Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)
Оценка 4.7

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
биология
8 кл
21.01.2018
Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)
8 - сынып оқушыларына арналған ашық сабақ жоспары. Тақырып ішіне қан топтары, оның ішіндегі негізгі ерекше мән беретін резус фактор туралы оқушылардың өз бетінше орындайтын, топтық жұмысқа арналған сабақ көрсетілген. Сабақ зерттеуге бағытталып орындалады. Тақырып аясында проблемалық сұрақтарды шеше отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығына мән беріледі.сабақ жоспары
8 сынып. Қан топтары. Қан құю.docx
34 – сабақ.  8 «А», «Б» сыныптар  Сабақтың тақырыбы: Қан топтары. Қан құю. Резус­фактор.  Сабақтың мақсаты: тромбоциттердің құрылысы және олардың қан құюдағы  рөлі туралы негізгі түсінік беру арқылы қан топтарын және олардың адам  өміріндегі қан құю кезіндегі рөлімен таныстыру.  Міндеттері:  1.Білімділік: тромбоциттердің құрылысы мен қызметтері туралы біліктілігін  арттыру.  2.Тәрбиелік: оқушылардың диалектикалық­материалистік көзқарастарын  қалыптастыру. Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу.   3.Дамытушылық: тұрақты түрде зейінін дамыту. Есте сақтауды және жүйке  жүйесінің ширақтылығын дамыту.  Сабақ түрі: жаңа білімді хабарлау және қалыптастыру.  Сабақтың әдісі: зерттеу, бірлескен оқу әдісі Сабақтың технологиясы: проблемалық оқыту  Көрнекіліктер: «Адам қанының жасушалары» кестесі, оқулықтағы суреттер.  Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут) Оқушыларды 1, 2, 3 сандары бойынша 3 топқа ораналастыру.(Әр топта  «П.Эрлих», «К.Ландштейнер», «Я.Янский » деген жазбалары болады).  Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін әркім өзіне бүгінгі күнгі  сабақтан не күтеді, алдына қандай мақсат қояды соны парақшаға жаздырып  шетіне қойдырады Бүгінгі сабақта өз алдыңа қандай  мақсат қоясың  ІІ. Білу, түсіну (Оқылым,5 минут) Оқушыларға өз беттерінше бүгінгі күннің тақырыбын оқуға береді.                     Ағзадан қанның көп кетуі өте қауіпті. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы  бұзылады, қын қысымы төмендеп, қанда гемоглобиннің мөлшері азаяды Қан  кеткен адамның өмірін сақтап қалу үшін оған басқа сау адамның қанын құяды. Бұл кезде кез келген адамның қанын құюға болмайды. Бір адамның қаны  екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтіні тек 1900 жылы анықталған.  Қан құюдың сәтсіз болуы әр адамның қанында болатын өзіне тән химиялық  ерекшеліктеріне байланысты. Қан беретін адам – донор мен қанды  қабылдайтын адам – реципиенттің қан топтары сәйкес келуі керек.  Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: І, ІІ, ІІІ, ІV. Қан беретін адамды –  донор (латынша «donore» ­ сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент  ( латынша «recipiens» ­ қабылдаушы) дейді.  * Адам қанының үйлесімділігі *  Қан тобы Мынадай топқа қан беруге болады Мынадай топтағы қанды құюға болады: І­ІІ,ІІІ,ҮІ., ІІ­ІІ, ҮІ., ІІІ­ ІІІ,ҮІ., ҮІ­ ҮІ. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады.  Эритроциттердің бірігіп қалуын агглютинация деп атайды. Агглютинациядан  қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады да, адам өліп кетуі мүмкін.  І топты қанды қаны кез келген топтағы адамға құюға болады. Сондықтан қан  тобы І адамды әмбебап донор деп атайды. Қаны IV топ адамға барлық төрт  топтағы қанды құюға болады, оларды әмбебап реципиент деп атайды Қан  тобы – тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде өзгермейді.  Резус­фактор (Rh ­ фактор) – адам мен макака­резус маймылының қанында  (эритроциттерінде) болатын ерекше нәруыз. Оны ең алғаш 1940 жылы  К.Ландштейнер макака­резус (macacus rhesus) маймылының (атау осыдан  алынған) қанынан анықтаған. Адамдардың 85%­ының қанында резус­фактор  бар, оларды оң­резус (Rh+) деп атайды. Ал адамдардың 15%­ында резус­ фактор жоқ, оларды теріс­резус (Rh­) дейді.  ІІІ. Қолдану, Талдау (Тыңдалым)  «П.Эрлих», «К.Ландштейнер», «Я.Янский » тобы материалды меңгергеннен кейін өздерін «П.Эрлих», «К.Ландштейнер»,  «Я.Янскийлердің» шәкірттері ретінде таныстырып, зерттеу жұмыстарын  жасайды.  І топ тапсырмасы  1967 жылы Жан Батист Дени алғаш рет қозының қанын 15 жастағы  лихорадкаға шалдыққан жас жігітке құяды, жігіт басында сәл денесі  қалтырап, ауырсынады, кейіннен айығып кетеді, Бұл Парижде сенсация  болады, бірақ осы тәжірибені екінші рет қайталағанда екі айдан кейін пациент қайтыс болады.Себебі неде?                                                                ІІ топ тапсырмасы  Рим папасы Иннокентий ҮІІІ өзінің қартайған шағында жасарудың амалын  іздеп, сол заманның дәрігерлер кеңесіне жүгініп, 10 жасар үш жас ұл  балалардың қанын өзіне құйдырады, бірақ арты сәтсіз болып, түсініксіз  жағдайда қайтыс болады, ал үш жас бала қан жоғалтқаннан қайтыс болады.  Иннокентий ҮІІІ сенің ойыңша неден қайтыс болды? ІІІ  топ тапсырмасы Алғаш адамнан адамға қан құюды ағылшынның акушер – генекологі, әрі  профессоры Джон Бланделл жүзеге асырды. Ол әйелдің босану барысында  көп қан жоғалқандықтан өлім ауызынан құтқару амалы ретінде ол әйелдің өз  күйеуіне ұсыныс жасап әйелді аман алып қалады. Бірақ бұл сол заманның 247  қан құюынан 176 – сы өліммен аяқталғандығы анықталды. Бұның себебі неде? ІҮ. Бекіту. Жинақтау. «Я.Янскийлердің» шәкірттері аудиториядағы  адамдармен қандай топтағы қан екендігін өздерінен сұрастырып, ол кісілерге  қай топтағы қандарды құюға болатындығын білгендерінше түсіндіріп береді,  кімнің «донор», кім «рецепиент» екендігін анықтап айтады.(Осы сәтте  қасында «П.Эрлих» тобындағылар олардың пациенттерге кеңес беру үдерісі  дұрыс жолда ма соны бақылап және толықтырып тұрады, немесе аглютинация  жүріп жатқандығын ескертеді) «К.Ландштейнер» шәкірттері «Аглютинация үдерісін» макетпен түсіндіреді. (эритроцит,гликопротеид А,В антигендер) (жазылым, тақырып соңындағы термин сөздерді дәптер бетіне түсіру) Ү. Кері байланыс. «Ғұламаға хат» (Мұнда оқушылар  өз топ атауындағы ғұлама ғалымға хат жазады. Өзінің бүгінгі сабақтан  үйренгенін өз білгені бойынша бұл кісілерге түсіндіреді)  ҮІ. Бағалау.  Сабақ басындағы парақшаның екінші бетін ашып, сол жерде бүгінгі күнге  қойған мақсатқа жете алды ма сол бойынша бағалау Бүгінгі сабақта өз алдыңа қандай  мақсат қоясың Бүгіні күнге өзіңнің алдыңа қойған  мақсатқа жеттің бе  +,­ бойынша әркім өз атын адам  бейнесіне(альпинист) жазып тау  бойына  өзін қалай бағалайды сол  бойынша орналастыру   VІІ.Үй тапсырмасы  Келесі оқылым Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі.  Жүрек қақпақшалары. Тексерілді: Үй тапсырмасы бойынша білімді өзектеу.  1. Ағзаның ішкі ортасы қандай құрам бөліктерден тұрады?  2. Денедегі жасушалар оттекті және қоректік заттарды қайдан алады?  3. Қанның құрамы қандай?  4. Қан плазмасы неден тұрды? Қан жасушалары үшін плазманың қандай  маңызы бар?  5. Қан жасушаларының қызметі қандай?  6. Қорытынды: Қанның ұлпа ретіндегі құрылымдық ерекшеліктері.  ІІІ. Жаңа материалды оқыту.  ІV.Жаңа тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.  1. Қан топтары қандай белгілері бойынша бір­бірінен ерекшеленеді?  2. Бұл қанның өз қызметін атқаруына әсер ете ме?  3. Бұрынғы уақытта қан құю жағдайлары неліктен әрқашан сәтті өтпеген?  4. Жануарлардан адамға қан құюға бола ма?  5. Егер қан топтары сәйкес келмесе, реципиент және донор қанындағы  эритроциттер неге ұшырайды?  6. Анасы мен баласының қан топтары әр уақытта сәйкес келе ме? Неліктен?  V.Үй тапсырмасы. §34 (____бет) оқу, сұрақтарына жауап беру, дәптерге  тапсырманы орындау.

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)

Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор (8 - сынып, биология)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2018