Сабақтың тақырыбы:
"Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжі" MKҚK
Химия пәнінің оқытушысы: Бериккайрова Г.М.
Ұзынағаш 2020 ж
Диен көмірсутектері (Алкадиендер)
Сабақтың мақсаты:
Алкадиендердің жеке өкілдерінің кездесуі,алыну әдістері,қасиеттері туралы білу;
алкадиендердің гомологтары , изомерлерінің формуласын құрастыру,
химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білу;
Көмірсутектердің басқа кластарымен салыстыра білу.
Алкадиендер – молекуласында дара байланыстармен қатар
2 қос байланыстары
болатын ациклді көмірсутектер,
жалпы формуласы – СnH2n-2
Қос байланыстың орналасуына қарай
3-ке бөлінеді:
кумулденген СН2=С=СН2 ортадағы көміртек
атомы sp- гибридтенген күйінде болады
қосарланған СН2=СН -СН=СН2 р-орбитальдар
ортақ π-жүйе құрады, себебі жақын тұрған π-бай
ланыстар ішінара бүркеседі де, қос байланыс
ұзындығы 0,137 нм, ал дара байланыс-0,146 нм.
оқшауланған СН2=СН –СН2-СН=СН2
Құрылымдық изомерия
көміртек қаңқасының изомериясы СН3
׀
СН3 – СН = СН – СН= СН2 СН2 = С – СН = СН2
пентадиен-1,3 2-метилбутадиен-1,3 (изопрен)
қос байланыс орны бойынша изомерия
СН2= СН – СН= СН2 СН2= С = СН– СН3
бутадиен-1,3 бутадиен-1,2
Цис-, трансизомерия (кеңістіктік немесе геометриялық)
СН2 = СН СН3 СН2 = СН Н
С = С С = С
Н Н Н СН3
цис-пентадиен-1,3 транс-пентадиен-1,3
Алкадиендер алкиндер мен циклоалкендерге класаралық изомер.
Негізгі тізбекте екі қос байланыс та бар көміртек атомдары нөмірленуі керек.
Мысалы,
1 2 3 4 5 6
СН2 = С – СН2 - СН = СН – СН3
׀
СН2-СН3
2-этилгексадиен-1,4
Физикалық қасиеттері
Пропадиен-1,2 және бутадиен-1,3
ГАЗДАР
2-метилбутадиен-1,3 – ҰШҚЫШ СҰЙЫҚТЫҚ
Оқшауланған қос байланыстары бар алкадиендер – СҰЙЫҚТЫҚТАР
Жоғары диендер – ҚАТТЫ ЗАТТАР
формуласы | Атауы | Температуралары, 0C | Тығыздығы, г\см3 | |
Балқу | Қайнау | |||
СН3-СН=C= СН2 | Бутадиен -1,2 | -136,2 | + 10,8 | 0,6940 |
Физикалық қасиеттері
1,2-қосылу
1,4-қосылу
Қосарланған қос байланысы бар диен КС 1,2 және 1,4 орнында да қосылу жүреді:
Химиялық қасиеттері. Қосылу реакциялары.
Галогенсутектің қосылуы электрофильді қосылу, ол электрофильді сутек катионының алкадиен молекуласына қосылуынан басталады, нәтижесінде карбкатион түзіледі:
Бұл карбкатионға Brˉқосылуы 1,2 –қосылу өнімін береді
Көміртек атомында оң зарядтың болуы электрон тығыздығын өзіне тартып,
π-байланыспен бүркесе алатын толмаған р-орбитальдың бар екендігін білдіреді. Нәтижесінде қос байланыстың ортадағы атомға ығысуына әкеледі де, ал шеткі көміртек атомы оң зарядталады. Оған бром анионы қосылып, 1,4-қосылу болады.
Бір бөлшек тегі электрондардың таралуы екі түрлі жағдайда бола алатынына көз жеткіздік:
Полимеризация – катиондар мен бос радикалды
механизмді болады.
Бутадиен-1,3
Синтездік бутадиенді каучук
Қосарланған алкадиендерде полимерлену 1,4-қосылу бойынша жүреді.
Стереоретті полимер–құрылым буындары тек қана цис-, не тек қана
трансизомерлерден тұрады.
АЛКАДИЕНДЕРДІҢ ЖЕКЕ ӨКІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Дивинил (бутадиен-1,3):
Н2С = СН — СН = СН2 өзіне тән өткір иісі бар түссіз газ. Мұнайды өңдегенде түзіледі және табиғи газ құрамындағы бутан мен бутиленді катализдік дегидрлеп алады. Синтездік каучуктар (бутадиен, бутадиен-стирол, бутадиен-нитрил) латекс, пластмасса, т.б. заттар өндірісінің маңызды мономерлерінің бірі.
Алкадиендердің қандай түрлерін білесіңдер? Мысалдар келтіріңдер.
С6Н10 көмірсутегінің изомерлерінің формулаларын жазыңдар.
Қосарланған алкадиендерге қандай изомерия тән? Мысалдар келтіріңдер.
Бутадиен-1,3 броммен әрекеттескенде қандай қосылыстар түзіледі?
Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Айналым реакция теңдеулерін жазыңдар:
заттарының табыңыз.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.