Ашу-дұшпан,ақыл-дос.
Оценка 4.6

Ашу-дұшпан,ақыл-дос.

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
классное руководство
4 кл
13.11.2018
Ашу-дұшпан,ақыл-дос.
Ақыл-адам көрігі,ақылдың сабыр серігі. М.Әуезов Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: * Ұстамдылық,сабырлылық,ақылдылықтың мәнін түсіндіру; * Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; * Ұстамдылыққа ,сабырлылыққа тәрбиелеу. Мақсаты: Балалардың «ұстамдылық», «сабырлылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: дәптер,оқулық Шаттық шеңбері Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен амандасады.Бірлесе «Бізге ашық күн керек»атты өлеңді оқиды. Әңгімелесу Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. 1.Өлеңдегі: «Жеңдіріп біз ашуды,ақылға әркез келеміз»,-дегенде нені түсінесіңдер? 2.Сендердің ашуланған кездерің болды ма?Не себепті ашуландыңдар? 3.Сол уақытта қандай күйде болдыңдар? 4.Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдіңдер? 5. «Ашу-дұшпан,ақыл-дос»деген мақалды қалай түсінесіңдер? Мәтінмен жұмыс Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.
Жаңа Документ Microsoft Word.docx
Өзін­ өзі тану . 4­сынып.3­тоқсан 18­ші сабақ.12­қаңтар.2010­ жыл. Сабақтың тақырыбы: Талаптыға нұр жауар Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл. Ш.Құдайбердиев. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: * талапланудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру; * шығармашылық қабілеттерін дамыту; * іздемпаздыққа тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушылардың «білім», «өнер» , құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа,қағаз. Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.Олар бір­біріне ізгі тілектерін айтады. Мәтінмен жұмыс Сабақтың мәнін ашу мақсатында Б.Исаевтың «Мен талапты баламын» атты өлеңін оқиды. Дәптермен жұмыс * Талапты баланы неліктен құсқа теңейді?Сол туралы өз түсініктерін жазу. Жаңа ақпарат «Адам өзінің ынта­ықыласы,жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете  алады»деген жаңа ақпаратпен таныстырып,оқушылардың білімдерін нақтылай түсу. Шығармашылық жұмыс Балалар шығармашылық жұмыс бойынша талапты балаға тән қасиеттерді тауып айтып береді. Ізденгіш,енжар,ұмтылғыш,талантты,жалқау,ұқыпты,қабілетті,еңбекқор,өнерлі,әдепті,сабырлы,таб анды. Тапсырма «Талапты жетер мұратқа» тақырыбына пікір алмасу. Қорытындылау ­Талабы бар адам білімді,өнерді үйреніп меңгереді.Ұлы Абай аталарың айтқандай талап­бес асыл  істің бірі.Сол асылды бойымызға дарыта білейік. Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады.Мұғалім С.Сұлтанқұлованың «Бүлдіршіндер әні» атты өлеңін  оқып береді.

Ашу-дұшпан,ақыл-дос.

Ашу-дұшпан,ақыл-дос.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.11.2018