Дарынды оқушылар арасында өткен «Алтын қақпа – 2019» атты зияткерлік сайыстың қорытынды рефлексифтік есебі
Сабақ өткізген мұғалімнің аты – жөні: Идрисова Мархабат Исмаилқызы
Күні Сынып Пәні Сайысқа қатысатын оқушы саны Сабаққа қатысу %
барлығы қатысқаны
01.02.2019 4 сыныптар арасында Әдебиеттік оқу 18 18 100%
Бастауыш сыныптардың «Қайырымдылық жылы жүректен» атты онкүндігі өтті.Осыған орай әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен ізденуі, жаңашылдық пен өркендеуіне ат салысып, шыңдай түсті. Мен 4 сыныптар арасында ашық тәрбие сағатын өткіздім. Бүгінгі зияткерлік сайыс сабағынан оқушылар не үйренді және не алды? – деген сұрақ туындап отыр. Сабақ «Алтын қақпа» деген бағдарламаның желісі бойынша өткізілді.
Бүгінгі «Алтын қақпа – 2019» атты зияткерлік сайыс сабағынан оқушылар оқушылар тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып дарынды, білімді, салауатты шәкірт бола алатындығы және ел болашағы туралы көптеген мағлұматтар ала отырып бір-бірімен сәлемдесіп, әр топ топтарына ат қойып, ұранын, сол бойынша суретін салып, қорғады.
Сапалы сұрақтар қойылып, оқушылардың шығармашыл болуы, жақсы жолға қойылды. Сонымен қатар білім беру кезеңінде танымдық, тәлімдік қырларынжарқырата көрсетуге ұмтылды. Оқушылар әр айналым бағытында өздерінің ұшқыр ой озбырлықтарымен алға түсті. «Сұңқар», «Жалын» және «Асыл» тобы әр айналым барысында тапсырмалады тиянақты, әрі жылдам орындауға, әр топ өздерін жақсы қырынан көрсете білді.
«Алтын қақпа» айналымының «Тас қақпа» кезеңінде «Тіл тас жарар, Тас жармаса, бас жарар» дегендей, сандықшада берілген сөздердің мағынасын ашып, ұшқыр ойларын жұмсап дәлелдей білді
«Алтын қақпа» айналымының «Күміс қақпа» кезеңінде жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше болғандықтан оқушылар халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне, кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болатын қазақ халқының тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше екендігін дәлелдеді.
Бұл айналым бойынша берілген суреттерге қарап, сайыскерлер заттың атауын қатыстырып ырым-тыйым сөздерді айтып, оның болжамын түсіндіріп, жауап бергенде бір-бірін тыңдады.
«Алтын сандық» айналымында дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы-мақалдар мен мәтел сөздер, яғни алтын сандықта сары майдай, көздің қарашығындай сақталған асыл дүние берілген сөздерден қажетінше білімдерін қолданып, барынша мақал-мәтел жазып, қорғады.
«Қайырымдылық жылы жүректен» апталығында осындай игі іс-шараларын өткізіп, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамытып, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйретіп, өз еңбектерінің бағасын білуге, шығармашылық қабілеттерін алға қарай ұмтылдыру.
рапарра
жоспар.docx
Астан қаласы
ММ №32 мектепгимназиясы
Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы:
«Алтын қақпа – 2019» зияткерлік ойыны
Сынып: 4 сынып
Өткізген: Идрисова Мархабат Исмаилқызы 20182019 оқу жылы
Алтын қақпа
Сабақтың тақырыбы: «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың білімдерін толықтыру, қазақтың салт
дәстүрлерін, ел тарихын қаншалықты білетіндіктерін тексеру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойөрісін, тіл байлығын дамыту,
шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын,
мәдениетін, салтдәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, алтын, күміс, тас қақпалар,
сұрақтар, алтын сандықша.
Ойының шарты: Жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек.
Ойынның барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Армысыздар, қадірлі ұстаздар және білім мен өнерге құштар шәкірттер!
Бүгінгі біздің «Алтын қақпа» атты жарысымызға қош келдіңіздер!
«Қайырымдылық жылы жүректен» атты апталығымызда бүгін «Алтын қақпа»
сайсының есігін мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі Карина Орал
Аубакировна ашса деймін. «Алтын қақпа» сайысының есігін ашып,
оқушыларға сәттілік тілесеңіз. Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат
бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан
басталады. Бүгінгі білім сайысына 4сынып оқушылары қатысқалы отыр.
Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырып
өтейік.
Сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады. Олар:
1 айналым. Таныстыру
2 айналым. «Алтын қақпа» ойыны
3 айналым. «Алтын сандық» ойыны
1 айналым. Таныстыру
Тапсырма:
Таныстыру (Әр топ топтарына ат қойып, ұранын, сол бойынша суретін салып,
қорғайды).
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға Ертеңгілік басталсын сәлемменен дей келе, бүгінгі сайысымыздың бірінші
шартына кезек берейік. «Тас» қақпа ашылды.
Әділқазы алқасынан бірінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
2айналым. «Алтын қақпа» ойыны. Ойын үш қақпадан тұрады:
І. Тас қақпа
ІІ. Күміс қақпа
ІІІ. Алтын қақпа
Әр қақпаға жету үшін тапсырма беріледі.
Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт – деп келесі сайысымыз «Алтын қақпа»
ойынына кезек берейік.
1ші: «Тас қақпа» ойыны. «Тіл тас жарар, Тас жармаса, бас жарар»
дегендей, сандықшада берілген сөздердің мағынасын ашып көріңдер.
Жәдігерлік – көне тарихи заттар.
Қасірет жасы – қиындық көрген халықтың көз жасы.
Барымта – жауласқан адамдардың бірбірінің малмүлкін күшпен тартып
алып, кек қайтаруы.
Шолғыншы – айналаны бақылаушы, хабар беруші.
Жер қайысқан қол – көп әскер.
Табыну – басию, құрмет тұту.
Ұрыс тоқырағанда – ұрыс тоқтап, дамылдаған кезде.
Қонтайшы – жоңғар билеушісі.
Талғажау – қоректік зат.
Жауап дұрыс берілсе, тас қақпаның есігі ашылады. 2ші: «Күміс қақпа» ойыны. «Ескірмейтін есті сөз»
Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының
тыйымдары мен ырымдарының орны ерекше. Бұл халықтық
этнопедагогиканың үлкен бір бөлігі. Бұл ырымтыйымдарды, наным
сенімдерді кейде халықтың ұзақ жылғы тәжірибесінен шыққан түсінігіне,
кейде қарапайым әдеп қағидаларына жатқызуға болады. Мысалы, адамзаттың
алтын бесігі табиғатқа байланысты: құмырсқаның илеуін бұзба, суға түкірме,
көкті жұлма, ысырапшылдыққа жол берме, т.с.с.
(Берілген суретке қарап, сайыскерлер заттың атауын қатыстырып ырым
тыйым сөздер айтып, оның болжамын түсіндіру керек)
1. Жақын адамға ит сыйламайды (араздасып қалады дейді)
2. Ауылға атпен шауып келуге болмайды (қаралы хабар жеткізгенде немесе
ауылға жау шапқанда шауып кіреді)
3. Аққуды атпайды (киесі ұрады, аққу киелі құс)
4. Ішінде суы, тамағы бар ыдыстың бетін ашық қалдырмау (тазалық жағынан
шөпшалам, шіркей түсіп кетеді және жыншайтан жалап кетеді дейді)
5. Құс ұясын бұзуға блмайды (құс адамның досы, обал болады).
6. Отпен ойнама (отпен ойнама күйерсің)
3ші: «Алтын қақпа» ойыны. «Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей
сала алмас», деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті
тіліміз. Келесі кезең – тұрақты сөз тіркестерінің баламасын табу. Мысалы, ит
арқасы қиянда – алыста, қызыл кеңірдек болу – дауласу т.с.с.
«Алтын қақпа» сұрақтары
1. Қой аузынан шөп алмау – момын
2. Төбесі көкке жетті – қатты қуанды
3. Екі көзі төрт болды ұзақ күтті
4. Жүрегі зу етті – қорықты
5. Таяқ тастам жер – жақын жер
6. Екі езуі құлағында – қатты қуану
7. Жерден жеті қоян тапқандай болу – қатты қуану
8. Жанын шүберекке түю – қорқу
10. Аузына құм құйылу – сөзден жеңілу
11. Бет аузына бес ит тойғандай – нас, лас, кір
12. Ат шаптырым жер – алыс жер
13. Қабағынан қар жауғандай – ашулы
Әділқазы алқасынан екінші сайыстың қорытындысын сұраймыз.
3айналым. Алтын сандық Ғасырлар бойы сұлуланып, салмақтанған асыл сөз, сөз мәйегі мақал келесі
қақпамыздың мазмұны. Дана халқымыздың көне де, көркем мәдени мұрасы
мақалдар мен мәтел сөздер. Мына алтын сандықта сары майдай, көздің
қарашығындай сақталған асыл дүние – мақалдар жазылған. Берілген сөздерді
қолданып, мақалмәтел шығарыңдар.
1. Білім
2. Денсаулық
3. Күш
4. Жақсы
5. Тәуекел
Жауабы: Тәуекел – түбі жел қайық.
Қорытынды:
Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін дәл осылай барлығыңның,
Тек қана биіктерден көрінгенің. дей отырып ойынымызды аяқтаймыз.
Осымен сайысымыз аяқталады.Сөзді қазылар алқасына береміз. Білім
Денсаулық
Күш
Жақсы
"Алтын қақпа" зияткерлік ойын 4 сынып
"Алтын қақпа" зияткерлік ойын 4 сынып
"Алтын қақпа" зияткерлік ойын 4 сынып
"Алтын қақпа" зияткерлік ойын 4 сынып
"Алтын қақпа" зияткерлік ойын 4 сынып
"Алтын қақпа" зияткерлік ойын 4 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.