"Алтын оймақ" үйірме жоспары технология пәнінен қыз балаларға арналған. Сыныптан тыс жұмысы ретінде немесе факультатив ретінде қолдануға болады. Үйірмеде қыз балалар қазақтың қолөнерімен танысып, әр түрлі бұйымдар жасауды үйренеді. Матадан, киізден, ұсақ моншақтардан, былғарыдан және тағы басқа материалмен жұмыс жсауды үйренеді.
Алтын оймақ Султанова Р.Д..doc
Бағдарламаның мақсаты:
«Алтын оймақ» үйірмесі
Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны
шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын
арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек
етуге дайындау, іскерлігін дамыту.
Бағдарламаның міндеті:
Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан
өнері тамған баланы тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.
Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен
терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас
ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш
бүгінгі оқушы балалар екені де анық.
Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың
өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын.
Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен
қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман
жастарды тәрбиелеу.
Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бірбірімен ұштастырып, бала санасына
ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік
екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.
Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 5– 9 сыныпта оқитын
оқушыларға арналған.
Сабақтың түрлері: баяндама, лекция, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық,
сарамандық, жеке, топтық, түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер
арқылы орындалуы жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған
туындыларының нәтижесін мектепішілік, аудандық көрмеде көруі.
Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік, аудандық көрмеге
жұмыстарды шығару.
Бұл бағдарлама 8 бөлімнен тұрады.
Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін
түрлі материалдан қиып жапсыру үйретіледі.
Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясы
үйретіледі.
Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлітүсті қағаздан
ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйретіледі.
Оюөрнек бастырмалар бөлімінде оюөрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу
әдістері үйретіледі. Сәндік қолданбалы – өнер элементтері бөлімінде шолпы, алқа, білезік, тұмарша
бұйымдарын жасау үйретіледі.
Су моншақ тоқып үйрену бөлімінде моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен
кестелеу жұмыстарына үйретіледі.
Тоқымаөнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйретіледі.
Үйірменің күнтізбелік жоспарының құрылымы
68 сағатқа, аптасына 2 сағаттан 2 рет өтілу берілген. «Алтын оймақ» үйірмесінің
күнтізбелік –тақырыптық жоспары
Барлық
сағаты
Осының ішінде
Теориялық
жағы
Тәжірибелік
жағы
Уақыты
1
2
2
2
2
2
3
1
6
6
6
6
10
7
№
Өтілетін тақырыбы
Техникалық еңбек кіріспе ұйымдастыру
жұмыстары. Технологиялық мәліметтер.
Үйірменің мақсаты, маңызы,
қолданылуы, әдістәсіл жұмыс түрлері.
Қажеттілік материал әзірлеу, жұмыс
орны ережелерімен таныстыру.
Көркем еңбек. Қолданбалы еңбек. Кесте
тігістері түрлері.Конструкциялық
модельдеу, сәндеу,Киім түрлері және
тігін бұйымдарын құрастыру .Құрақ
құрау.
Мата түрлі, Жастық көрпеше тігу пішу
технологиясы бұйымдар безендіру.
Жастық көрпеше тігуді аяқтау
жұмсары.Бас киім.
Гобелен тоқыма түрлері.Тоқу
әдістері.Бұйымдарды тоқу.Тоқыма
бұйымдарының соңын өңдеу
Оюөрнек жұмысы. Оюөрнек туралы
тарихи мәлімет беру. Шығу тарихы.
Төсекшені ою мен әрлеу, Оюөрнекті
жапсырмалау технологиясы.Бұйымды
ұлттық өрнекпен өңдеу
Сәндік қолданбалы өнер. Көркем
қолөнер элементтерінің қолданыста
пайдалану технологиясы.Тұмарша,
қобдиша, қоржын бұйымдар жасау.
(түрлі маталар арқылы)
1.
2.
3.
4.
5.
6.
2
8
8
8
8
12
7. Су моншақпен жұмыс.Моншақ туралы
10
түсінік. Қолданылуы су моншақпен 8.
бұйымдар бедерлеу,кестелеу.
Тоқыма өнері. Тоқу өнері туралы түсінік
беру, керекті құралдармен
танысу.Тоқылу әдістәсілдерін
технологиясын меңгеру, үйрену, жұмыс
жүргізу.
Барлығы
12
68
2
16
10
52 Техникалық еңбек — 2 сағат.
Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының
маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. Қағаздың
маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің
түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау.
Көркем еңбек — 8 сағат.
Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек жұмыстарымен танысу. Ұлттық киім
түрлері. Әйелдер мен ерлер киімдері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру.
Жұмсақ бейне ойыншықтар — 8 сағат.
Әр түрлі бұйымдар жасау (жануар, құстар, адам, жәндіктер) технологиясымен
таныстыру. Сызба, пішу, құрастыру, тігу, безендіру.
Жапсырмалау жұмысы — 8 сағат.
Қағаз, мата, былғары, түрлітүсті қағаздан құрастыру. Ертегілер әлеміне көрініс жасау.
Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Оюөрнек бастырмалар — 8 сағат
Оюөрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Оюөрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін
кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Сәндік қолданбалы өнер элементтері — 12 сағат.
Көркем қолөнер технологиясына түсінік. Шолпы, алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар
жасау.
Су моншақ тоқып үйрену —10 сағат.
Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен маталар
кестелеу.
Тоқыма өнері —12 сағат.
Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құралжабдықтармен
таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы
өңдеу жұмыстары. Құралжабдықтар пайдалану барысында оқушылар:
ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды;
қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені сақтауды;
қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;
жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
құралжабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
бұйымды эскизін орындай білуі;
ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;
шаблон үлгілерін дайындауды білуі;
үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.
түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;
сурет сала білуі;
технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;
Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:
1. Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;
2. Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;
3. Жіпті тістеп кесуге болмайды;
4. Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;
5. Сынған инені жерге тастауға болмайды.
Үтікпен жұмыс істеу тәртібі:
1. Үтіктер алдында өткізгіштің үзілген жерін тексеру керек;
2. Ылғалды қолмен токқа қосылатын үтікті ұстауға тыйым салынады.
3. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
Желіммен жұмыс істеу тәртібі:
1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;
2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;
3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.
"Алтын оймак" уйирме жоспары
"Алтын оймак" уйирме жоспары
"Алтын оймак" уйирме жоспары
"Алтын оймак" уйирме жоспары
"Алтын оймак" уйирме жоспары
"Алтын оймак" уйирме жоспары
"Алтын оймак" уйирме жоспары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.