АПФ саяси форматта пікір-сайыс
Оценка 4.6

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

Оценка 4.6
Культурные мероприятия
doc
администрации +1
7 кл—11 кл
22.04.2018
АПФ саяси форматта пікір-сайыс
Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынының мәнін түсіндіру, болашақтың кілті жастар екендігін ұйғара отырып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керек екендігін дәлел арқылы пікір-талас тудыру. Бүгінде мектеп, университет және от¬басы жастарға жай «бақылаушы» по¬зи¬ция¬сын ұстанбаулары керек пе әлде , керісінше, же¬ке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұ쬬тылу позициясын қамтамасыз ету ке¬рек пе? Осы сауалдарға үкіметтің механизмін қарастырайық.«Бұл палата 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге фастфуд тағамдарын тұтынуға тыйым салу керек деп есептейді» АПФ саяси форматта пікір-сайыс
дебат2017.doc
Қазақстан Руспубликасының білім және ғылым министрлігі «№1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебі (РО)» КММ «Бұл палата 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге фастфуд тағамдарын тұтынуға тыйым салу керек деп есептейді» АПФ саяси форматтағы пікір­сайыс   Ұйымдастырушылар:  Аханова М.Қ.,     «АҚИҚАТ» дебат клубы. Тақырыбы: «Бұл палата 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге фастфуд  тағамдарын тұтынуға тыйым салу керек деп есептейді» 2017­2018 оқу жылы Мақсаты:  Елбасының   «Болашаққа   бағдар.   Рухани   жаңғыру» бағдарламалық   мақаласынының   мәнін   түсіндіру,   болашақтың   кілті   жастар екендігін   ұйғара   отырып,   дені   сау   ұрпақ   тәрбиелеу   үшін   салауатты   өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керек екендігін дәлел арқылы пікір­талас тудыру. Көрнекілігі:  Слайд,   бейнероликтер   мен   журнал   беттерінен   алынған мәліметтер. Кіріспе бөлімі:  Армысыздар Алаштың Модератор   сөзі(Аханова   М.Қ.): ардақтылары мен Мағжанның сенген жастары! Ел болып егемендігімізді алғанымызға биыл 26 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақ елі барлық салада жетістіктерге Ата бабамыздан мұра болып қалған төл жетіп келеді. мәдениетіміз бен рухани болмысымызды жоғалтып алмауымыз керек. Елбасының Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру атты мақаласын негізге ала отырып, мәдени құндылықтың маңызың түсіндіре түсу үшін «Мемлекет оқушылар арасында субмәдениетті қалыптастыруға жол бермеуі керек» атты Американдық парламенттік форматта өтетін пікір-сайысқа қош келдіңіздер деймін. Апф саяси форматының ерекшелігі – еркін түрде өтетін эмоцияға толы ойын түрі. Сұрақтар кэйс арасында қойылады және үкімет пен оппозиция мүшелері бір-біріне дыбыстар арқылы психологиялық кедергілерді жасай алады. Қарарға көшсек, Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты бол- мағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек пе әлде , керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек пе? Осы сауалдарға үкіметтің механизмін қарастырайық. Алдымен пікір сайысымыздың құрметті қонағы - № 1 Ұлытау ЖОББМ-нің директоры Ғалымжан Барақбайұлына қош келдіңіз де келе, бүгінгі пікір сайыстың сапалылығын сының сараптайтын әділқазылар алқасымен анықтап, таныстырып өтейін: 1)Жазира Қуанышқызы – директорың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2)Жанна Қоңысбекқызы – қазақ тілі пәнінің мұғалімі 3)Думан Әден – директордың тәрбие ісі жөніндегі 4)Өзін-өзі басқару ұйымының президенті – Санжар мырза. Тайм-кипер – Ануар мырза. Екі команда ойынды бастауға дайын болса, бастайық. Үкіметтің көшбасшысы 6 мин ішінде өз кэйсіңізді ұсынуға рұқсат. орынбасары Негізгі бөлім: Үкімет көшбасшысы Дильназ ханым: Армысыздар құрметті   төреші,   тайм   кипер   және   қарсылас   команда   мен   менің   құрметті әріптестерім! Өз тобыммен таныстырып кетсем, мен Дильназ ханым, үкімет мүшелері Еламан мырза мен Айдана ханым. Бүгінгі   ойынның   қарары:  Мемлекет   оқушылар   арасында субмәдениетті қалыптастыруға жол бермеуі керек Кілттік сөз:  Мемлекет— белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді   басқарудың   жоғарғы   дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.,    атқаруға   қажетті Оқушы ­ белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Субмәдениет ­ (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме­ дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді.  Жол бермеу – тыйым салу, рұқсат етпеу Bangtan   Boys (BTS) —   BigHit қолдауымен құрылған Оңтүстік Кореяның жігіттер тобы.   Entertainment   компаниясының   в переводе исполняющая     с англ.    мелодичный Еagles (читается «иглз»,  — американская рок­группа, — «Орлы») гитарный кантри­рок и софт­рок.     Фанфик – жаргон сөздер Хэйтер – негізгі мағвынасы, көреалмаушылық   деген сөзді білдіреді, субмәдени топтардың қарсы адамдарына айтылған атаулары. Елбасымыздың  «Болашаққа   бағдар –  рухани  жаңғыру» мақаласында «Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа   дәуірдің   жағымды   жақтарын   бойға   сіңіруіміз   керек.   Ұлттық   кодты сақтай   отырып   жаңғыртуымыз   керек,   онсыз   тек   жаңғырып   қана   қоямыз» делінген.  Яғни   рухани   түрде   оқушыларымыздың   жастарымыздың   дамуында мәдениеттің рөлінің орны айрықша екенің сезіне отыра, қазіргі болып жатқан қоғамдағы жағдайға бей жай қарамауымыз керек.  Субмәдениет   дегеніміз­қоғамнан   оқшауланған   өзіндік   өмір   сүру дағдысы бар, өмір сүріп жатқан қоғамдағы мәдениеттен өзгелеу, тіпті кейде оған наразы жастардың белгілі  бір тобы жасаған мәдениет. Бұндай топтар өздерінің   сөйлеу   әдебімен,   киім   киісімен   және   басқа   да   белгілерімен ерекшеленеді.   «Субмәдениет»   терминін   1950   жылы   американдық   социолог Дэвид Райзман ғылымға енгізген екен. Субмәдениеттің негізгі тірегі­жастар. Сол   жастар   арқылы   жаман   мәдениет   жасап,   былайша   айтқанда   «алдыңғы қатарлы озық» мәдениет арқылы қоғамға ықпал ету. Яғни, бастапқыда аталған сөздер субмәдениеттің түрлері болып есептеледі.  Қалыптасқан жағдай: Қазіргі таңда эмолар мәдениеті ең жас болып есептелінеді. Соған қарамастан, жастар арасында аталмыш мәдениетке бой ұрғандар   саны   аз   емес.   Өйткені,   жыл   санап   қоғамда   жастардың   білімнен алшақтауы белең алып барады. Теле арналар мен көремендермен қауышатын қоғамдық   орындардың   13   пайызында   субмәдениетке   тән   адамдар   тобы кездеседі екен. (дерек көзі: articlekz.com сайты)  Көпшілігінің музыка мен білім­ғылымнан хабары болмағандықтан да «қараңғыда жеген тамақтың бәрі дәмді» демекші, қолы жеткен мәдениетінің жанына жармасып кете барады. Алғашқы кезде субмәдениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi. Аргумент – Сұрқы қашқан субмәдениет Факт:   «Қазір бүкіл дүниежүзінде осындай аздаған ұлттарды жойып жіберудің үлкен үрдісі жүріп жатыр. Онда ешкім мылтықпен атпайды. Тілін, дінін, салт­дәстүрін, сол халықтың азаматтарының еркектігін жоғалтады. Бұл Еуропада   үстінен   басып,   таптап   тастаған   құбылыс»   дейді   белгілі   ақын айтыскер Ринат Зайытов (bag.kz сайты) Аргумент   2   –   Ұлттық   кодымызды   кодтауда   бөтен   мәдениетке орын жоқ. Әлемдік   деңгейде   болған   Silkway   Star     жобасында   Димаш Құдайбергенов қазақтың үнін қалықтатып, қаншама қара көз қытай жұртың тамсандырған болатын, қазақтың өлеңіінің күшін, музыкасының кереметтілігін әлемге паш еткен болатын. Ал сонда миллиардтап тамылжыған әндерімізді миллионның   ішінде   біреу   айтып   шыққанда,   қалғанымыз   соны   насихаттап   , батыстың   биі   мен   әніне   образына   еліктемесек   нұр   үстіне   нұр   болмай   ма? (дерек көзі: (31арна.кз) Агрумент   3   –   Өнерден   өзгеше   әлем   тану     ­   құрбандықсыз болмайды. Факт: Ислам дініде денеге сурет салуға, дене мүшелерін орысыз тесіп, сырға тағуға тыйым салынған. Алла тағала Құран кітабында: Адам баласын ең көркем   мүсінде   жаратты»   деген.   Ата   –бабабаларымыз   адам   денесіне   емес қорадағы   малдарына   таңба   салған.   Малға   салынатын   таңбаны   денемізге жабыстырып   алатындай   не   күн   туды   соншама?»   (дерек   көзі:   Қазақүні.кз сайты) Аргумент 4 – қайдан шыққан ҚазақПОП? Факт:   «2010   жылы   құрылып   2013   жылы   ғана   таныла   бастғана Қазақстандық   91   тобы   өздерінің   образдарына   қарап   Корейлік   топтарға еліктейтіндерін   жаппай   көрсете   отырып,   ҚазақПОП     құрды.   КЮПОП   деп аталатын бұл бағытта бірініші   рет жұмыс жасауда» (дерек көзі: википедиа сөздігі)  Аргумент 5 – Моданы қуған оңбас Факт:   батыстың   жабайы   тізесін   тастап   тоздырып   тастаған   үлігісін заманауи бағыт деп адасып жүргендерге айтарымыз – қара масканың да күні алыс емес, қара жамылған заманға жеткізбесің,­дейді Мухамеджан Тазабеков (Нур.кз сайты) Осыдан шығатын мәселе:  Оқушылар субмәдениеті ­ киген киімнен, сөйлеу   мәнерінен,   жаргондардан   және   айрықша   әуестенулерден   көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік   қарсылық   деп   білеміз,  Қазақта   «бүйректен   сирақ   шығарып»   деген тіркес бар. адамзат баласына ортақ төнген қауіп осы айтып отырған «кері кету процесі» деп білемін. Әсіресе, осы жолда қазақ балаларының да көптеп жүріп келе   жатқанына   жүрегіміз   ауырады.   Мәдениет  –   бұл   қазақы   түсінігімізде тектілік, білімділік, болмыстылық. Ал, біз күнделікті қоғамда көріп жүрген субмәдениеттің үлгісі – масыққандық деп білеміз. Бұл дегеніңіз – Алла берген жанды, ана өмірге әкелген тәнді түрлі сұрықсыз суреттер салу арқылы қорлау. Еліктеген   оқушылар   мен   елендеген   бүлдіршендердің   санасын   улап, сабақтарының сапалығын түсірмеу керек. Модератор: Үкіметтің көшбасшысына қояр сұрақтарыңызға жауап ала отырдыңыздар,   енді   кезекті   Оппозицияның   көшбасшысы   Ақтоты   ханымға береміз. Оппозицияның көшбасшысы Ақтоты ханым: Армысыздар құрметті төрешілер,   тайм   кипер   және   қарсылас   команда   мен   менің   құрметті әріптестерім!   Оппозиция   құрамын   таныстырып   өтсем:   Көшбасшы   –   мен Ақтоты ханым, оппозиция мүшелері – Дильназ ханым мен Серікболсын мырза.  Мемлекет   оқушылар   арасында Бүгінгі   ойынның   қарары: субмәдениетті қалыптастыруға жол бермеуі керек. Қарсылас команданың Көшбасшысы Дильназ ханым өздерінің кэйсімен таныстырып өтті. Кілттік сөзді айтып қалыптасқан жағдайды ушықтыра түсті. Біз оппозиция ретінде қалыптасқан жағдаймен келіспейміз себебі 13 пайыз болатындай   мемлекетімізде   жастар   субмәдениетті   қолдағанмен   субмәдени топқа кіретіндей болмады. Осыдан   шығатын   қарсылас   топтың   субмәдениет   ол   білімсіздік   пен масыққандық дейді, бұнымен келіспейміз себебі Субмәдениет ­ бұл қоғамның жай   кедергі   жасамауына   болатын   жастардың   әлеуметтік   белсенділігінің алаңы. Оқушылар жалпы жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өтпейді және субмәдениет қазіргі   әлеуметтік­мәдени   ұстанымдарды   жоюға   емес,   керісінше,   жастарды сол қоғамның бөлшегі етуге негізделеді. Қарсы команданың 1аргументіне біздің жауабымыз ­  Жастардың өмір   сүру   қалпы   және   тіршілік   ұстанымы   контрмәдениет   шеңберінде болуы мүмкін емес. Факт:  «Ринат   Зайытов   халық   алдында   алғаш   рет   рэп   айтып,   брейк биледі. Көрермен ақынның рэперге айналғанын Ақылбек Жеменейдің жеке ән кешінде   куә   болды,Ринаттың   қара   домбыраны   қара   костюм­шалбарға,   ақ шапанды   ақ   кросовкиге   ауыстырғанына   кешке   келген   көрермендер   жылы қабылдады»   (дереккөзі   ­   BaiStars   ютуб   желісі.   Сонда   біз   бұл   факттан   не ұқтық? Бір ғана жауап – заман ағымына ешкім қарсы тұра алмайды 2­аргументі Димашқа талпынған миллиардтар туралы   ­   біздің жауабымыз – Димаштың жанкүйерлері ­   Dears дегіміз келеді. Факт : «Қазірге   дейін   K­pop   бағытындағы   91 топтың   жанкүйерлері   ­ Eaglez 1500 дауыс берсе, Димаштың Dears­ы 1300 дауыс жинап үлгерді» дерек көзі Нур.кз сайты) бұдан не ұқтық? Біз Димашты қолдаймыз десек, қарсы топ оны өнер эталоны дейді.  3­аргументіне жауабымыз – Өнерде де өмірде де құрбандықсыз болмайды, жұрттың баласынан ерекшелену үшін жасалған шаш қию мен сырға салу секілді образдар қазіргі заманның ағымы.   Факт:  «Алғаш   АҚШ­та   60­жылдардың   басында   өзгеріп   кеткен қажеттіліктер   мен   оны   қанағаттандыра   алмаушылық   мәселелері   негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы ­ бұл да жастар субмәде­ ниетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі» (дерек көзі – abai.kz сайты) яғни, КСРО   кезінде   біздің   әкелеріміз   жас   шағында   шаштары   белдерінен   келіп, жалбыраған джинсы мен үп­үлкен күрте кигенде – сол заманның адамдары заманауи өзгеріс деп білді, қарсылық танытпады, ол заман да өтті. Ал қазір шаш қысқарып, балақ жабысқан заман да яғни біздің заманымыз да өтеді. Тек бұны психологилық түрде түсіне білу керек. 4­аргументі   Кюпоптың   қайдан   шыққанын   факт   арқылы дәлелдегісі келген қарсылас топтың аргументі орынсыз деп білеміз себебі біздің жауабымыз – Кюпоп – Кэйпоптың қазақстандағы бағыты.  Оны жасау үшін заң шеңберінде қалыптастыру  керек емес, себебі жас буынның жанкүйерлері өздері бағытты айқындауға қауқарлы. Модератор: Ойынның негізгі бөлімінің 1 тармағы аяқталып, 2 тармағы – контратака басталды.  Үкімет мүшесі Еламан мырзаға сөз кезегі беріледі. Еламан мырза:  Армысыздар  құрметті  төрешілер,  тайм   кипер   және Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын қарсылас команда мен менің құрметті әріптестерім! жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұс- танымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан. Біздің топтың үкімет тұрғысынан шешу жолдарының механизмін ұсынамыз: Шешу жолы: Кім ұйымдастырады, ­ Мемлекет Қаражат көзін қайдан аламыз – Самұрық қазына қорынан Қай   жылдар   арасында   жүзеге     асады:   2018­2020   жылдар аралығында(бұл   бастапқы   кезең   ғана,   себебі   заманның   ағымына   2   жыл   аз болады, сондықтан бастапқы кезеңде 2 жылдың жоспары жетеді) 1­шешу   жолы:   қазіргі   Қазақстанда   бекітілген   мектеп   формалары шотландық   яғни   батыс   стиліне   ұқсас   келгендіктен,   факт   –   91тобының туындысы   –   Қағаз   кеме   киносындағыдай   оқушылар   келбеті(қайнар   көзі   – Хабар телеарнасы) , біз оқушылардың мектеп формасына өзгеріс енгіземіз, яғни көк пен сары түстерді негізге ала отырып, қазақы оюларды қосып оқушы образын жасаймыз. 2­ші   шешу   жолы:   Қатты   дамыған   мемлекеттердің   қандай жағадайларына   шолу   жасайтвн   мәлеметтер   бекітілген   психологиялық тренингтер өткізу; 3­шешу жолы: Оқушылардың әлеуметтік желелердегі акканунттарына ата   аналарының   рұқсатымен   шолу   жасау,   ата   аналардың   қадағалауларын қамтамасыз ету; 4­шешу жолы: қазақы фольклорлы үйірмелерді көбейтіп, оқушылардың секцияларға қатысуын қамтамасыз етіп, бос уақыттарын болдырмау Біздің   шешу   жолымен   жасалған   механизм   жұмыс   жасаса,   оқушылар арасында ғана емес, жалпы жастар арасында субмәдениет ұғымының өзгеріске еніп,   біршама   қазақи   буын   Мағжан   атамыз   сенген   Бауыржан   Момышұлы атамыздай жастар қатары көбейетін болады. Назарларыңызға рахмет! Модератор:  Еламан   мырзаға   рахмет   айта   отырып,   ортаға контркэйсімен Дильназ ханымды шақырамыз. Оппозиция   мүшесі   Дильназ   ханым:  Армысыздар   құрметті төрешілер, тайм кипер және менің әріптестерім мен қарсылас топ! Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен   мегаполистерге   тән   феномен   екендігін   айта   кеткен   жөн.   Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән,  телехикаяттар   т.б.)   пен   жас   адамдардың   контрмәдениетімен  (дәстүрлі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн. Қарсы топтың шешу жолдарына тоқталсақ, Тіл туралы Заңның өзі жобаға   5   жыл   салып   енгізіледі,   ал   үкіметтің   жасап   отырған   механизмі   20 күннен   кейін   басталады   делінген.   2   жылда   жасап   тастаймыз   дейді.   Арине өздерінің хэйтерлік кэйстерінің баламасы болар кім біледі...  1 шешу жолында әрең дегенде биыл енгізіліп былтыр ғана киген мектеп формамызды өзгертпекші... стандартқа сай емес киініп жүргеніміз бе бұл? Ал   келесі   шешу   жолында   тіпті   Бала   құқығы   конвенциясын   бұзады құрметті төрешілер? Ата анасы рұқсат етемін деп баласының жеке өміріне тым рұқсатпен кіріп кетпей ме ұстаздар қауымы? Бұл да қызық...  Бала бос уақыты болмайтындай үйірмелерді көбейту делінген, оның ішінде спорт   секциялары да бар. Расымен, бала қызығатын субмәдениеттің бір түрі скейдбортта сырғанау да спорттың түрі..бәрі түсінікті әрі анық болды ау деймін. Сөзімді қорытындылайтын болсам, Қазақстан ­ белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты   өзіне   жинақтаған   ерекше   мемлекет.   Біздің   жастар,   бір жағынан,  қоғамның   инновациялық   потенциалы   болып  табылады   және   білім алуда,   жаңашылдықты   қабылдауда,   мамандығы   бойынша   өсіп­өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие   мен   құндылықтарды   мұра   ретінде   қабылдаудағы   дәстүрлерді   де ұмытпайды.   Дәл   осы   санадағы   дәстүрлілік   пен   діл   ерекшелігі   жастардың ерекше субмәдениетінің қалыптасуын тежеп тұр. Модератор: Негізгі бөлімнің 2­тармағына да шектеу қойдық, келесі 3­ тармақ   Сараптамаға   жол   берейік.  Ортаға   Үкімет   мүшесі   Айдана   ханымды шақырамыз. Айдана   ханым   ойынның   сараптай   келе,   сөзің   аяқтайды: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласында «Өзгеру үшін   өзімізді   мықтап   қолға   алып,   заман   ағымына   икемделу   арқылы   жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. Мәдениет  –   бұл   қазақы   түсінігімізде   тектілік,   білімділік, болмыстылық. Ал, біз күнделікті қоғамда көріп жүрген субмәдениеттің үлгісі – масыққандық деп білеміз. Бұл дегеніңіз – Алла берген жанды, ана өмірге әкелген   тәнді   түрлі   сұрықсыз   суреттер   салу   арқылы   қорлау.   Еліктеген оқушылар   мен   елендеген   бүлдіршендердің   санасын   улап,   сабақтарының сапалығын түсірмеу керек. Модератор: Үкімет өз ойынының срапатамасын жүргізіп бүгінгі қарар аясында   өткен   пікір   сайысымызға   оң   бағасын   беріп,   шешу   жолдарын   тағы нақтылап   кетті,   келесі   кезек   Оппозиция   мүшесі   Серікболсын   мырзада.   Өз сараптамасы өз ойына қажет етіледі ме екенғ көрейік. Оппозиция   мүшесі   Серікболсын   мырза  болған   сұрақтарға жауаптарын сараптай отырып, қорытынды сөзі айтады: Жастар субмәдениеті ­ жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады. Қорытынды: Модератор:  Құрметті   көрермендер,   тәуелсіз   сарапшылар   бүгін сіөздер, сондықтан ойларыңыз болса ой түйсеңіздер болады. Әділқазылар   алқасының   шешімімен,   Алтын   спикер   Үкімет   мүшесі Айдана ханымға бүйырып, жеңіс үкіметке бұйырды. Ал Күміс спикер иегері Оппозиция көшбасшысы Ақтоты ханымға бұйырды. Қалған спикерлер белсене қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.  Ұтымды ой мен тұжырымды анализді Әділқазы мүшелері сараптады. Оқушыларға субмәдениеттің таралмауына жол бермеулеріне көптеген септігін тигізер мысалдар келтіріп, жеке пікірлерінің өрбулеріне үлес қосты. Сәттілік тілеп, алғыр болуларын нақтылады.

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс

АПФ саяси форматта пікір-сайыс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.04.2018