Анамның аялы алақаны
Оценка 4.6

Анамның аялы алақаны

Оценка 4.6
Работа в классе
docx
музыка
11 кл
15.10.2019
Анамның аялы алақаны
Ұстаздарым биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.8 наурызға арналған тәрбиелік мәні бар іс шара.1857 жылдың 8 наурызында Нью-Йорк қаласында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері наразылық шарасын өткізді. Олар басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орындарын, еңбек ақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етті. Себебі, олар тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын. Көптеген Америка мекемелерінде кәсіби одақтар пайда болған. Олардың қатарына 1857 жылы 8 наурызда тағы бір кәсіби одақ қосылды. Бұл одақтың мүшелерінің барлығы әйел азаматтар еді, олар өз құқықтарының қорғалуын көздеді. 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен 2-халықаралық конференция өтеді. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі жөнінде өз пікірін білдірді. Оның ұсынысы әйел құқығын қорғауға бағытталған үлкен ұран ретінде қабылданды. Бұл ұранға өзге елдердің әйел-азаматтары қосылып, кедейшілік, татулық, құрмет үшін күреске қосыла бастады. Алғаш рет бұл мереке 1911 жылы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия және Швейцария елдерінде аталып өтілді. Мерекені атап өту 1912 жылдың 12 мамырында өз жалғасын тапты. Кейінгі жылдары Еуропа әйелдері 8 наурызды соғысқа қарсы наразылық білдірумен өткізген болатын. Кеңес Одағы құрылған жылдан бастап 8 наурыз мемлекеттік мейрам мәртебесіне ие болды. 1965 жылы бұл күн демалыс болып жарияланды. Жыл сайын 8 наурызда мемлекет әйел құқығының қорғалуына байланысты жүргізілген шаралар туралы есеп беретін. Уақыт өте келе бұл мереке саяси келбетін жоғалтты. 1975 жыл "Біріккен Ұлттар Ұйымы жылы" болғаннан соң, кеңес идеологтарының ықпалымен ресми түрде 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күні болып жарияланды. Бұл күні алты құрлық нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, оларға игі тілектер айтады. Көктем мезгілімен қатар келетін 8 наурыз мерекесі ТМД елдерінің барлығында кең көлемде аталып өтіледі.
8 наурыз.docx
1 Жүргізуші. Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, оқушылар!  Бүгінгі ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстазы жақсының­ұстамы  жақсы» атты мерекелік ардагер ­ ұстаздармен кездесу кешіне қош келдіңіздер! 2 Жүргізуші : Армысыздар, ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым ­  парасатымен, талғам ­ танымымен танылатын асыл жандар! Интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән  ұлағатты ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен  құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз! 1 Жүргізуші : Ұстаз ­барша мамандықтың көш бастаушысы. Құйылады жыр­ ағын, көптен дара пырағым. Құтты болсын мерекең, заңғар тұлға мұғалім, ­ деген өлең шумақтары бүгінгі қонақтарымыз ардагер ұстаздар Тарбие  Жаролқызына,Кенже Елубайқызына,Хабиба Ойлыбайқызына арналады. 2 Жүргізуші: Ия,бұл ұстаздарымыз мектебімізде бірталай жылдар бойы қызмет  жасай отырып, шәкірттерін талай додалардың биік шыңын бағындыра білді. 1 Жүргізуші : Мінекей, осындай ұлы тұлға ардагер ұстаздармен кездесу кешін  ашық деп жариялаймыз! 1 оқушы :Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып,  білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты жандар! 2 оқушы: Ұстаздарым биік тұлға байсалды, Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. Қуанышты жарқын тілек білдіріп Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды. 3 оқушы: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын, Дендеріңнің саулығы мықты болсын. Білімменен суарған шәкірттерін, Төл мерекең ұстаздар құтты болсын! 2 Жүргізуші: Ұлағатты ұстаздарымыздың құрметіне  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ орындауындағы «­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­»шығ армасын қабыл алыңыздар. 4 оқушы:Әл­Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете  түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы  сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық  пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы  керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған  ұстаздарымыздың бейнесін көреміз. 5 оқушы: Тарбие апай ­ мектепте орны бөлек, Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек. Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай, Әрқашан аман болып жүрсін дер ек. 6 оқушы: Жақсы жандар жанымызда әрқашан Ұлағатты сөзін биік ұстаған Ардақты Хабиба апай анаң секілді Тәрбиелейді балапандай жасыңнан 7 оқушы: Ұлылықтың мықтылығы ағашынан, Қымыздың күштілігі сабасынан. Біздердің здарынды деп аталғанымы, Үйреткен, тәлім берген Кенже апайдан, 2­жүрг. ­­­­­­­­­­­, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек  қайтеді? 1­жүргізуші: Ал ендеше баста. 2­Жүргізуші: «Ұстаз болу­өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», 1­Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі» 2­Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр» 1­Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» 2­Жүргізуші: «Ұстазы жақсының­ұстамы жақсы» 1­Жүргізуші: ­­­­­­­­­­­­­, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та  тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге  арналған әндеріне кезек берелік. Ән ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 2 Жүргізуші:ал енді,құрметті қонақтар,өздеріңізге әзірлеген балалардың  сұрақтарына кезек берсек.... 1 Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты  таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? 2 «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда  батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? 3 Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? 4. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз? 5. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде? 6. Шәкіртіңіздің күлкілі қылығы есіңізде ме? Қандай қылығы болып еді? 7. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы. 1­ Жүргізуші: Рахмет,ұстаздар. 2 Жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар. Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 8 оқушы:Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше  сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек. 1Жүргізуші: Ұстаздар кім болуды армандайды? 2Жүргізуш: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп  армандамайды.. 1Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой 2Жүргізуші :Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің  келеді ма ?  1Жүргізуші: ммммммммм, әрине  2Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс  бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25­30 оқушысы бар, кішігірім  бастық емес пе? 1Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі  бала мен ата­ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші. 2Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес  деп көріңізші.  1Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс  демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады. 2Жүргізуші:­­­ Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші  де өзі. Ержан , осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай  кететінімізге ұялып тұрғаным ай.  1Жүргізуші: ­­­­яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген  ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас. Ұстаздар жайында  халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық ­ ұлы құрмет.  Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да,  ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ  берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да  сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. 2 Жүргізуші: Ендеше келесі музыкалық сәлемімізді қабыл алыңыздар. ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ 1 Жүргізуші­ Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың  қолында! Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар  болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі  үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың,  аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан  дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес  пе ?  2 Жүргізуші :яяя, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің ...  бәрін , бәрін !!!Ендеше,келесі сөз кезегін ұлағатты ұстаздарымызға береміз. Ұстаздар сөзі 1 Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол  әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім»  атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп,  маңдайынан сипайтын адам.Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» 2 Жүргізуші:Құрметті Тарбие апай,Кенже апай,Хабиба апай, Сіздердің ұзақ  жылдар бойы үздіксіз еткен зор еңбектеріңіз­саналы ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше,кейінгі жас буынға үлгі­өнеге болды. 1 Жүргізуші:Сондықтан сол талғаусыз еңбектің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет  демалыстарыңыздағы ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан  болып,немере­шөберенің қызығына тоймай ақ жаулықты Ана бақытына  бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай  жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін  демекпіз. Бәрі сахнаға шығып хормен «Біз сіздерді жақсы көреміз!» деп аяқтайды. 1,2 Жүргізуші:Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны

Анамның аялы алақаны
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.10.2019