдысын жетілдіру. Сабақтың түрі:                                          Теориялық білім беру. Сабақтың барысы:                                  I.   Ұйымдастыру кезеңі: а)  оқушыларды түгендеу. ә)оқушылардың сабақта жұмыс істеу                        дайындығын тексеру.                    II. Үйге берілген: № есептерінің шығарылуын  тексеру, қателіктер болса жою. III. Ой қозғау "Ұшқыр ойдан ұтымды жауап"  Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:  Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады ?  Алгебралық өрнектерге мысал келтіріңдер.  Алгебралық өрнектерді жазуда қандай шарттар сақталады?  Алгебралық өрнектердің негізгі қасиеті.  Қандай сандарды алгебралық өрнектегі  әріптің қабылдайтын мәндері деп атайды ?  IV Жаңа материалдарды игеру кезеңі: Қосу («+») және («­») құрастырылған алгебралық өрнектерді қарастырамыз. 4а­2в+3с­5к алгебралық өрнек, осы өрнекті 4а+(­2в)+3с+(­5к) түрінде жазуға  болады. Сондықтан 4а­2в+3с­5к  алгебралық қосынды деп,ал    4а; ­2в; 3с; ­5к  алгебралық қосылғыштар деп аталады. Анықтама: Бірнеше алгебралық өрнектерден «+» және «­» таңбалары арқылы  құрастырылған жазу алгебралық қосынды деп аталады. Алгебралық қосындыны жазғанда қосылғыштарды жақсасыз жазып, жақша  алдындағы  «+» таңбаларын алып тастап, әрбір қосылғышты өз таңбасымен  жазуға болады. Мысалы: 14a+(−3b)+(−8c)+(+9d)=14a−3b−8c+9d Анықтама: Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның  қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде  шығатын санды  алгебралық өрнектің мәні деп атайды. Мысалы,  a−3 2 +b  алгебралық өрнегінің a=7; b=­8 болғандағы мәні ­6 тең. a−3 2 +b=7−3 2 −8=−6                           Алгебралық өрнек                        алгебралық өрнектің                                                                                     мәні Алгебралық өрнектің мәні өрнектегі әріптердің мәндеріне тәуелді.  Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің мәні өзгергенде өрнектің мәні де өзгереді.  Сондықтан мұндай алгебралық өрнек айнымалысы бар өрнек деп те аталады,  ал өрнектің жазылуындағы әріп «айнымалы» деп аталады. Алгебралық өрнек формулаларды жазу үшін де пайдаланылады.  2n – жұп сандар формуласы, мұнда   n € N немесе нөл саны  2n +1 немесе  2n ­1 – тақ  сандар формуласы, мұнда   n € N немесе нөл саны V. Ой  талдау "Кітап ­білім бұлағы“(Оқулықпен жұмыс )     №691(1,3),  №700, №712(1,3), №714(1) есептерін шығару. V І. Ой қорыту.(Математикалық диктант)       1.   с­ға   қарама­қарсы санды   жаз.        2. Әріптің қандай мәнінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайды?        3. Жақшаны аш   5a  ­ (6b­c);    0.5x; ­6р; 4с; ­у алгебралық қосынды құрастырып жазыңдар 4. 5. 4x­ 2у  өрнектің мәнін табыңдар, мұндағы х=­5,  у=3 VІІ. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі. 1) Үйге  2) Сабақты қортындылау, бағалау.

Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани

Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани

Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани

Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани

Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани

Алгебралык косынды. Алгебралык орнектін мани
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.05.2017