4 тоқсан |
2-ші сабақ |
||
Параграф 25 |
Пәннің атауы: Дүниежүзі тарихы |
8 сынып
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? |
||
Сабақтың мақсаты: |
Сабақ барысында сіздер, трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтап және түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтайсыздар. |
||
Сабақтың барысы: Қысқаша конспект |
Балалар! Құлдық өмір америка салтының ажырамас бөлігі болды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген қара нәсілділердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп, Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды. Құлдыққа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. Алғашында айтып өткендей алғашқы құлдар Америкаға Африкадан 1619 жылдан бастап әкеліне бастады. 1860 жылға дейін Америкаға 19 миллионан астам құлдар әкелінген екен. Осылардың тұқымдары қазіргі кезде Америкада өмір сүріп келеді. Америка Құрама Штаттарының 15 штатында 1.5 млннан астам жанұя тұрса, осылардың 350 мыңнан астамы отбасыда құлдары болған екен. Құлдардың еңбегі көбінесе ауыл шаруашылығы бар отбасыларға керек болған. Олар құлдарды сатып алып осындай қиын жұмыстарға жегіп қойды. Американың көптеген байлығы осы құлдардың арқасында жоғары дәрежеге жеткені көрсетіп тұр. 1850 жылы 18 қыркүйекте АҚШ конгрессі қашып жүрген құлдықтар тұралы заң қабылдады. Құлдарды сол кезде адам құрлы көрмеген болатын. Егер кез-келген ақ нәсілді мына адам менен қашып кетті, ол қашқын десе оны тез арада ұстап жазаға тарататын болған. Осы жағдайға ден қойған тұлға – Аврам Линкольн болды. Линкольн 1861-1865 жылдарындағы Азамат соғысында Конфедерацияға жеңілістік алып келген әскери қимылдарды өзі бағыттап отырды. Оның президенттік қызметі атқарушы үкіметтің күш салуы мен АҚШ аймағында құлдықтың жойылуына алып келді. Линкольн үкіметке өзінің де қарсыластарын араластыра отырып, ортақ мақсатта жұмыс істеуші шақыра білді. 1865 жылы желтоқсанда АҚШ-тың конституциясының он үшінші түзетуінен кейін құлдық деген ұғымды жойған болатын. Бұл ұғым қазіргі кезде заң бұзушылық болып саналады. ХVІІІ ғасырдың 90-жылдарында АҚШ-та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле бастады. АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон (1789-1797) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып, ұлттық банк құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді. Жол-көлік торабын құрудың орасан зор маңызы болды. ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде-ақ құбырлар салына бастады. 30-жылдардың басында теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30 626 мильге жеткен осы теміржолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде АҚШ бірінші орынға шықты. 1869 жылы контиентаралық жолдар жұмыс жасай бастады. АҚШ жалпы бастыстық бағытта дамыды. Еркін жатқан аумақтар бірінен соң бірі қонысталып, кейін олар тең құқықты штаттар ретінде одаққа қабылданды. 1861 жылдың өзінде-ақ АҚШ аумағында 40 штат болды. Жаңа жерлерді игеру АҚШ экономикасының аграрлық сипатына себепші болды. Скваттерлік те, яғни жерді өз бетімен басып алу да жалғасын тауып жатты. АҚШ-та өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Ірі америкалық алпауыттардың бәрі осындай «төменнен» шыққандар еді. Мысалы, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы теміржол және болат құю зауытының қожасы Эндрю Карнеги өзінің мансабын қарапайым теміржол қызметшілігінен бастаған. Оңтүстіктің құл иеленуші штаттарында плантатор құл иеленушілер үстемдік етті. ХVІІІ ғасырдың соңынан мақта өсіре бастаған олар, бар өміріне жететін байлыққа, құдіретке және ықпалға ие болды. Мақта әуелде жедел дамыған ағылшын тоқыма өнеркәсібінің шикізат көзі болса, кейіннен АҚШ-тың өзіне де қажет бола бастады. 1793 жылы Эли Уитнидің қарапайым да өнімді түрде мақта тазалайтын машина ойлап табуы АҚШ-та мақта өндірісінің тез дамуын ынталандырды. Тез арада олар дүниежүзілік рыноктың басты жабдықтаушысына айналды. Мақта америкалық экономиканың «королі» ретінде, шетке шығарылатын басты тауар болды. Мақта өсіруде және жинауда көбінесе қол еңбегі пайдаланылды, сондықтан құлдарды ұстау өте тиімді деп саналды. Құл иеленуші америкалық плантатор шексіз билік иесі болды, ақсүйек-помещиктің өмірін кешіп, өздерін «джентелмен» санаса да, екінші жағынан олар капиталист кәсіпкерлер еді. Өнеркәсіптің дамуына құлиеленушілік кедергі жасады. |
||
Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар.
|
№1 тапсырма. АҚШ-тағы құлдықтың ерекшеліктерін сипаттау мәтінін мұқият оқып шығыңыздар.ПОПС» әдісі. АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? П- мен санаймын................................ О – өйткені.................................... П – мен оған мына мысалдарды..................келтіре отырып дәлелдеймін. С – өз ойым
№2 тапсырма. ХІХ ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша мәтінді оқып, оған 5 «жұқа» және 5 «қалың» сұрақтарды құрастырыңыдар. |
||
Сабақты қорытындылау |
Бағалау критерийі 1 тапсырма бойынша - трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау
2 тапсырма бойынша - түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау;
|
Дескрипторлар
- Құлдықты жою қозғалысы туралы біледі; - Өз пікірін білдіре алады; - Мысалдар келтіре алады; - Қорытынды жасай алады.
- Бірінші жұқа сұрақты жасайды; - Екінші жұқа сұрақты жасайды; - Үшінші жұқа сұрақты жасайды; - Төртінші жұқа сұрақты жасайды; - Бесінші жұқа сұрақты жасайды; - Бірінші қалың сұрақты жасайды; - Екінші қалың сұрақты жасайды; - Үшінші қалың сұрақты жасайды; - Төртінші қалың сұрақты жасайды; - Бесінші қалың сұрақты жасайды |
|
Үйге тапсырма |
Дүниежүзі тарихы оқулығы 8 сынып 153-158 беттері.
|
||
Сілтеме: https://kk.wikipedia.org/wiki/ құлдық https://7kun.kz/67345-2/ |
|||
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.