Әдебиеттік оқу |
Уақыты: 25. 11. |
Сабақтың тақырыбы |
Қанышбұлақ. Т. Имантаев. |
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың Қ. Сәтпаев туралы білімдерін кеңейту, мәтіннің негізгі идеясын ұғындыру, түсіндіру. |
Күтілетін нәтиже |
Өз туған жерінің табиғатын зерттеудің қажеттігін түсінеді. Суды қадірлеп, қастерлеу керек екендігін ұғынады. |
Кіріктіріген модулдер |
«Диологтік оқыту», «СТО үйрету», «ОүБ мен ОБ», «Талантты және дарынды балалармен жұмыс»,«АКТ». |
Әдіс -тәсілдер |
«Ішкі, сыртқы шеңбер»,сұрақ-жауап, миға шабуыл, слайд, бағытталған оқу әдісі, венн диаграммасы, 5 жолды өлең, ребус шешу, фишбоун тәсілі, соңғы 5 минут. |
Көрнекіліктер |
Қаныш Сәтпаевтың портреті, нақыл сөздер, қима қағаздар, ИТ, өзін-өзі бағалау парақшалары, плакаттар, маркерлер. |
Кіріспе
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг. Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Сәлемдесіп алайық, Сабағымызды бастайық. Үй жұмысын тексеру. «Ішкі , сыртқы шеңбер» әдісі арқылы оқушылар «Құдайы қонақ» деген мәтінді сұрақ –жауап ретінде әңгімелейді. Топқа бөліну. Қар қиыршығының, су тамшысының, мұздың суреттерін ала отырып 3 топқа бөлінеді. |
Тұсау кесер |
Қызығушылықты ояту. Судың сыбдыры бар әуенді тыңдайды. -Қалай ойлайсыңдар осындай дыбыстарды қайдан естуіміз мүмкін? -Оны қандай сөз тіркестерімен сипаттар едіңдер? -Суы мол жерде тағы ненің дыбысын естуге болады? -Қандай суқоймаларын білесіңдер? -Бұлақ туралы не айта аласыңдар? -Қазіргі кезде суды жердің астынан қалай шығарады? Ал мен сендерді осындай бір бұлақ басын ашқан адам жайында мәтінмен таныстырғым келеді. |
Негізгі бөлім
Сергіту сәті |
Бүгінгі біздің танысатын тақырыбымыз «Қанышбұлақ» деп аталады. Бұл сөзді қалай түсінесіңдер?(Қанышбұлақ сөзі екі түбірден жасалған сөз). Бірінші түбірі кім? Қаныш жалқы есім. Екінші түбірі не? бұлақ жалпы есім. -Ал Қаныш деген кім? -Балалар өз ойларын айтады. Дарынды оқушы өзінің слайдын көрсетеді. Мәтінмен жұмыс. Әр топқа бөлімдерді бөліп беріп оқыту. Бірінші бөлімнен кейін: -Би ата құдықты не үшін қаздырыпты? -Ауыл адамдарының құдық қазу жұмысы немен аяқталды? -Әрі қарай не болуы мүмкін? Екінші бөлімнен кейін: -Келесі күні не болды? -Ақыр соңында не шықты? -Оны не деп атады? Неге? Үшінші бөлімнен кейін: -Қаныш Имантай ұлы ол жерде судың барын қайдан білді? -Оның болжауы дұрыс болып шықты ма? Жер сырын білетін көріпкел дегенді қалай түсінесіңдер? Жаңа сөздермен жұмыс. 1-топ Күн арқан бойы көтерілген-күн аспанның ең жоғарғы жағында Ми қайнатқан-керемет ыстық Кермек тартып- дәмі жаман Жүз құлаш-жүз метр 2-топ Кеней қазу-кеңейте қазу Өзекше-суы құрғап кеткен өзен Есіл бейнет-босқа кеткен пайдасыз іс, жұмыс Алақаны күлдіреп-алақаны ауырып Тауымыз қайтып қалған-көңілдері түскен Тоқетерін айту-қысқартып айтқанда Ернеуіне асып- жағасынан шығып 3-топ Иландыра алмаған-сендіре, көндіре алмау Палеозой-Жер дамуындағы тіршілік дәуірі Беделім өсіп-дәрежесі, мәртебесі өсіп Көріпкел-алдын болжау «Ақбұлақ». Дәптермен жұмыс. Оқулықта берілген тапсырмадағы суға байланысты сөз тіркестерін «венн диаграммасы» түрінде көрсетіп жазу. Өзен суы, қар суы, көл суы, құдық суы , теңіз суы, мұхит суы, бұлақ суы, жаңбыр суы. ащы тұщы
Топпен жұмыс. 1-топ: ребуста жасырынған мақалды шешіп, мағынасын ашу. ,, К , ,,СЕҢІН , 2-топ: бұлақ деген сөзге 5 жолды өлең 3-топ: «фишбоун» тәсілі арқылы су адам үшін қаншалықты маңызды Екендігін , оның пайдасы мен зиянын ажырата отырып көрсету.
|
Қорытынды
Бағалау Үй жұмысы |
Сонымен балалар бүгінгі сабақта біз не білдік? Соңғы 5 минут әдісі арқылы бір оқушы қорытындылайды.Тақтадағы мақалдардың мағынасын ашып талдайды. Өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалап қорытындылайды. Мәтінді мазмұндау, су туралы мақал-мәтелдер жазу. |
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.